3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ



бет2/20
Дата19.12.2016
өлшемі5,03 Mb.
#4105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

38

Әдебиеттің партиялылығын Ленин ашық көтеріп, анық танытканмен, парти-ялылықтың принциптері тәжірибе жүзінде әшейін атой салған ұранмен шешілмейді. Ә д е б и е т т і ң п а р т и я л ы л ы ғ ы ә р б і р ш ы н с у р е т к е р д і ң н а қ т ы ә д е б и ш ы ғ а р м а с ы н д а ғ ы к ө р к е м д і к ш е ш і м і н т а п қ а н к ү р -

д ел і и д е я с ы а р қ ы л ы, б ұ л и д е я н ы ң о қ уш ы қ а у ы м д ы қ ы з ы- қт ы р а ж е т е л е й, т е б і р е н т е б а у р а п а л а т ы н ә с е р л і, ә с е м п а ф- о с ы а р қ ы л ы, б ұ л п а ф о с т ы ң а д а м д ы а я л а п, т е р б е п, т о л ғ а н-

т а р т е р е ң п а р а с а т т ы ф и л о с о ф и я с ы а р қ ы л ы і с к е ас п а қ. Қаламгердің мұндай әлеуметтік тұрғысы тағы да құр айғайлап шақырған жалаң белсенділігімен емес, оның өз шығармасында аса мәнді өмір шындығын шебер суреттеу әрекетіндегі тенденциясы арқылы іске аспақ. Ал тенденцияның мән-мағынасын Ф. Энгельстен артық айтқан ешкім жоқ: “Трагедияның атасы Эсхил мен комедияның атасы Аристофан — екеуі де ашықтан ашық тенденциялы ақындар болған, Данте мен Сервантес те дәл солар секілді, ал Шиллердің “Зұлымдық пен махаббатының” басты бағалылығы — немістің тұңғыш саяси-тенденциялы драмасы болуында жатыр” *.

Сөйтіп, Лениннің философия бұдан екі мың жыл бұрын да дәл қазіргідей партиялы болған дегені секілді, көркем әдебиет те әрқашан партиялы күйде өмір сүрген, болашақта да партиялы халде өсіп, өркендей бермек. Адам, халық, саясат! Міне, дәл осы үшеуінің тұтасуынан социалистік реализм әдебиетіндегі халықтық, пен партиялылықтың үндестігі мен бірлігі пайда болады. Игі ниетті адам баласының көркемдік дамуындағы мұндай жаңа кезеңде, Иоганнес Бехер айтқандай, оэзиядағы “Сұлулық пен ой тереңдігін күллі халық боп түгел түсінуге мүмкіндік туғызған мұндай мемлекетте поэзия теңдік алып, қоғамдық қажетке жарап қана қоймайды, ол адам тәрбиелеудің қуатты құралына айналады да, әлгі мемлекеттің өзініқ қалыптаса, жетіле түсуіне шешуші ықпал ете бастайды” **.

Біздің партиялық әдебиетіміз,— міне,— дәл осындай жаңа сападағы әдебиет. Бұл әдебиеттіқ өкілдері,— ең

* К. Маркс пен Ф. Энгельс өнер туралы, М, 1957, I том, 9-бет.

** “Иностранная литература” журналы, 1964, № 5, 206-бет.

39

алдымен,— өз кезінің шындығын басты тақырып ретінде жыр етер өз қоғамынын, үш, өз дәуірінің ұлы. Бұлар творчестволық тұрғыдан бостан, өйткені бұлардың әр-қайсысы, Михаил Шолохов айтқандай, партия мен туған халық меншігіндегі өз жүр-егінін, қалауымен жазады. Мұндай творчестволық еркіндік туралы В. Г.Белинский өте әдемі айтқан: жазушынын, “творчестволық еркіндігі өз дәуіріне қызмет етуімен оп-оңай келіседі: ол үшін өзін-өзі зорлаудың.. қиялға итермелеудің қажеті жоқ; ол үшін әркім азамат болса, өз қоғамы мен өз дәуірінің ұлы болса, оның мақсатын өзіне мақсат етсе, оның мүддесін өз мүддесіне қосып біріктірсе, бітіп жатыр...”*



Совет әдебиетінің партиялылығы, ақыр аяғында, осы талапқа келіп тоғысады.

Әдебиеттің партиялылығы хақындары Ленин ілімін іс жүзінде дәйекті қолданып, творчестволық түрде дамытудың үлгісін Совет Одағы Қоммунистік партиясы көрсетіп отыр.

1925 жылғы 18 июньде РҚ(б)П Орталық Комитеті “Партияның көркем әдебиет жөніндегі саясаты туралы” қарар қабылдады. Бұл тұстағы тарихи жағдай жұртқа мәлім. Октябрьдің жеңісінен кейін сегіз жылға жуық уақыт өтті. Жыл жарым бұрын Ленин қайтыс болды. Ал ленинизм идеясы елімізде жыл сайын жаңа өрлеу туғызып жатты. Кезінде ұлы революция адамдардың ақыл-ойы жөнінде де төңкеріс жасаған болса, енді қалың көпшіліктің белсенділігі артты, ой-өрісі кеңіді. Бұқараның материалдық әл-ауқаты жақсаруымен қатар мәдени талап-тілегі де өсті. Бірақ елдіқ ішкі күйі де, сыртқы халі де күрделі, қиын және әр сипатта болатын. Оған мысал ретінде, қарардың, өзінде атап көрсетілгендей, “шаруашылық процесінін, күрделілігін, шаруашылықтың бір-біріне қайшы, тшті бір-біріне дұшпан түрлерінің қатар өсіп отыруын, шаруашылықтын, бұл дамуынан келіп шығатын жаңа буржуазияның, туу және нығаю процесі бұрынғы және жаңа интеллигенцияның, бір бөлегін, алғашқы уақытта онша ұғьш, сезіп істемесе де, буржуазияға сөзсіз бой ұрғызатынын” айтсақ та жеткілікті. Міне, осындай күрделі кезенде Ленин партиясы көркем әдебиеттің “таптық жаратылысы, саясатқа қара-

В Г Белинский, Толық жинақ, М,—Л , 1956, VII том, 312- бет

40

ғанда, шексіз, қиын, алуан түрлі” екенін нәзік, терең түсініп, аталған қарарда оның нақты өсу жолдарын белгілеп берген еді.



Тұжыра саралап талдасақ, көркем әдебиет саласындағы қарарда көрсетілген партиялық саясат мынадай:

— пролетариат жазушыларыньщ өсуіне, гегемония алуына барынша көмектесе отырып, олардың ішінде коммунистік менмендік тууына мүмкіндік бермеу, таза “пролетариаттық” әдебиет жасау үшін әрекеттенушілермен күресу;

— шаруа жазушыларына достық көзбен қарап, оларды сөзсіз қолдап отыру;

— “жолбикелермен” сыпайы қарым-қатынас жасау, оларды баулу, олардың, коммунистік идеология жағына шығуына жағдай туғызу;

— коммунистік сынды әдебиетте команда беру әдетінен арылту;

— әдеби топтардың ешқайсысына монополия бермеу, әр түрлі жіктер мен ағымдардың ерікті түрде жарысуларын жақтау;

— әдебиет жұмысымен таныс еместердің әдебиет жұмысына өркөкіректікпен, әкімшілік жолмен қол сұғуына мүлде жол бермеу;

— одақтас республикалар мен облыстарда үлт әдебиетін өркендетуге мейлінше көңіл бөлу.

Байқап, байыптап қарасақ, осы көрсетілгендердің қай-қайсысынан болса да, Ленин партиясынын, тек көркем әдебиетке ғана емес, жалпы творчестволық интеллигенцияға көзқарасындағы аса орнықты, байсалды парасатын аңғару қиын емес.

Аталған қарар көп ұлтты совет әдебиетінін, әлі күнге маңызын жоймай келе жатқан мықты, берік идеологиялық негізі болатын болса, БК(б)П Орталық Комите-ті 1932 жылғы 23 апрельде “Қөркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы” қаулы кабылдап, онда қаламгерлерді бірыңғай жазушылар Одағына топтастырды да, осы арқылы әдебиетімізді ұйымдық жағынан нығайтты.

Совет әдебиеті мен мәдениетінін. одан әрі өсіп, дамуына партиялық қамқорлық-тың үлгісі ретінде БҚ(б)П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жөнінде 1946—1948 жылдарда қабылдаған қаулы-қарарларын атауға болар еді. Сөз жок, бүлардьщ кейбірінде жекеле-

41

ген әдебиет пен өнер қайраткерлеріне орынсыз кінә тағылып, олардың творчество-лық еңбектері ұшқары сынға ұшырағаны рас. Бұл жайлы КПСС Орталық Қомитеті 1958 жылғы 28 майда арнаулы қаулы қабылдап, онда әлгі орынсыздық пен ұшқарылықты жөндегені мәлім. Бірақ бұған қарап, 1946—1948 жылдардағы қаулы-қарарлардың әдебиет пен өнер қайраткерлерін, күллі творчестволық интеллигенция-ны коммунизм үшін күреске жұмылдырар күшін де, көркем туындылардың идеялық тазалығы үшін күреске мегзер маңызын да жоққа шығаруға болмайды.



КПСС Орталық Комитетінің көркем әдебиет саласындағы саясатын және бұл күрделі іске басшылығын совет жазушыларының барлық съездеріне жолдаған құттықтауларынан айқын көруге болады.

ҚПСС Программасында мынадай кағидалы пікір бар: “Әдебиет пен өнерді өркендетудегі басты бағыт — халық өмірімен байланысы нығайту, социалистік шындықтың байлығы мен алуан түрін шыншылдықпен, асқан көркемдікпен бейнелеу, жаңа, шын мәнісіндегі коммунистік құбылысты зор шабытпен айқын етіп көрсету және қоғамның алға басуына бөгет атаулыны әшкерелеп отыру”.

Бүл тұжырымдардың да түп төркіні әдебиеттің партиялылығы туралы Ленин ілімінде жатыр.

42

Е к і н ш і т а р а у



ӘДЕБИЕТ ТАНУ, ОНЫҢ ДАМУ

КЕЗЕҢДЕРІ

СӨЗ ӨНЕРІ ЖЛЙЛЫ ҒЫЛЫМ

Әдебиеттің теориялық жайлары, әдетте, дәл осы тараудан, яғни әдебиет тану жайын, оның ғылымдық сыры мен сипатын, әр алуан ғылми салаларын талдап түсіндіруден басталатын. Біз олай етпедік, ой-пікірлерімізді әдебиет туралы ғылымнан емес, әдебиеттің тура өзінен, яки әдебиет туралы жалпы түсініктен бастадық.

Неге?

Әдебиеттің өзі әдебиет туралы ғылымнан тумайды, керісінше, әдебиет туралы ғылым әдебиеттен туады. Әдебиет жоқ жерде әдебиет туралы ғылым болуы да мүмкін емес. Ендеше, әдебиет туралы ғылымнан бұрын, алдымен әдебиет дегеннің өзі не нәрсе екенін, әдебиетті жасаушы суреткер жөнін, сөз өнерінің қоғамдық бітімі мен идеологиялық пішінін жалпы түрде бір байыптап алу шарт. Біз солай еттік, нәтижесінде сөз өнері жайлы аз-кем ұғым қалыптастырдық. Енді сол сөз өнері жөніндегі ғылымды, оның туу, даму тарихын қысқаша шолып өтіп, одан әрі бірьщғай теориялық толғамдарға көшіп кетуге мүмкіндік бар. Соған кірісейік.



Әдебиет тану — сөз өнерін зерттейтін ғылым. Бұл ғылымға бет ашар тәрізді әдебиеттің табиғатына тән ең бір қарапайьш қағидалар, ілкі түсініктер “Әдебиет тану ғылымына кіріспе” деп аталатын арнаулы пән арқылы талданып, тексеріледі. Одан арғы күрделі мәселелердің бәрі әдебиет танудың өзге салаларының үлесіне қалады. Ал әдебиет туралы ғылым, негізінен, мынадай үш түрлі ғылми салаға бөл-інеді: ә д е б и е т т е о р и я с ы, ә д е б и е т т а р и х ы және ә д е б и е т с ы н ы.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудық мағынасы мен мәнін байыптайды. Ә д е -

43

б и е т т і ң ө з і н е т ә н е р е к ш е л і г і н , о н ы ң қ о ғ а м д ы қ қ ы з м е т і н,



к ө р к е м ш ы ғ ар м а н ы т а л д а у д ы ң п р и н ц и п т е р і м е н м е т од и к а -с ы н, ә д е б и ж а н р л а р м е н о н ы ң т ү р л е р і н, ө л е ң ж ү й е л е р і н, т і л м е н с т и л ь, ә де б и а ғ ы м м е н к ө р к е м д і к ә д і с м ә с е л е л е р і н

т ү п-т ү г е л т е к ә д е б и е т т е о р и я с ы н а н ғ а н а т а н ы п б і л у г е

б о л а д ы.

Оқырман, айталық, бір роман оқыды. Қітаптың кей жеріне қызықты, кей жерінен жалықты. Бір алуан беттер оны әр түрлі күйге салды: қуантты, ренжітті, күлдірді, жылатты, әйтеуір тебірендірді, толғандырды да ойландырды... Сонымен, ол әлгі романды оқып бітірді. Соңғы бетін жапты. Ал қалай екен? Роман ұнады ма, ұнамады ма?

Осының өзі — әрі оңай сұрақ, әрі қиын сұрақ. Бұл сұраққа жауап беру үшін, бір жағынан, тіпті ойланудың керегі жоқ: ұнады не ұнамады дей салуға болады. Екінші жағынан, неге ұнағанын немесе неге үнамаға-нын айту үшін ойланбауға тіпті де болмайды.

Жә, оқырман ойланды дейік: роман несімен ұнады немесе неменеге ұнамады? Бұл — қиын сауал. Алдымен осы сауалға жауап берер оқырманньщ әдеби сауаты қандай, сұлулық сезімі нешік, эстетикалық талғамы қай дәрежеде? Әлгі оқығанының байыбына бара ала ма? Сол роман дегеніңіздің өзі не, ен, болмаса ооны біле ме?..

Айтты-айтпады, роман! Дүниеге бір жақсы роман келді. Осынын, өзі не нәрсе? Бір суреткердін, творчестволық жетістігі, болмаса ерлігі ме? Иә, солай. Бірақ бұл аз! Бір ұлттын, әдебиетіндегі жаңалық, болмаса құбылыс па? Иә, солай. Бірақ бұл аз! Енді немене?

Шын мәніндегі шынайы, көркем шығарманың дүниеге келуі — күллі қоғамның рухани өміріндегі, белгілі бір әлеуметтік ортаның парасат дүниесіндегі бүтін бір оқиға. Міне, гәп осы арада!.. Роман тәрізді күрделі, кесек шығарма туды ма, онда біздің мәдени тіршілігімізде бір мәнді, маңызды оқиға болып өтті деп білу керек. Біз жоғарыда айтқан — романнық байыбына бару деген дәл осынау, болып өткен мэнді, маңызды оқиғаның байыбына бару деген сөз.

Ол үшін не істеу керек?

Ол үшін, тым болмаса, мына бес түрлі нақты сұрақ-қа жауап іздеп табу керек: Қандай оқиға болды? Қа-



44

лайша болды? Кімдердің басында болды? Болган оқиға калай баяндалран? Ол оқиғаға автордық көзқарасы қандай?

Бұл сұрақтарға жауап беру, бір жарынан, оқыған романының байыбына барғысы келген кісінін, эстетикалық талғамының дәрежесіне байланысты болса, екінші жағынан, оның теориялық толғамының мөлшеріне байланысты. Себебі, бұл сұрақтарға жауап берген адам, өзі қаласын, қаламасын, бәрі бір, өз мүкіншілігінше әдебиеттің нақты теориялық мәселелерін қозғап алары, толғап қалары даусыз.

Мәселен, бірінші сұраққа жауап беру, яки қандай оқиға болғанын айту — сол шығарманың тақырыбы мен идеясын сөз ету;

екінші сұраққа жауап беру, яки оқиғаның қалайша болғанын айту — шығарманың сюжеті мен композициясын сөз ету;

үшінші сұраққа жауап беру, яки оқиға кімдердің басында болранын айту — шығармадағы тип пен характер жайын сөз ету;

төртінші сұраққа жауап беру, яки оқиға қалай баяндалғанын айту — шығарманың тілі мен суреткердің, стилін сөз ету;

бесінші сұраққа жауап беру, яки болған оқиғаға автордың көзқарасын айту — суреткердің дүние танымы мен көркемдік әдіс мәселесін сөз ету.

Міне, осылардың бәрін тек әдебиет теориясын білген адам, сол арқылы өз заманынық талабы дәрежесінде өзінін, эстетикалық талғамын қалыптастырған адам ғана істей алады.

Бұл ретте, әдебиет төориясы көркем творчествоньщ психологиясы мен спецификасына қатысты суреткер лабораториясынан да белгілі мөлшерде нақты мәліметтер берері даусыз.

Сонымен, әдебиет теориясын білмей, қандай да болса әдеби құбылысты нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінін, шындық өмірге қарым-қатысын білу, әдебиеттін, өсіп-өрбуіндегі заңдылықты ұғу, керек десеңіз, күллі ілгерішіл адам баласының жалпы көркемдік дамуындаш сыр-сипатты тану мүмкін емес.

Әдебиет теориясының ереже секілденген эстетикалық қағидалары мен қисындары — әшейін ойдан туа салған нәрсе емес, әдебиет тарихы арқылы табылып, тексері-

45

ліп, жүйеленген ұшан-теңіз нақты әдеби деректерді терең талдау, байыптау нәтижесінде қорытылған толғамдар, түйін-тұжырымдар.



Ә д е б и е т т а р и х ы, сөйтіп, жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында к ө р к е м ә д е б и е т т і ң қ а л а й п а йд а б о л ғ а н ы н, қ а й т і п қ а л ы п т а с қ а н ы н, қ а н д а й ж о л д а р м е н д а- м ы ғ а н ы н з е р т т е й д і. Қай халықтың болмасын, атамзамандағы сәбилік шағында, жазу-сызуы, жоқ кезінің өзінде ауыз әдебиеті өрбігені, одан ілгерілей келе жазба әдебиеті туып, дамығаны мәлім. Әр халықтың осындай көркемдік даму сапарын саралайтын да, сын көзімен сұрыптап, сарапқа салатын да әдебиеттің тарихы. Сонымен қатар бұл ғылым әр дәуірдің әдеби нұсқасына тарихи тұрғыдан қарап, оның сапасын сол тұстың сана сатысына, ой өрісіне байлайыстыра тексереді. Олай етпей, ауыз әдебиетінін, нұсқалары болсын, жеке жазушылар творчествосы болсын, әділ бағаланып, әдеби дамудағы өзіне лайық орнын алуы мүмкін емес. Әдебиет тарихын зерттеушілерге Ленин қойған талап дәл осы тұрғыдан болатын.

Қазақтың бай ауыз әдебиетін өз алдына қоялық. Ол туралы ой-пікірлер анық. Әлі зерттелу үстіндегі, халқымыздың жазу-сызуының басы боп танылып жүрген көне ескерткіштерге, ежелгі әдеби нұсқаларға көз салып, көңіл бөлсек, бұлардын, эстетикалық құны мен ғылымдық мәнін бағалау үшін тек қана әлгі айтқанымыздай тарихтық тұрғы — көне мұраға нағыз лениндік көзқарас керек. Орхон жазуындағы жырларға қараңыз:

Иалаң будунығ тоңлы,

Чығай будунығ бай қылтым.

Аз будунығ үкүш қылтым,

Ығар еллігде йег қылтым.

Төрт булуңдақы будынығ

Коп баз қылтым,

Иағысыз қылтым...

Бұл жолдар — бүдан он-он бес ғасыр бұрын қазіргі қазақ жерін” мекендеген Түркі қағанатының тұсындағы баба буынның — бағзы тайпалардың келер ұрпаққа мұра болсын дегендей тасқа қашап қалдырған таңба-жазбалары. Осы ескерткішті академик В. Радловтың қалай

46

аударғанын еске ала отырып, біздің зерттеушілер ежіктеп байқағанда былай болып шыққан:



Жалаңаш халықты тонды,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп кылдым,

Тату елге жақсылық қылдым,

Төрт бұрыштағы халықтың,

Бәрін бейбіт қылдым,

Тату қылдым...

Бүгінгі биік талғаммен өлшесек, бұл жырдың, эстетикалық құны, әрине, онша мықты емес. Ал тарихтық тұрғыдан тексеріп, таным тарапындағы мәнін, ғылымдық маңызын бағалап, қазақтың халық ретінде қалыптаса бастаған тұсындағы әдеби, мәдени мүлкінің ажарын аңғарып, енді дәл осы іспеттес өлең сөздің XV ғасырдағы белгілі Доспамбет жыраудың:

Ағарып атқан таңдай деп,

Шолпанды шықкан күндей деп,

Май қабақта ағалардың аты жусап жатыр деп,

Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,

Жазы да көп-ақ жортқан екенбіз —

деген толғауындағы жыр тілінің төгіле жөнелетін шалқыма шешшдікке ғана емес, әдемі айшыққа дейін қалай жеткенің байқасақ, XIX ғасырдағы әйгілі Махамбет ердің:

Садағына сары жебені салдырған,

Садағының кірісін

Сары алтынға малдырған.

Тереңнен көзін ойдырған,

Сұр жебелі оғына

Тауықтың жүнін қондырған.

Маңдайын сары сусар бөрік басқан,

Жауырынына күшіген жүңді оқ шанышқан,—

деген өлеңіндегі әсем өрнекке дейін ұстарғанын көрөміз де, одан келе өз замандасымыз Сәбит Мұқановтың:

Тобылғы қырдың қызыл қынасындай,

Гүлі көздің, жанады шырасындай;

Сайрауы гүлге конған бұлбұлының

Қазақтың бұлбұл кұсы Күләшындай,—

деп, сөзбен салған сұлу суретін оқыранда, қазақ өлеңінің ғасырлар бойы қандай жолмен сатылап дамығанын топшылаймыз.

Осының бәрін тек әдебиеттің тарихы арқылы ғана танып, білуге болады. Бірақ бұл — қазақ поэзиясының есею, жетілу барысындағы мың белгінің тек біреуі ғана. Ал күллі әдебиеттін, қалыптасу, даму тарихың жан-жақ-

47

ты талдап, түсінуде әдебиет танудың әлгі саласының атқарар қызметінің, тіпті, теңдесі жоқ екені өзінен-өзі түсінікті.

Әдебиет теориясының толғамдары әдебиеттің тарихын негізге алумен бірге, әдебиеттің сынымен тығыз байланысып жатады.

Ә д е б и е т с ы н ы әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолқабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды окығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ — ара дәнекер десе де болар еді. Бірақ бұл аз. С ы н ш ы — қ а л ы ң о қ ы р м а н н ы ң ө с к е л е н, т а л а б ы м е н та л ғ а м ы н ы ң ж а р ш ы с ы, ә д е б и қ ұ б ы л ы с т ы ж а л п ы м е м л е -к е т т і к м ү л д е т ұ р ғ ы с ы н а н п а й ы м д а й т ы н қо ғ а м д ы қ о й- п ік і р д і ң о з ғ ы н ө к і л і.

Олай болса, жалпы әдебиетті дамытудағы сыншының күші, жазушыға тигізер сынның ықпалы оның оқырманға тигізер әсеріне, қалың көпшіліктің көркемдік талғамын қалыптастыруына тығыз байланысты.

Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан.

Әдеби сында көркем шығарманы бағалаудың жолдары, тәсілдері, шарттары бар. Керек десеңіз, кәдімгідей критерийлері бар. Мұны білу, игеру де оңай емес. Біреулер көркемдік критерий дегенді әдеби шығарманың кем-шілігін ғана қазбалау деп ойлайды. Бұл — қате ұғым. Көркемдік критерий ең алдымен әдеби шығарманың бағалы жағын көре білу. Сынның ең қиын міндетінің өзі — осы. Кез келген шығармада болатын үлкенді-кішілі кем-шілікті табу бәрінен оңай. Ал шығарма несімен жақсы екенін белгілеу, оның нағыз поэтикалық сұлулығы мен сырлылығы неде екенін анықтау бәрінен қиын. Бұл сыншының берік принципін, зор мәдениетін, нәзік түсінігін, өрелі ойын, терең білімін, биік талғамын керек етеді.

48

Белинокийдің анықтауынша, “сыншы таланты — сирек талант, сыншы жолы — тайғақ һәм қатерлі жол” да, шын мәніндегі әдеби “сын — қимыл, қозғалыс үстіндегі эстетика”. Эстетика, сайып келгенде, қоғамдағы көркемдік даму тәжірибесінің теориялық жинақталуы (обобщениесі) екені мәлім. Бұл ретте, біздің, эстетикалық ғылым да, әдеби сын да еліміздің идеялық тіршілігімен біте кайнасып, бірге тыныстап, бірге ілгерілеп отыруға тиіс. Жұртшылық әдебиет сынын осындай ірі талаптың биігінен тапқысы келеді.



Әдебиет туралы ғылымның жоғарыда аталған негізгі үш саласы (теориясы, тарихы, сыны) өз ара тығыз бірлікте болатыны, әдебиеттін теориясын нәзік түсшбей тұрып, тарихы жайлы әңгіме қозғау; тарихын білмей тұрып, сынын өрбіту мүмкін емөс екені екінің біріне аян. Шын мәніндегі әдебиет сыншысы немесе әдебиет зерттеушісі әдебиет танудың үш саласына да жетік, білімдар әдебиетші болуы шарт. Мұндай әдебиетініліктщозық үлгісін орыстын, ұлы революционер-демократ ойшылдары В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбов көрсеткені жұртқа мәлім: олар әдебиеттің данышпан сыншылары ғана емес, тамаша тарихшылары және терең теоретиктері де бола білген еді.

Ғұлама эдебиетшінің әдебиет туралы ғылымды, оның әлгідей үш саласын жете білуімен бірге нағыз ойшыл философ, толғамды тарихшы, жетік “этик, экономист, саясатшы, социолог болмасқа тағы қақы жоқ” *.

Әдебиет туралы ғылымньщ жоғарыда сөз болған негізгі салаларынан басқа жанама тараулары да бар. Олар — т е к с т о л о г и я, и с т о р и о г р а ф и я ж ә н е б и б л и о г р а ф и я.

Текстология — әдеби туындылардың тексін зерттеп, танудың принциптері мен методикасын жинақтайтын арнаулы ғылми пән. Текстология көркем шығарманың тұрақты түп нұсқасын белгілейді, оның автор қолы-мен жасалған ақтық редакциясын анықтайды, әр алуан вариантын өз ара салыстырады, әр басыльшын автографпен салыстырады, текстің автор еркінен тыс қыс-қарған жерлері немесе бөгде қолмен орынсыз өзгертілген тұстары болса, қалпына келтіреді, түп нұсқаны көшіріп басқандар мен әріп терушілер тарапынан кеткен,



А. В Луначарский, Сын және сыншылар М, 1938, 11-бет

49

ең арғысы, емле қателері болса да ұқыппен түзеп отырады. Бұл ретте, “текстологияның ең негізгі, өзөкті мәселесі екеу: бірі — ғылми мақсатпен, екіншісі — практикалық мақсатпен байланысты” *.



Текстологияның өзі түп нұсқадан транскрипцияға дейін тексеретін “Текстің туу сыры”, автордың о бастағы ой қазырынан ақырғы жөндеуіне дейін зерттейтін “Текстің тұрақтану тарихы”, әр нұсқаның терілуінен бар туынды-ның рет-ретімен түзілуіне дейін бақылайтын “Текстің басылу түрлері” деп аталатын үш бөлімнен құралады. Бұл бөлімдердің қай-қайсысында да көркем әдебиетке деген айта қалғандай әділ көзқарас, асқан жауапкершілік жатады. Мысал ретінде атрибуция деген тарауын алып қарасақ, зерттеушіге тән аса қызық ғылми әрекеттерді көруге болар еді. Бұл — текстологияның қым-қиғаш қиын да тарауы; мұнда авторы белгісіз шығармалардың жөн-жосығы, бүркеншік есім немесе лақап ат дегендердің кім екені тексеріледі. Айталық, сонау көне дүние тұсында “Илиада” мен “Одиссеяның” Гомердікі екеніне күмән туғаны, одан келе XVIII ғасырда “Гомер мәселесі” қайта көгерілгені, XIX ғасырдың орта тұсында “әшейін актердан данышпан драматург қайдан шығады” деп, Шекспирге шүбә келтірушілер қаптап кеткені мәлім. Осы шытырманның бәрін ойдағыдай шешкен тек атрибуциялық әрекеттер ғана.

Историография — әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. Мұның өзі, көбіне, бірыңғай ғылми мақсат үшін керек, Әдебиеттіқ теориясына, тарихына, не сынына қатысты қандай аряаулы мәселе болмасын, оны зерттеудің көлемі мен тереңі, мәні мен маңызы сол мәселенің историографиялық материалының мөлшері мен мазмұнына қарап белгіленеді.

Библиография — көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы. Бұл да, көбіне, ғылми мақсат үшін керек. Әдебиет пен әдебиет тану тарапындағы қандай арнаулы зерттеулер болмасын, оған қажет нақты материалдардың — текстер мен тексерулердің, сын мақалалар мен зерттеу еңбекте-

* Б В Томашевский, Жазушы һәм кітап. М, 1959, 31-бет.



50

рінің бәрін библиографиялық көрсеткіштер мен анықтамалар арқылы іздеп тауып, пайдалануға болады.

Сонымен, біз жоғарыда әдебиет тану жайлы, оның ғылми салалары жайлы, әрбір ғылми саланың өз ара нық байланыстары жайлы, яки “заттың тарихы жоқ жерде заттың теориясы жоқ, ал заттың теориясы жоқ жерде оның, тарихы туралы, тіпті, сөз болуы мүмкін емес, өйткені ондай жағдайда зат туралы, оның мағынасы мен шекарасы туралы мүлде ұғым болмайтыны” * жайлы айттық.

Әдебиет тану —қоғамдық ғылымдар ішіндегі өзіне тән өзгешелігі орасан мол қиын әрі күрделі ғылым.

Бальзактың өзін француз қоғамының “мінез-құлықтар тарихын жазатын хатшысымын” дегенін еске алсақ, дәл осы арада әдебиет танудың, әлгі айтқанымыздай, “қиын әрі күрделілігін” дәлелдейтін айрықша бір сыр жатқанын аңғарғанымыз артық болмас еді. Айтты-айтпады, адам қоғамының жалпылама тарихын жіпке тізу бір бар да, сол тарихты әр алуан тірі кісілердің, қилы-қилы құлқы мен құштарлығының тіліне аударып, келер ұрпаққа сол сан-сапа адам қоғамының күллі сезім мен парасат байлығын қаз-қалпында, мәңгі-бақи бусанған жаңа, таза, жас күйінде жеткізу, жеткізіп қана қоймай, осынау сезім мен парасат шарапатын әркімнін, қабілетіне қарай бойына дарыту — өз алдына бөлек. Сондықтан да Бальзак жазушыны “қоғамның хатшысы” деп қана қоймай, “адам атаулының ұстазы” деп тегін атамаған. Міне, әдебиет пен әдебиетшінің осындай тарихи миссиясын әрі нәзік, әрі терең, зерттеу міндетін өзіне жүктеген ғылым, сөз жоқ, қиын әрі күрделі ғылым. Сондықтан ба, кім білсін, бұл ғылым бүгінгі маркстік-лениндік методология негізінде төрт аяғын тең, басқан құнарлы күйге бірден жете қойған жоқ.

Әдебиет туралы ғылымның, дәлірек айтқанда, оның ғылми жұрнақтарының тұңғыш туу тарихы тым әріде жатқаны мәлім. Қай халықтың, тарихын алсақ та бәрі-бір, оның баяры бабалар дәуірінен басталатын ауызекі көне әдебиетінің туу, қалыптасу, даму кезеңдерінін, әр тұсында сөз өнері туралы толғамдар туып, кейбір эстетикалық талғамдар белгіленген. Олар кейін әр сипатта,



Н. Г. Чернышееский, Эстетика және поэзия, 1893, 112-бет.

51

әр жолмен, қоғамдық таптар пайда болған тұстарда тіпті әр алуан таптық ағым мен бағытта өрбіп отырған.



Әдеби толғам мен эстетикалық талғам дегендерді біз жайдан-жай қатар алып отырған жоқпыз. Әдебиет тану мен эстетика — өз ара сыбайлас, бірі мен бірі аралас жатқан, бірге туып, қатар қалыптасып, керек десеңіз, тіпті, бірін-бірі толықтырып, тереңдетіп, дамытып келе жатқан егіз ғылым.

Демек, сөз өнері жайлы ғылымның даму кезеңдерін көз алдымыздан өткізе қалсақ, жалпы көркемөнер туралы ілімнің қалыптасу тарихы да жанамалай жарысып, айтар ойларымызға араласа кетіп отырары заңды деп білу керек.

АЛҒАШҚЫ ӘДЕБИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ


Каталог: Книги
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет