35с.1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қатысты қазақ зиялыларының саяси көзқарастарындағы ортақтық пен өзгешеліктерді талдаңыз.
36с.Ақпан төңкерісінен (1917 ж.) кейін қазақ жерінде ұйымдар мен үйірмелердің көптеп құрылу себептері
Қазақстанның ірі қалаларында 20 астам ЖАСТАРДЫҢ ҰЙЫМДАРЫ құрылды.
Омбыда - " Демократияшыл оқушы жастардың кеңесі";
Спаск зауытында - " Жас жүрек";
Петропавлда - "Талап"
1914 жылы Омбыда - "Бірлік" ұйымы құрылды.
1917 жылы Ақмолада - "Жас қазақ" ұйымы құрылды, жетекшісі С.Сейфулин.
1918 жылы мамыр Омбыда өткен жалпы қазақ жастарының съезінде - "Жас азамат" ұйымы құрылды.
САЯСИ ҰЙЫМДАР
1917 жылы 17 наурызда Ташкентте - "Шура-ислами" (Ислам кеңесі) Ұлттық буржуазия мен зиялылардың, мұсылман діни қауым өкілдерінің саяси ұйымы құрылды.
1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте - "Шура-улема" коғамдық-саяси ұйымы құрылды. Жетекшісі С.Лапин.
1917 жылы шілдеде Орынборда жалпықазақ съезінде "Алаш партиясы" құрылды. Басшысы Ә.Бөкейханов.
1917 жылы Әулиеата мен Меркеде "Қазақ жастарының
революциясышыл одағы" құрылды. Жетекшісі Т.Рысқұлов
1917 ж. шілде Верныйда - "Қара жұмысшылар одағы" құрылды. Жетекшісі Ж.Бабаев.
1917 ж. Сергиопольде (Аягөз жаны) - " Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымы" құрылды.
Петропавлда - "Жас арбакештер одағын" тыл жұмысынан оралғандар құрды.
37с.Уақытша үкіметке (1917 ж.) қызмет етуге келіскен зиялылардың көзқарастары
Уақытша үкімет – Ақпан революциясының нәтижесінде Ресейде құрылған билік органы.Төртінші Мемлекеттік Дума мүшелерінен тұратын уақытша комитет пен Петроград жұмысшы және солдат депутаттары кеңесінің келісімі бойынша 1917 жылы 2 наурызда құрылып, оны князь Г.Львов басқарды. Уақытша үкімет Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы шақырылып, мемлекеттік басқару пішімі шешімін тапқанға дейін билік жүргізуі тиіс болды. Уақытша үкімет Ресей азаматтарының құқығында діни-нанымына, ұлтына қарай ешқандай шектеушілік болмайтынын жария етті. Ресейдің басқа аймақтарындағы сияқты Қазақстанда да Уақытша үкіметтің жергілікті органдары алғашқы кезеңде азаматтық комитеттер негізінде пайда болды. Бұл комитеттерді құруда бастамшылық облыс және уез орталықтарында тұратын орыс жұртының қолында болды және комитеттердегі басшы орындар да солардың үлесіне тиді. Сондықтан олардың құрамына енгендердің арасында ұлтаралық қатынас мәселесіне ескі патшалық әкімшілік көзқарасында тұрғандар көп болды. 1917 жылы 20 наурызда Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің ұйғарымымен Торғай облысының комиссары болып тағайындалды. Оның ұсынысымен Қостанай уезінің комиссары болып А.Бірімжанов, Торғай уезінің комиссары болып О.Алмасов, Ырғыз уезінің комиссары болып Ғ.Теміров бекітілді. 7 сәуірде Уақытша үкімет Түркістан өлкесін басқаруды қамтамасыз ететін Түркістан комитеті құрамын бекітті. Мемлекеттік Дума мүшесі, кадет партиясының өкілі Н.Н. Щепкин төрағалық ететін Түркістан комитеті құрамында М.Тынышбаев, С.Мақсұдов, А.Дәулетшин секілді жергілікті ұлттық қайраткерлер болды. Уақытша үкімет жағдайында Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарының қоғамдық-саяси өмірі жандана түсіп, ұлттық саяси элита өкілдерінің белсенділігі артты. Қазақстанда облыс, уездік деңгейдегі қазақ съездері және бірінші жалпықазақ съезі өтті. Ресей деңгейінде Бүкілресейлік мұсылмандар съезі өткізіліп, онда мұсылман халықтарының Уақытша үкімет жағдайында мүддесін қорғайтын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі құрылды. 17 маусымда Уақытша үкімет дала облыстарына земство енгізу жайлы қаулысын шығарды. Соған орай Орал, Ақмола, Семей, Торғай облыстарында земстволық мекемелерді құру қолға алынып, оларға қазақ өкілдерін енгізу жүзеге асырыла бастады. 7 шілдеде А.Ф. Керенский Уақытша үкіметтің төрағасы болып тағайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |