Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы



бет1/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘРІНОВ Қ.К., МОЖАЕВ Н.И., ШЕСТАКОВА Н.А.,

ЫСҚАҚОВ М.Ә., СЕРІКПАЕВ Н.А.



ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ

Қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы

Оқу құралының орыс тіліндегі нұсқасының жалпы

редакциясын жасаған профессор Можаев Н.И., ал қазақша

тәржімелеп, редакциялаған профессор Әрінов Қ.К.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ауыл

шаруашылық жоғары оқу орындары агрономия мамандығы

студентгеріне оқу құралы ретінде ұсынған

Астана, 2004



ББК 41.2-7

П-69

Өсімдік шаруашылығы практикумы. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.Ә., Серікпаев Н.А.

Оқу құралының орыс тіліндегі нұсқасының жалпы редакциясын жасаған профессор Можаев Н.И., ал қазақша тәржімелеп, редакциялаған профессор Әрінов Қ.К.

Агрономия мамандықтарына арналған оқу құралында "Өсімдік шаруашылығы" пәні бойынша зертханалық сабақтардың жадығаттары келтірілген. Өндірістік маңызы бар негізгі екпе дақылдардың морфологиялық ерекшеліктері, түрлері, түршелері, Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген сорттары, екпе дақылдар өнімін бағдарламалау, барынша жоғары мүмкін өнім алуда қарқын өсіру технологаяларының теориялық негіздері, аймақтардың биоклиматын бағалау өдістемесі жөне осы жағдайларда дақылдар, сорттар мен будандар өсірудің мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар қажетті анықтамалық жадығаттар, түқымтану, операциялық қарқынды өсіру технологияларын жасау жене әсемдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын бағалау әдістемелері қамтылған.

Пікір жазғандар:

Ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры Елубаев С.З.

Ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы, Ш.Уалихановханов атьшдағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры Сағалбеков В.В.

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті Костиков И.Ф.



Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетінің доценті Карипов Р.Х., егіншілік кафедрасының меңгерушісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Амралин А.О.

Мазмұны

Алғы сөз 3
I-тарау.
Тұқымтану 5

Тұқымның тазалығын анықтау (МСТ 12037-85) 9

Тұқымның өну энергиясы мен лабораториялық өнгіштігін анықтау

(МСТ 12038-84) 12

1000 тұқымның массасын анықтау (МСТ 12042-80) 16

Тұқымның тіршілікке қабілеттілігін анықтау 18

Тұқым ылғалдылығын анықтау (МСТ 12041-82) 20

Тұқымның өсу күшін анықтау (МСТ 12040-66) 22

Тұқымның аурулармен залалдануын анықтау (МСТ 12044-66) 24

Тұқымның зиянкестермен зақымдануын анықтау (МСТ 12045-66) 25

Тұқым сапасы жөніндегі құжаттар және оларды дайындау

(МСТ12066-85) 26

Тұқымның себуге жарамдылығы және себу мөлшерін есептеу 29
ІІ-тарау.
Екпе дақылдардың өнімін бағдарламалаудың әдістемесі 33

Ең жоғарғы мүмкін өнім алу үшін қарқынды технологияларды

жасаудың теориялық негізі 33

Биоклиматтық көрсеткіштерді бағалау және нақты топырақ-

климат жағдайларына байланысты дақылдардың және

сорттардың өсіру мүмкіншілігі мен потенциалын анықтау 37

Нақты мүмкін өнім (НМӨ) мөлшерін ылғалмен қамтамасыз

етілуіне қарай анықтау 44

Егін жинау алдындағы қолайлы сабақ жиілігіне себу мөлшерін

есептеудің әдістемвсі 50

Бағдарламаланған өнімге тыңайтқыш мөлшерін есептеу

әдістемесі 53

Екпе дақылдардың операциялық өсіру технологиясын

жасаудың әдістемесі 62
ІІІ-тарау
Дәнді астық дақылдары 66

Өсімдіктер құрылысының ерекшеліктері 67

Бидай 83

Қара бидай 92

Арпа 95

Сұлы 98

Астық дақылдарының ІІ-тобы. 103

Тары 103

Күріш

Қарақұмық Іv-тарау.
Дәнді бұршақ дақылдары

Дәнді бұршақ дақылдарының жалпы сипаттамасы Қауырсын жапырақты дәнді бұршақ дақылдары- Асбұршақ Атбас бұршақ Ноғатық ЖасымықНоқат

128

Үштік жәнө саусақ-салалы жапырақты дәнді бұршақ дақылдары.




Бадана

129

Майбұршақ

130

Бөрібұршақ

131

V-тарау.




Түйнек жемістер. Картоп

134

Vl-тарау.




Майлы және эфирмайлы дақылдар

141

Майлы дақылдар. Күнбағыс

143

Майлы зығыр

148

Қыша

150

Рапс

152

Арыш

152

Эфирмайлы дақылдар

153

\/ІI-тарау.




Мал азықтық дақылдар

157

1. Жалпы мағлұматтар

157

2. Мал азығының қоректілігін бағалау

157

3. Сүрлөмдік дақылдар. Сүрлем сапасы және жинау мен




сүрлемнің массаны салудың технологиялық үрдісіне




қойылатын талаптар

160

Жүгері

161

Шәй жүгері

170

Күнбағыс

174

4.Мал азықтық шөптер

177

4.1. Көпжылдық ж^не екі жылдық бұршақ тұқымдас шөптер

177

Жоңышқа

177

Эспарцет

185

Түйежоңышқа

188

Беде

190

Лядвенец

192

4.2.Көпжылдық мал азықтық астық тұқымдас шөптер

194

Еркекшөп

196

Қылтықсыз арпабас

201

Көген тамырсыз бидайық

203

Көкшіл сұр бидайық

205

4.3. Мал азықтық бір жылдық бұршақ тұқымдас шөптер

206

Сиыржоңышқа

207

Мал азықтық асбұршақ және басқа бұршақ тұқымдастар

210

4.4. Мал азықтық біржылдық астық тұқымдас шөптер және




басқа тұқымдас өсімдіктер

211

Судан шөбі

211

Итқонақ

213

Қонақтары

215

Мал азықтық тары

215

Мал азықтық күздік қара бидай

216

Майлы шомыр

216

Рапс

217

Қышы 218

Бұршақ-астық тұқымдас қоспаларды өчсірудің технологиясы 218

  1. Тамыр жемістер 221

  2. Мал азықтық бақша дақылдары 232
    Асқабақ 232
    Қарбыз 232

  3. Аз тараған (традициялы емес) мал азықтық өсімдіктер 234

  4. Мал азығына мұқтаждықты есептеу жөне мал
    азықтық дақылдардың егіс көлемі мен жасыл

конвейерді жоспарлаудың әдістемесі 241




VІІ-тарау.
Талшықты дақылдар 246

Мақта өсімдігі 246

Зығыр 250

Қарақурай 252

Әдебиеттер тізімі 254

Қосымшалар 256

АЛҒЫ СӨЗ

Өсімдік шаруашылығы - ауылшаруашылығының негізгі саласы, ол республиканы астық, мал азығы және басқа ауылшаруашылық өнімдерінің түрлерімен қажетті мөлшерде қамтамасыз етуге тиіс.

Бұл саланы тиімді жүргізу үшін ауыл шаруашылық өндірісінің технологы ретінде агрономнан шаруашылық меншігінің түрлеріне, фермер екендігіне қарамай екпе дақылдар өсімдікгерінің морфологиясы, жүйеленуі, биологиясы мен агротехникасынан берік білімдері болуы талап етіледі, осының негізінде сауатты түрде аймақтық топырақ-климат жағдайлары мен қалыптасқан нақты өтпелі маусымның ерекшеліктерін ескере отырып дақылдардың өсіру технологиясын жасап және оны іске асыра білгені жөн. Технологияларды жасауда творчестволық тәсілмен келуге үйренген дүрыс, үзілді-кесідді көзқарастан арылып, агротехникалық дістерді жыл ерекшеліктеріне қарай бейімдеу шарт. Сондықтан агротехникалық мөселелерді шешерде аддына нақты сұрақ қою керек: "Мұны мен не үшін істеймін, бүлай істеген дұрыс па, қалыптасқан жағдайда қалай істеу керек ?", осыған орай медицинада қабылданган "Зиянға ұшыратпа" қағидасын сақтаған дүрыс, басқаша айтқавда, егістікке, шалғывдыққа негізсіз іс-қимылдармен, өндеу шараларымен, күтіп-баптаумен ж.б. зиян келтірме.

Соңғы уақытқа дейін республиканың жоғарғы оқу орывдарында "Өсімдік шаруашылығы" пенін оқығанда Тимирязев ауышпаруашылық академиясының өсімдік шаруашылығы кафедрасы ұжымымен дайындалған "Өсімдік шаруашылығы практикумы" негізгі оқу құралы болып келді.

Республнкамызда түңғыш рет Ақмола аграрлық университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының оқьггушылар ұжымымен 1996 жьшы "Өсімдік шаруашылығы практикумы" дайындалып баспадан шығарыдды. Баспадан шыққаннан кейін 2 жылдың ішінде бүкіл тиражы таралып кетті. Ютапқа сұранымның жоғары екендігін ескеріп, оны қайтадан шығару қажеттігі туыңцады.

Ұсынылып отырған "Өсімдік шаруашылығы практикумы" пөннің оқу бағдарламасына сөйкес жасалған жөне лабораториялық практикалық сабақтарға арналған оқу-өдістемелік материалды қамтиды. Ақмола, қазіргі Қазақ, аграрлық университетінің есімдік шаруашылығы кафедрасының бұл пөнді оқытудағы, сонымен қатар пенді оқытудағы жөне аталған оқу құралдарын дайындаудағы Тимирязев АШ академиясының жэне басқа жоғарғы оқу орындарының ең озық тәжірибелері ескерілген.

Кітапты қайта шығаруға дайьгадау үрдісінде қажетті толықтырулар, өзгерістер енгізілді, кейбір бөлімдер айтарлықтай деңгейде толықтырылды жөне қайтадан өнделді.

Жекелеген тараулар, бөлімдер төмендегі туьгадыгерлермен дайындадды:

Алғысөз, VII тарау, "Мал азықтық дақылдар" ("Мал азықтық тамыр жемістер" бөлімінен басқасьш) — ауыл шаруашылығы ғылымдарьгаың докторы, профессор Н.И. Можаевпен.

I және VII тараулар, "Тұқымтану", "Талшықты дақылдар" -ауыл шаруашылығы ғылымдарьшың кавдидаты, профессор Қ.К. Әріновпен.

ІІ-тарау "Екпе дақылдардың өнімін бағдарламалау өдістемесі"-ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А. Серікпаевпен.

III, IV жөне VI тараулар — "Дөнді дақылдар", "Дөнді бұршақ дақылдары", "Майлы жөне эфирмайлы дақылдар" - ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент Н.А. Шестаковамен. V тарау- "Тамыртүйнектер" жөне VII тараудың "Мал азықтық тамыржемістер" бөлімін - ауылшаруашылығы ғыльщдарының кандидаты, доцент М.Ә. Ысқақов дайыңцады.

Оқу құралы Қазақ АУ өсімдік шаруашылығы кафедрасының профессоры, ауьілшаруашылығы ғылымдарының докторы Н.И. Можаевтың жалпы редакциясымен орыс тілінде жазылған, ал қазақ тіліне тержімелеп, редакциялаған аталған кафедраның профессоры ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әрінов Қ.К.

Оқу құралын одан әрі жетілдіру жоніндегі ескертпелер мен ұсыныстарды мына мекен-жайға жіберу сүралады: 473032, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 116-үй Қазақ аграрлық университеті, өсімдік шаруапшлығы, ауылшаруашылық өнімдерін үлгіқалыптау және сертификаттау кафедрасы.

I ТАРАУ. ТҰҚЫМТАНУ

Қазақстан Республикасында соңғы жылдары дөнді дақыддардан тек қана түқымға жыл сайын 1,8-1,9 млн т пайдаланылды, ал солтүстік облыстардың ірі шаруашылықтарында — 2,0-2,5 мың т және одан да көп мөлшерде тұқым себілуде.

Тұқымның себу сапасынан айтарлықтай деңгейде дақылдардың өнімі өзгереді, сондықтан оның сапасына бақылау маңызды рөл атқарады. Тұқымдық бақылау өрбір өкімшілік ауданда болатын Мемлекетгһс түқым инспекцияларымен жүзеге асырыладьі.,

ТАПСЫРМА


  1. Тұқымтану түсініктері мен үлгілерді сұрыптаудың өдістемесін меңгеру.

  2. Тұқымның себу сапасын анықтаудың едістемесін меңгеру.

  3. Себу жарамдылығы мен түқымның себу мелшерін есептеуді үйрену.

4. Тұқым сапасына қүжаттар дайьшдауды үйрену.

і Тұқымның себу сапасының көрсеткіштеріне оның тазалығы, өну энергиясы мен лабораториялық өнгіштігі, тіршілікке қабілеттілігі, ылғалдылығы, 1000 түқымның массасы, аурулар мен залалдануы және зиянкестермен қоныстануы т.б. жатады. Негізінен лабораториялық өнгіштігі мен физикалық тазалығына, сонымен қатар басқа дақылдар мен арамшөптер тұқымдарының саньш қоса есептегендегі қоспалар мөлшеріне қарай тұқымдық материал дақылға байланысты үш, немесе екі класка бөлінеді. Стаңцарттардың талаптарьша сөйкес келмейтін тұқымдар кондициялы емес деп есептеледі жөне себуге рұқсат етілмейді.

Тұқымның себу сапасын оны сақтауға құйғаннан кейін және себуден бір ай бұрын шаруашылықтарда себуге дайывдалған тұқым топтарынан МСТ 12036-85 талаптарына сәйкес сұрыпталған орташа үлгілер бойынша анықтайды. Орташа үлгілерді агроном немесе сүрыптауға бөліжен өкіл сұрыптап алады,



Лабораториялық немесе практикалық сабақтарда студенттер біріктірілген және орташа үлгілерді сұрыптайды, себудің сапа көрсеткіштерін анықтаудың өдістемелерін меңгереді, тұқымның себу жарамдылығын жөне мөлшерін есептейді, тұқымның себу сапасына құжаттар дайындауды үйренеді. Алайда ол үшін әуелі түқымдық негізгі түсініктермен танысқан жөн.

Тұқым тобы - бір құжатпен куәлендірілген біртекті тұқым сапасының (бір дақыл мен сорттың, бір репродукция мен сорт тазалығының категориясы, бір жылдағы өнімнің) кез-келген мөлшері.

Бақылаудың бір өлшемі (бақылау бірлігі) - бір біріктірілген үлгі сұрыптап, тұқым сапасын анықтайтын жекелеген тұқым тобының немесе оның белігінің шекті мөлшері.

Біріктірілген үлгі - тұқым тобынан, немесе оның бір бөлігінен (бақылау бірлігінен) сұрыптап алыиған барлық нүктелік үлгілер жиынтығы.



Нүктелік үлгі - біріктірілген үлгіні құрастыру үшін тұқым тобынан, немесе бақылау бірлігінен бір қимылмен алынған тұқымның шамалы бөлігі.

Орташа үлгі — себу сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау үшін сүрыпталған біріктірілген үлгінің бір белігі.

Тұқым шөкімі (навескасы) — орташа үлгінің белгілі бір бөлігі. Оның массасы талдау түріне (тұқым тазалығын немесе ылғалдылығын анықтау үшін т.б.) байланысты өзгереді.

МСТ талаптарына сөйкес тұқымның себу сапасьш белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын тұқым тобының, немесе оның бір бөлігінен орташа үлгіні сұрыптау жолымен анықтайды. Бүкіл тұқым тобын (немесе бақьшау бірлігін) сипаттайтын орташа үлгіні сұрыптау нүктелік үлгі алу жөне біріктіріжен үлгі қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады, ал соңынан біріктірілген үлгіден орташа үлгі бөлінеді. Ол үшін конус төрізді, цшшндрлі жөне қаптардан сүрыптайтьш қуыс бүрғы қодданылады. Енді үйінді түрінде жөне қаптарда сақталған тұқым топтарынан орташа үлгі сұрыптаудың әдістемесін қарастырайық.

Үлгілерді сұрыптаудың әдістемелері (12036-85 МСТ)







А) Тұқым үйіндісінен нүктелік үлгі сұрыптаудьщ әдістемесі: үліі түқым тобының немесе бақылау бірлігінен 1 - жөне 2 - суреттерде көрсетілген кескінге сөйкес тұқым тобы 250 ц және одан кем болғанда 5 нүктеден, ал егер 250 ц жоғары болғаңда II нүктеден үлгі алынады. Суреттерде көрсетілген өрбір орыннан үш нүктелік үлгі альшады: жоғарғы қабатынан (бетінен 10-20 см тереңцікте), ортасьшан жөне еденге таяу жерден. Егер тұқым үйіндісінің массасы 1-кестеде келтірілген өлшемнен артық болса, онда шартты түрде бақылау бірліктеріне бөледі де олардың өрқайсынан нүктелік үлгі сұрыпталады.

1-сурөт. Нүктелік үлгілерді сұрыптайтын бұрғылар: 1- цилиндрлі; 2-конусты; 3-қаптық; 4-беделік; 5-дән үлгісін сұрыптағыш.

Б) Қаптардағы тұқымнан нүктелік үлгі сұрьптаудың әдістемесі: әр

қаптан бір нүктелік үлгі алынады. Сұрыптаудың орны өзгертіліп отырады: қаптың аузынан, ортасынан және түбінен кезектестіріп альшады.' Нүкгелік үлгі алынатын қаптардың саны 2-кеетеде келтірілген.



Орташа үлгіні құрастыру: біріктірілген үлгіден үш орташа үлгі алынады-біріншісі тұқым тазалығын, өнгіштігін, тіршілікке қабілеттітін, дөлдігін, 1000 тұқымның массасын анықтауға пайдаланылады; екіншісі бойынша тұқым ылғалдылығы мен қамба зиянкестерімен заладдануын анықтайды; үшішпісінен аурулармен заладануын анықтайды (ылғалды камералар мен қоректік орталарда).





2-сурет. Тұқымның нүктелік үлгісін сүрыптау кескіні. 1-тұқым тобы бақылау бірлігінен артық емес;



2-тұқым тобы бақылау бірлігінен артық; 3-тұқым тобында 25 қапқа дейін

1-к е с т е Бақылау бірлігі мен орташа үлгінің массасы



Бақылау бірлігіндегі тұқым массасы, центаерден артық емес

Орташа үлгінің массасы, г

Бидай, арпа, сұлы, қара бидай, ас бүршақ, май бұршақ

600

1000

Жүгері

400

1000

Қарақұмық

200

500

Жоңышқа

100

250

Еркекшөп

100

50

Тары

100

500

2-к е с т е Ауылшаруашылық дақылдары тұқымының қаптарда сақтағанда нүктелік үлгіні сұрыптау тәсілі

(көкөніс дақылдары мен жүгеріден басқалары)

Тұқым тобындағы (бақылау бірлігіндегі) қап саны, дана

Үлгіні сұрыптауға бөлінген қап саны, дана

5-ке дейін

Барлығынан

6-30

өрбір 3-қап, алайда 5-ден кем емес

31-400

өрбір 5-қап, алайда 10-нан кем емес

401 және одан жоғары

өрбір 7-қап, алайда 80-нен кем емес

Орташа үлгіні біріктірілген үлгіден квадрат төсілімен бөледі (3-сурех). Ол үшін біріктірілген үлгіні тегіс бетті алаңға төгеді де тыңғылықты түрде араластырады, тұқымды жинақтап квадрат түріне келтіреді және қалыңдығы ұсақ тұқымдар үшін 1,5 см, ал ірі түқымдарда 5 см-ден асырылмайды. Соңынан квадрат диагоналымен 4 бөлікке (үшбүрышқа) бөлінеді. Қарама-қарсы екі үшбұрышты біріктіріп 1-үлгіні құрастырады. Бірінші орташа үлгіні дайындау үшін бөлінген түқымды қайтадан 4 үшбүрышқа бөліп, қарама-қарсы үшбұрыштарды біріктіреді, қалтан екеуін шығарьш тастайды. Осы тәсілмен қажетті мөлшердегі орташа үлгіні сұрыптап алғанша қайталай береді.














3-сурет. Квадраттау тәсілі.

Екінші жөне үшінші орташа үлгілерді жоғарыда келтірілген тәсілмен біріктірілген үлгіні алғашқы бөлгеннен қалған тұқымнан қалыптастырады.

Бірінші орташа үлгіні 1-кестеде келтірілген массасымен матадан жасалған қапшыққа салады, ішіне бір этикетка салынады да қашпықтың аузы шпагатпен байланады. Соңғысының екі үшы қашпықтың сыртына келтіріліп мына мазмүндағы этикетка жапсырылады.

Екінші орташа үлгіні таза шыны сауытқа (көптеген дақылдар үшін 500 мл көлемінде) салады да парафин немесе сургучпен ауызын пешеггейді. Этикетка жапсырады. Үлгіні пленкалы қашпыққа да салуға болады, онда да этикетка жапсырады.

ЭТИКЕТКА

« » 200 ж, № __________актіге



  1. Шаруашылықтың атауы

  2. Дақыл

  3. Сорты

  4. Өнім жылы

  5. Тұқым тобының №

  6. Тұқым тобының массасы,

  7. Сусек №

  8. Қаптар саны

Қандай талдауға арналған _

Үлгіні сұрыптаушы өкіл

Комиссия мүшелерінің қолдары

Үшінші орташа үлгіні (массасы 200 г) қағаз пакетке, немесе матадан жасалған қашыққа салады да этикетка жапсырады.




Орташа үлгіні құжаттау және сақтау.
Көрсеткіші және екі үлгіні талдау нәтижелеріндегі рұқсат етілгені
Бақылау сұрақтары
Жұмсақ және қатты бидай түршелерін
Пайдалануға р
Ерте пісетіндер:
Дән пішіндері: 1-мәскеулік; 2-харковтік; з-шатиловтық; 4-ұзын жауырынды; 5-ине тәрізді.
Күріш - рис - окү2а
Ноғатық - чина - іатнүіш8
Ноқат - нут - сісе
Краснокутский 123.
Волгоградка 1,
Тарау бойынша әдебиеттер
Түйнектердің
Скороспелый 87.
Даму кезеңдері.
Пайдалануға рұқсат етілген шай жүгері сорттары
Карагандинская
Песчаный улучшенный
Ақ түйежонышқаның сорттары:
Еркекшөп - житняк –
Еркекшөп түрлерінің айырмашылық белгілері
Карабалыкский
Жаздық сиыржоңышқаныц сорттары:
Омичка 2-сібір ашғзи, 1989 (7,12), омичка,
Крулносемянный 1
Бұршақ-астық т
Конус тәрізді
Кәдімгі (орташа талшықты) мақта өсіодігі
Днепропетровская однодомная 6, золотоношская, юсо 11, южносозревающая однодомная 31 (юсо 31), юсо 14, зенща, золотоношская 13.

Каталог: Книги -> 269
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
269 -> Назар аударыңыз!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет