«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет6/11
Дата26.06.2018
өлшемі179,61 Kb.
#44682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ілияс ақталғаннан кейін 1961-1964 жылдар арасында жарық көрген бес томдық шығармалар жинағына 1963 жылы «Әңгімелері мен фельетондары» деген атпен 328 беттік көлемде кітап болып баспадан шығады. Сонымен қатар 1964 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «Пьесалары мен әңгімелері» деген кітапқа оның көптеген сықақ әңгімелері мен фельетондары енгізілген.

1963 жылы Темірбек Қожакеевтің құрастыруымен шыққан «Бұл кім өзі?» жинақ кітабында Ілияс Жансүгіровтің «Сұрпақбай сұғанақ», «Қуыршақ» атты фельетондары жарық көрген.

1995 жылы Ілияс Жансүгіровтің 100 жылдық мерейтойына орай 1935 жылы шыққан «Құқ» жинағының нұсқасы қайта өңделіп, «Қайнар» баспасынан жарық көрді.

І.Жансүгіровтің сатира жанрында образдық көркем бейнеге толы шығармалары баршылық. Мәселен, 1928 жылы Мәскеудегі Коммунистік журналистика институтын тәмамдап келгеннен соң, жергілікті қазақ ақын-жазушыларының жазғандарының ішінен күлкі, әжуаға, мысқылға икемі бар қаламгерлердің өлеңдерін топтастырып, 1929 жылы Қызылорда қаласындағы баспадан көлемі 98 беттік жинақ шығарады. Бұл еңбегі Қазақстанда ең алғаш шыққан сатиралық 4 кітаптың бірі болып, қазақ әдебиетінің қомақтана түсуіне өзікдік бір үлес қосады.

І.Жансүргіров өзінің алғашқы сатиралық образдық көркем бейнеге толы туындыларының бірі – «Ташкендікке тарт» сықағын 1928 жылы 11 қаңтарда «Тілші» газетіне бастырған. Онда сөзі мен ісінде береке жоқ кеңестік шенеунік Шойынқұлақтың бір күндік өмірін тартысты күйде әжуалаған. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында «шаш ал десе, бас алатын» Шойынқұлақ сынды белсенділердің көп болғаны белгілі. Олардың содыры қарапайым халыққа жайсыз тип тұрғаны былай тұрсын, өздерінің күнделікті өмірдегі берекесіздігі адам айтқысыз. Кейіпкерінің жұғымсыз кейпін суреттеп, ұнамсыз іс-әрекетін алақанға салғандай ашып береді. Ондай Шойынқұлақтар өмірде аз кездеспейді, әлі де бар. Оларды ашық судың бетіне шағармай, игілікке, жақсылыққа жету екіталай. Ал солардың аз болғанын, тіпті болмағанын жазушы оны ащы да у тілімен түйреген үстіне түйрей түседі. Ол үшін ап дегенде-ақ оның сырт кейпіне тиісе жөнеледі.

«Ол шұжықтай тығыз, қазыдай қызыл күрең, қарынсау» дей келе, мінезіндегі сабырсыздықты жолай айта кетіп, оқырман алдына Шойынқұлақтың сыртқы, ішкі келбетін ашып береді. Кейіпкердің болмыс-бітімін толық үшін оқиға ішінде әйелін де қыстыра әкетеді. Әйелі де Шөкеңнің ары жақ-бері жағы. Әдеттегідей ерке, шолжаң, кердең, өз әмірін күйеуіне жүргізе алатын сөзуар, тіпті көнбей бара жатса, көз жасы дайын тұратын ерке-тотай әйел заты. Қазақтың биязы әйелдеріне тән мінезден ада. Оқырман Шөкеңнің әйелі Күлжанмен мынадай ситуацияда кез болады: Шөкең өзіне тән берекесіз әдетіне салып, жұмысқа апыл-ғұпыл жиналып, қобыраған көп қағаздарын қара қапшығына тыққыштап жатқанда, әйелі үстінен түсіп дүрсе қоя береді:

« - Қайда безіп барасың ?!

Собраниеге, правлениенің отчеты...» - деп бүгежектейді Шөкең. Ал әйелі Күлжан бейшараның бұға түскеніне сұға түсіп, дауысын екпіндете:

«Отчетың да құрысын... Сен де құры! Кет! Жоғал!...» - деп тас-талған болады.

Күйеуінің әлсіз жағын білетін қу келіншек көз жасын жалп еткізіп те үлгерді. Жаны шыққан байғұс Шөкең дегбір қашып, қоғам жұмысын, отчетын жайына қалдырып, әйелінің көңілін таба алмай дал болды. Қанша жалпақтағанымен, әйелі аптығын басар емес. Сондағы талағы тарс айырылып, ашу шақырғаны, күйеуімен бірге сауда жасау үшін базарға бірге бармауы ғана екен.

Жазушы осындай болар-болмас оқиғаларды кейіпкердің айналасына әдейі топтастырған. Өйткенй, оның қызметі осы сауда кооперативіне байланысты болып отыр. Қоғамда жаңа белең алған, халық арасында беделге ие бола алмай жүрген сауда кооперативі осы Шойынқұлақтың қолында. Оны насихаттау өмірге енгізуді іске асыру үшін басты кейіпкерге өкімет үлкен билік пен бедел, лауазым берген. Ал оның тұрпаты мынау – не үйде, не қызметте береке таппай, бос қараң-құраң күй кешуде. Мұны оның кейінгі әрекетінен аңғарамыз.

Әйеліне көп уәделерді жаудырып, әрең босап шыққан Шөкең «қызмет қайдасың?» деп кеңсесіне жүгірді. Таң атпастан тыпыршып, әуре сарсаңға түсіп, әйелінің қырын қабағына іліккен Шөкең, кеңседе сауда кооперативінің істеген жұмысы бойынша үлкен есеп бермекші. Соған дайындалып жатқан кооперативтік мүшелері құшақ-құшақ қағаздарды ары-бері тасып, әбігерге түсуде. Жиналысқа қатысқан көп жұрт аяқ астынан сұрақ қоя қалса, оған қалай жауап бермекші, оны ойлаған дұрыс. Дегенмен Шөкен қорқулы, өйтпейше көп ел алдында есеп беру оңай ма, ол аздай әйеліне «бәр сағаттан кейін келем» деген уәдесі де есімде. Асығу керек, асығу, қырсық қылғанда ел де жиналмай қойды, онысы несі екен?! Ел жиналмаса да бастау керек, әйтеуір өтсе болды емес пе, деген тоқтамға келген Шөкең, «отчетын» бастап кетеді. Есігі мен төрі тай шаптырым кең зал үйдің ішінде бес-алты кісі шашырай қонақтапты. Енді солардың алдында баяғыдан жатталып, әбден мезі болған есебін оқығандай судырата жөнеледі.

Жазушы бұл детальдарды табиғи түрде езу тартқызу үшін әдейі пайдаланған. Әр сатирик жазушының өзіндік қолтаңбасы бардай, Ілияс та сықақ әңгімесін логикалық жүйемен жеткізу үшін уытты тілімен келемеждеу мен сынап-мінеудің әдістерін де шебер пайдалана отырып, Шойынқұлақтың қызметтегі оралымсыздықтары мен сол замандағы басқару жүйесіндегі ойсыз, жетесіз істерді көрсетуге ниеттенген.

Автор есеп берушінің қай сөздерін сықақ әңгімеге арқау етуді де ұмытпайды. Сынар объектісін өткір мысқылға алу мақсатымен оның аузына төмендегі сөздерді салады:

« - Жолдастар, кооперативтің ойнайтын ролі үлкен... Кооператив социализмге баратын көпір деген Ленин жолдас. Октябрь төңкерісінің осы жылында ұлы басшыларымыздың ұлы өсиеті жарыққа шығу керек, яғни шығып та жатыр. Кооператив мүшелерінің міндеті одан да үлкен. Жалпы, шаруаға кооперативтің не екенін ұғындыруларыңыз... міндеттеріңіз... Өйткені бізде мүше аздау. Кооперативке мүше болмаған бір шаруа қалмасын!... Біз өзгеге өзіміз үлгі болуымыз керек... Так что, шаруа не сатса, кооператив те соны сатсын. Не алса, кооперативтен алсын. Сонымен, так сказать, саудагерлердің маңдайына соғылсын!» [49, 89 б.]- деуіне қарағанда өзі үлгі болып қолға алған кооперативті өркендетер, соның белсенді мүшесі болар деп қалғаныңызбен, Шөкеңнің жиналыста сөйлеген «жалынды» сөздері былай шыққасын жерде қалады.


Каталог: uploads -> doc -> 0213
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0213 -> Сабақтың әдістері: Топпен жұмыс, Инсерт әдісі, Сабақтың типі
0213 -> Қайнар шағын жинақты жалпы орта мектебі
0213 -> Сабақтың тақырыбы Гаусс теоремасы. Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігі
0213 -> Өткізген:қазақ тілі мұғалімі Сұлтанова Әсел Шамғонқызы 2016-2017 оқу жылы
0213 -> Сабақтың тақырыбы Етістікті қайталау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет