«№3 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



бет3/11
Дата26.06.2018
өлшемі179,61 Kb.
#44682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ілияс Жансүгіров саналы өмірінің творчествосымен айналысқан кезеңінде прозада, сатира жанрынада бір сәтке де қалам суытпағандығына оның жүздеген айшықты шығармалары дәлеле бола алады. Өзінің осы жазып кеткен туындыларына сәйкес әдебиет зерттеушілері мен сыншылары оны қазақтың профессионалды прозасының, сатирасының бастауындағы белгілі қаламгер қатарына жатқызуы тегін емес-ті. Бұл жанрда жазылған туындыларында халық өмірінің талай белестерін тың, жаңашыл бейнеде көрсетуге күш салады.Сондай туындыларының бір саласы қазақ прозасының сатирадағы орны айтарлықтай үлкен

Ал жазба әдебиетіндегі ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ сатирасы бұрынғыдан гөрі ажарлана түсті. Өйткені, жоғарыда айтылған әдебиет реформаторларының арасында сатира мен юмордың игі дәстүрлерін жалғастырушы Абай қосылып, бұл жанрдың идеялық-көркемдік аясы ұлғайып, жаңаша жазу, жаңаша ойлау екпіні күшейді. Осы аталған сатира майданындағы тамаша сөз зергерлерінің өмір белестері мен шығармаларына зер сала қараса, олардың бәрі де жас шағында әр нәрседен әсер алып, еліктеп, үйреніп, табиғи дарынын ширықтырып, үнемі даму үстінде болғандығын байқаймыз. Бұл әр адам басында болатын табиғи құбылысты Ілияс та басынан кешірген. Осы кезеңдегі өмір туралы 1969 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Біздің Ілияс» атты кітабында Құсайын Шөкенов түрліше фактілер келтіреді. Кітап иесі Ілияспен өзінің жас шағы мен балалық балғын сәттерін бірге өткізген. Олардың әкелері Жансүгір мен Шөкен бір атадан тарайды. Ілиястың жас кезінде-ақ күлкі-әжуаға, қалжың, қағытпаға әуес болғандығы, аяқ астынан кез болған қандай да бір қас қағым сәтті ретіне қарай күлкіге, жеңіл юморға айналдырып әкетуі, сонымен бірге бір жерде естіген қызғылықты оқиғаны дәміне келтіре айтып, айналасын көңілдендіріп отыруы оның әдетіне айналғандығы туралы айтылады. Бұл әдет тіпті есейіп, үлкен жазушы болған сәтте де жас шағындағы «сүйекке сіңген әдетіне басып», көңіл-күйді бір сәтке болса да желпіндіріп отыратын мінезін профессор Бейсенбай Кенжебаев былай деп есіне алады. «Ілияс аз сөйлейтін, бірақ қу тілді болатын. Сөйлегенде сөзді тауып, ақылды, дәлелді, жүйелі, жатық, өткір, көп ретте күлкілі етіп сөйлейтін. Күлдіргі, мысқыл әжуа әңгімелерді әрі көп білетін, әрі келісті қылып жазатын. Ол қандай қызық, күлдіргі әңгіме айтып, жұрт қарқылдап күліп жатса да, өзі күлмейтін. Тек үстіңгі ернінің бір бұрышын ерекше бір бүлк еткізіп қойып отыра беретін. Ілияс тегі ауыр мінезді, сабыр иесі адам еді. Жүріс-тұрысы байсалды болатын, салмақты, ұстамды сөйлейтін десе, академик М.Қаратаев: «Ілияс еш уақытта да шешен сөйлемейтін және ондай талабы сезілмейтін де. Дегенмен, ойлы, дәлелді сөйлеу және арасында жіңішкелеп әзіл-қалжың, қыстырып сөйлеуге шебер еді»[44, 6 б.],- дегендері оның мұндай қасиеті мінезіндегі туа біткен әдеті екендігін дәлелдейді.

Сөзімізді қуаттау үшін «Азамат ақын» кітабындағы бірді-екілі фактісіне жүгінсек: Құсайын Шөкенов Ілияспен ойнап жүріп екеуі оңашада былай деп әңгіме айтып береді: «Ертеде Тұрсын деген қадірлі адамның әйелі өліп, балалары жетім қалғансын, оны халық үйлендірмекші болады. Өзіне ыңғайлы қыз болса, шағын малын құртып жібермей-ақ өзіміз көмектесер едік деген қорытындыға келген жұрт қолдарындағы азды-көпті малын Тұрсынға әкеледі. Болатшы деген кілең шұбар жылқылы байдың әйелі Толпыш бір шұбар байталға қосады. Бікен еліндегі Балабай деген біреудің бой жетіп отырған қызын айттырады. Бірақ Балабай қызын беруге асықпай жатып алады. Оның мәнісі – Тұрсынның замандасы Ахмедиде. Ахмедидің әрі жүйрік, әрі жорға атына Балабай қызығады да, «не сұраса беремін» деп сол жорғаға жабысады екен, ал ол көнбейді. Енді Балабай «сол боз жорғаны Ахмеди берсе ғана қызымды шағарамын Тұрсынға» деген соң, бүкіл ел дал болады. Түптің түбінде досының көңіліне қарап Ахмеди сол боз жорғасын Тұрсын үшін Балабайға қияды. Тұрсын үйленіп, көңілі жайланған соң қалың малға мал қосып бергендердің көңілін табуға кіріседі. Той жасап, жасаудан түскен шашағы жерге сүйретілген түйенің үстіндегі бас кілемді Болатшынң әйелі Толпышқа бөледі. Ал Ахмедидің ауызға ілінбей қалғанын ұнатпаған жұрт арасында күңкіл сөз шығады. Бір той-томалақта ел Ахмедиден ән айтуды қалапты, сонда ол былай деп жырлаған екен:

Базына замандасқа жарасқан да,

Көмбеге жан ұшара таласқанда.

Озған кім, шабаны кім, қалғаны кім,

Амал не, ажыратпай адасқанға.


Балабай қалап алды жалғыз бозды,

Жалғыз боздан айырылып табан тозды.

Атты, жаяу жалбаңдасып жарысқанда,

Болатшының әйелі Толпыш озды»[45, 56 б.],

-деп Ілияс бала кезінде осы жайтты жиі ауызға алып отырады екен. Сонда Ілиясқа Ахмедидің тоқмейілсіген досы Тұрсынға айтқан жеңіл астар мен күлкі тудырар теңеулері көңіліне ұнағандықтан, ұзақ уақытқа дейін есіне сақтап жүреді. Одан керек болса, ішкі ойды астарлата жеткізуді, досының қателігін мойындату үшін, сонымен қатар, ренжітіп алмауы үшін де қандай сөз пайдалану керектігін үйренеді.

Тағы бірде Құсайын Шөкенов екеуі Сарқанға бірге барғанда Ілиястың тауып айтқан бір сөзні былай есіне алады: «Сарқанда Рахым молданың үйіне келіп, оның тамақ жегендегі «ынсаптығын» көреді. Имам тамақ жегенде екі көзі жұмулы болады екен, шынысын дастарқанға қойып, бір бауырсақты әлденеше рет бөлшек етіп, оған сары май жағып аузына салғанда көзін бір ашып қояды екен де, көзін қайта жұмып түйенің сүтін қатқан қызыл күрең шайды ұрттап отырады. Сонда айналадағы жұрт «ынсапты екен, қасиетіңнен айналайын шариғатты ұстап, нәпсісін тиған ғой» [46,58 б.] деп таңырқасады. Сонда Ілияс имамның бұл мінез-құлқын былай деп келеке-мазақ етіп, Құсайынның құлағына сыбырлайды: « - Әмсе көзін жұмып отыратыны – дүниеге көзім түссе, күнә болады деп сақтанатын шығар?» - дейді, оның үстіне күніне бір семіз қой мен бір тегене қымыз ішетінін еске алып.

Ілияспен бірге өсіп, оқыған Ыбырайым Маманов оның Қарағаштағы «Мамания» мектебінде білім алып жүргендегі бір сәтін былай деп баяндайды: «Қарағаш мешітінің имамы Хасен молда «Мамания» медресесінде оқушыларға дін және құран үйрететін. Хасен молда араб сөзіне тілін орамалмен ұстап тұрып


Каталог: uploads -> doc -> 0213
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0213 -> Сабақтың әдістері: Топпен жұмыс, Инсерт әдісі, Сабақтың типі
0213 -> Қайнар шағын жинақты жалпы орта мектебі
0213 -> Сабақтың тақырыбы Гаусс теоремасы. Сфераның, цилиндрдің, жазықтықтың және жазық конденсатордың электр өрісінің кернеулігі
0213 -> Өткізген:қазақ тілі мұғалімі Сұлтанова Әсел Шамғонқызы 2016-2017 оқу жылы
0213 -> Сабақтың тақырыбы Етістікті қайталау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет