Орфографиясы Орфоэпиясы
Қара ала қарала
Сары ала сарала
Екі елі екелі
Көре алмайды көреалмайд (ы) т.б.
Айталық: Жаман ағайын бар болсаң, көр(е) алмайд(ы), жоқ болсаң бер(е) алмайд(ы). (Мақал)
2. Қос сөздер арасында келген дауыстылар да элизияға ұшырайды.
Орфографиясы Орфоэпиясы
өзді-өзі өздөзі
үлгі-өнеге үлгөнөге
екі-үш екүш
алды-арты алдарты
асты-үсті астүстү т.б.
Мысалы:
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзд(і)-өзі,
Көрінбейд(і) жердің топырағы
Құлпырған жасыл жер жүзі.
(Абай)
3. –ақ, -ау, -ай шылауларының алдындағы дауысты дыбыстар түсіріліп айтылады (элизияланады):
ойласа-ақ ойласақ
жақсы-ақ жақсақ
барады-ау барадау
әдемісі-ай! әдемісай! т.б.
Мысалы:
Ойымд(ы)-ақ, жарымд(ы)-ақ
Кеңімді, тарымды…
Қарасам, байымдап,
Сөзің сол сарынды.
(Абай)
Жет(і) өзен жерімд(і)-ай,
Сағындым елімд(і)-ай!
(Халық өлңінен)
Әрбір тау мен, әр мекен
Өз алдына сүйікт(і)-ау!
Дүниеде бар ма екен
Алатаудай биік тау?
(Т.Молдағалиев)
4. –еді, -екен көмекші етістігімен тізбектеліп келген сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіріліп айтылады:
Орфографиясы Орфоэпиясы
көрсе екен көрсекен
Қайда екен Қайдекен т.с.с
Мысалы:
а) Ертеде ауылда сүп-сүйкімді бір қыз тұрыпты. Шешесі оны өте жақсы көред(і)екен. (Ертегіден).
ә) Мен де өзіңдей балақан
Шиқылдама, балапан,
Кәне, бірге іздейік,
Қайд(а) екен жан апай?
(«Балдырған» журанлынан)
Егер бұл етістік –игі сөзімен тіркесіп келсе, элизиялық құбылыс екі жерде болады:
Орфографиясы Орфоэпиясы
көрсе игі еді көсигед
білсе игі еді білсигед
жауса игі еді жаусигед т.т.
Мысалы: Қар қалың жауса игі еді, тауға шаңғы тебуге барар едік.
Сонымен, ауызекі сөзде орфоэпиялық нормамен байланысты элизиялық құбылыс жиі кездесетінін байқадық, сондықтан мәтінді оқығанда бұл ережені бұлжытпай қолдану шарт.
Р е д у к ц и я (сусу, сәл айтылу)
Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстардың әлсіреп көмескіленуі, соның нәтижесінде олардың дыбысталуының өзгеруі редукция деп аталады. Редукцияланатын дыбыстар – қысаң дауыстылар. Әдетте екпін түспеген буындағы дауыстылар сусиды. Бітеу буындағы қысаң дауысты дыбыс тәуелдік жалғауы мен жұрнақ жалғағанда, түбірдің соңғы буынындағы қысаң дауысты екпіннің аффикске ауысу салдарынан редукцияланып, сусып түсіп қалады. Мысалы: ерін – ерні, орын-орны, мұрын-мұрны, ауыл-ауыл, көрік-көркі, бөрік-бөркі, халық-халқы, ауыз-аузы, жарық-жарқыл т.б
Ол қандай аң?
Ерте тұрып, Орғып кетті..
Елең етті. Ол қандай аң?
Орман жаққа
(Қорқақ қоян).
Тиін
Бұртық аузың бүлкілдеп, Әлі жассың, жасқаншақ,
Құлағыңды бүгіп ап. Ұстамаймын сені мен.
Жаңғағыңды біртіндеп Орғып қарғып қашқанша,
Тауыстың ғой бүгін-ақ. Достассаңшы менімен.
(Ә.Табылдиев).
Редукция сөйлеу тілінде мүлдем айтылмацйтын да, жазылмайтын да жағдайда кездеседі және көмескі естіліп, бірақ жазуда таңбаланатын жағдайы да болады. Мына сияқты сөздерде қысаң дауыстылар болар-болмас қана естіледі: кекілік, мағына, дәрігер, соңыра, қабілет, бұрғылау, әсіре, әділет болып жазылса, айтылғанда кеклік, мағна, дәргер, соңра, қаблет, бұрлу, әсре, әдлет болып естіледі.
Мысалы:
Менің мамам - дәрігер
Тіс ауырса, іш ауырса,
Мамам дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала,
Оны жақсы көреді.
(Ә.Мұсаханов).
Кекілік-ау, кекілік!
Ойнақшисың секіріп.
Бір орында тұрақтап,
Отырмайсың бекініп.
Оқушы болсаң, кекілік,
Алар ең ылғи екілік.
(Ө.Тұрманжанов)
Тілімізде сөздің ортаңғы буындарында бр, ңр, жр, зн, пр, қм, нз, лн дыбыстарының аралығында келген қысаң дауыстылар сусуға бейім тұрады, айтылғанда болар-болмас қана естіледі. Бірақ жазуда бұлар сақталады:
Достарыңызбен бөлісу: |