«Күй» орындайтын :Шалбеков Ержан.
Мұғалім: Міне балалар,тіл жеткізе алмайтын оқиғаларды күй жеткізетін әсерді жеткіздіңдер.
Қазақ халқының әріден келе жатқан өзіндік ойын сауығы,дәстүрі,ғұрпы,салты бар.Бұлар бір күннің,не бір жылдың ғана нәтижесі емес,талай ғасыр жемісі.Қай елде болсын өмірінің осы айтылған әр бунағына сәйкес халықтың әр түрлі салты,ғұрпы,әр елдің өзіне тән дәстүрі бар.Басқа халықтарда бұлар ән,би,өлең,тақпақ тағы басқа өнер арқылы көрінсе,қазақта әдет-ғұрып,салт көбіне ән, өлең жыр арқылы бейнеленеді.
Қазақ елінің тұрмысында шілдеханадан бастап ойын,тойдың бәрі де ән,өлеңмен өтеді.Адам өлгенде де ұзақ өлең –жырмен жоқтау айтады.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы,бос қақпай елең-селең, -дегендей,біз туғаннан дүниеге әнмен келіп,дүниеден кеткенде де әнмен аттанады екнбіз.
Олай болса,әдет-ғұрыпқа байланысты өлең-жырлар туралы не айтар едіңдер?
1-ші топ оқушыларының жауабы: Салт жырларының бір түрі шілдехана өлеңдері. Негізгі мазмұны – дүниеге келген жаңа адамды құттықтау.Оның бақытты болуына,ер жетіп елге керекті азамат болуына тілектестік білдіру.Шілдеханада кейде айтысып қалушылық та болады.Әсіресе оның салтқа айналған бір жағы –түн күзету.
Жаңа туылған нәресте мен ананы алғашқы түні арбар шілделік тәрізді рақымсыз жаманат иелерінен ән, өлең құдіреті арқылы қорғап қалмақ болады.
2-ші топ оқушыларының жауабы:
Салт жырларының бір түрі –тойбастар.Бұл өлең той кезінде жырланады. «Той тондініке,
Ас аттынікі»
-деген мәтел тойдың әлеуметтік орнын көрсетеді.
Тойға барсаң тойып бар,жұмысыңды қойып бар» деген мәтел де осыдан шыққан болуы тиіс.Сол қызықтың беташары- тойбастар жыры.Той бастар жырының түрлері көп.Ол кез келген қуанышқа айтыла береді.Тойбастар жырының көбісі ақ бата берумен,жақсы тілекпен аяқталады
1-ші топ оқушыларының жауабы:Жар-жар -қазақтың үйлену салтынан туған айтыс өлең.Ол қыздың ұзатылу тойы үстінде айтылады.Бұрын жар-жар ел жұртынан, ата-анасынан,туған-туысынан айрылып,жат-жұртқа ұзатылып бара жатқан қыздың мұң- зары,қайғы- қасіреті түрінде,сол жерге толы қыздарды жұбату түрінде келеді.Қыз үшін ертеңгі өмір –жұмбақ,ата-ана әлпештеуіндегі қызға соның бәрі үрейлі.
Сондықтан ол зар төгеді,ішкі сол зарын өлеңмен сыртқа шығарады.
Бұрынғы уақытта жар-жарды қыз тобы,жігіт тобы болып екіге бөлініп айтқан.
Қыздар тобы:ұзатылған қыз өмірінің мұңды жақтарын айтады. «Қанша жақсы болса да қайын атамыз жар-жар,айналайын әкемдей қайдан болсын жар –жар» деп зарланады.
Ұлдар тобы: «Әкем-ай деп жылама,байғұс қыздар жар-жар әке орнына қайын атаң онда болар жар-жар» деп қыздың ертеңгі өмірінің қызықты жақтарын бейнелейді.Екі жақ бір-біріне сөз айтысып,сөз жарыстырады.
Ал қазіргі уақытта жар-жар басқаша.Олай болатын себебі, қыздар ешқандай зорлықсыз өзінің жүрек қалауымен сүйген жігітіне қосылады.Қыздардың келін болып алғаш рет босаға аттағанда беташардың алдында айтылатын жар- жардың өзгеше екенін назарларыңызға ұсынайық.
Домбыраның үнімен:
Осы өмірге лайық отты жағып жар-жар,
Келеді әне,екі жас топты жарып жар-жар.
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда жар-жар.
Бір аттаған босаға берік болсын жар-жар,
Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын жар-жар.
Күндей күліп көктемгі көңілдерің жар-жар,
Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің жар-жар.
2-ші топ оқушыларының жауабы:Әріден келе жатқан салт жырларының бірі –сыңсу.Бұл жыр той бітіп,қыз ұзатар кезде айтылады,сондықтан ол ел-жұртымен қоштасады.Ұзатылатын қыз өз ауылының әр адамына жылап көріседі.Өз басындағы мұңын,жат жұртқа баруға риза еместігін,малға сатылып еріксіз кетіп бара жатқанын,қам көңілдігін айтады.Сонымен қатар туған ел,өскен орта,көз көрген құрбы –құрдас,аға-іні,әкпе-сіңілі,әке-шеше бәрінің деқадірі тап осы арада байқалғандай болады да:
Есіктің алды сауырдан,
Ат жүрмейді сыбырдан,
Қыздай мұңды бар ма екен,
Тірі айырылған бауырдан!
Қазіргі уақытта қоштасу бұндай зарлы болмайды
өйткені қыздар өз еркімен қалаған жігітіне тұрмысқа шығады.
Мұғалім:Иә,балалар дұрыс айттыңдар.
Қазіргі уақытта мұндай зарлы сыңсу жоқ.Тек қыздарына деген қимастық сезімдерін білдіретін әндер кездеседі.
Мұғалім:Әнмен өрнектелетін тағы да қандай әдет-ғұрыптарымызға байланысты жырларды білесіңдер?
1-ші топ оқушылардың жауабы:Беташар –жаңа түскен келінге айтылатын жыр.Қазақтың ескі заманынан бүгінге дейінгі келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі-жаңа түскен келіншектің бетін ешкімге көрсетпей жауып әкелу.Келіншектің бетін өне бойы бүркеп қоюға болмайды.Сондықтан бетін ашу керек.Бұған ерекше мен беріп,келіншектің бетін шаршы топта ақындар өлеңмен ашады.
Айт,келін –ау,айт келін,
Атыңның басын тарт келін,
Ел жұртыңа жақ келін.
Қайын ағаңның алдында
Қақандама келіншек.
Қанттың аузы бос тұр деп,
Құрт ұрлама келіншек.
Аузы-мұрның сүйреңдеп,
Өсек айтпа келіншек, -деп жаңа түскен келінді әдептілігімен,қызметімен ауыл-аймаққа,
ата –анаға жағып,өсек -өтіріктен аулақ бол дегенді айтады.Тойбастар,жар-жар сияқты беташардың да мазмұны жаңарды.
2-ші топ оқушыларының жауабы:Данышпан ақын Абайдың «Өлеңмен жер қойнына кірер денең» дегендегі меңзеп отырғаны –жоқтау жыры.Қазақ елінде өлген адамды жоқтап,өлең айту -әріден келе жатқан салт.Ата-анасы жалғызы,жары,батыры,қадірл
Сынып: 2 «В»
Өткізген:Бастауыш сынып мұғалімі Кожаналиева Айгул Оразалиевна
Тақырыбы:
Мейірім төккен ата-ана!
Жүрек жылылығы-жан жұбанышы, өмір қуанышы.
Халық даналығы
Мақсаты: «Қайырымдылық», «Мейріміділік» адамгершілік құнылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;
- қамқорлық жасауға жұмылдыру;
- мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, слайдттар дәптер, оқулық.
Мен өзімді мақтан тұтамын.
Психологиялық тренинг.
Шаттық шеңбері
Ата-аналар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады. Мұғалім сабақты мынадай кіріспе сөзбен бастайды.
- Құрметті атаналар, қолдарыңды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүркетерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мйірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды түсіріп алмайтындай қимылмен бір-біріміздің қолымызды қысайық, осылайша жүрек жылуын бір-бірімізбен бөлісейік. Тілектер айту.
-
Өзіңді тану өлеңін талдау.
Мейірімділік, татулық, қайырымдылық дегеніміз не? Әңгімелеу.
Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыра отырып, қайырымдылықтың мәнін кідіріспен әңімелеу арқылы түсіндіреді.
Қайырымдылық
Мағұм Сүндетов
Монтиған құрбыларынан бойы бәкене Мұхтардың мектеп табалдырығын аттағанына көп болған жоқ. Әлі тіпті су жаңа киімдерінің қыры да кетіп үлгермеген, бәтеңкесіде қара, жыл-жылт етеді.
- Айналайын,-дейді анасы күнде үйден шығарда- Байқап жүр. Үсті-басынды ластама. Жарай ма?
- Мұхтар мақұлдап басына изейді. Міне ол қайтып келеді. Күн бұлыңғыр еді, сәлден соң жауын сіркірей түсті.Әп-сәтте әр жерде айнаның сынығындай қақ тұрып үлгерді. Әйтсе де, Мұхтардың көңілі жадыраңқы, ашық. Әлгінде мұғалима оны бүкіл сынып алдында тәртіпті, таза деп мақтаған. Ол үстіне қылау жұқтырмай, аяғын тақ-тақ басады.
Алда үш-төрт баланың ұйлығып тұрғанын көріп, іркіле берді. «неге күледі? У-шу боп дурығады ғой. О несі-ей» деп, Мұхтар таңдана мойнын созып қойды. Аумақты қар суын қоршап алған, балалар соған тас атып, ду-ду күледі. Мұхтар елемей өтпек етіп еді, кенет қақтың ішінде жүзіп жүрген жұдырықтай күшікке көзі түсті. Тұмсығы қара, өзі- ақ күшік. «Мені мыналардан құтқарсайшы. Өлтірер болды ғой» дегендей аянышты қыңсылайды. Өліп-талып жағағ жетіп бауырын сүйрете бергені сол еді, балалардың бірі аяғының ұшымен итеріп, суға тісіріп жіберді. Өзгелерді қиқулап, жарыса тас атты. Тас тиген сайын күшік қаңқ етіп батып кетеді, сәлден соң су жұтып шашылып, қайтадан шығады. Әбден қалжырап, үрейі ұшқан күшік жан ұшырып жүр.
- Балалардың әрекеттері туралы не айтасыңдар?
- Мұхтар осы жағдайда не істейді деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары.
Мұғалім әңгімені әрі-қарай жалғастырады.
- Мұхтар шыдамады. Араға кеп қойып кетті. Балалардың бірін иығымен қағап, бірін итеріп жіберіп, өлеусірей үні өше бастаған көтеріп алды. «Әй, өзіңе не керек ә?» - деп әкіреңдеген сотқар баладан ығыспады. Күшікті бауырына қыса түсті.
Әлгі бала желкесінен түйіп қалып, шалшық суға жықсада, жыламады, күшікті тастамады.
Күшікті құтқарғанына Мұқтар қуанышты. Су жаңа формасының балшық-балшық болғанын да елейтін емес. Үйге жетіп, еісктің қоңырауын қаққанда ғана киімінің ластығы есіне түсті. Қап-қара бәтеңкесі-кір-қожалақ. Киімдері – сатпақ-сатпақ. Сықыр етіп есік ашылды. Мұхтар абдырап, не істерін білмей қалды. Басын жерден көтерсе, апасы екен. Таңдана әрі тіксіне қарайды.
- Мынауың не? – деді ол,
Әрі қарай ата-ана жалғастырады.
- бірден ұрыспай, иегімен күшікті меңзеп.
- Күшік...
Мұхтар бәрі неден, қалай басталғанын айтып берді.
Міне қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды. Мұқтар қуанып кетті. Еңсесін басқан зілден арылғандай жеңілдік сезінді.
- Киімдеріңді тазалармыз. Дәнеңе етпейді балам,-деді ол Мұхтардың басынан сипап.
- Ең әуелі күшікті жуындырып, сүт берелік, жылынсын. Көремісің, ашыққан, әбден қажып, бұраоып жатыр.
- Мақұл апа. әйтеуір сіз маған ренжімедіңіз бе?
- Жоқ құлыным. Түсінес ғой.
- Рас па?
- Әрине әр кез солай қайырымды бол.
- Апа, мен ылғи өстіп балшық-балшық болып келеді екен деп ойламаңыз.
- Өйтпесіңе сенем жаным.
- Сендер Мұхтардың орнында болғанда не істер едіңдер?
- Мұхтардың жүрегі не үшін қуанышқа бөленді?
- Апасы неліктен Мұхтарға риза болды?
- Сендірдің қайырымды іс-әрекеттер жасаған кездерің болды ма? Сол жағдайда сендер өздеріңді қалай сезінесіңдер?
- Ал сендерден қайырымдылық көрген адамдар немесе жан-жануарлар қандай сезімге бөленді?
- Сендердің қайырымды іс-әрекеттерің туралы естіген адамдар қандай сезімде болды?Ата-аналардың жауаптары.
Ән айту. Балапаным әнін орындату. Сурет слайдтарын көрсету.
Дәйексөз
Мұғалім тақтаға «Жүрек жылылығы-жан жұбанышы, өмір қуанышы» халық даналығы, деп жазып қояды.
Тапсырма үлгілері:
Рахмет Анашым бейне баянының соңын жалғастыру.
Ойын-жаттығу. «Көмек»
Мұғалім мен ата-ананың ой пікірі: суретке сөздер жапсырмалау.
Тыныштық сәті
Баланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, оның табиғатпен байланысын сезігуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.
- Ата-аналар, денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларына толғанын сезініңдер.
Психологиялық тренинг.
Жаңа ақпарат
Сыныпта ата-ана мен мұғалім, оқушы арасында тығыз ынтымақты байланыс бірлік болғанда барлығы жарасымды, бақытты өмір сүреді.
Жүректен-жүрекке
Аққу биін тамашалау.
- Оқушылар сабақ соңында өздерінің жүрек түкпіріндегі жылы сезімдерін жүрекшеге жазылған ашық хаттарын беру арқылы білдіреді.
- Жүрегіңнен шыққан мейірімділік, қайырымдылық, жан ашырлық, жан жылуы алтын сөздеріңізді жүрекше шарларға жазып оқушыларға береді.
Мұғалім оқулықта қайырымдылық туралы берілген анықтаманы оқиды, мағынасын түсіндіреді. Қайырымдылық-жақсылық жасау. Оқушылар оң қолдарымен жүрек тұсын ұстап кезегімен мынадай сөйлемдер айтады:
- Менің қайырымды жүрегіме рақмет.
- Менің мейірімді жүрегіме рақмет.
- Менің жылы жүрегіме рақмет.
- Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көргеніне рақмет.
- Менің жүрегімді жақсы көру сезіміне рақмет.
- Менің жүрегімнің қуана білетініне рақмет.
- Менің жүрегімнің жанашырлығына рақмет.
Денсаулық – зор байлық Тәрбие сағаты мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. 2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту. 3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру. Көрнекілік: нақыл сөздер, тірек таблицалар, көріністер. Тәрбие сағатының барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: «Сәлемдесу» 2. Үй тапсырмасы: Денсаулық оны сақтау, жекебас гигиенасын сақтау туралы ойларын ортаға салып айту, өлеңдер жаттау. а) Кел, балалар, Кел бері, Қыздырайық денені. Орнымыздан тұрайық, Жүгірейік бір уақ. ә) Ұшықтырмай ауруға, Ішін, сыртын тазала. Барлық тісің маржандай, Жарқырасын аузыңда. 3. Ой ашу: блиц-турнир сұрағы. а) Тіс тазартатын құралдар (щетка, паста) ә) Ол судан қорқады, одан кір қорқады. (сабын) б) Денені шынықтыратын, денсаулыққа әсері мол сабақ (дене тәрбие) в) Жалқаудың досы (еріншектік, ұйқы) г) Адам өміріне ең қажет (ауа, су, жылу, жарық, тамақ) ғ) тазалық кепілі (денсаулық) Денсаулық---- тамақ ----------------- күш ----------------- тазалық V. Топпен жұмыс а) 1. Топ 1. Денешынықтырудың маңызы қандай? 2. Спорттық ойынның қандай түрлерін білесіңдер? 3. Өзі тоймастың, көзі тоймас – дегенді қалай түсінесіңдер? 2. топ 1. Жеке бас тазалығы деген не? 2. Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары не? (сабын, паста, сүлгі, су) 3. Тамақтың пайдасы мен зиянын айт. Мысал келтір: сыра - сүт, алма - кәмпит. ә) Денсаулықтың достары мен қастары. Топтастыру. Достары Қастары VI. Сергіту сәті «Денені шынықтыру» VII. Әңгіме оқу, талдау. - Ертеде бір кірқожалақ қыз өмір сүріпті. Оның дүниедегі жек көретін нәрсесі – қолын жуу және жуыну екен. Сол себептен қолында аяғында пайда болған жаралар денесіне тарайды. Ауыз арқылы ішке кірген микроб қызды ауруға шалдықтырады. Дәрігер қыз баланы тексеріп, ауруды жеңетін ғажайып затты ұсынады. - Бұл не деп ойлайсыңдар? а) Жұмбақ шешу. 1. Жылт-жылт еткен, Жылғадан өткен. (су) 2. Не зиян? Не пайдалы? 3. тіс емдейтін дәрігер (стоматолог) 4. Көз көрмегенде киетін зат (көзілдірік) 5. Асқар тауда қара орман (шаш) 6. Тәні саудың (жаны) сау. IV. Ой қозғау. - Балалар жеке бас гигиенасын сақтау дегенімізді қалай түсінесіңдер? а) 1. Жеке бас гигиенасын сақтау деп таза жүру, таңертең тұрып жаттығулар жасау, жүгіру, жуыну қажет. Тырнақты өсірмей уақытында алып тұру. 2. Мектепте де, үйде де тазалықты сақтауымыз қажет. Тісімізді жуып, қолымызды сабындап жуу, бөгде заттарды ұстамау қажет. 3. Жеміс-жидектерді жуып жеу, тамақты асықпай шайнап жеу, тамақ үстінде сөйлемеу. 4. Спортпен айналысып, таза жүру әрбір адам өз денесін шынықтырса, жуынып, таза жүрсе оны аурудан сақтайды. 5. Адам еңбекке қабілетті болып өссе дене құрылысы сымбатты болады. Үнемі таза жүрсе денене жаман жаралар шықпайды. ә) Тірек схемамен жұмыс Балалар «Денсаулық – зор байлық» деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер? Байлық туралы ой қозғау. Байлық--- ақша ------------ машина ------------ денсаулық Ең үлкен байлығымыз – денсаулық. Адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? 1. Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді (көз) 2. Өзі кірді ашады, суға салса қашады (сабын) 3. Аузы бүрмелі қызыл қалта, ішінде 32 малта (тіс( 4. Аузы жоқ, көзі жоқ. Тілі жоқ, сөзі жоқ. Бірақта тісі бар. Басыңмен ісі бар. Бұл не? (тарақ) б) Көрініс «Кір қоймас» - Ата-ананың сабын туралы әңгімесі. VIII. Ойын « Қай заттың орыны алмасты?» Ойынның шарты: Заттарды мұқият қарап алыңдар. Сендер көздеріңді ашып, сол затты табыңдар. - Балалар, осы заттың ішінде адам денсаулығына не зиянды?Неліктен? - Шылым - Қойған заттарды қалай атауға болады? Олардың пайдасы бар ма? IX. а) Көрініс: «Тісі ауырған қолтырауын». ә) Тіс күтімі «Дәрігермен кездесу» X. Мақал-мәтел а) 1. Ас адамның арқауы. 2. Ас иесімен тәтті Табағымен жақсы. 3. Бал ұстаған бармағын жалатады. 4. Өзі тоймастың көзі тоймас. 5. Тәні саудың жаны сау. 6. Көзің ауырса қолыңды тый, Ішің ауырса аузыңды тый. 7. Тазалық - саулық кепілі, Саулық - байлық кепілі. 8. Демі бардың – емі бар . 9. Денсаулық – зор байлық. ә) Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар. XI. ойын. «Сен маған, мен саған» XII. Ой тұжырымы:
- Біз бүгін қандай тақырыпта сөз қозғадық? - Нені ойға тоқып, жадымызда сақтауға тиіспіз? - Сендер қандай азамат болып өсулерің керек?
Достарыңызбен бөлісу: |