28с. М. Тынышбаевтың қоғамдық-саяси және ғылыми қызметі


с.Ә. Бөкейхановтың Алаш автономиясын құрудағы рөлі



бет3/8
Дата07.02.2022
өлшемі39,09 Kb.
#92116
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тарих

30с.Ә. Бөкейхановтың Алаш автономиясын құрудағы рөлі
«Алаш» қозғалысы мен қайраткерлері­нің алдына қойған ауқымды стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұлт жақсыларына ғана емес, қалың бұқараға да түсінікті, сана-сезімі мен жүрегіне ұялайтын идея қажет болды. Әлихан алты алашын ру-руға не жүзге, бай не кедейге, білімді не надан, текті не қарадан деп жік-жікке бөлген емес. Ол қазақты бір ұлт деп көргісі келді, соған жетеледі. Қазақтың мәдени қайта өрлеуі мен ұлттық бірегейлігінің идеологиясы, ұраны, туы ретінде Әлихан ұсынған «Алаш» идеясы зор нәтижеге, жеңіске жеткізді. Бұл идея оның ойында көптен бері жүрді. Мысалға, «Қазақтар» очеркінде ол «Алаш - миф болса-дағы қазақтың ортақ атасы» деп жазса, 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Шыңғыс хан бүкіл мемлекетін төрт баласына бөліп бергенде, Дешті Қыпшақты, Сібірдің күнбатыс жағын, осы күнгі Сарыарқаны, Еділ-Жайық өлкесін үл­кен баласы Жошыға беріп еді. Ол күнде Жошы ұлысына қараған алты рулы ел бар еді. Сол алты рудың һәр қайсысына бөлек Шыңғыс алты ұран береді: һәр руға өзіне бөлек таңба, ағаш, қос береді. Сол күнде бүкіл Жошы ұлысының ұраны «Алаш» болыпты. Жошы ұлысында алты ру болғандықтан «алты алаш» болады. «Алаш» деген сөздің лұғат мағынасы: «отан кісісі» («отечественник») деген сөз болады. 1917 жылдың қарашасында Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қазақ жерінде сайлауға түскен үш партия - «Үш жүз», большевиктік социал-демократиялық жұмысшылар және «Алаш» партияларының ішінде жалғыз «Алаш» ұранды партия бақталастарын ойсырата жеңіп, 43 депутаттық мандатқа ие болды. «Алаш» қозғалысының аймақтық тарихи ма­ңызы да зор болды. Атап айтқанда ХХ ғасыр басын­дағы қазақтың ұлттық қайта өрлеу қозғалысы Орта Азияны мекендеген туыс түркі халықтарының ұлттық сана-сезімін оятып, өзін-өзі басқаруға ұмтылуына күшті серпін берді. Иә, алты алаштың көсемі өзін 1937 жылдың шілдесінде Мәскеуде ақырғы рет тұтқынға алып, ату жазасына кескенде, қызы Қанипа - Елизавета мен немересі Ескендірге қалдырған бар «байлығы» - Мәскеудегі 7 бөлмелі коммуналдық пәтердің өзіне тиесілі бір бөлмесі, кітаптар жинағы, фотоальбом, өзінің шақшасы және қолжазбалары болыпты. Халқының ұлттық мемлекетін қалпына келтіру жолында қасық қаны қалғанша арпалысып, бүгінгі ел шекарасының негізін белгілеп кеткен алты алаш көсеміне атылғаннан кейін өзі айтып жүретін 2,5 кез қара жер де бұйырмады. Даңқы жер жарған Алаш көсемін 1937 жылдың 27 қыркүйегінде өлім жазасына кесіп, үкімді сол күні-ақ іске асырған кеңестік билік оның сүйегін Мәскеудегі Дон зиратында өртеп, күлін 5 мыңнан астам құрбанның күлі шашылған зиратқа түн жамылып астыртын төге салған. Ол зират Кеңес Одағы күйреп, келмеске кеткеннен кейін де құпия болып келіп, кездейсоқ жағдайда 2009 жылы ғана аңғарылды. Айта кету керек, ЮНЕСКО Бас конференциясының Парижде өткен 38-сессиясында Алаш көсемдерінің бірі, тұғырлы тұлға Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде атап өтуге шешім қабылданған болатын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет