31с.Х. Досмұхамедовтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі Халел Досмұхамедов 1883 жылдың 23 сәуірінде Гурьев (қазіргі Атырау) уәлаятының Қызылқоға ауданында әйгілі Мұрат Мөңкеұлының туған жері Қарабауда дүниеге келеді. Құдайдың кей адамға барлығын үйіп беріп, енді біреуді жарытпай-ақ қоятыны бар емес пе? Халел де ғұлама, әмбебап дәрігер, қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілші (лингвист) ұстаз ғалым, әдебиетші болған. Өзі айтқан «Жеті жүрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»,- деген қағидасына сай өмір сүрген. Халел әуелі жергілікті орыс-қазақ мектебінде оқыды. Бұл мектепті бітірген соң Орал реалдық училищесін бітіріп, Санкт-Петербургтегі әскери-медициналық академияға жолдама алады. Онда 1903- 1909 жылдары оқып, үздік бітіріп, Пермь губерниясында, Орал уәлаятының Темір уезінде бөлімшелік дәрігер болып істейді.1905 жылы Орал қаласында халқымыздың ең алғашқы партиясы болып саналатын - Конституциялық-демократиялық партияның мүшесі болды. Аталған партияның Орталық Комитетінде Б.Қаратаев Г.Бердеев, М.Бақытқараев, И.Түкімбердиев, Н.Айтмұхаметов, М.Мұқанов, Г.Рахымбердиев, И.Дүйсенбиндермен қатар мүше болды. Бұл партияның бағдарламасында қазақ жерінің аяусыз тоналып отырғаны айтылды. Енді қазақ жерін жөн-жосықсыз талантаражға салуға қазақ жері қазынаға қарайды деген сылтаумен сұраусыз тартып алынып, таратып беруге тыйым салуға шақырады.Халел осы кезден бастап демократиялық-ағартушылық бағыттағы «Фикер», «Урал», «Қазақ» газеттеріне мақалалар жазып тұрды. 1929 жылғы қазан айында Ташкенттегі пединституттың негізінде Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университетін ашуға мүмкіндік туды. Халел осы оқу орнын ұйымдастыруға белсене араласып, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Халелге 1927 жылы доцент, 1929 жылы профессор атағы беріледі.Педагогтық жұмысқа қосымша Қазақстан халық Денсаулық сақтау комитетінде жоспарлау-ұйымдастыру басқармасының меңгерушісі болып істейді. Жоғарыдағы қызметтерді атқара жүріп, оқу құралдарын жазуға да көңіл бөлді. Өйткені бұл жылдары ұлттық мектептерде бұл кезде оқулық аз болды. Халел еңбектерінің бір тобы тіл мен әдебиеттану саласында болды. 1923 жылы «Шолпан» журналының 7-санында «Диуани луғат ат түрк» атты мақала шығарып, халықты көне ескерткішпен таныстырды. Терминология, алфавит, емле туралы мақалалар Нәзір Төреқұловтың «Жат сөздер» кітабына сын мақала жазды. 1923 жылы «Шолпан» журналының бірнеше нөмірінде жарияланған зерттеу мақалаларының негізінде «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген кітабы 1924 жылы Ташкентте басылып шықты. Халел еңбектерінің бір тобы тіл мен әдебиеттану саласында болды. 1923 жылы «Шолпан» журналының 7-санында «Диуани луғат ат түрк» атты мақала шығарып, халықты көне ескерткішпен таныстырды. Терминология, алфавит, емле туралы мақалалар Нәзір Төреқұловтың «Жат сөздер» кітабына сын мақала жазды. 1923 жылы «Шолпан» журналының бірнеше нөмірінде жарияланған зерттеу мақалаларының негізінде «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» деген кітабы 1924 жылы Ташкентте басылып шықты. Жиырмасыншы жылдардың аяғында қазақ халқының өмірінде жан түршігерлік істер жүргізілді. Қазақстандағы бар билікті өз қолына алған Голощекин елді тоз-тоз етіп, зиялыларды қуғынға ұшыратты. Шағым айтушылар, қиянатшылар мен жылпостардың тасы өрге домалады. Қазақтың басына зарлы заман туды. Халықтың қамын ойлаған адал жандар нақақпен түрмеге жабылды, айдалды, атылды. Солардың бірі ретінде Халел де бес жылға сотталып, Воронежге жер аударылды.