Өсімдік шаруашылығы практикумы қайта өңделіп, толықтырылып екінші шығарылуы


Орташа үлгіні құжаттау және сақтау



бет2/76
Дата01.04.2017
өлшемі13,01 Mb.
#13048
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76

Орташа үлгіні құжаттау және сақтау. Үлгіге МСТ 12036-85 талаптарына сәйкес жасалған сұрыптау акгісі толтырылады (қосымшаның 1-кестесі). Актіде тұқымның шығу тегі, сортгық сипаттамасы, егін жинағаннан кейінгі тұқымды өңдеу шаралары көрсетіледі. Қажеттігіне қарай жекелеген тұқым топтарьш сақтау шараларын жақсартуға бағытталған ұсыныстар да жазылады. Орташа үлгінің сұрыптау актісі ек). данамен толтырьшады: бір данасы шаруашылықта (мекемеде) қалдырылады, ал екінші данасы орташа үлгілермен бірге Мемлекеттік түқым инспекциясына (МТИ) жөнелтіледі.

Барлық дақылдардың орташа тұқым үлгілері сұрыптау актілерімен бірге екі тәуліктің ішіиде тұқым инспекциясына жеткізіледі. Орташа үлгілерді сүрыптағанда жөне оларды құжатгағавда қателіктер жіберілсе, мемлекеттік түқым инспекциясы оларды шаруашылыққа қабылдамаған себептерін көрсетіп қайтарып жібереді.

Үлгілерді сүрыптағаңцағы жұмыс төртібі:

жоғарыда келтірілген өдістемеге сәйкес, қаптарда сақтаулы тұқым тобынан нүктелік үлгілерді сұрыптау керек:



  • біріктірілген үлгі құрастырылады;

  • біріктірілген үлгіден орташа үлгілер бөлінеді;

орташа үлгілерді арнаулы ыдыстарға (қапшықтарға, пакеттерге, ауа кірмейтін сауыттарға) салады, этикетка жапсырады, ауыздарын байлап, немесе тығындап пломбылайды;

- үлгілерге сүрыптау актісі толтырылады;



ТҰҚЫМНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫН АНЫҚТАУ (МСТ 12037-85)

Тұқымның тазалығы-себу сапасының маңызды көрсеткіші. Өлі деп аталатьш қоспалар (сабан, топырақ түйіршіктері, тастар т.б.) тұқымдық материалда ең алдымен артық салмақ (балласт) болып табылады және қарастырылып отырған түрдің процент мөлшерін азайтып, оның сақталуын қиындатады, ал тірі қоспалар-тіршілікке қабілетті арамшөіггер мен басқа мөдени өсімдіктердің түқымдары-себілгенде танаптардың ластануына өкеліп соғады жөне соның нәтижесінде егін өнімінің мөлшері мен сапасын төмендетеді. Осы жағдай агрономдардың түқым тазалығына мұқият қарауын талап етеді.

Тұқым тазалығы-қапшықтағы бірінші орташа үлгіден белінген белгілі бір шөкімдегі (жүгері, асбүршақ, ноқат, атбас бүршақ т.б. — 200 г; егістік ноғатық, күнбағыс, майбұршақ, қарбыз, т.б. — 100 г; бидай, арпа, сұлы, қара бидай, күріш, қара құмық, сиыржоңышқа т.б. — 50 г; тары, судан шөбі, эспарцет, қызылша т.б. -20, зығыр, сераделла т.б. -10 г. қыша, рапс, тарна, қылтықсыз арпабас, итқонақ, қонақтары — 5 г, сәбіз, жоңышқа, түйежоңышқа, еркешөп т.б. - 1 г) негізгі дақыл тұқымъшың пайыз молшері.

Шөкімді беліп алар алдьщда орташа үлгі тегіс жазық бетке төгіледі де тыңғылықты түрде қаралады. Егер бүкіл массасьша біркелкі таратылмайтьш ірі қоспалар (тастар, топырақ кесегі, өсімдік сабағы т.б.) кездессе, онда оларды жеке теріп алып кірлерде өлшейді де барлық орташа үлгі массасына есептеп % мөлшерін анықтайды. Ірі қоспалардың бұл процентін шөкімді талдағанда табылатын қоспалардың орташа процентіне қосады.



Шөкім екі өдіспен-арнаулы механикалық бөлгіштерде және қолмен алу жолымен қүрастырылады. Арнаулы бөлгіш болмаған жағдайда екінші өдіс ҚОЛДанылады. Оның мөні мынада: тегіс жазық бетке төгілген орташа үлгі жақсылап араластырылады да қалыңцығы 1 см аспайтын етіп төртбұрыш түрінде тегістеледі жөне қос қалақшаның көмегімен әрқайсысы 16 орьшнан «шахмат» тәртібімен шым-шымдап 2 рет тұқым алынады. Оларды жеке-жеке біріктіріп, екі шөкім қалыптастырады. Шөкімдерді негізгі дақыддың түқымьша жөне қоспаға ажыратады. Соңғысына зерттеліп отырған дақылдағы көлденең қоспалар (басқа мәдени өсімдіктердің тұқымы, арамшеп тұқымдары, күйе қапшықтары, қара күйе склероцилері, топырақ кесектері, тірі және өлі зиянкестер, тас қиыршықтары т.б.) жөне ақаулы тұқымдар (елеуіш саңылауларьшан өтксн ұсақ жөне сенген тұқымдар, жаншылған, шіріген, «1/2» жөне одан үлкен бөлігі уатыжавдар ж.б.).


Ұсақ тұқымды дақылдарда (шөкімі 5 г-нан аспайтын) шөкімді бірден талдап негізгі дақыддың тұқымдарына жене қоспаларға ажыратады, ал көптеген екпе дақылдардың тұқым шөкімін талдау алдында әуелі ұсақ жөне сенген тұқымдарды елеуіштерді (бвдай, арпа, күріш үшін саңылауы 2,0x20 қара бидай, сұлыны - 1,5x20; жүгеріні -2,5x20; қызылшаны 4x20; 3x20; 5x20 елеуіштер жиынтығымен, бұршақ тұқымдас шөптерді - 0,5 мм ж.б.) пайдаланып РКФ-1 виброклассификаторында, (4-сурет) немесе 3 минут бойы қолмен елейді. Соңынан шөкімді талдайды. Елеуіштен шыққан жөне елеуіште қалған қоспаларды біріктіреді.

4-сурет Классификаторлар:

1-Пневматикалық КСП-1; 2-елеуішті РКФ-1

Негізгі дақылдың тұқым мөлшерін шөкімнен қоспаларды шегеріп, тастап, шекім массасына процентпен есептейді. Бір ескере кететін жәйт, тұқымды талдауға кірісерде анықталған ірі қоспалардың % мөлшерін бірге есептеуді ұмытпау керек. Қоспалардан мәдени өсімдіктер мен арамшөптердің қоспасын өрбір шөкім үшін жеке-жеке есептеп нөтижелерін жұмыс бланкісіне жазады (қосымшаның 2-кестесі).



Екі шөкім арасындағы айырмашылық мемлекетгік стандартпен қарастырылған шамадан аспаса, тұқымдық талдау дұрыс деп есептеледі (МСТ 12037-81, 3-кесте).

Егер айырмашылық шекті шамадан асқан жағдайда, жоғарыда келтірілген тесілмен тегіс жазық бетге қалған орташа үлгідегі тұқым массасынан үшінші шөкім алынады да талдау мен есептеу қайтадан жүргізіледі. Тұқым тазалығын алғашқы шөкімнің бірі және үшінші шөкім нөтижелерінің орташа арифметикалық көрсеткіші бойьшша анықтайды. Ал егер үшінші жэне бірінші шөкімдер арасындағы айырмашылық шекті ауытқудан асып кетсе, онда түқым тазалығы барлық үш шееімнің орташа арифметикалық шамасымен белгіленеді.

Тазалығын анықтағаннан кейін негізгі дақылдың тұқымдарын қағаз пакетгерге, әрбір шөкімді жекс-жеке салып, себу сапасының басқа керсеткіштерін (1000 тұқымның массасын, ену энергиясы мен лабораториялық өнгіштігін, тұқымның тіршілікке қабілеттілігін т.б.) анықтау үшін сақтап қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет