3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу



бет5/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу
Лекция №5 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері., Лекция №4 Ампер күші. Электроқозғалтқыштың әрекет принципі. Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері.
Сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу

(ҚР ҚІЖК 551- бап).

Төрағалық етуші алқабиге кандидаттардың алдында олар үшін қысқаша сөз сөйлеп кетеді, себебі ол олар үшін өте маңызды:

-өзін және тараптарын түгел таныстырып өтеді;

-қандай іс қаралуға жататынын хабарлайды;

-алқабилердің міндеттері мен олардың қылмыстық істі қарауға заңға сәйкес қатысу тәртібі туралы хабарлайды;

Хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті.

Сот отырысының хатшысы төрағалық етушіге алқабиге кандидаттардың сот отырысына келуі туралы баяндайды және алқабиге кандидаттың әрқайсысына оның тегін көрсете отырып билет жазып береді.

Кандидаттар арасынан алқабилерді іріктеу басты сот талқылауы ашылғаннан кейін және ҚР ҚІЖК – нің 331 – 344 баптарының талаптары орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.

Алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді сондай – ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей жеке – дара шешеді.

Егер сотқа шақырылған алқабиге кандидаттардың жиырма бесінен азы келсе не сот талқылауына қатысудан олардың кейбіреулерін босатқаннан кейін немесе төрағалық етуші сот төрешісі өздігінен бас тартулар мен қарсылық білдірулерді қанағаттардырғаннан кейін олар он алтыдан азайып қалса, төрағалық етуші сот отырысының хатшысына алқабиге кандидаттар құрамының жетіспейтін санын қосалқы тізімнен толықтыру туралы үкім етеді. Бұл жағдайда алқабиге қосалқы кандидаттарды шақыру үшін сот отырысында үзіліс жарияланады.

Бұдан соң төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіруді жүргізеді. Сот отырысына қатысу үшін алқабиге он алтыдан астамы қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге кандидаттардың санын жариялайды, бұдан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке салады, билеттерді араластырады және жәшікке он алты билет қалу үшін одан қанша қажет болса сонша билетті алады. Содан соң төрағалық етуші, мемлекеттік айыптаушы, сондай-ақ сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы дәлелсіз қарсылықты жүргізу үшін қалған, алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген он алты билетті береді, нәтижесінде алқабиге он бір кандидат қалуы тиіс.

Егер іске бір сотталушы қатысса, дәлелсіз қарсылық білдіруді алқабиге екі кандидатқа мемлекеттік айыптаушы, содан кейін алқабиге үш кандидатқа сотталушы және немесе оның қорғаушысы көрсетілген кезектілікпен жүргізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет