Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.
Анель:Ту
Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің,
Бейнелеген алтын шапақ күн көзін.
Адалдық пен пәктік көңіл нышаны
Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.
Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,
Ырымдады болса екен деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Елдос: Елтаңба
Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,
Жүйрік пырақ қанатты тұр қанатымен қалықтап.
Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр шаншылып.
Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.
Түп төрінде жұлдызым тұр жаңа жанған бағымдай.
Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.
Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,
Шаттандырып шабыт берген жүрегімнің қанындай
Назар: Шаңырақ тұр арқау болып, бар жүгінді арқалап,
Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.
Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,
Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.
Көк кілемдей желде ескен қанатты бар пырағы,
Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.
Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,
Сол пырақпен бейнеленген ата баба тұрағы.
Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,
Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.
Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,
Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.
Аяна: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.
Жеңістерге қолбасыдай, ерліктердің жолдасындай
Еліміздің әнұраны жүректерде жаңғырады.
Жаршысындай даңқымыздың, жан серігі халқымыздың.
Аружан:Әнұраным
Әйгілісің әуеніңмен әлемге,
Әнұраным, пәктігіңді дәлелде.
Қазағыма қайсар шабыт бергендей,
Ұран болып айтыла бер әр елде.
Жүрегінен орын алып елімнің,
Шартараптан шарықтаумен көріндің.
Әсем әнді әуеніңмен тербеткен,
Белгісісің кең жазира жерімнің.
Әрлі әуенің шартарапты шайқады,
Күштілігін бүкіл халық байқады.
Шабыт берген Әнұранды әрқашан
Маңғаз елім мақтанумен айтады.
Тақырыбы: «Ана- өмірдің шуағы.»
Мақсаты: Оқушыларға ата-ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу, ұлтка тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік: даналық сөздер. Интерактивтік тақта. Презентация.
Түрі: әдеби-музыкалық монтаж
Барысы: интерактивті тақтада «АНА-ӨМІРДІҢ ШУАҒЫ» жазуы.
Бүгін –наурыздың сегізі Анасыз жоқ бір күнің, Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің, Ұсынамыз бүгін Сөздің сұлу шоқ гүлін. Анаға айтар лебізің.
Аружан: Құшағыңа кіргенде, Жылынамын бір демде Не жетеді көзіңе Мейірімді күннен де. Үн қатасың бал тілмен, Еркелеймін әр күн мен. Құттықтаймын анашым Сегізінші Наурызбен.
Бірімжан Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген-бәйтерегі өмірдің. Ана деген –алтын қазық, алтын бақ. Ана деген- асыл жандар болаттай Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар қадірлей біл ананы Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
Азат: Ана десем сезім билер тым ыстық Жарасымды адамдарға туыстық. Бар адамға берсе ананың мейірін, Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем, шешек атып жанары Өмірімнің бастау алар жаңа әні. Ана деген тіршілікте пана боп, Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Бірімжан: -Ана, ана, ана ! Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп-төркінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиеті, бар махаббат пен шапағатты сидырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен жаралған. Міне, ана деген сөздің өзі ыстық.
Жандос: Мәпелейсің мені анам Қолыңдағы құсыңдай. Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қысылмай, Үмітіңдей көзіме Көп қарайсың үңіліп. Еркелеген сөзімде Ертеңіңіз тұр күліп. Сен жалықпай жетектеп, Мен жаттыға жетермін. Айтқаныңды екі етпей, Ақ сүтіңді өтермін. Біліп тұрсың, жан анам Міндеті үлкен ботаңның Күтері сол баладан Ана менен Отанның!
Шағын көрініс «Дүниеде не тәтті?»
Мейрамбек: Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім, Жанымды жадыратып, күлдіретін Сендегі маған деген махаббатты, Нұр толы қос жанарың білдіретін. Бар ана туған елдің гүлі дер ем, Анажан қайғың болса күңіренем. Таусылмас тау суындай ақылың бар, Сен барда менің әр бір күнім өлең.
Ерасыл: Сен менің астанамсың, Қуанам, күлемін мен. Саялар баспанамсың, Жылтатын жүрегіңмен. Суреттей салынбаған Сенің бар қасиетің. Сен күнсің жалындаған Тіршілік бас иетін.
Данияр: Жан ана, жарық жанарың Бір сенде кеңдігі даланың. Балаңды құшақтап сүйгенде Сеземін көктемнің самалын.
Әлемге тыныштық тілеген Жан ана жаныңа гүл егем. Балалық жүрекпен айтылған Махаббат белгісі бұл өлең.
1-жүргізуші Темирлан:
--Мемлекеттік туымыздың авторы кім?
Ермахан: Нұрсейіт: Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков. ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 - қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
2- жүргізуші Арай:
-- Қазақстан дейтін Отан анамыздың Елтаңбасының авторы кім?
Жаслан: Жандарбек Мәлібекұлы. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.
Анель: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.
ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
1-жүргізуші Темірлан:
--Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кім?
Тоғанас: Шәмші Қалдаяқов.- әнін жазған. Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр болып өріліп, әндерінің қай қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтін бөлшегіне айналып кеткен. Халқының жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмтылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.
Көркем: Жұмекен Нәжімеденов.- сөзін жазған. 1960 жылдардың бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалық ауылында туған. 1959 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.
Елдос: Нұрсұлтан Назарбаев.- сөзін жазған. Достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған, еліміздің президенті. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келеді.
Абылай: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерің және сендердің білгендерің қажет. Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарыңа сенімдімін. Отаншылық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады.» деген.
Шынар: Сондықтан оқушылар елбасымыздың сенімін ақтайтындай азамат пен азаматша болайық дегім келеді. Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел - жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың тендігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді. Осындай халық қамын ойлаған азаматы бар қазақ елін бүгінде әлем таниды.
2-жүргізуші: Миржан
.- Міне, балалар, Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты екен. Ата заңымыз бен елдігіміз көрінеді. Осындай ержүрек, бауырмал, қонақжай халықтың ұрпағы екендеріңді мақтанышпен айтуға болады. Олай болса, көк аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, Әнұранымыз асқақтап, Елтаңбамыз айбынымызды асыра берсін дейік!
.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Н.Ш.Мусатаева
Мектеп директоры: К.Т.Досмагамбетова
Өткізген: Кожаналиева Айгул Оразалиевна
Сынып: 2 «В»
Өткізілген орны: «Атамекен » Қазақстан картасы»
этно-мемориалдық кешені
Тақырыбы: Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім
Сабақтың көрнекілігі. Қазақ елі батырлары, кемеңгерлері, еліміздің рәміздері.
Сабақтың барысы: Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгін біздер үшін өте қуанышты үлкен мереке. Күні кеше ғана 1-желтоқсан «Президент күні» өтсе, санаулы күндерден кейін 16- желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекеміз де таяп қалды.16-желтоқсан десек онда ойымызға сонау кездегі 1986 жылғы сұрапыл соғыс жастар көтерілісі есімізге түседі.Осы бір тағылымы терең оқиғаның себептеріне үңіліп көрейік, жауап іздейік.
Слайд: Тәуелсіздік тірегім, елім деп соққан жүрегім.
1-сұрақ: Желтоқсан оқиғасының шығу себебі не?
Қуанышбекова Елдана: 1986 жылы 16 желтоқсанда Д.Қонаевты Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшылығынан босатып, орнына Колбинді сайлады.Колбин Қазақстанда тұрмайды, онда қызмет етпеген. Міне, осы пленум шешіміне қазақ жастары бейбіт түрде наразылық білдіріп алаңға шықты. Жастар шеруі желтоқсан айының 17-18 күндері болды. Бұл оқиға сол себепті де тарихта желтоқсан оқиғасы деген атпен қалды.
2-сұрақ: Жастар наразылығы неге біздің және Мәскеу тарапынан қолдау таппады? Неге жаныштауға тырысты?
Дариға: Республиканың Колбин бастаған жаңа басшылығы олармен терезесі тең түрде пікір алысып, ұсыныстарына құлақ салуды намыс көрді. Олар әкімшілік-әміршілдік өктем көкірек, өр мінез көрсетті. Республикада тұратын 6 миллионнан астам адамнан, қазақтан лайықты ешкім таппай, сенімсіздік білдірген Мәскеуге қарсы бұл жастар қозғалысын олар ұлтшылдық, нашақорлық деп айып тағып, жаныштады.
3-сұрақ: Әділдік үшін күрескен жастардың қаншасы жауапқа тартылды? Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер болды ма, олар кімдер?
Еркежан: Бұл оқиғаға байланысты 103 адам жауапқа тартылды. 99-ы сотталды. Алматы қаласы бойынша 2401 адам қамауға алынып оқудан 309 студент шығарылған, 99-ның ішінде 2 адам өлім жазасына кесілген. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Мырзағали Әбдіқұлов. Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі – Қайрат. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.
Мұзда жанған алау“ бейнефильм көрсетіледі. Желтоқсан желі өлеңі ойнап тұрады.
Көрініс. Тергеуші Қайраттан сұрақ алады.
5-сұрақ: Ұлы Отан соғысында көптеген батыр қыздар болды, Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай осы екі күнге созылған сұм соғыста елім деп, алаңда жүрген қыздар болды ма?
Жанель: Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған. Осы ел намысын қорғап, ел болашағын ойлап, ерлігімен көзге түскен 23-тің атынан Ләззат туралы айтқым келеді. Чайковский атындағы училищенің студенті-Ләззат танкімен тапталып өлтірілген. Оған көптеген ақын жазушылар жыр арнады. 6-сұрақ: Желтоқсан оқиғасы біткен соң әділдік орнады ма?
Әсел: Қыршын кеткен жастардың күткені-әділдік еді. Ол үміттері ақталды ма? Бірақ сондай жаза қолданатындай олардың бұзықтық жасамағандығы бірнеше жылдардан кейін анықталды. Желтоқсан жаңғырығы алысқа жетті.
1989 жылы 6-шілдеде Қазақ ССР жоғары кеңесі Президиумының Комиссиясы құрылды. Мүшесіне 12 адам кірді. Комиссия қыруар іс жүргізді. 25 томнан тұратын 2 мыңдай құжат тексерілді. Ақыр аяғында желтоқсан оқиғасы ақталды.
Сендер осы кезде болсаңдар не істер едіңдер? эссе жазайық.
1-топ. Оқушылар «Тәуелсіздік» тақырыбына эссе жазып, оқып өз ойларын ортаға салады.
2-топ. «Тәуелсіздік» тақырыбына сурет салып, өз ойларын айтады.
Аманжол сапар өз өнерін көрсетеді.
Болашақтың беріктігін біз қалаймыз. Өлең оқу.
Жұлдыз: Тәуелсіз ел! Дурдана: Ұлан ғайыр, далам менің кеңдігім,
Ата-бабам ұзақ күткен теңдігін, Ұзақ күтті- ау елім менің теңдігін.
Ұлан ғайыр далам менің кеңдігім. Ата-бабам армандаған аңсаған,
Тәуелсіздік-еркіндігім, ерлігім. Ұрпақтары көрді тәуелсіздігін.
Тәуелсіздіктің басты жемісі Еркіндік. Еркіндігіміздің, егемендігіміздің арқасында өзіміздің Әнұранымыз, туымыз, елтаңбамыз, төл теңгеміз бар.
Еламан: Күндер өтті кешегі, Несіне оны жасырам? Баға жетпес асыл ән!
Жігері құм боп жасыған Әнұраным бүгінгі
Би. Қуанышбекова Елдана, Ниязбек Жанель.
Сабақты қорытындылау:
2-топ сұрақтар алмастырады.
Жер тобының сұрақтары
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік туралы Заңы қашан қабылданды? 1991жыл.
Еліміздің рәміздері қашан қабылданды? 1992 жыл 4 маусымда.
Қазақстан компартиясы қашан таратылды? 1991жыл.
Қазақстан ұлттық гвардиясы қашан құрылды? 1992 жылы.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- теңгенің айналымға енген жылы- 1993 жыл.
Күн тобының сұрақтары:
Еліміздің тірегі, президенті кім? Н.Ә.Назарбаев
Президент жыл сайын халыққа не жариялайды? Халыққа өзінің жолдауын жариялайды.
2017 жылы елімізде не өтеді? ЕХРО 2017 көрмесі өтеді.
Қай кезде еліміздің президентін сайлады және кімді? 1991 жылы 1- желтоқсанда
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Ата заңы қашан қабылданды . 1992 жылы 28 қаңтарда
Қорытындылау
«Көк тудың желбірегені» өлеңімен сабақты қорытындылап аяқтайдым.оқушылар орындарынан тұрып, өлең айтады.
«Аяулы күз, алтын күз» ертеңгілігінің бағдарламасы
1 - жүргізуші Мінеки табиғаттың ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялатын, қамбамыз астыққа толатын, бәріміз асыға күтетін, сағындырған сырмен көңілге қуаныш, асқарлы үміт сыйлайтын, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы да келді. Шөп сарғайып, Өңі тайып, Дала сұры қашады. Бой жаза алмай, Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады Айтшы балалар Бұл қай кезде болады? 2 - жүргізуші Қазан болды молшылық, Дәулет қорын қалады. Заңғар көкке жол сызып, Құстар қайтып барады. Бұл құбылыс балалар Қай кезде ғана болады. 1 - жүргізуші Көк аспаным мөлдіреп Шуақты көзім елжіреп Асыр салып жүретін, Сары көйлегім желбіреп. Айтшы енді балалар Бұл қай мезгілдің келгені 2 - жүргізуші Жайдары күз, жарқын күз Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы ен далам Дариядай шалқар күз Алтын күздің келгені. Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар, жалынды да, жігерлі жас достарым. Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - жүргізуші Күз айы мерекелі ай. Қырман толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен табыс әкелсін демекпіз. 1 - жүргізуші. Құрметті халайық бүгінгі өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып табылады. 2 - жүргізуші Олай болса бүгінгі «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқауымызға қош келдіңіздер.
1 - жүргізуші Аяулы күз, Алтын күз - 2013 байқауының үміткерлері бастауыш сынып оқушыларына ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем. Әділдікке бас иеді күллі әлем Жүйрік озар сайыстарда неше бір Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
2 - жүргізуші Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз 9 кезеңнен тұрады
2.- кезең «Күз» тақырыбына өлең оқу.
4. – кезең Кім жылдам?ойыны. Сұрақ –жауап сайысы 5. – кезең Күз мезгілі керемет. Фото шоп сайысы 6. – кезең Күздік сән әлемі.
8- кезең «Алтын күз» сурет сайысы
9- кезең Көрме ұйымдастыру сайысы
1 - жүргізуші Бүгінгі өткізгелі отырған кешіміздің бет - пердесін ашып, үміткерлерге сәт – сапар тілеу үшін сөз Мектебіміздің Бастауыш оқу бөлімінің орынбасары Касанова Р.А. беріледі. Жандары жақсылыққа тұнып дәйім Жол берсін қақ жарылып қырық қайың Құрметпен ортаға шақырайық Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын
2 - жүргізуші Құрметті көпшілік көрерменім Жақсылыққа әрдайым артқан сенім тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру сайысына кезек бердім Ендеше бірінші шартымыз. Үміткерлеріміздің сыныбын немесе өз - өздерін таныстыруы үшін ортаға шақырайық..
1 – жүргізуші
Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді Жемістерін жинауға Шақырады біздерді
Күз мезгілі келеді. -Сәлеметсіңдер ме балалар! - Мені таныдыңдар ма? - Не тойлап жатсыңдар? - Ал маған кім «Мен яғни күз »тақырыбында тақпақтар айтып береді.
2-жүргізуші
Баршаға өнер сүйер жар саламыз Үкілі үміттерді қарсы аламыз Күйге енейік баршамыз ерекше бір Сіздер үшін би билеп, ән саламыз деп сайысымыздың келесі кезеңі
Өз өнерлерін көрсету сайысы
2 «В» сынып оқушылары «Жылайды жапырақ» биін билеуде.
ге шақырамыз.
3 «А» сынып оқушысы «Шығыс биін» орындауда.
2 «В» сынып оқушылары «Жылайды жапырақ» биін билеуде.
2 «В» сынып қыздары өнер көрсетуде.
1-жүргізуші
Ал балалар , сайысқа қалайсыңдар? Сендер өтер әлі де талай сын бар. Тапсырма ал, қоржыннан қымсынбай кеп, Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар.
ойынын ойнау үшін әр сыныптан 1 оқушыдан шақырамыз.
Алтын күз сайысын тамашалауда.
Әрбір сынып күздік сән әлімінде тұғырда.
2 - жүргізуші Көркіңмен жаз жадырап күліпті күз, Сұлулықты көргенге үміттіміз Қуаныш сыйлай берші бал татыған. Биімен айналады қылықты қыз - дей келе 2 «В» сынып қыздарын ортаға шақырамыз.
1 - жүргізушіКелесі фотошоп сайысына кезек береміз.
Барлық сынып фотоларын әділқазыларға ұсынады.
2-жүргізуші
Күздің салқын самалы, Аймалайды маңдайдан, Алып қашып барады, Жапырақты сарғайған деп келесі кезекті
1 - жүргізуші Мұнда назар салайық Мерекесі халықтың Алтын күзге арналған Тағамдарға қарайық. деп келесі кезекті
Оқушылар «Күздік көқөністер мен жемістер» киім үлгілері бойынша сән әлемінде.
3 «В» сынып оқушылары Жау-жау жаңбыр биін билеуде.
1 «В» Сынып оқушысы сұраққа жауап беруде.
3 «В» сынып оқушылары Жау-жау жаңбыр биін билеуде.
Оқушылар сән үлгісін көрсетуде.
сайысы
2 - жүргізуші Күз келді,сары күз келді Тау ызғарлы түз желді Тыраулатып аспанда Тырналарын тізді енді деп
1- жүргізуші Алқаптан бидайды Қоймаға жинайды Тырнасы тізілген Ұнатам күзді мен! Деп келесі кезекте оқушылардың қолдан жасап келген
назар аударып бағасын берейік.
Алтын күздің кереметтері
Жүргізуші:
Өнеріне халқымның бас иемін,
Тыңдап өткен бабалар өсиетін
Мен-қазақтың баласы өнер сүйген,
Қадірлеген елінің қасиетін!-дей отырып,балалардың өнерін тамашалайық.
Хасен Еркештің орындауында Алтын күз әні.
Балалар біз жұмбақ шешуді ұнатамыз ба?
-Иә,ұнатамыз.
Бітік өсті....(..қауын)
Еті-қызыл,сүті-тәтті. (қарбыз)
Одан дәмді жоқтай.( алма)
Жүргізуші: Мектеп орынбасарына сөз кезегі беріліп қорытындыланады.
Әділқазы алқалары сайыстарды бағалау үстінде
Әділқазы мүшелері :
Бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары: Касанова Райгул Айтөреевна,
Жоғары сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары: Капасова Сандуғаш Елтаевна,
Тәрбие жұмысы бойынша орынбасары: Акасова Гульнар Жумабековна.
Бастауыш сыныптар арасында өткен «Алтын күз сайысының» нәтижесінде мынадай қорытынды шықты.
1-сыныптар арасында 1-орынға 1 «А»
2-орынға 1 «Б»
3-орынға 1 «В»
сыныптары ие болды.
2- сыныптар арасында
1-орынға 2 «В»
2-орынға 2 «Б»
3-орынға 2 «А»
3-сыныптар арасында
1-орынға 3 «А»
2-орынға 3 «В» ие болды.
Сонымен бірге оқушылар әртүрлі номинациялармен де марапатталды.
Алтын күз сайысын тамашалағандарыңызға көп рахмет.
Тәрбие сағатының тақырыбы: Желбіре Отанымның Жеңіс туы.
Тәрбие сағаттың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отан соғысының болу себептерін, сол кездердегі туған қиындықтар, соғыста Отан үшін аянбай еңбек еткен батырлар жөнінде түсінік беру және соғыстың аяқталғанына 65 жыл болса да еліміздің батырлары мен қаһарман халық қайраткерлері жас ұрпақтардың есінде мәңгі сақталып, отаны үшін жанын беруге даяр елінің патриот азаматы болып өсуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаттың өтілу әдістері:Көрсету ,түсіндіру, әңгімелеу.
Тәрбие сағаттың көрнекіліктері: Батырлардың суреттері, нақыл сөз, мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйым сөздер жазылған альбомдар, төрт түлік туралы әдеби кітаптар.
Тәрбие сағаттың барысы:
1-оқушы: 1941 жылғы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те фашистік Германия тұтқиылдан Совет Одағына соғыс ашты.
Қара жазумен жазылған «Соғыс» сөзін екі оқушы қайталайды. Ұлы Отан соғысы басталды.
2-оқушы: Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ Совет халқы жан-тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды.
3-оқушы: Отаным еркелеймін өзге кімге?
Өзіңмен нені болса көрем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде
4-оқушы: Ленинград. Жау алғашқы күннен –ақ Советтік Отаннның есептелетін ең негізгі қалалларға шүйілді. Соның бірі октябрдің таңын атқызған тарихи көркем қала Балтық теңізінің қақпасы Ленинград еді.
5-оқушы: Есіңде ме туған қалам.
Сен деп неше жан қиылды
Тас қорған боп мың сан адам,
Қорғағаны әр үйіңді
Жау еңсесін жаншып төмен
Қуған оны жатыр ізі
Есіңде ме Мәншүк деген,
Қазақтың жас батыр қызы.
6-оқушы: Ленинград жау қоршауында қалды. Қала халқы 900 тәулік бойы соғысты. Ержүрек Ленинградтықтар өз қаласын жаудан қоршап қалды. 1944-жылы қаңтарда Ленинград жаудан жаудан азат етілді.
7-оқушы: Шаттансаң қыз тудым деп қазақ шаттан.
Әлия Отанына болған мақтан.
Беконица маңында тұлғасы тұр
Достарыңызбен бөлісу: |