3 1-Бөлім. Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу


Төрағалық етушінің алқабиге кандидаттарды істі қарауға қатысудан босату (552 – бап )



бет6/26
Дата13.05.2020
өлшемі224,5 Kb.
#67900
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс-жүргізу

Төрағалық етушінің алқабиге кандидаттарды істі қарауға қатысудан босату (552 – бап ).

Төрағалық етуші алқабиге кандидаттарға олардың қылмыстық іс жүргізу көрсетілген міндеттерін түсіндіргеннен кейін, алқабиге кандидаттардан алқаби ретінде істі қарауға қатысуда олар кедергі келтіретін мән – жайлардың бар жоғы туралы сұрайды.

Бұл жөнінде төрағалық етуші алқабилерді мынадай жағдайда міндеттерінен босатуға құқылы:


  1. Қылмыс жасады деген күдіктілерді немесе айыптаушыларды;

  2. Сотта ілеспе аударма қамтамасыз етілмеген кезде, сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамды;

  3. Сот отырысына толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге ұйымдастырушылық не техникалық мүмкіндіктер болмаған кезде саңырау, мылқау, зағип және мүгедек болып табылатын басқа да адамдарды.

Сонымен қоса Төрағалық етуші сот төрешісі алқабилердің ауызша не жазбаша өтініші бойынша:

  1. Алпыс бес жастан асқан адамдарды;

  2. Үш жасқа толмаған балалары бар әйелдерді;

  3. Өзінің діни нанымына байланысты сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу өзі үшін мүмкін емес деп есептелген адамдарды;

  4. Сот отырысына қатыспау үшін дәлелді себептері бар өзге де адамдарды алқаби міндеттерін атқарудан босата алады.

Сонымен қатар төрағалық етуші алқабиге кандидаттардан сотта қаралатын істің мән жайлары туралы олардың хабардарлығын анықтайды.

Алқабиге кандидатты істі қарауға қатысудан босатуға байланысты барлық мәселелерді сондай – ақ өздігінен бас тартуларды және алқабиге кандидаттарға мәлімделген қарсылық білдірулерді төрағалық етуші кеңесу бөлмесіне кетпей жеке – дара шешеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет