28с. М. Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі


с.«Қазақ» газеті – Алаш идеясының үні болғандығын дәлелдеңіз



бет7/8
Дата07.02.2022
өлшемі39,09 Kb.
#92116
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тарих

34с.«Қазақ» газеті – Алаш идеясының үні болғандығын дәлелдеңіз.
Ұлт тағдырына өздерін жауапты сезінген Алаш қайраткерлері қазақ халқының мүддесін қорғауда білектің күшімен емес, ақыл-ойдың қарымымен есе қайтарудың жолын таңдады. Бұл жол ұлттың мүддесін қорғауда ұлттық-саяси мінберге айналған «Қазақ» газетін өмірге әкелді.1913 жылдың 2 ақпанынан бастап халыққа жол тартқан «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін 266 саны шығып үлгеріпті. Халықтың көзі, құлағы һәм тіліне айналған «Қазақ» газетіне биыл 107 толды.1913 жылы 2 ақпаннан бастап «Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан» шығып тұрған басылымның неліктен «Қазақ» аталғанына тоқталайық. Бұл туралы алаштанушы-ғалым М. Қойгелдиев: «Қазақ» газеті, белгілі дәрежеде, сол кезеңдегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді» деп объективті бағасын берді. Ал басылымның қара жүгін арқалау міндеті – Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың мойнына түсті.«Газетті жұрт керек қылмаса, миллиондап капитал ол үшін жұмсамас еді. Осылардың бәрі де газет керек нәрсе екендігін көрсетеді. 1907 жылғы санаққа қарасақ, Россияда сол жылы екі мың бір жүз жетпіс үш есімді газет һәм журнал шыққан екен. Оның бір мың үш жүз тоқсан алтысы орыс тілінде, сегіз жүз алпыс жетісі басқа тілде басылыпты. Сол сегіз жүз алпыс жетінің ішінде біздің татар қарындастарымыздың отыз шамалы газеті-журналдары болды. Бізде біреуі де болмады. Онан бері бес жыл өтті. Бұл бес жыл ішінде газет журналдардың саны бұрынғыдан да өсті. Біз де құр қалғанымыз жоқ. «Айқап» журналы шықты. Бұл бұрынғыдан гөрі, бір адым болса да ілгері басқанымыздың белгісі. Бірақ бір адым ілгері басып, сол күйімен тұрып қалсақ, онымен алысқа ұзай алмаймыз. Ілгері басқанның үстіне ілгері басуымыз керек. Озғандарға жету керек, жеткендерден озу керек. Дүниенің төріне қызыққандар төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр. Есікте қалмай, төрге тырмысалық, басқалар төрге қарай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік. Басқалардың заманға қарай өтіп жатқан амалын көруімізге газет-журнал керек» Бұл «Қазақ» газетінің №1 санында шыққан Ахмет Байтұрсыновтың «Құрметті оқушылар» атты кіріспе мақаласындағы қазақ үшін баспасөздің айрықша қажеттілігін баса айтқан өткір ойлары еді. қазақ зиялылары үшін ең ұтымды іс – «Алаш» партиясын құрғандығы екені дау тудырмайды. Себебі, саяси ахуал ушығып тұрған кезеңде қазақтың мүддесін қорғайтын бір партия шынымен-ақ керек болатын. Бұл жайында Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінің 1917 жылғы №256 санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» атты қысқаша мәлімдемесінде тоқталып, «Алаш» партиясын құруға бел байлағанын ашық айтты.1917 жылдың І жалпықазақтық съезінде дүниеге келген «Алаш» партиясының қазақ мүддесіне жасалған 10 тармақтан тұратын бағдарламасының жобасы «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында басылып, халыққа жол тартты. Қазақ халқы үшін ХХ ғасыр басындағы басты жаңалық Алаш автономиясының құрылуы болды. 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынборда өткен ІІ жалпықазақтық съезінде қазақтың оқығандары мен атқамінерлері жиылып, саяси тұрақсыздық заманда қазаққа пана болар мемлекеті болуы керек деп шешті. Қазақ тарихында атаулы оқиға болып қалған автономия жарияланған сәтті «Қазақ» газетінде Міржақып Дулатов «Мадияр» атты бүркеншік есімімен «Алашорда» мақаласында әсерлі жеткізе білді. «Қазақ» газетінде саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерден басқа, рухани, мәдени тақырыпта әр түрлі хабарлар мен ақпараттар жарияланып тұрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет