3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдаудың тәртібі . ( ҚР ҚІЖК 550 – бап )



бет4/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу

Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдаудың тәртібі . ( ҚР ҚІЖК 550 – бап ).

Істі соттың алқабилердің қатысуымен тағайындау туралы қаулы шығарылңаннан кейін сот төрешісі сот отырысының хатшысына, алқабилерге іріктеу үшін, осы сот отырысына саны қаулыда көрсетілген алқабиге кандидаттардың келуін қамтамасыз ету туралы үкім береді. Сот қаулысында ісін бойынша таңдап алынған алқабилердің саны көрсетілуі қажет.

Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейін төрағалық етуші үкімі бойынша сот отырысының хатшысы соттағы біріңғай және қосалқы (жылдық) тізімдерден алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдауды жүргізеді. Қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен жүргізудің маңыздылығы олардың сотталушының қылмыс жасағаны туралы айыпты дәлелдегені туралы шешімінің дәлелдігінде. Төрағалық етуші және екінші сот төрешісі алқабилердің үкімі бойынша сотталушыны айыпты деп танып оған жаза қолданып, азаматтық талап мәселесін шешеді.

Қылмыстық істі қарауға қатысу үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін, оладың тегі, аты, әкесінің аты және мекен – жайы көрсетіле отырып, алдын ала тізім жасалады, оған сот отырысының хатшысы қол қояды. Алдын ала тізімге енгізілген алқабилер кандидаттарға, сот тақылауы басталғанға дейін жеті тәуліктен кешіктірілмей сотқа келетін күні мен уақыты көрсетілген хабарлама тапсырылады. Хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті.

Тәртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма бес кандидаттан он алты кандидат қалса, онда сот төрағасы хатшыға сот алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді. Сонымен төрағалық етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым процедурасын жүргізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет