«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет5/11
Дата26.06.2018
өлшемі179,61 Kb.
#44682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жалпы, Ілиястың шығармаларындағы поэтикасына сатира жанры бойынша ерекше әсер етіп, оның біртабан қаламгерлік даму дәрежесін көтерген Абай екендігі талассыз. Оның тұсындағы талай ақын-жазушыларға Абай рухани күш-қуат бергенін әдебиеттану ғалымы жоққа шығармайды. Бұған негіз – ХХ ғасырдың басында дәстүрлі Абай сатирасы күш алып өз алдына отау тігу процесі басталып, оның қатары күннен-күнге көбейе түскен. Бұл процеске білек сыбана қызу кіріскен ақын-жазушылар қатарына С.Торайғыров, С.Көбеев, осы тұста тек сатиралық шығармалар жазып жүрген С.Төлешев, А.Тоқмағамбетов, М.Дәулетбаев, Қ.Тайшықов, Б.Сүлеевтермен бірге Ілияс та Абай дәстүріндегі сатирада қалам тербейді.

Ілияс Абайдың творчествосына, оның ішінде сатиралық мұраларына көп көңіл бөлген. Абай әдебиет ортасына үлкен жаңалық әкелуші реформатор деп жоғарыда айтқанымыздай, ол қазақ сатирасына елдің сиқын кетіріп, жайсыздық тудырып жүрген, эстетикалық талғамнан жұрдай адамдардың толық образдарын жасады. Ілияс сол шығармалардың бірде-біреуін көңілден таса қылмай оқып, оған үлкен мін беріп, өзінің алғашқы сатиралық шығармаларын да сол тұрғыда жазуға талпынды. Бұл жөнінде өзі: «1916-1917 жылдан маған жазуға ынта туды. Оған себеп – сол кездегі қазақ әдебиетінің әсері болды. Абайша бірдемелер (балдырған) жазуға талпынсам да ештеңе шығара алмадым ғой деймін» [48, 89 б.]- дейді.

Ілияс өлеңдерінде адамдардың жат мінездері мен қылықтарын, пысық көрінген өтірікші жылпостарды, надан ұлық пен би-болыстарды Абайша жырлайды. Мәселен, «Көңілдің жүргісі» деген өлеңінде:

«Я мақтамай, я боқтамай,

Бәрін дос деп бекер жүр.

Жақын көріп ақтамай,

Алаңдықпен шекті өмір.


Кейде жылан, кейде шоқ,

Кейде ынжық, кейде жоқ,

Кейде жаяу, кейде атты,

Кейде баяу, кейде отты»[48, 26 б.],

деп Абайдың «Дүтбайға» деген өлеңіне елктеп, бірде өзінше, бірде Абайша салған өрнек пен нақыштарды қайталайды.

Мырзабек Дүйсенов бұл ойға қатысты мынадай пікір білдіреді: «Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман» деген өлеңінде Абай өз дәуіріндегі адамдардың, әсіресе қолына азан-аулық билік тие бастаған, соқыр кеуде надан ұлықтардың, сұм-сұрқия қулардың, өтірікші жылпостардың жат мінездерін шеней келіп, «қара қарға сияқты шуласар жұрт», - дейді. Солардың Ілияс та Абайша шенеп отырады». Бұл пікір Ілиястың сатиралық шығармалар жазуды Абайдан үйренді деген ойдың дәлелі болса керек.




2 Ілияс Жансүгіровтің көркем прозадағы еңбегі мен тың ізденісі
2.1.Ілияс Жансүгіров сатирасындағы образдық көркемдік бейне

Ілияс Жансүгіровтің прозаға ауысуы бұл – 1920 жылдардың бас кезі. Нақтырақ айтсақ, 1922 жылдың қараша айында Ілияс оқуға түсуге Алматыға келгенімен, ол талабына қолы жетпеген соң, «Тілші» газетіне қызметке кірген сәттен басталады. Газет қызметіне араласуы – оның білім дәрежесіне де үлкен әсер етеді. Ақындық, жазушылық талабы мол болғанымен, оқуы, білімі таяз болғандықтан, өз бетімен оқу оқып, білімін толықтыруға күш салады. Сатирадағы проза жанрына ден қоюы осы кезеңнен бастау алады. Өйткені өзімен қызмет істейтін тілшілердің көпшілігі жазушылық өнері бар прозаик, сатирик, фельетонистер еді. Олар сол кездегі газеттегі жанрлардың бірі – фельетонды әркім әр түрлі, бір-бірімен жарыса, бәсекелесе жазатын. Бұл ахуал Ілиясты да еліктірді. Сол кезде жазғандары тек «Тілші» газетінде ғана емес, сонымен бірге «Жас Қайрат», «Сана», «Шаншар» сияқты баспасөз орындарында жарыққа шығады. Жазғандары сол уақытта елімізде жүргізіліп жатқан науқандық саяси, шаруашылық, ағартушылық жайларды қамтиды.

Сатираның түрлі компоненттерін шебер пайдалана отырып, жаңа дәуірдегі жаңалықты дұрыс түсініп, бағалай алмай отырғандарды, жаңа істердегі игіліктерге кедергі келтіріп, бұрмалаушыларға батыл, қарымды қаламын қадайды. Баспасөз қызметінде аз уақыт істеген кезінде өзінің әріптестерінен жазу техникасын үйрене отырып, тіпті кейде олардан асып түсерлік дәрежедегі журналист ретінде көзге түседі. Оның жазғандары бірінен-бірі өтерліктей іргелі де айтары мол құнды материалдарға айналып, қалың көпшіліктің сый-құрметіне бөленеді. Осы еңбегіне лайық оны 1924 жылы «Тілші» газетінің хатшысы, кейінірек редакторы етіп тағайындайды.

Ілиястың сатиралық тұрғыда жазылған еңбектері «Оқшау сөз», «Шашауша», «Әзіл-оспақ» рубрикаларымен жарыққа шығатын. Сықақтарын газет беттеріне, көбінесе, Матай, Құйқалық, Балгер, Таңқыбай, Жа-жа, Сақа, Ағын, Салпаңқұлақ сияқты бүркеншек аттарымен шығаратын. Сонымен қатар Ілияс Жансүгіров шығармаларына тақырыбы мен мазмұнына сәйкес орынды да ұтқыр атау таба білу шеберлігі ерекше екендігін атау қажет. Әр сықық-әңгімеге жақсы тақырып қою да мүмкін емес. Ол оқырманды туындыға тарту үшін де, сонымен бірге, тақырып атының қысқа, қарапайым, образды, күлкілі, идеясына лайықты, астарлы болуы ғана оқушыны қызықтырады. Бұл жағынан келгенде Ілияс алдына жан салмайтын.

Айталық, «Құйрықты базар», «Сұрпақбай сұғанақ», «Тәшкендікке тарт», «Пұшық мұрынға кетік ыдыс», «Жалаңаш жиылыс» және тағы басқа әңгімелер дәл өздерінің аты айтып тұрғандай, шығарманың қысқа фабуласын айқын танытады. Әрине, бұл да сатирик жазушының ажырамас асыл қасиеттерінің бірі екендігін айту абзал.

Ілияс Жансүгіровтің бүгінгі күні жарыққа шығып, газет бетін көрген сатиралық шығармалары елуге жуық. Сол жазғандардың біразы ең алғаш 1933 жылы Семей қаласында баспадан шыққан очерктер мен әңгімелер жинағына топтастырылған. Оған «Ташкендікке тарт», фельетондары «Сөз Қамысбаевқа», «Жарапазан», «Сыйға - сый, сыраға - бал», «Жарайсың, Шұлғаубауым», «Қыз көзінше неге замечание жасайсың?!», «Шалқыбай», «Құйрықты базар», «Алдандық», «Құқ», «Пұшық мұрынға кетік ыдыс», «Ура», «Жайлаубектің жауыры» және тағы басқа очерктері кірген.

1935 жылы сатиралық шығармалары басқа жанрдағы туындыларынан бөлек «Құқ» деген атпен Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Көркем әдебиет баспасынан 123 беттік көлемде жарық көреді. Жинақта жазушының отызға тарта ең таңдаулы сатиралық туындылары шығып, қалың оқырман назарына жол тартты.


Каталог: uploads -> doc -> 0213
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0213 -> Сабақтың әдістері: Топпен жұмыс, Инсерт әдісі, Сабақтың типі
0213 -> Қайнар шағын жинақты жалпы орта мектебі
0213 -> Сабақтың тақырыбы Гаусс теоремасы. Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігі
0213 -> Өткізген:қазақ тілі мұғалімі Сұлтанова Әсел Шамғонқызы 2016-2017 оқу жылы
0213 -> Сабақтың тақырыбы Етістікті қайталау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет