Балалар сендер қарлығаштың қандай құс екенін білесіндер ме ?
Балалар білеміз деп жауап береді .
Олар жылдың қай мезгілде ұшып келеді ?
Көктем мезгілінде .
Қазір жылдың қай мезгілі ?
Көктем мезгілі .
Балалар , қарлығаш ұясын үйлердің іргесіне немен салады деп ойлайсындар?
Шөп- шалаңмен қалап балшықпен салады деп жауап берді балалар .
Ия , дұрыс айтасындар балалар .
Қарлығаш үйлердің іргесіне туқұйрық араласқан лаймен лайлап , қабырғасына шөп – шалаң қалап оның ішіне мамық төсейді . Ондай ұя әрі ыдамды, әрі жылы болады деп балаларға түсіндіріп өтемін .
Балалар мен сендерге “Қарлығаш әулие ” деп аталатын әнгімемен таныстырып өтемін. Міне балалар Төле би осылай “Қарлығаш әулие” деп атаныпты .
Ертегі – халқымыздың ертеден бері келе жатқан мәдени мұраларының бірі , ауыз әдебиеті . Ертегінің өзі үш түрге бөлінеді : Қиял – ғажайып ертегілер , тұрмыс – салт ертегілер , хайуанаттар туралы ертегілер .
Балалар біз көптеген ертегілермен таныс болдық .
“Кубизм” стратегиясы :
Кубиктің әр қырларына мына суреттерді жабыстырып сабаққа қолдандым
“Мақта қыз бен мысық” ертегісі , “Бауырсақ” ертегісі , “Кім неден күшті” ертегісі , “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” .
Бүгін өтетің жаңа сабағымыздың тақырыбы : “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” ертегімен оқып танысамыз . Ертегіні тақтаға ілінген мазмұнды суреттер бойынша балаларға түсіндіремін .
Балалар , біздің бүгінгі сабағымызға Қожанасыр қонаққа келіпті . Қоржынын толтырып сендерге көптеген тапсырмалар әкеліпті . Біз осы тапсырмаларды орындау үшін :
ІІІ . Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық .
Қоржыннан асық алу арқылы орталықтарға бөлемін .
Балалар біздің сабағымызға ата-аналарымыз қатысып отыр . Әр топқа бір ата-анадан бөліп отырғызамын , оның міндеті топтағы оқушыларға бағыт – бағдар беру .
1 – топ : Әдебиет орталығы :
Тапсырма : Осы ертегідегі кейіпкерлерге байланысты тақпақтар айту .
(Қарлығаш , түлкі , маса , айдаһар) .
2 –топ : Стол – үсті орталығы :
Тапсырма : Түрлі - түсті қағаздармен орындалатың аппликация .
Қарлығаштың суретін қағаз бетіне жабыстыру , қарлығаш
деген сөзге сөйлем құрату .
3 – топ : Мүсіндеу орталығы :
Тапсырма : Қарлығаштың суретін қағазға салып беремін , оны балалар
ермексазбен мүсіндейді .
Сергіту сәті : (Әр түрлі қимылдар жасай отырып орындау) .
Шиқ – шиқ еткен қарлығашты .
Қорғамасаң болмайды .
Кіп – кішкентай қарлығаштар .
Адамдарды қорғайды .
Таспен атып қарлығашты .
Ұя бұзған оңбайды .
Құс өкпелеп кетеді .
Ауламызға қонбайды .
ІҮ . Екінші айналымда орталықтың тапсырмалары ауыстырылып беріледі
1 – топ : Әдебиет орталығы :
Тапсырма : “Қарлығаштың құйрығы неге айыр ?” ертегісі бейнеленген
суреттер беріледі , сол сурет бойынша әңгіме құрастырады .
2 – топ : Стол – үсті орталығы :
Тапсырма : Қарлығаштың , түлкінің үзік нүктелер арқылы салып беремін ,
оларды қосып , суретті түрлі – түсті қаламмен бояп шығады .
3 – топ : Драма орталығы :
Тапсырма : Балалар осы ертегідегі кейіпкерлердің бейнесінде сахналық көрініс жасайды .
Балалар бүгінгі біздің сабағымызға қонаққа келген Қожанасырдың қоржынындағы түрлі тапсырмаларға жақсы жауап бердік.Қожанасыр біздің жауабымызға дән риза. Қожанасыр келесі мектептегі балаларға көптеген тапсырмалары бар екен. Балаларға жеткенше асығып отыр деп шығарып саламыз.
V. Қорытынды: “Сандардың сырын аш” ойынын ойнатып сабақты сұрақ қою арқылы қорытындылап шығамын.
1. Түлкі Айдаһар ауруына қандай ем айтты?
2. Оған Маса қанды не үшін әкелмек болды?
3. Маса қанды қалай жинады?
4. Айдаһар қанды неліктен іше алмады?
5. Қарлығаштың құйрығы неге айыр болды?
6. Адам қарлығашты неге жақсы көреді?
7. Осы ертегі туралы мультфильмді көрдіңдер ме?
8. Ертегі сендерге ұнады ма?
Сандарды ашқанда “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” етрегісі
бейнеленген сурет шығады.
VІ.Жиынға оралу.
Бағалау. Балаларды фишкалар немесе гүл, қызғалдақ
беру,мақтап,мадақтау арқылы бағалаймын.
Балаларды динамикалық үзіліске шығарамын.
Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Қазақтың көне жерінде ,
Асқар тау, бұйрат белінде,
Айдаһар өмір сүріпті
Күшсізді талай жалмапты
Тіссізді талай қандатты
Патша боп, көп жыл тұрыпты
Жылдардан жылдар өткенде,
Кәрілік жылжып жеткенде,
Қайраты қайтып бұрынғы,
Айдаһар дертке ұрынды
Айдаһар еттен арылды,
Тынысы әбден тарылды,
Көзден от, беттен сән кетті,
Кеудеден қуат ,әл кетті,
Нөкерлер сасып , сабылды,
Не істерін білмей,аңырды,
Адырдың арты жар еді,
Қу түлкі сонда бар еді,
Кей дертті емдеп жазатын ,
Өнері ептеп болатын,
Нөкерлер соған ағылды,
Түлкіге барып жалынды.
Ауруға түлкі келеді,
Тамырын ұстап, көреді,
Не қилы әдіс қылады,
Сан дәріні сынады.
-Тәтті қан іздеп тапсаңыз,
Жазылар, -деді,патшамыз.
Айнала жұртқа қарады:
-Кім іздеп, дару табады?
Біз тұмсық маса бар еді,
Ішкені ылғи қан еді,
Шағуға шебер болатын,
Қадалып қанды соратын,
Келместен сөзге ол енді,
Шөлмегін алып жөнелді.
Масадай малғұн зұлымға
Жамандық жасау қиын ба?
Бесікте жатқан нәресте
Жылы жұмсақ емеспе?
Деген бір арам ой келді,
Не болмақ дүние, ойла енді.
Келді де шақты баланы,
Шырылдап бала қалады
Осынау маңды мекендеп,
“Жақсылық қайтсем етем” деп,
Зұлымдыққа қаны қас
Жүретін бір Қарлығаш
Жөнелді іздеп масаны,
Қырлардан қырға асады.
Шарлады көпті көлбеген,
Жарысты жүйрік желменен.
Айдаһарға жеткізбей,
Тиісті емін еткізбей,
Масаны қуып жетеді,
Айқасқа түсіп кетеді.
Алыспай өлмек қайда бар?
Алас ұрған Айдаһар
Болдырмаған бұйрығын,
Қарлығаштың құйрығын
Жартылай жұлып алыпты,
Айыр боп содан қалыпты.
Содан бері Қарлығаш
Болса да нәзік талдырмаш,
Адал досы адамның,
Аты туған баламның!
Сабақтың тақырыбы: “Мақта қыз бен мысық” ертегісі.
Сабақтың мақсаты: 1. Ертегінің мазмұнымен танысу және оның
идеялық мәнін ашу.
2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлесіп жұмыс
істеуге, жауапкершілікке, бір-бірін құрметтеуге,
өзара сыйласуға тәрбиелеу.
3. Өз бетінше және топпен жұмыс жасау дағдысын
қалыптастыру. Тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Ертегінің мазмұнды суреттері, орталықтар жазылған
тіреуіштер, құпиялы үшбұрыш, ақ көгершін.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Математика, тіл дамыту, жапсыру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
а) балалармен сәлемдесу, түгелдеу.
ә) оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тақырыпқа М. Әлімбаев “Сары жапырақтар жауғанда”. Оқушылардан сұрақ-жауап арқылы сұраймын.
ІІІ Жаңа сабақ. Қызығушылығын ояту.
Сыныпты қызғалдақ, саңырауқұлақ, көбелек, 3-топқа бөліп аламын.
І-топ. “Қызғалдақ тобы”.
ІІ-топ. “Көбелек”.
ІІІ-топ. “Саңырауқұлақ” тобы.
- Балалар, кәне барлығымыз бері қарайықшы.
- Міне, мына фигураларды біз не деп атаймыз?
-Үшбұрыш
- Тағы қандай фигураларды білеміз?
- Төртбұрыш, дөңгелек.
- Дұрыс, балалар біз бұл фигуралармен қандай сабақта оқып таныстық?
- Математика сабағынан оқып таныстық.
- Дұрыс, балалар, ендеше біз бұл үшбұрышты “құпиялы үшбұрыш” деп атаймыз.
Қазір үш топтан үш бала шығып, бір-біреуден таңдап аламыз да ішіндегі сұрақтарға жауап береміз, жауап берген оқушыға сол “құпиялы үшбұрышты” сыйлаймын.
Біздің бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбын мен сендерге жұмбақтап айтамын. Сендер оның шешуін табыңдар.
Оны балалардың барлығы жақсы көреді. Үйде ұйықтар алдында ата-әжелеріміз айтып, бізді ұйықтатып тастайды. Оны тек қана өмірде оқиғалар емес, қиял-ғажайып, яғни өмірде болмайтын ойдан шығарылған оқғалар деуге де болады. Бұны не дейміз? (ертегі).
Ертегіні мазмұнды суреттер бойынша балаларға түсіндіремін.
Сергіту сәті: Түн болды.
Сәлден соң таң атты
Аспанды бұлт басты
Жаңбыр жәйлап жауды
Жаңбыр қатты жауды.
Күн ашылып енді жел тұрды
Жел қатты тұрды
Енді ауа тынық болып тып-тыныш болды.
Балалар ақ көгершіннен бізге хат жіберіпті, оның ішіне бізге тапсырмалар беріпті, біз бұл тапсырмаларды барлығымыз бірге бірлесе отырып орындауымыз керек.
Белсенділік орталықтарға бөлініп алайық.
1-топ. “Қызғалдақ ” тобы.
Әдебиет орталығы:
Тапсырма: Осы ертегідегі кейіпкерлерге байланысты тақырыптар айту.
2-топ. “Көбелек” тобы.
Оқу орталығы:
Тапсырма: “Сөзжұмбақ” шешу.
3-топ. “Саңырауқұлақ” тобы.
Өнер орталығы:
Тапсырма: Осы ертегідегі кейіпкер бейнесінде сахналық көрініс жасау.
Топпен жұмыс:
Үш топтың оқушылары бірлесе отырып, ертегідегі кейіпкерлердің қима суреттерін тақтаға ретімен қойып шығады. Содан соң топқа бір-бір сұрақтан қоямын.
1. “Қызғалдақ” тобы:
- Ертеңгінің басты кейіпкерлері кімдер?
2. “Көбелек” тобы:
- Ертегідегі үй жануарларын ата?
3. “Саңырауқұлақ” тобы:
- Ертегінің соңы немен аяқталады?
VІ Қорытынды:
Балалар біз бүгін қандай ертегімен танысамыз.
Мақта қыз бен мысық ертегісі.
Ертегі сендерге ұнады ма?
Мысықтың құйрығын қайтарып алуына көмектескендерді атаңдар?
Сиыр, ағаш, тауықтарға не нәрселер керек екен?
Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытамын.
VІІ Бағалау. Жұлдызша, үшбұрыш, төртбұрыш беру арқылы бағалаймын.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
Мақсаты: Оқушыларға ертегі арқылы олардың өмірге деген дұрыс
көзқарасқа, ой-өрісін, сөйлеу тілін,жақсылық пен
жамандықты айыра білуге, жаман әдеттен айлақ болуға
үйрету, баулу. Өз отанын сүюге, ана тілін қадірлеуге
үйрету. Қызығушылықтарын талғампаздық қасиеттерін
қалыптастыру.
Көрнекілігі: Орман көрінісі бейнеленген суреттер, ертегі
кейіпкерлерінің суреттері, қоян, тиін, аюдың суреттері.
Барысы: Балалар біз бүгін “Ертегілер еліне саяхат” жасаймыз.
Балалармен бірге орманның ішінің әсемдігіне таңданып
келе жатқанда, балалардың құлағына бір дауыс келеді.
Жақындай келе ол дауыс қоянның дауысы болып шығады.
Қоян байқаусызда қақпанға түсіп қалған екен. Қоянды
балалар қақапаннан шығарып алғысы келеді, бірақ ол
үшін алдымен мына сұрақтарға жауап беруіміз керек.
Тапсырма: Мына суреттегі кейіперлердің атын ата? Олар қандай
ертегілерде кездеседі? (қиял-ғажайып ертегілер).
Балалар берілген сұраққа жауап беріп, қоянды қақапаннан босатып алады. Қоянды ортаға алып барлығы бірге мына өлеңді шырқайды.
Ұзын-құлақ сұр қоян.
Естіп қалып сыбырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Кеше жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
“Ақ қоян” деген қимылды ойын ойналады.
Мына сөйлемді жалғастыру қажет.
Қоян қыста ақ, жазда….
Қоянның құйрығы қысқа, құлағы…..
Қоянның артқы аяғы ұзын, алдыңғы аяғы……
Балалар қоянмен қоштасып, ары қарай орманды аралап келе жатқанда, мұғалім қане тыңдаңдаршы балалар, ормандағы ең көңілді жануар туралы жұмбақ жасырамын.
Секең – секең етеді,
Орман оның мекені.
Отырғанда шоқшиып
Құманға ұқсап кетеді.
- Бұл қай аң?
- Тиін.
- Дұрыс, айтасыңдар балалар!
Сендер білсеңдер айтыңдаршы, тиін немен қоректенеді?
Жаңғақ, саңырауқұлақ, шырша бүршігімен қоректенеді деп жауап берді балалар.
Біз тиінға қоректенетін азығын жинауға көмектесейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік.
Тапсырма: Мына ертегі кейіпкерлерінің атын атау. Осы ертегі кейіпкерлерін қатыстырып бір ертегіні айтып беру. Түлкі мен ешкі. (хайуанаттар туралы ертегілер).
Тапсырманы орындау арқылы тиінға азығын жинап алуға көмектесеміз. Ал енді балалар тиін туралы қандай ертегі білеміз.
“Ақ тиін мен қасқыр” ертегісін мәнерлеп оқу.
Ақ тиін бұтақтан-бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді. Ақ тиін жалынып:
Мені жеме, жібер, - дейді.
Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт;неліктен сендер әр уақытта
шат болып жүресіңдер? Сонда ақ тиін: Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп сөйлер алар емеспін, - дейді. Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
- Сен, қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады, сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін әр уақытта шат болып жүреміз,- депті.
Тиінмен қоштасып, орманды ары қарай аралауды жалғастырамыз. Орманды аралап келе жатып, бір үлкен үңгірге кезігеді. Балалалр бұл ненің үңгірі екен деп қорқа бастады. Ішінен қорылдаған дыбыс естіледі. Балалар одан сайын қорқа бастады. Балалар қорықпаңдар біз мына тапсырманы орындасақ, оның ішінде не барын білеміз.
Тапсырма: Ертегі сурет арқылы бейнеленген, суреттегі ертегінің атын айтып, сол ертегінің біреуіне көрініс көрсетеді.
Мақта қыз бен мысық.
Жақсылық пен жамандық.
Балалар барлығы шулап жауап беріп жатты. Бұл шудан ұйықтай алмаған
аю:
- Мынау не шу! Мені ұйқымнан оятқан деп аю қорбаңдап үңгірден шыға келді.
Балалар сендер менен қорықпаңдар – деді аю. Мен сендерге тиіспеймін. Сендер маған арнап тақпақ айтып беріңдерші.
Барлығы қосылып: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Қалтамызға салайық.
деп балалар тақпақ айтып береді. Аю балалардың себетіне толтырып құлпынай теріп береді. Балалар себет толы құлпынайды алып, ормандағы аюмен қоштасып қайтады.
Қорытынды: Балалар сендерге “Ертегілер еліне саяхат” ұнады ма?
- Балалар ұнады деп жауап береді.
- Онда кездескен аңдарды атаңдаршы.
- Қоян, тиін, аю.
- Оларға қандай көмек көрсеттіңдер?
- Қоянды қақпаннан босатып алдық, тиінға азығын жинауға көмектестік, аюға тақпақ айтып бердік, - деп жауап береді балалар.
- “Ертегіні кім көп біледі?” деген ойынымен аяқтаймын.
Қорытынды
Қорыта келгенде, қай халық болса да өзінің дамуында қилы- қилы
жолдардан өтеді.Сол жолдардың көрінісін ертегі арқылы қалдырады.
Ертегі – тәрбие құралы, халық шығармасы, халық мұрасы. Ертегі ғасырлар бойы сақталып ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.Осы ертегіні балаларға жеткізу, насихаттау алғаш мектепте ана тілі сабағынан басталады.Ана тілінің 2-4-сыныптардағы пәнді оқытудың мақсаты нақтыланды. Балалар әдебиетінің озық үлгідегі шығармаларын жүйелі оқыту,әдеби сауатын ашу, оқырмандыққа баулу, рухани дүниесін кеңейту, адамгершілікті-ізгілікті , ұлтжанды-отансүйгіш, шығармашыл дара тұлға тәрбиелеу белгіленді.
Ана тілі арқылы оқушы бойына жалпы адамзаттық құндылықтарда сіңіруге басымдылық берілді. Бұл оқушының мәдени дағдыларды игеруіне , тәрбиені ізгілендіруге жағдай жасады.
Бастауыш сынып оқушыларына ертегі оқыту арқылы қиялдауға шешен сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге қайратты, істер жасауға жұмылдыру және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі адамдардың рухани арқауы сол себептіде біз педагогтар сол рухани байлықты балаға тарту етуге, тер төгуге парыздармыз. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен,қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады.
Адамгершілік тәрбиесіне педагогикалық ережесі болғанымен оларды орын-орынмен қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, ерлікке, әсемдікке, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.
Орыс педагогы А. В. Сухомлинский: «Ертегі-халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын жүрегімен танып біледі» ,-деп орынды айтқан. Демек, ертегінің қай түрін алсақта, онда халықтың отансүйгіштік, елін, жерін сүюге, отбасының, бауырларының амандығын, арман-тілектеріне негізділген патриоттық сезімі жатыр.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымның кеңеюіне тигізетін әсері мол.
Ертегілер арқылы оқушылардың адамгершілік және эстетикалық тәлім - тәрбиесінің дамуына ықпал жасалады. Баланы мұратқа, жеңіске, жетістікке жету жолында белсенділікке, әрекетілікке үйретеді. Өмірде кездесетін жайттардың яғни жақсылық пен жамандықтың, мейрімділік пен қатыгездіктің, шындық пен өтіріктің, әділеттілік пен әділетсіздіктің, еңбекқорлық пен жалқаулықтың және т.б ара жігін ажыратып, түсіне білуге, бағалай алуға жол ашады.
Ертегі тілінің көркемдігі және оқиғаларының қызғылықты баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертегілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұнын қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады.
Ертегі сюжетіне қатысты түрлі-түсті суреттерді пайдалану арқылы әңгімелесу баланың танымдылық әрекетіне қозғау салады. Ертегі балалардың өзінің көркемдігіне, әсемдігімен, тартымдылығымен баурап, олардың қиялын ұштап, қиындықты жеңуге, қиналған кезде ақылмен шешімді әрекетке баруға, зерек, тапқыр болуға итермелейді. Айналадағы әсемдікті түсіне, қызықтай, қабылдай білуге үйретеді.Жүйелі жүргізілген мұндай жұмыс баланың ана тілінде дұрыс, таза сөйлеу дағдысын қалыптастырады.
Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балаларға айтқан, көрсеткен нәрсенің барлығы шындық, сұлу, әсем үйлесімді болу шарт. Сонда ғана бала балғын талдан биік бәйтерекке айналады.
Қазақ халқының көрнекті азаматтары Ы.Алтынсарин, М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов және т.б . өздерінің педагогтік ағартушылық еңбектерінде халықтың рухани мұрасының өміршеңдігін көрегендікпен түйсіне отырып ұсынуда, оны тәрбие құралы деп санап, оған дидактика тұрғысынан мән бергендіктерін атап айтқан жөн. Оқушыларды адалдыққа, кішіпейлділікке, ақындылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жаман қасиеттерден аулақ болуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.
Төмендегідей ұсыныс жасаймын:
1. Ертегілерді оқыту барысында балалардың жас ерекшеліктерін және олардың сөздік қорын есепке алуды қатаң сақтау.
2. Бастауыш мектептерде оқылатын ертегілер жүйесі төмендегідей:
1. Хайуанаттар туралы ертегілері.
2. Қиял – ғажайып ертегілері.
3. Тұрмыс – салт ертегілері көрсетілген реттік бойынша берілсе.
3. Қазақ бастауыш мектептерде тек қазақ халық ертегілерін емес, өзге ұлттардың да оыс типтегі ертегілерін көбірек оқыту қарастырылса немесе сыныптан тыс жұмыстарда өткізілу ұйымдастырылса. «Ертекшілер клубын құру».
4. 3 – 4 сыныптарда шыншыл ертегілерді жүйелеп оқыту қарастырылуын басшылыққа алсын.
5. Бастауыш мектептерде ертегілерді оқытудың әдістемелік жүйесін құру.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. ”Қазақ тілі мен әдебиеті”. ”Рауан” баспасы.
Қ. Жұмалиев. Т. Ақшошлақов. 1996 ж.
2. ”Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау”. С. Тілешова.Алматы. 1993 ж.
3. ”М. Жұмабаев шығармалары”.1983 ж.
4. ”Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы”.
1-4 сынып. Алматы. 1997 ж.
5. ”Ана тілі оқыту әдістемесі”. 1-4 сынып. Алматы.
”Атамұра”. С.Рахметова. Р. Қабатаева.Т. Әбдікәрімова.
6. Бастауыш сыныптарда ”Ана тілі” сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. К. Бектаева. Ж. Елеубаева.
7. ”Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы”. Ш. Ахметов. 1980 ж.
8. ”Бастауыш мектеп”. 2003- N 8-саны.
П. Жаманқұл.”Ана тілі” оқулықтарының тәрбие нысандары.
9. ”Бастауыш мектеп”. 2003.№7
Р.Ізғұттынова. Қазақ халық ауыз әдебиеті – тәрбие бастауы.
10. ”Бастауыш мектеп”. 2000 - 3 саны. М. Молдатаева. Тілді дамыта оқыту.
11. ”Бастауыш мектеп”.2003 – 9 саны.
Р. Нұрмұхаметова. Балалардың ана тіліне сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
12. ”Ақ сандық, көк сандық”. Алматы. ”Жазушы”. 1988 ж.
13. ”Бастауыш мектеп”. 2004 – 3. К. Әлиева.
Адамгершілік сезім қалыптастырудың теориялық негіздері.
14. ”Бастауыш мектеп”. 2004-6. Э. Рахимова.
Адамгершілікті ұрпақ тәрбиелеу
15. ”Бастауыш мектеп”. 2004-2. Л. Омарова .
Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелері.
16. ”Оқушы, оның дамуы және тәрбиесі”.
Ж. Асанов. Қызылорда қаласы. 1993 ж.
17. ”Педагогика”. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев.
Алматы. 2002 ж. 254-269 бет.
18. ”Педагогика”. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова.
Дарын. Алматы -2004 ж. 180 бет.
19. ”Этнопедагогика”. З.Ә. Әбілова. Алматы. 1997 ж.
20. ”Қазақ тәнім – тәрбиесі ”. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев.
Алматы. ”Санат”. 1995 ж. 21-22 бет.
21. ”Халық тағылымы”. Әдібай Табылдеив. Алматы.
”Қазақ универсиеті”. 1992. 56 бет.
22. ”Коллективтің құдіреті күші”. В.А. Сухомлинский.
Алматы. 1994 ж. 43 бет.
23. ”Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика”. Р.Төлеубаева.
Алматы. 1994 ж. 43 бет.
24. ”Балалар әдебиеті – тәрбие құралы”. М. Қалқабаева ”Мектеп” баспасы.
Алматы. 1976 ж. 25 бет.
25. ”Бастауыш кластарды оқытудың актуальды проблемалары”.
В.П. Стрезткозин. ”Мектеп” баспасы. Алматы. 1977 ж.
26. ”Бастауыш мектеп”. 2004-10-саны. С. Қалиев.
27. ”Ауыз әдебиеті үлгілері”. Р. Жұманжина.
Алматы. ”Мектеп” баспасы. 1981 ж.
28. ”Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі”. И.А. Комиров. О.С.Богданова. Алматы. ”Мектеп” баспасы.1988 ж.
29. Н.В.Савин. ”Педагогика”. 1975 ж.
30. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. 2000 ж.
31. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы. 2002 ж.
32. ”Бастауыш мектеп”. 2002 ж. 4-5-6-саны.
33. ”Бастауыш мектеп”. 2003 ж. 5-саны. К. Әбдіхамейова, ”Ана тілі”.
34. ”Бастауыш мектеп”. 2001 ж. 8-11 - саны.
35. ”Бастауыш мектеп”. 1999 ж. 10 - саны.
А. Меңжанова. Адамгершілік тәрбиесі.
36. ”Бастауыш мектеп”. 1998 ж. 4 - саны.
37. ”Қазақстан мектебі”.2003 ж. 5- саны.
38. ”Қазақстан мектебі”. 2002 ж. 4-саны. Түркменбаева Қырмызы.
39. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.
И.Е.Синица. Алматы. Мектеп. 1987 ж.
40. Оқыту теориясы. Н. Көшекбаев. ”Мектеп” баспасы. Алматы. 1976 ж.
41. ”Педагогикалық ізденіс”. Алматы. ”Рауан”. 1990 ж.
42. ”Арыстар мен ағыстар”. Құлбек Ергөбек. ”Өркениет”. 2003 ж.
43. Бастауыш мектеп. 1998 ж. 10-11 саны. П. Жаманқұлова.С. Рахметова.
44. ”Педагогика”. М. Жұмабаев. Алматы. ”Рауан”. 1993 ж.
45. “Бастауыш мектеп”. А.Қ.Дүйсенбиев.
Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері.
46. Ұстаз ұлағаты. Әбіжан Құтпанбаев. Алматы. 2002 ж.
47. Қазақ этнопедагогикасындағы құқық тәрбие. Әдібай Табылдиев.
Алматы. “Қазақ университеті”.2003 ж.
48. Қазақ этнопедагогикасы. Әдібай Табылдиев.Алматы. “Санат”. 2001 ж.
49. “Адамгершілік сабақтары”. А.Қ. Игенбаева. Алматы. 2001 ж.
50. Қазіргі заманғы сабақ. А.Е. Әбілқасымова. Алматы. 2004 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |