Алқабиге кандидаттардың өздігінен бас тартуы туралы мәселелерді шешу.
ҚР ҚІЖК – нің 554 бабына сәйкес, прокурор, жәбірленуші, азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер және олардың өкілдері,сонымен қосы сотталушы және оның қорғаушысы алқабиге кандидаттарға қарсылық білдіре алады, егер:
Іс бойынша азаматтық талапкер, азаматық жауапкер немесе куәгер ретінде шақырылса;
Алқабиге кандидат жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің немесе олардың өкілдерінің, айыпталушының немесе оның заңды өкілінің, прокурордың, қорғаушының немесе тергеушінің, анықтаушының туысы немесе жекжаты ( аға-інісі, апа-қарындасы, ерлі –зайыптылардың баласы ) болып табылса;
Осы іске жеке, тікелей немесе жанама мүдделі деп санауға негіз беретін өзге де мән-жайлар болса, қарсылығы мәлімделуге тиіс.
Негізгі алқабилер құрамы былайша жүргізіледі. Төрағалық етуші қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың тегін көрсете отырып, билеттерді жәшікке салады, оларды араластырады және бір-бірлеп он бір билетті алады, әр алған сайын билетте көрсетілген алқабиге кандидаттың тегін жариялайды.
Егер жәшіктен алынған және қалған билеттер қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететін қандай да бір бұзушылыққа жол берілмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады. Алқабилердің ант қабылдағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба жасалады.
Алқаби ұжымының ант қабылдауға дейін алқабилер барлық алқабилерге объективті әрекет ете алмауына қарсылық білдіру алқабилер алқасын құрудағы негізгі арнайы ерекшелігі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |