Алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіру (Қ.Р Қ.І.Ж.К 555-бабы)
Тәртіп бойынша сотқа елу алқаби кандидаты шақырылады, егер жиырма бес кандидаттан он алты кандидат қалса, онда сот төрағасы хатшыға сот алқабилеріне қосымша шақырту жасауына рұқсат береді. Сонымен төрағалық етуші қосымша шақырылған кандидаттармен қоса сот алқабилеріне құрылым процедурасын жүргізеді.
Бұдан соң төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға дәлелсіз қарсылық білдіруді жүргізеді. Сот отырысына қатысу үшін алқабиге он алтыдан астамы қалса, төрағалық етуші қалған алқабиге кандидаттардың санын жариялайды, бұдан кейін олардың тегі көрсетілген билеттерді жәшікке салады, билеттерді араластырады және жәшікке он алты билет қалу үшін одан қанша қажет болса сонша билетті алады. Содан соң төрағалық етуші, мемлекеттік айыптаушы, сондай-ақ сотталушы және (немесе) оның қорғаушысы дәлелсіз қарсылықты жүргізу үшін қалған, алқабиге кандидаттардың тегі көрсетілген он алты билетті береді, нәтижесінде алқабиге он бір кандидат қалуы тиіс.
Егер іске бір сотталушы қатысса, дәлелсіз қарсылық білдіруді алқабиге екі кандидатқа мемлекеттік айыптаушы, содан кейін алқабиге үш кандидатқа сотталушы және немесе оның қорғаушысы көрсетілген кезектілікпен жүргізеді.
Егер іске бірнеше сотталушы қатысса, мемлекеттік айыптаушы әрі кеткенде алқабиге екі кандидатқа қарсылық білдіруге құқылы, және кез келген жағдайда сотталушы мен оның қорғаушысы соңанда алқаби саны он бір алқабиден кем болмауы тиіс.
Сонымен, дәлелсіз қарсылық білдіру – дұл алқабиге кандидаттарды жеребе тастау арқылы, заң бойынша он алты алқабиге дейін таңдалып алынады.
Егер жәшіктен алынған және қалған билеттер қарсылық білдірілмеген алқабиге кандидаттардың жалпы санын құраса, сондай-ақ егер алқабилер алқасын құрудың дұрыстығына әсер ететін қандай да бір бұзушылыққа жол берілмесе, онда алқабилер алқасы құрылды деп танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |