3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ



бет8/20
Дата19.12.2016
өлшемі5,03 Mb.
#4105
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

154

ні, басқа ережесі жоқ. Осының енді ішкі қасиеті, анықтамасы бар, ол — мазмұн.

Мазмұнды алайық. Мазмұн дегеніміз — бір нәрсенін, мазмұны; басқа ережесі жоқ. Осының енді сыртқы касиеті, анықтамасы бар, ол — пішін.

Мазмұн мен пішіннің 'бірлігі осының өзінен-ақ ашық көрініп түрғандай. Мазмұн пішіннің ішкі қасиеті, пішін мазмұнның сыртқы анықтамасы болғанда ғана әрқайсысы өзін-өзі айқындай алады. Жалғыз-ақ осынау мазмұн мен шшіннің 'бір-біріне ауысу, көшу процесінін, негізінде мазмұн жататынын ұмытпау керек. Қандай жағдайда болмасын, әуелі мазмұн туады да, өзін анық айқындау үшін өзіне пішін іздейді. Демек, мазмұн мен пішіннің мызғымас бірлігінің негізінде мазмұнның пішіннен басымдығы (примат) жатады деп ұққан жөн.

Енді осы ұғымды көркем әдебиетке көшіріп көрелік.

Әдебиеттегі мазмұн мен пішін деген не?

Бұл арада тағы да біз сөз өнерінің қоғамдық санаға қатысын, әдебиеттің объектісі — өмір, предметі — адам өкенін, өмір шындығынан тыс, адам тағдырынан сырт өнер туындысы болмайтынын еске түсіреміз. Сана — шындықтың сәулесі болса, адам санасының мазмұны — сол адам таныған шындық екені мәлім. С о н д а ә д е б и ш ы ғ а р м а н ы ң, м а з м ұ н ы — ө з э с т е т и к а л ы қ и д е а л ы н ы ң т ұ р ғ ы с ы н а н с у р е т к е р т а н ы-ғ а н а қ и қ а т ө м і р д е, п і ш і н і — о с ы ш ы н д ы қ т ұ т а с ты р ы л а ж и н а қ т а л ғ а н к ө р к е м о бр аз д ар ж ү й е с і, я к и ә д е б и қ а һ а р -- м а н д а р ө м і р і екенін түсіну қиын емес. Мәселен, “Ботакөз” романының мазмұны кәдімгі ақиқат өмірде болған келелі шындық — Октябрь социалистік революциясының арқасында қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының жеңісі, нәтижесінде Қазақстанда Совет өкіметінін, орнауы. Осы шындықты “коммунист жазушы өзінің партиялық идеалының тұрғысынан суреттеп көрсетті. Бұл жердегі мазмұнның пішіні — Сәбит Мұқанов романында көркем жинақталған әдеби қаһармандардың, дәлірек айтқанда, Асқардың, Ботакөздің, Амантайдың, Кенжетайдың, Кузнецовтың, Темірбектің, Бүркітбайдың, Сағиттың, Асанның, Итбайдың, Байтөбеттің, Кулаковтың, Кошкиннің, Сарбастың, Құзғынбаевтың, Мадиярдың, Базарханның қым-қиғаш күрес пен тартысқа толы қиян-қилы тағдыр тіршілігі. Осынау әр алуан

155


кейіпкерлердің шытырман өмірі—өз ара қарым-қатысы, іс-әрекеті, 'бірін-бірі жақсы көру не жек көру сезімде арқылы біз Октябрь алдындағы қазақ аулының хал-күйін, тұрмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғұрпын, мақ сат-мүддесін көзбен көргендей танып, біліп, сол дала қазақтарының революцияға қалайша келгенін, азаттық жолындағы шешуші шайқастарға қалай шыққанын ақыр аяғында жаңа өмірге қайтіп жеткенін терең аңғарамыз. Романдағы әр қаһарман өз дәуірінің өзекті оқиғаларына қалай қатысқанын, көркем бейне, қоғамдық характер ретінде қалай қалыптасқанын байқаймыз. Сонда біз автор биік эстетикалық идеал тұрғысынан шынайы, шебер сурет-теген қазақ даласындағы дәуірлікі шындық — ұлан-асыр күрестер мен тартыстарға толы сегіз жыл (1912—1920) ішінде қазақ халқының басынан "кешікен аса мәнді һәм күрделі әлеуметтік-саяси оқиғалар шығармадағы жейіпкерлер тағдырымен жіксіз кірігіп, бірігіп, тіпті тұтасып кеткенін көреміз. Дәл осы арада әдеби шығармадағы мазмұнның пішінге көшуі бұлардың айта қалғандай идеялық-көркемдік бірлікке ауысқанын көреміз. Жазушы таңдап тапқан пішін бұл жерде өзінің мазмұнын әрі толық, әрі терең ашып тұр. Шығарманың көлемі де дәл осы тереңіне сай; кейіткерлер саны да оқиға мөлшеріне лайық; олардың мінез-бітімдері мен қимыл-қарекеттері де тарихи шындыққа сай нанымды, ұтымды, романда суреттелген дәуірдің коғамдық заңдылықтарын айқын ашып, автордың асыл мұратына мүлтіксіз мегзеп тұр. “Тас бұлақтың суындай сылдыраған өңкей келісім” дегеніміз де, міне, дәл осы еді.

Көркем шығарманың күллі құны мен касиеті оның мазмұны мен пішінінің осы бірлігінде жатыр. Лев Толстой кез келген көркем шығарманың құны мен қасиетін үш түрлі сипатына: “а) мазмұн сонылығына, ә) пішініне немесе, өзіміз әдетте көп айтатын, талантқа, б) автордың шығарма предметіне байсалды көзқарасы мен ыстық ықласына”* қарап бағалаған. Бұл тегін емес-ті. Шынында да мазмұнға қажет қасиет — сонылық: бұрын-соңды ешкім қозғамаған тың тақырыпты тың идеяға жинақтау. Содан соң пішін: шығарманың сюжеті мен композициясындағы шеберлік. Мұның өзі тарлан талант қана көтере

Орыс жазушылары әдеби еңбек туралы, Л , 1955, 3-том, 444-

156


алар ауыр жүк екені де рас. Ақыр аяғында, жазушының өзі мүсіндеп, мінездеп, жинақтап, даралап отырған адам бейнелеріне мығым байсалдылығы және қалтқысыз ауған ыстық ықласы. Міне, бұл үш сипат түгел тұрғанда нағыз өнер туындысы да талапқа сай болары сөзсіз.

Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін бір нәрсе — бір мазмұнның, бірнеше пішіні болатыны. Өмір-де де, өнерде де солай. Өмірдегі көрінісін алып қарасақ, пролетариаттың тап күресінің неше алуан пішіндері бар екені саяси әдебиетте сан рет дәлелденгенін көреміз: мәселен, стачка—жеке стачка ма немесе жаппай стачка ма, бәрібір,— тап күресі болып табылады. Бойкот, саботаж да, күмән жоқ, тап күресі болып табылады. Манифестация, демонстрация, өкілдік орындарға және сондайларға қатынасу — мұның.өзі жалпы парламенттер ме немесе жергілікті өзіндік басқармалар ма, бәрібір,— бұлар да тап күресі болып табылады. Осылардың бәрі де бір тап күресінің, өзінің әр алуан пішіндері болып табылады .. Енді өнердегі көрінісін бажайлап байқасақ, мысалы, совет халқының Ұлы Отан соғысының ғылым мен әдебиеттегі пішіндерінің әр алуандығын өз алдына қойғанда, бір ғана сөз өнерінін, өзінде, айталық, Қасым Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы” мен Хамит Ерғалиевтің “Әке сырындағы”, яки поэзиядағы пішіні бір бөлөк, Бауыржан Момышұлының “Москва үшін шайқасы” мен Тахауи Ахтановтың, “Қаһарлы күндеріндегі”, яки прозадағы пішіні бір бөлек болса, Мұхтар Әуезов пен Әлжаппар Әбішевтің, “Намыс гвардиясындағы”, яки драматургиядағы пішіні өз алдына бөлек. Осының өзі тағы да, жоғарыда айтқанымыздай, пішіннен мазмұнның басымдығын аңғартса керек.

Алайда пішін әшейін мазмұнға тәуелді, бейтарап нәрсе деуге болмайды. Пішіннің, атқарар ролі — белсенді роль. Шығарма мазмұнының, ұтымдылығы да, оқырманға жетімділігі де оның пішініне тығыз байланысты, Анығырақ айтқанда, пішіннін, әсемдігі — суреткер шеберлігі. Әрбір ірі суреткер өз шығармасының пішініне айрықша зер салатыны тектен-тек емес. Л. Толстой “Ревизордың” пішіні жайлы былай деген: “Гоголь өзінің комедиясын дөрөкі, осал жазсыншы, оны қазіргі оқығандардың миллионнан бірі де оқымаған болар еді”*. Бұл—шындық.

Л. Н Толстой, Әдебиет туралы, М, 250-бет

157


Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін екінші бір нәрсе,— мазмұнға қарағанда, пішіннің өзгерімпаздығы. Өмірде де, өнерде де солай. Айталық, махаббат. Бұл — өмірде тұрақты шындық, өнерде мәңгілік та-қырып. Абай әдемі айтқан:

Махаббатсыз — дүние дос,

Хайуанға оны қосыңдар.

Бірақ өмірдің осы шындығының өнерде көркем жинақталу пішіні әр дәуірде әр алуан. Мәселен, қазіргі махаббатты баяғының Ләйлі — Мәжнүнінің немесе Қыз Жібегі мен Төлегенінің арасындағы сезімдерше суреттесе, осы күнгі дәуірдегі мазмұнға мұндай пішін сай келмеген болар еді. Демек, бір мазмұнның өзі әр дәуірде әр түрлі пішінге көшіп отыратыны хақ.

Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде ескеретін үшінші бір нәрсе — мазмұн мен пішіннің тарихи категория екендігі. Әрбір жаңа дәуірде көне мазмұн тың пішін тауып, жаңғырып, жасарып қана қоймайды, әр дәуір өз шындығын, демек, өз мазмұнын ала келеді. Мәселен, ғасырлар бойы үнсіз мүлгіп, тылсымдай тынып, құлазып жатқан қазақ даласына Ұлы Октябрьден кейін күре тамырдай тарамданып шойын жол жосылды да, оның бойымен бұрын-соңды бұл маң көрмеген жаңа көлік- поезд — жүйткіді. Бұл — өмірдегі жаңа шындық болса, өнердегі — жаңа мазмұн. Осы мазмұнды әдебиетте пішін-' деу қалам қайраткерлерін жаңа ізденулерге салды. Даладағы бұл құбылысты, қимылды, жылдамдықты, айталық, баяғы Тайбурылдың шабысын суреттегендей:

Ол төбе мен бұл төбе, Шағалалы шалқар көл

Бауыры шұбар көл төбе, Қызғыштының Қызды көл,

Онан да өтіп жөнелді. , Құмра, қотан Қос көлден,

Қамыстының қазды көл, Айналасы бес көлден,

Қоғалының қулы көл, Бәрінен өтіп жөнелді,—

Шеңгелдінің желді көл,

деп сыпыртып соға беруге болмайды. Жаңа өмірдегі жаңа шындық өнерге тың мазмұн боп еніп, ол өзіне соны пішін іздеді. Осы мазмұнға Сәкен Сейфуллин өзінің “Советстан” поэмасында мынадай пішін берді:

Советстан, біздің стан, Совстан

Экспресс талма екпінді шабыстан

158

Гуле жүріп, Айдап бақ!



Үш құрып, Уклон бар,

Қалсын ұлып, Терең жар,

Ескі жалған, арттан қалмай Сақ бол, сақ1

жабысқан.. Так-так-так.

Қарап тұр. Айдап бақ,

Жол ұзак, Рудзутак,

Кондуктор, Трат-тат-тат!

Бұл арада жаңа мазмұн өзіне үндес жаңа пішін туғызған. Өленді оқып отырғанда адам кәдімгі поезд үстінде келе жатқандай тербелген сезім құшағында болады. Өлеңдегі әрбір ырғақ, тыныс, екпін оқырман құлағына зулап асып бара жатқан экспрестің дыбысын жеткізгендей. Әрине, бұл өлеңнің пішінін мазмұнына қылапсыз сай, төрт аяғынан тең басқан мінсіз нәрсе демейміз. Осы тұстағы өлеңдердің, “пішін жағынан жетіліп болмағанын” кезінде Сәбит Мұқанов біліп айтқан. “Бірақ,— депті ол,— мазмұн жағынан біздің еңбекші жазушылар мақтана алады. Қазақтын, еңбекші табы өскен сайын, еңбекші жазушылары жедел өсіп келеді. Сондықтан еңбекші жазушылардың жазған сөзінің мазмұнына пішіні ілесе алмай отыр”*.

Мазмұн мен пішін жайын сөз еткенде, ескеретін тағы бір нәрсе — жаңа маз-мұнға жаңа пішін іздеуге әбден болады; бірақ пішін іздеу бір бар да, құр п і -ш і н ш і л д і к к е (формализмге) салыну өз алдына басқа. Соңғысынан, әрине, сақ болған жөн. Модернистерде қолға ілінер “шығыршық жоқ, бос қуыстың, айналасын әсем әшекейлеген әшейін құр шиыршық қана бар” екенін А. Блок дәл тауып айтқан. “Пішінді мазмұннан айырып, мазмұнды құртудың, керісінше, мазмұнды пішіннен ажыратып, пішінді жоюдың” (Белинский) үлгісі осы болады.

Сонымен, әдебиеттегі мазмұн мен пішіннің бірлігі дегеніміз сөз өнеріндегі орасан маңызды заңдардын, бірі, өнер туындысының көркемдігі үшін ауадай қажет жағдай боп табылады. Көркем шығармадағы мазмүн мен пішіннің бірлігі — оның органикалық бүтіндігі, эстетикалық бағалылығы.

Әдебиеттегі мазмұн мен пішін дегенді белгілі бір көркем шығармадағы за-ты деректерге көшірсек, былай болар еді: ш ы ғ ар м а н ы ң м а з м ұ н ы — оның ақиқат шындыққа негізделген тақыры-

* С. Мұқанов, Өсу жолдарымыз, А, 1960, 48-бет.

159

б ы м е н и д е я с ы д а, п і ш і н і — ә д е б и қ а һ а р м а н д а р д ы ң ө з а р а қ а р ы м-қ а т ы н а с ы н а, т а ғ д ы р т ар т ы с ы н а н е г і з д е л г е н с ю ж е т і, к о м п о з и ц и яс ы ж ә н е ж а з у ш ы н ы ң ө м і р д і ө н е р г е а й н а л д ы р ғ а н е ң н е гіз г і қ ұр а л ы —с у р е т т і с ө з і, я к и к ө р –к е м ш ы ғ ар м а н ы ң т і л і.



Енді осы мәеелелерге көшеміз.

ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ИДЕ

Әдеби шығарма туралы әңгімені тақырыптан бастаған жөн. Өйткені т а -қ ы р ы п — ө н е р т у ы н д ы с ы н ы н ірге т а с ы. Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын ірге тасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процөсі де тақырыптан басталатыны даусыз. “Бәрінен бұрын тақырып пайда болады,— дейді Валентин Катаев,— пайда болады да, жазушыны азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болайақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді”*.

Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары —өз шығармасының тақырыбы. Ал “тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары 'қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Та-қырып—тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер ішінде; оны оол арадан іздеп таба біл, төңбекшіген толқын, сарқырама сел астынан тауып алып шыға біл”**. Демек, тақырып табу — бір күннің не 'бірер әрекеттің шаруасы емес, жазушының күллі қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер гворчестволық процестің үш түрлі (материал жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн -бойында тұтас желі тартып жатады.

Айталық, жазушы творчестволық процестің алғашқы кезеңінде өмірдің, әр алуан құбылыстарын зерттейді, төксереді. Әрине, бұл құбылыстардың ішінде ірісі де, ұсағы да, маңыздысы да, маңызсызы да, күрделісі де, кездей-

* “Вопросы литературы”, журналы, 1961, № 9, 130-бет.

** Р. Гамзатов, “Дағыстаньш”, М., 1968, 84-бет.

160


соғы да...— бәрі де бар. Осының бәрі — болашақ шығарманын материалы. Бірақ осылардың бәрі суреткер санасында тасқа таңба басқандай ап-анық жатталып қала бермейді. Ең керектісі ғана қалады, керексізі ұмытылады. Неге? Негесі сол,— әр суреткер өмір құбылыстарын тек өз дүние танымының тұрғысынан ғана танып, қабылдайды. Оны өмірде болатын кез келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа рана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатын да сол — суреткер қызыққан құбылыс. Осыған мысал ретінде, Сәбит Мұқановтың “Адасқандар” (қазіргі “Мөлдір махаббат”) романына тақырьш табу тарихына біраз назар аударып көрелік. “Бір күні,— дейді С. Мұқанов,— түскі уақытта жұмыс кабинетімде жазумен шұғылданып отырғанымда (“Сұлушашты” жазып жүрген кезім болатын) әлдекімдер: “Өлтіріп тастапты!” — деп шуласып, тереземнің алдынан жүгіріп өте берісті. Құлаққа жат естілген дауысқа мен де елеңдеп, ашық тұрған тереземнен қарғып көшеге шықтым. “Немене?” — деп сұрасам, жүгіргендер: “Өлтіріп кетіпті!” — деседі, бірақ кімді кім өлтіргенін білмейді. Үстіме өзбектің жұқа шайы шапанын іле сала, жүгірген көпшілмке ілесіп жалан, аяқ, жалан, бас мен де жүгірдім. Бәріміз бір үйге келсек, бірталай милиционер айналасын қоршап алып, халықты есік, терезелердің сыртында ішке жібермей бөгеп тұр екен. Милиционерлердің арасымен қысылып-қымтырыла үйдің, ішіне кірсем, жаралы басынан жан-жаққа шап-шып қаны аққан әлдекім етбетінен түсіп, аяқ-қолдары әрең қимылдап, өлгелі жатыр! Оның қасында түрегеп түрған бір жас жігітті екі-үш милиционер қолын артына байлап ұстап тұр. Жігіттің аузы әлденеге соқтығып, тістері сынған болу керек, аузынан қанды көбік шұбырады. Оның кім екенін білген жоқпын. Ал өліп үлгірген жігітті шалқасынан аударғанда қарасам, өзіме таныс, “Еңбек-ші қазақ” газетінің қызметкері Мұстапа Көшеков... Артынан естісек, Мұстапаны өлтірген жігіттің аты — Сұлтанбек Әбеуов екен, Мұстапамен екеуі апалы-сіңлілі әйелдерден туған бөле екен. Бұл ғажап оқиғаның сырын сұрастырып келсек, Сұлтанбектіқ үйленгелі жүрген қызын Мұстапа әлдеқалай алдаусыратып, үйленіп қояды. Бұл оқиғаға кектенген Сұлтанбек бөлесін өлтіреді. Оқиғаның мән-жайын толық естігеннен кейін, маған бұл іс екі жастың қызға таласуы ғана емес, екі дәуірдің, яғни

161


феодалдық ескілік пен советтік жаңалықтың өз ара та{ тысуы сияқты боп көрінді”*. Одан әрі жазушы осы оқиғаның құпиясын тереңірек түсініп, сырын ашып, оні саралап, ұсағынан ірісін, мәндісінен мәнсізін ажыратып, іріктеп, ең бастыларын тұтастыра келе көркем шығарманың тақырыбына айналдыру мақсатында көп еңбектенеді. Жазушының қазақ әйелдерінің бас бостындығы жайлы шығарма жазбақ ойы тіпті әріден, өзінің Орынбор рабфагында оқып жүрген кезінен басталыпты. Сол рабфактың “3. деген шәкірт қызы ауылдағы үлкендер әмірінен шыға алмай, бітіруіне бір жыл қалғанда оқуын тастап, ата-аналар атастырған әлдекімге еріксізі әйел боп ұзатылып кеткен” тұстан бергі жылдар бойы! жазушыны тебірентіп жүрген ойлар, сезімдер енді бірде мынадай қанды оқиғаға кеп тіреледі де, романның тақырыбы пайда болады. Тақырыпты жетілдіру мақсатында С. Мұқанов оқиға қылмыстылары тергеуге алынған сот мәжілісіне қоғамдық айыптаушы боп қатысады. Жазушының бұл тұстағы материалдарды іріктеп, сұрыптап, қорытып, шындықты ойша жинақтап, шығарма тақырыбын жүйелеуі тіпті қызық.

Міне, тақырып осылай туады.

Сөйтіп, осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, ж а з у ш ы- н ы ң, ш ы н д ы қ бо л м ы с т а н т а ң д а п, т ал ға п, а л ы п, ө з і н і ң к ө р-к е м ш ы ғ ар м а с ы н а н е г і з, а р қ а у е т к е н ө м і р қ ұ б ы л ы с т а р- ы ны ң т о б ы н т а қ ы р ы п д е р е д і.

Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеалы жататыны сөзсіз. Себебі “Әдөбиетші — таптың көзі, құлағы және үні. Ол өз табының нөңіл күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді” (М. Горький). Жазушы өз творчествосымен өмірге үн қосады, үн қосқанда өз табынын мақсат-мүддесіне сай үн қосады. Көркем әдебиеттің жұрт үшін әшейін көңіл көтеру, бой сергіту, “рахаттану құралы емес, адам тіршілігінің заңды жағдайларының бірі” (Л. Толстой) болатын себебі де осында жатыр.

*“Қазақ әдебиеті” газеті, 1959, № 43.

162


Міне, осылайша, өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы тумақ. Бұған мысал ретінде, Сәбит Мұқановтың жоғарыда аталған романға тапқан тақырыбына енді идея беру үшін, сол бір қанды оқиғаның бас себепкері Сұлтанбек ісін өз дүние танымы мен таптық мүддесі түрғысынан қалайша бағалағанына аздап 'көңіл бөліп көрелік. “Ең, алдымен,— дейді С. Мұканов әлгі мақалада,— Сұлтанбек — комсомол... санасы бар шәкірт. Комсомол кісі әйелді меншікті мүлкім, менің әйелім өлгенше менімен ғана бірге болу 'керек деп өмірінде айтпайды. Әйел тату тұрса ғана,— әйел. Кетемін десе,— ешбір еркектің зорлап ұстауға қақы жоқ. Өйткені әйел — еркектің, меншікті мүлкі емес... Кеңес өкіметі әйелді еркекпен теңгерген. Олай болса, безген Бәтиманың маңдайынан Сұлтанбек сипап қоя беру керек еді. Ол өйтпеді. “Махаббат” дегенді тауып алып, ақырында Бәтима тиген Мұстапаны өлтірді. Мұстапа да өзіндей жас, әрі талпынып келе жатқан талапкер еді. Қара басынын, қамы (!) бір азаматты өлімге қиды. Ендеше біздің айтарымыз — Сұлтанбек 1) комсомолдың қасиетті атын былғады; 2) әйел тендігіне қол сұқты; 3) Мұстапаны қатеден 'емес, қастап өлтірді. Бұл жұмыстың бүгінгі коғам тұрмысына залалы күшті. Егерде мұндайларға қатты жаза берілмесе, басқалар да үлгі алып, көңліне жақпаған адамды аңсары ауған күні өлтіріп тастай беруі мүмкін... Сұлтан'бектің сотында алған әсерлердің негізін-де құрылған “Адасқандар” романы сот мәжілісі біткен соң-ақ (1928 жылғы майдың, басы.— 3. Қ.}, Қызылорда қаласында басталды да, сол жылдың 14 декабрінде Ленинград қаласында аяқталды”,

Міне, идея осылай туады.

Сөйтіп, осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, егер т а қ- ы р ы п -- ж а з у ш ы с у р е т т е п о т ы р ғ а н ө м і р қ ұ б ы л ы с ы б о л-с а , и д е я - ж а з у ш ы н ы ң с о л ө з і с у р е т т е п о т ы р ғ а н ө м і р құ- б ы л ы с ы т ур а л ы а й т қ ы с ы к е л г е н о й ы, с о л ө м і р қ ұ б ы л ы - ы с ы н а бер ге н б а ғ а с ы д е р е д і к.

Анығырақ айтқанда, жазушы өзі бейнелеп, суреттсп отырған өмір құбылыстары арқылы оқырман назарын неге аударса, қайда бағыттаса, сол — идея!

Идеясыз шығарма болмайды жнңе болуы мүмкін емес.

163


Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пені идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.

Қысқасы, кез келген көркем шығарманың негізіндеі бірін-бірі туғызып, бірін-бірі дамытып жатқан тақырып пен идея болады. Жазушы өмір шындығын көркем образдарға жинақтап, өз шығармасының тек идеялық-тақырыптық негізінде ғана суреттеп 'көрсете алады. Тақырып пен идеяның мұншалық мызғымас бірлігі туралы сан ғасыр бойы суреткерлер мен ойшыл-дар айтқан аса кемел һәм кенеулі пікірлер көптен-көп. Мәселен, өткен ғасырда Белинский көркем шығарманың идеясын “оның өн бойында желі тартып жат-қан ой мен сезімнің мығым бірлігі” деп белгілесе, біздің заманымызда Ғамзатов шығарма идеясын оның такырыбына тамаша тапқырлықпен нұсқалы әрі ұтымды көшіріп әкетеді: “Ой мен сезім — кұс десек, тақырып — аспан; ой мен сезім — бұғы десек, тақырып орман; ой мен сезім — елік десек, тақырып — тау; ой мен сезім — жол десек, тақырып — сол жол алып баратын шаһар”.

Әдебиет теориясының бағзы бір кітаптарында тақырыпты өз алдына, идеяны өз алдына бөлек алып, тексереді. Біз екеуін әдейі бір алып, байыптап отырмыз. Бұларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес екенін жоғарыда айттық. Соған қосымша тағы бір зер сала кететін нәрсе — суреткердің шығарма жазар тұстағы творчестволық толғаныстарының түпкі түйіні — ой өзегі (замысел). Ой өзегінде жазушының тақырып тауып, идея туғызудағы түбегейлі мақсаты, яки творчестволық концепциясы жатады. “Ой өзегі — шығарманың негізгі ар-қауы” (А. Толстой).

Әр шығарманың тақырыбы мен идеясын тұтастырар дәнекер боп тұрған ой өзегінің кай жазушыда қандай жағдайда туғанын топшылау, әрине, қиын. Оны қаламгердің қасында жүріп, әдеби әрекетін әрқашан қалт жібермей байқап отырған адамдар да тап басып, дәл таба алмайды. Мәселен, Лев Толстойдың зайыбы бір жолы: “Левочка кенет, ойда жоқта осы күнгі өмірден роман жаза бастады”,— депті. Бұған қарағанда, “Анна Каренинадағы” автордың ой өзегі де кенет, аяқ астынан туған тәрізді. Ал дұрысында олай емес, зерттеушілер ол романның ой өзегі тіпті әріден — сонау “Алпауыт таңы” мен

164

“Семья бақытының” тұсынан басталғанын анықтады. Сол секілді, қай қаламгерде болмасын, әр түрлі ой өзегі оның әдеби енбегінін. түрліше арқауы тәрізді творчестволық толғаныстарының кезең-кезендерінде жатады. Сөйтіп, іштей пісіп, ширай түседі. Мұның өзі “о баста өзексіз болады,— деп түсіндіреді А. Фадеев,— суреткер санасын-да қалай болса солай шашылып жатады. Бұл шындықтың әшейін шикі деректері ғана. Осылардың бәрі келе-келе әрбір ойлай білетін, күресе білетін, сүйе білетін, қуана білетін, қайғыра білетін тірі кісі секілді суреткердің де өз санасында әлдеқашаннан аялап әкеле жатқан мақсатты пікірлерінің түбегейлі түйіндерімен тоғысып, тұтасады да, ой өзегіне, сол арқылы шығарманың негізгі идеясына айналады”. Бұл—қызық процесс: Бальзактың “қаптаған қалың идеялар астында қалатын” шағы, Достоевскийдің “түпсіз түңғиық ойлар тереңіне батып кететін” 'кезі, Л. Тол-стойдың “түк жаза алмай, өзекті ойлармен өз-өзінен толықси беретін” тұсы осы процестің үсті болуға тиіс.



Әр жазушыда әр шығармасын жазар алдында осындай ой өзегі болмаса, оның шығармасында оқырманга қажет өмірлік өзекті мәселе де болмайды және ондай шығарма қалың көпшіліктің қаламгер алдына қояр заңды сауалына жауап та бере алмайды. Ал “сауалы жоқ немесе сауалға жауабы, жоқ шығарма — өлі шығарма” (Белинский).

Кейде, шартты түрде, шығарманың тақырыбы — сауал да, идеясы—жауап деуге болар еді. Бұл түста мына жайтқа азырақ көңіл бөлген жөн: бір сауалдың бір емес, бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін. Осыдан келеді де біздің алдымызда әдебиеттегі идеялық, қарама-қарсылықтар мен бірліктер туралы мәселе тұрады. Бұл мәселеден ат-тап өтуге тағы болмайды.

Әрбір әдеби шығармада көркем шешімін тапқан идеяның терең тамыры сол шығарманы тудырған суреткердің дүние танымында, әлеуметтік көзқарасында жатады. Сондықтан, сөз жоқ, бір тақырыптың өзінен дүние танымы әр тарап суреткерлердің әрқайсысы әр түрлі идея туғызады. Мәселен, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында бірнеше орыс жазушысы бір ғана тақырыпқа бір-неше роман жазды: Тургеневтің “Әкелер мен балалары”, Гончаровтың “Жарқабағы”, Писемскийдің “Тулаған те-

165


ңізі”, Лесков-Стебницкийдің “Барар жер жоғы”, Чернышевскийдін, “Не істеу керегі” т. б.— бәрі сол кездегі Россияны түгел қамтыған революциялық-демократиялы-қозғалысқа, атап айтқанда, нигилистерге арналды. Бірақ осы бір ғана тақырыптан туғызған әрқайсысының идеясы әр тарап, бір-біріне қарама-қарсы: “жаңа адамдар” атанған әр лауазымды күрескерлерді бірі жан сала жақтаса, олардың геройлық образ ретіндегі үлгілерін жасаса, бірі “басы артық адамдарға” әшейін іштей тілектестіктен әріге бара алмайды да, _енді біреулері оларға. ымырасыз қарсы шығып, тіпті жала жабады, жазғырады, нигилистердің сатиралық типін жасамақ болады.' Мұның бәрі — әр тарап дүние танымға негізделген идеялық қарама-қарсылықтар.

Дүние танымы бір, әлеуметтік көзқарастары ортақ бірнеше суреткер бір тақырыпқа жаза қалса, әрине, олар да идеялық жағынан бірін-бірі қайталамауы қажет, әр-қайсысы өзінше тың, нұсқалы идея туғызуға тиіс. Мәселен, Мұқановтың “Ботакөзі”, Есенжановтың “Ақ Жайы-ғы”, Нұрпейісовтің “Қан мен тері” — бір такырыпқа — тарихи-револоциялық тақырыпқа — жазылған романдар. Әр романның идеясы өзінше, нүсқалы, бірін-бірі қайталамайды және әр жазушының ортак, тақырыптан туған идеяны көркем жинаіқтау мәнері өзінше, машығы бөлек, бұл реттен де бірін-бірі қайталамайды. Демек, бұл арада да 'бір тақырыптан біреу емес, бірнеше идея" туып тұр. Бірақ бұлар бір-біріне кереғар жатқан жоқ. Өйткені бұл жазушы-лардың әрқайсысының о бастағы ой өзегі бір-біріне бағыттас, ұқсас, сыбайлас. Сондыктан бұл — идеялық қарама-қарсылық емес, бірлік: дүниеге көзқа-растары бір түрғыдағы бірнеше жазушының бір такырыптан бір бағытта, бірақ әрқайсысы өзінше, бірін-бірі толықтырар бірнеше идея туғызуы. Бұл өзге-шеліктің түп-тамыры әр жазушының тек өзіне ғана тән дара қасиетінде, ешкімге ұқсамайтын өзіндік творчестволық, ерекшелігінде жатыр. Сондықтан әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан жарқыратып ашып, оған әркашан жаңа, жас мазмұн мен пішін бере білген.

Тақырып пен идеяның маңында тереңірек тексеруді, талдауды тілейтін мәселелер көп. Сырттай қарағанда, кәдімгідей даулы, талас түсініктер де жоқ емес.

Константин Паустовский, мысалы, тақырыптың ірісі-ұсағы, үлкені-кішісі болады дегенді мойындамайды. Қан-

166

дай тақырып болмасын, оның маңызы идеясына, автордың ой өзегіне, философиясына байланысты деп біледі. Паустовский, тіпті, кешегі тақырып, бүгінгі тақырып, яғни тарихи тақырып, бүгінгі күннің тақырыбы деген үғымдарға да мейлінше шартты түрде қарайды: “Кез келген тақырыпты бүгінгі күндікі етуге болады,— дейді ол,-тек жазушының өзі өз ғасырының биігінде болсын!” Бұл пікірде бірқатар шындық бар. Жақсы шығарма әр-кашан жас, шебер игерілген тақырып қашан да маңызын жоймайтыны мәлім. Сондай-ақ ірі идеяға апарар тақырып ұсақ болмауы да мүмкін. Мысалға Шәңгерей Бөкеевтің “Ұршық” деген өлеңін алуға болады. Ұршық, кәдімгі жіп иіретін ұршық. Осында не тұр? Түк те түрған жоқ, ұп-ұсақ қана нәрсе. Ал оқып қаралық, өлең бір-ақ шумақ:



Ағаш едің құрма өскен,

Ұршық болдың шуда ескен

Бір қалыпта тұрмақ жоқ,

Шығармалық мұны естек.

Тамаша! Кішкене нәрседен ақын үлкен философия туғыза білген. Мұндай үлкен идеяға әкелген тақырыпты, әрине, ұсақ деуге болмайды.

Леонид Леонов, керісінше, тақырыптың үлкені-кішісі, мәндісі-мәнсізі болады деп біледі. Сондықтан ол ірі жазушыдан ұсақтамауды, “дүниедегі ең басты нәрселер туралы ойлауды”, ең мәнді, маңызды тақырыптарға ғана жа-зуды талап етеді. Кешегі тақырып өз алдына, дәл бүгінгі тақырыпқа толғану, заманымыздың ең ұлы талаптарының биігінде болу, “болашақты болжау, ен, болмаса жарты ғасыр алдағыны анық көре білу керек,— дейді ол,— өйткені шын мәніндегі әдебиетшілер барлық адамзат, бүкіл әлем тағдыры үшін, күллі цивилизация, ғылым, адамдар тағдыры үшін жауап береді”. Осы жауапкерші-лікті сезіну, Леоновтың ұғымынша, әр жазушыны тек қана келелі, кесек тақырыптарға алып барады.

Осы пікірлер, жоғарыда айтқанымыздай, сырттай қарағанда, даулы, талас көрінгенмен, ішкі сырына үңіліп көрсек, бір жіптің екі ұшы секілді, бірін-бірі жоққа шығару былай түрсын, керісінше, бірін-бірі қүптап, толықтырып жатқан байлаулар. Екі пікір де нағыз шынайы шығармадағы идеялық-тақырыптық негіздің күрделілігін куәландырып тұрғандай.

167


Жә, идеялық-тақырыптық негіздің күрделілігі деген не?

Шындық— күрделі болса, одан туған шығарма да --күрделі. Өмірдегі оқиғалар шым-шытырық болса, оны суреттеген шығарманың мазмұны да әр алуан. Тіршілік “бәрі—'бәрімен, әрқайсысы әрбірімен ұштасып” (Ленин), жалғасып жатқан мәселелерге толы болса, суреткердің ой өзегі де біреу емес, бірнешеу. Демек, бір әдеби шығармада бір ғана тақырып және бір ғана идея болуы шарт емес. Проза мен поэзиянық шағын түрлерінде, 'әрине, солай болуы мүмкін. Ал көлемді, кесек шығармаларда, әсіресе орта, немесе кеқ көлемді эпикалық түр туындыларында бір емес, бірнеше тақырып, бірнеше идея болады. Бұлардың әрқайсысын өз алдына бөлек — бұтарлап әкетіп, жеке-жеке мән, мағына беретін кездер де болады. “Рюи Блаздағы” — депті Виктор Гюго,— философиялық тақырып — биікке ұмтылған халық; адамдық тақырып — әйелді сүйген еркек; драмалық тақырып — ханымға ғашық малай”.

Бұл арада В. Гюго өзінің бір пьесасындағы бірнеше тақырыптың тек екеу-үшеуін атап отыр. Осы секілді бірнеше тақырып немесе бірнеше идея көлемді шығармалардың, көбінен кездеседі. “Абай жолының” тек бас жағын ғана бажайлап қарайықшы. Оқудан елге оралған шәкірт Абай өзін қаладан алып қайтқалы барған Байтас пен жорға Жұмабайдан оқ бойы алда келе жатқан күйі, даланың таза ауасын еркін сіміре жұтып, рақатта серпіліп “кей-кейде өзіне таныс Қөкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтар-дың тұс-тұсына келгенде, оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып алады”. Осы эпизодтың өз тақырыбы (т у ғ а н ж е р), өз идеясы (с а ғ ы н ы ш) бар. Одан әрі : осы жүргіншілер Көлқайнардағы Құнанбай аулына келіп, Абай өзін күткен апа-жеңгелерінің, Айғыз бен Ұл-жанның, әжесі Зеренін, құшағына кезек-кезек кіріп, “өзін ; шын балаға айналдырып жіберген” қалың, сүйіске малтиды да қалады. Бұл эпизодтағы тақырып — а н а да, идея — м е й і р і м. Енді бірде аналар арасындағы “ер-кін, ойнақы, бала мінездің, бәрін” пышақ кескендей тыйып, Абайды Құнанбай шақыртады. Абай дереу бойын жиып ап, әкесі отырған үлкен үйге келеді. Бұл үй шешелер үйіндей көңілді емес, ызғар шашқандай салқын түнжыраған үнсіз. Бұл эпизодтағы тақырып — әке де

168


идея — тоң, мойын қ а т а л д ы қ. Бұдан былайғы эпизодтар да осылайша әрқайсысы бір тақырып пен бір идея күрап, өз ара тұтасып, өріліп, өрби береді. Сонда байқасақ, бір шығармада бірнеше тақырып, бірнеше идея больга шығады. Көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізінің күрделілігі, яки көп проблемалылығы дегеніміз — осы.

Алайда көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол бірлік — идеялық бірлік. Оның өзі шығармаға арқау боп отырған шындықтан туады. Барлық жекелеген тақырыптар мен идеялар бірімен-бірі тоғысып, ұштаса жалғасып кеп, ақыр аяғында бір сағаға сарқып құяды. Осыдан келіп, оқырманда дәл осы шығармаға деген бүтін, тұтас бір көзқарас туады да, нәтижесінде шығармадағы орталық, өзекті мәселе айқындалады. Айталық, Пушкиннін “Евгений Онегиніндегі” ең өзекті мәселе — өткен ғасырдын, 20-жылдарындағы дворян қоғамының рухани дағдарысы. Өз келемізге келсек, мысалы, Мүсіреповтің “Қазақ солдатындағы” ең, өзекті мәселе — совет адамдарыньщ моральдық-саяси бірлігі, совет жауынгерлерінің соғыстағы қаһармандығы; Мұстафиннің “Миллионеріндегі” өзекті мәселе — колхозды ауылдағы социалистік ен,бектін, салтанаты”

Сонымен, міне, осындай, б і р ш ы ғ а р м а д а ғ ы б і р н е ш е ж ә н е ә р а л у а н ж е ке т а қ ы р ы п т а р м е н и д е я л а р д ы ң, б а с ы н б і р ж е р -г е қ о с ы п, б і р а р н а м е н ө р б і т і п т ұ р ғ а н б і р е г е й, ө з е к т і м ә с е л е н і н е гіз г і и д е я д е й м із. Бұл жайтты байыптап байқасақ, шығарманың негізгі идеясына айналған өзекті мәселе ондағы өз бетімен жеке-жеке өрбіген өзге мәселелерді жоққа шығармайтынын, қайта өзі солардан тұ-тасоіп құралатынын, керісінше, жеке мәселелер өзекті мәселені әлсіретпейтінін, қайта толықтыратынын аңғару қиын емес. Әрбір көркем шығарманың жалпы “өнер туындысында азаматтық правосы бар өзекті мәселесі” (Короленко) — негізгі идеясы, міне, осылай қалыптасады.

Таланттың күші, талантты шығарманың оқырманды баурап әкететін құдіреті негізгі идеяда жатады. Шебер жазушылар өз қолдарымен жазған көркем шығармала

169

рында “өздері бір жаққа бет алады да, сізді де со жаққ шақырып әкетіп бара жатады және құдды Гамлеттің әкесі тәрізді елес беріп, жан тебіренте еліктіріп, ертій әкетіп бара жатады” (Чехов). Бұл—“көркем шығармадағы негізгі идея арқылы оқырманға ықпал еткен жазушының тенденциясы. Ал әрбір әсем шығармадағы әсерлі идея, Энгельс айтқандай, нұсқалып көрсетілмейді, жа-зушының шындықты суреттеу тенденциясы арқылы көркемдік шешімін таппақ.



Табиғаттан бабамыз ала берген секілді-

Дарқандықты қазаққа дала берген секілді,

Кең тынысты тынымсыз желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,

Мыңқ етпейтш мінезді жоннан алған секілді,

Мың бұралаң тағдырды жолдан алған секілді,

Түнеруді тұнжырап түннен алған секілді,

Мейірбанды күлкіні күннен алған секілді...



(Қ. Мырзалисв )

Осы өлеңде халыктың тамаша қасиетін, табиғаттың өзіндей табиғи мінезін танытатын ірі идеяны автор жалаң уағызбен емес, өзінің шындықты суреттеу тенденциясымен ұқтырып отыр. Жақсы шығарманың идеясы тақырыптан тек қана осылай тумақ.

Тенденция — орасан мәнді нәрсе. Т е н д е н ц и я — ш ы н д ы қ т ы с у р -е т т еу д е г і қ а л а м г е р г е тән қ ұ ш т а р л ы қ,о н ы ң қ о ғ а м д ық к ө з –қ а р а с ы н ы ң т ұ ғ ы р ы, о й ө з е г і н д е г і м ы ғ ы м п р и н ц и п. Бұлар жоқ жерде пафос жоқ, ал пафоссыз шығарма — ешкімге керексіз жылымшы көкжасық. Өмірдегі опасыздық жайлы жазғанда Гоголь оны әрқашан өзіне “нағыз жан түршігер зәбір берген қас дұшпан кейпінде суреттеуге бар күшін салған”. Суреткер табиғатындағы бұл секілді мызғымас, мықты тенденцияны Бальзак бас ұра қадірлеп, “жазушыны жазушы ететін қастерлі нәрсе — принципке жан-тәнімен берілу” деп білген. Ал Белинский болса “поэтикалық идея — силлогизм де, догмат та, ереже де емес, жанды құштарлық, жалынды пафос” екенін ашып айтқан.

Бір ғана мысал:

Аунағым да келеді, Өзге жердің суынан

Ойнағым да келеді, Суы да өзге секілді

Ыстық көріп қараймын, Қайта-қайта жуынам

Мұндағы әрбір төбені. Бұлағынан бетімді.

170

Шақырғандай өзімді Ала алмаймын көзімді,



Жапырағы, ағашы Деп тұрғандай қарашы

. (Р. Орманов.)

Бұл — “Азат жер” деген өлең. Тақырып — жаудан босатылған жер, идея — Отанға деген махаббат. Осы тақырып қалай игерілген, яки идея қалайша көркемдік шешім тапқан? Мұнда да ақын биік идеяны биікке шығып ап, ұрандай, жалаулатып айтып жатқан жок, өзінің жеке 'басындағы көңіл күйінің, нәзік иірімдерін сөзбен сұлу өрнектеу тенденциясы арқылы жеткізіп отыр. Жауынгер солдат өзі жаудан тазартқан өз елінің азат жері-мен жүріп келеді. Кешегі ажалмен айқас үстіндегі қаңтардай қалшылдаған қаталдықтан із де қалмаған, сұсты солдаттың түнерген 'қабағы жайнап шыға келген. Өзі құдды сәби секілді, сезімі сондай елгезек, жеп-жеңіл: туған елдің, қасиетті топырағына асыр салған жас баладай домаланып жата кеткісі, көп төбенің көк шалғын баурайында аунағысы да, ойнағысы да келеді. Әр төбеге бір жаудырап -ұшқындап көз тігеді. Аяғының, астында көз жасындай мөлдіреп ағып жатқан кеусер бұлаққа бетін қайта-қайта жуады. Жуады да, төбесінде жамырай сыбырласқан жасыл жапырақтарға жадырай қарайды, солардың сылдыр-сыбдырына ақын да өзінің, құпия сырын қосып, өз ара бас шұлғысады... Қандай әдемі! Осы әдемілікті ұққан оқырман өлеңнің әсем идеясын да үнсіз түйсінеді, терең түсінеді. Өзіміз жиі қынжылатын көптеген әдеби шығарма-лардағы идеялық бұлдырлық және идеялық жалаңдық деп аталатын екі кем-шілік — әлгідей-суреткерлік шеберліктің жетпеуінен туатын кемшіліктер.

Задында, жазушы шын мәніндегі шебер — көркем сөздің ұстасы болса болғаны, онын, қаламы сөзбен сурет салып, шындықты шынайылай өрнек төккен жерден өршіл идея өзінен-өзі туады, жалаң уағызсыз, жалаңаш дәлел-сіз-ақ туады. _А. П. Чехов өзінің, жазушылық міндеті ой өзегін өзгеге уағызбен түсіндіру емес, тек талантты бола білу екенін айта кеп, Суворинге жазған бір хатында былай дейді: “Сіз маған ат ұрлаушыларды суреттеп оты-рып, ат ұрлау — қылмыс деп, ашып айт дейсіз. Е, бұл менсіз де белгілі емес пе! Оны тергеушілер теріп айтсын. Менің міндетім — шындықтын, суретін сол қалпында дірілдетіп әкеп, бұлжытпай түсіру ғана”*.

Орыс жазушылары әдебиет туралы, Л., 1939, 423-бет.

171


- Көктемде, мүлгіген бақ, айсыз түнде, '

Сайрар шығыс бұлбұлы қонып гүлге

Сезбейді, сыр ұқпайды сүйкімді гүл,

Жар мұңына ырғалып, мүлгиді құр

Бұл — А. Пушкиннің “Бұлбұл мен гүл” деген өлеңі аударған М. Әлімбаев. Өлеңде тақырып пен идея соншалық шебер тұтасқан: гүл кандай сұлу, бірақ үстіне қонып, көктем жырын тамылжытқан құмыр бұлбұл үнінен! түк түсінбей, құр мүлги бергесін оның сұлулығынан не' пайда? Ақын адам атаулыға сыртқы түр-түсіңнен гөрі, ішіңді түзе деген идеясын сурет арқылы аңғартып, суреттеу тенденциясы арқылы ұқтырып тұрған жоқ па?

Иә, гәп әдеби шығарманы әдемі жаза білуде, оның арғы жағындағы идеялық арқауды оқырманның өзі тауып алады. Әйтпесе, әр жазушы өзі жазған шығармасындағы идеяны оны оқыған әр адамға жеке-жеке түсіндіріп жүре алмайды. Гете, керек десеңіз, “Фаустың” идеясын сұрағандарға, тіпті, жауап бермей қойған: “Мына қараңдаршы, бәрі ентелеп кеп, жабыла сұрайды,— “Фауста” қандай идея жинақтамақ болдың деседі. Соны мен бір ап-анық біліп, ап-ашық айтып беретін кісідей көреді ғой деймін... Айтты-айтпады, егер мен өзімнің “Фаустыма” мазмұн еткен осынша бай, түрлі-түсті және соншалық жан-жақты өмірдің өн бойынан шығарма идеясынын, жіңішке жібін өткізіп алуға әрекет етсем, әсем-ақ болар еді-ау!..” Ал “Тассоның” идеясын айтып беруді сұраған Эккерманға Гете тіпті:

— Немене, идея? — деп таң қалыпты: —Оны қайдан білейін. Менің көз алдымда Тассоның өмірі ғана жайылып жатты, көрдім де жаздым. Болды!

Енді мына жайтқа назар аудар қажет: жазушының ой өзегі әрқашан қаз-қалпында көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан келеді де әр шығармадағы авторлық және'объективтік идеялар туралы ұғым туады. А в тор л ы қ идея — с у р е т к е р д і ң о б а с т а ғ ы о й ө з е г і; о б ъ е к т и в т і к и де я — н а қ- т ы ш ы ғ ар м ад а н т у а т ы н м ақс а т т ы н ә т и ж е. Бұл екеуі ылғи бірдей бола бермейді. Дәлірек айтқанда', автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойындағыдай жинақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идея-ға объективтік идея кереқар кеп, қарама-қарсы шығуы да мүмкін. Мәселен, Гоголь бір жолы “Өлі жандардың”

172

алғашқы вариантының бірер тарауын Пушкинге оқып берген екен, онын, алған әсері автордың ой өзегіне қарама-қарсы шығыпты: Гоголь көңілдендіріп, күлдірмек боп оқыса, Пушкин тыңдаған сайын түнеріп, сұрланып, ақыр-аяғында тіпті мұңданып: “Құдай-ай, қайран Россия қандай қам көңіл еді!” — депті. Демек, бізге керегі — автордың, идеялық мақсаты ғана емес, шығарманын, идеялық нәтижесі.



Ә. Нұрпейісов 40-жылдардың орта шенінде өзі ішінде болып, бүге-шігесін әбден анық білетін Курляндия оқиғасынан шағын очерк жазбақ болады. Оның жазушылық жолы осыдан басталған. Сөйтіп, осынау авторлық идеясын жүзеге асыру үстінде оның творчестволық ой өзегі өзгереді де отырады: очерк көлемді әңгімеге, әңгіме повеске, повесть қалың. романға айналып, онысы әуелі “Курляндия” боп жарық көрді де, кейін “Күткен күн” боп бастан-аяқ қайта жазылды. Қысқасы, авторлық идеяның объективтік идеяға айналу барысы — өз алдына тірі тарих, бүтін бір творчестволық процесс.

Л. Толстойдың “Соғыс пен бейбітшілігіндегі” ой өзегінің, өрбу процесі, авторлық идеяның объективтік идеяға айналу тарихы тіпті қызық,. Басында автор бірер дворян семьясының аз уақыт ішіндегі хал-күйін, шаруа-жайын, тұрмыс-тіршілігін суреттеп, кейбір психологиялық ситуацияларды ғана жинақтап тынбақ екен. Іс жүзінде олай болмайды, автор аттаған сайын шындық сырына тереңдеп, оқиға аумағы кеңейіп, бірер семья емес, күллі халық жайлы, жеке адам емес, жалпы заман жайлы мәселелерге көшіп, бүкіл орыс өмірінің, кезең-кезендерін кезіп кете барады. Осы жайтты Толстойдың өзі тамаша айтқан: “Мен 1856 жылы белгілі бағытта повесть жаза бастадым, қаһарманы — семьясымен Россияға оралған декабрист болуға тиіс еді. Амал жоқ, бұл күндерден жырақ 1825 жылға — қаһарманымның адасқан, азап шеккен дәуіріне ауыстым да, бастаған нәрсемді тастап кеттім. Бірақ менің, қаһарманым сол 1825 жылдың өзінде есейіп қалған ересек, семьялы кісі болатын. Осыны түсіну үшін, мен оның, жас шағына көшуге тиіс болдым, ал оның. жастық шағы Роосия үшін данды бөлек 1812 жылдың дәуірмен тұстас келді. Бастағанымды тағы тастадым да, енді 1812 жылдан қайта бастадым... Бі-рақ оны үшінші рет тағы тастадым... Сөйтіп, 1856 жылдан 1805 жылға шегініп барып, сол уақыттан былай қарай —

173

1805, 1807, 1825 және 1856 жылдардағы тарихи оқиғалардың жуан ортасымен бір емес, әйелі бар, еркегі бар бірнеше қаһарман алып өтпек болдым”. Сонымен, міне: автордың алғашқы ой өзегіндегі бірнеше дворян семьясының тарихы бүкіл орыс халқының көркем тарихына шағын еемьялық-психология-лық роман көш-құлаш ұлттық эпопеяға осылай айналган.



Тақырып пен идея — әдеби шығарманың мазмұны Алі әдеби шығарма мазмұнды болу үшін, Ибсен айтқандай, әдебиетшінің өмірінің өзі мазмұнды болу қажет. Қөркем; творчество суреткердің өмір тарихымен тығыз байланыс-' ты. Сондықтан әрбір қалам иесі шығармаларының тақырыбын байыту үшін, алдымен, өзінің өмір тәжірибесін байыта түсуге тиіс. Ол үшін қаламгер өмірмен қоян-қолтық араласып, жиі-жиі сапарға шығып, халықтың қалың ортасына сіңіп кетуге тиіс. “Егер жазушы болғыңыз келсе,— дейді Чехов Телешевке,— күні ертең Нижнийге билет алыңыз, сонда барыңыз, одан — Волгаға, Камаға шығып кетіңіз... Халық өмірін көресіз, меңіреу түзге, жер үйлерге түнейсіз. Жалғыз-ақ, темір жол бойымен жүре қалсаңыз, қалай да үшінші класқа, қарапайым халық арасына орналасу шарт, әйтпесе құлағыңыз қызықтан құр қалады”. Чехов өзгеге осылай ақыл айтып қана қойған жоқ, 1890 жылы өзі бүкіл Сибирьді түгел аралай отырып, Қиыр Шығысқа, одан Сахалинге барып қайтты. Оның Ялтадағы музейінде ұлы жазушыға дәл әлгі сапарда өз оқырмандары сыйға тартқан бір шағын сурет бар: қалың жыныс орман, ымырт, орманшының үйшігі, үй алдында қып-қызыл боп қоздаған шоқ... Төргі бөлмедегі кереуеттің аяқжағында — қабырғада ілулі тұр. Осы суреттен ауру Чехов ақырғы демі біткенше көз алмапты.

— Онысы тегін емес,— дейтін музей директоры, жазушының қарындасы Мария Павловна Чехова көзнің тірісінде,— Сахалин сапарынан Антон Павловичтің ағартушы, демократ ретіндегі көзқарасы біржола қалыптасып қайтты.

Өнер иесіне өмір тәжірибесінің тигізер ықпалы осындай. Сондықтан болуға тиіс, атақты суреткерлер әрқашан ел ішінде, өз қаһармандарының арасында болуға асыққан, сапарда, жол үстінде жүріп-ақ жаза берген: Пуш-кин “зырлап жүріп келе жатып жыр жазатын пәлеге қалдым” дөсе, Гоголь, “сюжет атаулының бәрін түгел

174


дерлік жол жүріп келе жатып қорытамын” депті де, Грибоедов “Ақылдан қайғының” шешімін жол үстінде -келе жатып жаңадан жасадым” деген. Мұның бәрі, әрине, сапар шегуде тұрған оқшау “сиқыр” бар деген сөз емес, жол жүру — өмір көру, өмір көру — адам тану, адам тану —-шығармаға тақырып табу, такырып табу — тың идеяға бару деген сөз. Жазу үшін, жазатын нәрсеңізді жете білуіңіз, терең, тануыңыз қажет. Танымағанынан, білмегенінен ең мықты талант та ештеңе шығара алмайтынын дәлелдеудің керегі жоқ. “Менің бұл күнге шейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келеді,— дейді Бейімбет Майлин.— Өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге шейін кірісе алғаным жоқ. Өйткені әлі күнге өндіріс өмірімен таныстығым жоқ. Жазуымдағы басты кемшіліктерімнің бірі осы деп білемін. Ендігі бір тілегім — осы кемшілігімді жоюға күш салу”*.

Қазіргі қазак жазушыларының, ішіндегі ең. өнімді еңбек ететін, ең көп жазатын қаламгер — Сәбит Мұқанов Мұның басты себебі — Мұқановтың жеке өз өмірінің мазмұндылығы, көрген-білгенінін, көл-көсірлігі, өмір тә-жірибесінің, байлығы, сайып келгенде, жазар тақырыбының молдығы.

СЮЖЕТ ПЕН КОМПОЗИЦИЯ

Өмірдегі шындықтын, шынайы әдеби шығармаға айналу, әдебиеттегі мазмұнның мазмұнды пішінге көшу, тақырыптың идеялық-көркемдік шешім табу процесінде сюжет пен композицияның, атқарар ролін еш нәрсемен ауыс-тыру мүмкін емес. Соған қарамастан, бір таң, қаларлық нәрсе, осыларды әркім әр күйге түсіреді: сюжетті біреулер оқиғаға, біреулер құбылысқа, біреулер фабулаға теліп жатса, композицияны біреулер жүйеге, біреулер архитктоник-ара, біреулер конструкцияға сайып жатады. Сөз жоқ, бұлардың қайсыбірінде сюжеттік, қайсыбірінде композициялық сипаттар бар екені рас, бірақ осы-лардың бірінен соң бірін туындатып, ой мен ұғымды осынша қиындатудың қажеті қанша?

Айталық, фабула! Мұның не нәрсе екені, баяғы Аристотель заманынан _бері жұрттың бәріне мәлім: бұл (ла-

* Б Майлин, Мең калай жаздым? “Жаңа әдебиет”, А , 1931 6—7,

175

тынша ГаЬиІа-- әңгімелеу, баяндау,тарихтап айтып ру) —к ө р к е м ш ы ғ а р- м а д а с у р е т т е л г е о қ и ғ а н ы р е т- р е т і м е н ж үй е л е у, м аз м ұ н -д а у. Мысалға Б Майлиннің “Шұғаның белгісін” алсақ, оның фабуласы шамамен мынау ғана: “Кедейдег шыққан Әбдірахман деген мұғалім жігіт Есімбек байдың Шұға деген сұлу қызына ғашық болады Жігітті қыз да сүйеді Бұл, әрине, байларға ұнамайды. Олар жала жауып, Әбдірахманды айдатып жібереді. Бұған күйзелген Шұға айықпас дертке ұшырайды. Қызының халіне қиналған Есімбек болысқа айтып, Әбдірахманды амалсыз босаттырады Әбдірахман алып-ұшып, сүйікті' Шұғасын көруге асығып келсе, қайран ару жарық дүниемен біржола қоштасқан екен; оның өзіне жазып қалдырған хатын оқып, көз жасы көл болады”.



Жә, ал енді осы фабуланы Аристотельше шығармада “болған жайттарды жымдастыру” дейік, Лессингше шығарманың “табанында тұтасып жатқан аркау” дейік, Гегельше “шығарманың негізі және жаны” дейік, А. Остров-скийше “болған жайтты ешқандай бояусыз тұжырып айтып беру” дейік, Кайзерше “болған оқиғаны ықшамдап, схемаға түсіру” дейік, Томашевскийше “өз ара іштей байланысқан құбылыстар қосындысы дейік, Кожиновше “әрі айтып, бері айтқанда белгілі бір оқиғалар шоғырынан тұтасқан мәлімет, хабар” дейік, бәрі-бір, фабула — фабула да, сюжет — сюжет. Бұл екеуін шатастыру қандай ыңғайсыз болса, екеуін параллель қойып, қаз-қатар қанаттас алып жүру де сондай ыңғайсыз Осылай ету, тіпті, мүмікін емес.

В. В. Қожинов, мәселен, өзінің ойлы, орамды теориялық толғамдарында фабула бір бөлек, сюжет өз алдына басқа нәрсе екенін асықпай дәлелдеп, тәптіштеп түсіндіре келіп, әдебиет зерттеушілерінен бұл екеуін шатастырмай, әрқайсысын өз алдына дара пайымдауды талап етеді де, ізінше дәл осылай ету өз қолынан келіңкіремей қалып, лирикалык прозада “фабулалық һәм сюжеттік жайттардың жіксіз тұтасып кететінін” мойындаса, енді бірде фабуланы сюжет қана емес, тіпті, композицияға әкеп ұштастырады: “Эпоста фабула, әдетте, шығарманың архигектоникасына негіз боп қаланады да, алуан түрлі сюжеттік элементтердің басын қосып, біріктіреді”*. Дұрыс, теоретиктің

* Әдебиет теориясы Өзекті мәселелерді тарихи тұрғыдан талдау, М, Ц964, 2-том, 428-бет.

176


мұндай тұжырымға келмеске мүлде лажы жоқ, өйткені фабула өз бетімен оқшау тұрып ешбір көркем шығармаға тұлға да, тұтқа да бола алмайды Ең, мықтаса, фабула — сюжет пен композицияға фон ғана.

Акикат шындықта болған немесе болатын кез келген окиғада фабула бар. Ал кез келген оқиға — көркем шығарма ма? Жоқ, көркем шығарма емес. Әркім ауызша айтатын не аңыз ететін кез келген ауызекі әңгімеде фабула бар. Ал кез келген ауызекі әңгіме — көркем шығарма ма? Жоқ, көркем шығарма емес.

Демек, көркем шығарманың сюжетін не композициясын пайымдау мен оқиғасын мазмұндау таразының екі басына тек де тұра алмайды, бірінін, орнын бірі ауыстыра да алмайды.

Сюжет пен композиция сыр-сипаты көл-көсір, орасан нәзік әрі күрделі творчестволық мәселе. Мұны терең түсіну үшін, алдымен, сюжет пен композицияның гносеологиясына аздап үңіліп байқаған артық болмайды.

Өнер атаулының өз ара бірлігі қандай мол болса, өзгешелігі де сондай зор. Лессинг өзінің әйгілі “Лаокоонында” кескін өнері мен сөз өнерін салыстыра келіп, біріншісі денені суреттеу арқылы қимылды елестетсе, екіншісі қымылды суреттеу арқылы денені елестететінін дәлелдейді де, мынадай түйін шығарады: “Бір тұтас түбегейлі мақсатқа бағытталған бір алуан қимылды әрекет дейміз”*.

Осында үлкен мағына жатыр.

Сөз дегеніңіз — қара тастай мелшиген жансыз дене емес, Леонид Леоновша айтсақ, әрқашан теңіздей теңселіп, толассыз тебірене төңбекшіп жатқан ұшы-қиырсыз жанды қимыл, тұтасқан тірі әрекет. Сөз зергерлері сәл қаламын қозғап, азғана толғанып қалса болғаны, көз алдыңыз қимылға толып жүре бермек.

Сансыз көкек сұңқылдап, Көкте бұлттар күркіреп,

Көктем келді ертелеп, Жерге төкті өрмегін

Нәзік үнмен сыңқылдап, Жауды жаңбыр сіркіреп

Бұйра бұлақ еркелеп Мейірленіп жерге күн

Асау өзен арқырап, Алақанын тұр жайьш,

Асқар таудан дүркіреп Жас ағашта жапырақ

Айдын жатыр жарқырап, Балғын өмір ғажайып

Алды дала бір түлеп Жас дауыспен жамырап

(К, Аманжолов )

Г. Лессине, Лаокоон, М, 1957, 423-бет

177


Осы шумақтарда құр сіресіп, иін тірескен әшейін бір әріп тіркестері емес, он құбылып, ойнақтай жөнелген суретті сөз, сол арқылы қым-қиғаш қимылға, әрекетке, көшкен өмір, тіршілік, нәтижесінде жансыз. табиғатқа кенет дірілдеген дем, тыныс, жан бітіп шыға келген. Аңдап қарасақ, ақын құдды тірі нәрседей түрлендіре суреттеп отырған осынау қимыл, әрекет болмаса, көктемнің өзі де кәдімгі көзбен көріп, қолмен ұстарлық дене ретінде елес бермеген болар еді.

X. Есенжановтың “Қөп жыл өткен соң” романы да, жоғарғы өлеңдегідей, қимыл-қозғалысқа толы көктем суретінен басталады:

Жайық алқабының көктемі ала- бөле жарқын келеді жұп-жұм сақ қоңыр ала бұлттарды баяу жел ақырындап ысырып, әлдеқайда ; асырып жатады да, көкек айының өзінде-ақ дерткен жер күн нұрына балқыған сайын, шөп тугі тұтамдап өсіп жүре береді Дөңес біткенді бұйра жусан бүркейді, ылдиды көк бидайық пен түбіттей қалың бетеге жауып кетеді. Ал қырат біткенді өрмелей бал қурай бойын жазып, еркек басын жарған кезде албыраған ақ раушан гүлдерге асылып, көк көбелек шарқ ұрады; сол шақта төскей-төскейдегі балмағыз атқан илан иісі акқиды, самал желпіген сайын, киік оты мұрынды қытықтайды Сөйтіп, көктемгі дархан дала хош иісіне еліктірш, бойың мен ойыңды бірдей билейді Әсіресе ертеңгі мезет өзгеше сағым құшақтап, самал жел теңселткен сұлу сахраны тас төбеге шығып алып, ұршықша иірілген боз торғай бейне бір әлдилеп, тербетіп тұрғандай көрінеді

Егер автор осы үзіндідегі “бір тұтас түбегейлі мақсатқа 'бағытталған бір алуан қимылды” (Лессинг), яки әрекетті алып тастап, жай ғана “жоғарыда бұлт, төменде жер, дөңесте жусан, ылдида бидайық, қыратта бал қурай, төскейде киік оты...” деп, жансыз заттарды жапатармағай жіпке тізе берсе, оқырман бұдан көңіл ұйытар әсер түгіл, дені дұрыс түсінік те ала алмаған болар еді.

Қысқасы, сөз өнеріндегі шешуші нәрсе — сурет деу аз; сөз өнеріндегі шешуші нәрсе — жай сурет емес, жанды сурет, яғни суретке, бейнеге адам тура “қолмен түртіп қалғысы келгендей” (Горький) тірілік дарытатын қимыл, әрекет. Сюжет пен композицияның сыр-сипатын, міне, дәл осы ұғымның тұрғысынан тану қажет.

Сюжет (французша зи]еі — зат)—көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі і түрі, жолы немесе тәсілі. Егер көркем шығарманың мазмұны түрліше мінездер мен типтердің өз ара қарым-қа-тынасынан туған шындык, өмірлік оқиғалар тізбегі десек,

178

осының 'өзі сюжетте адамдар мен заттардың, тұтасқан ішкі-сыртқы қимыл, әрекет жүйесі ретінде, кәдімгідей қозғалыс, белгілі бір даму үстінде көрінеді. Сондықтан болса 'керек, “с ю ж е т дегеніміз,— дейді Горький,— жалпы ал-ғанда а д а м д а р д ы ң ө з а р а қ а р ы м-қ а т ы с ы, б а й л а н ы с ы, қ а й- ш ы л ы қ т а р ы, ж е к к ө ру , ж а қ с ы к ө р у, ә р х а р а к т е р д і ң, т и п –т і ң ө с у, ж а с а л у т а р и х ы”*. Бұл — классикалық анықтама. Жоғарыда мысалға келтірген “Шұғаның белгісіне” қайта оральш, оның сюжетін дәл осы анықтама тұрысынан пайымдап қарасақ, “Әбдірахман Шұғаға ғашық болады” деген фабулалық мәліметтің мүлде жеткіліксіз екенін, демек, фабула тіпті де сюжет бола алмайтынын аңғару қиын емес. Егер фабула “Әбдірахманның Шұғаға ғашық болғанын”қысқағана хабарлап тынса, сюжет осы ғашықтықтың құпия сырына, Әбдірахман мен Шұғанын, өз ара қарым-қатысына, олардың, жан дүниесіне, түрліше сезім иірімдеріне, қимыл-әрөкеттеріне, олар кездескен кедергілер мен қайшылықтарға, олар түскен күрес-тартыстарға, осылар арқылы қалыптасқан олардың адамдың тағдырлары мен болмыстарына, ақыр аяғында олардың, әдеби қаһарман, типтік тұлға, коғамдық характер ретіндегі “өсу, жасалу тарихына” тереңдеп кетеді. Осыларды сюжеттік желіге көшіре суреттеу арқылы жазушы өмірді өнерге айналдырып, өз қолымен өзгеше бір тіршілік дүниесін жасайды. Сюжеттің осы қасиетін түсіндірмек болған Алексей Толстойдың: “Менің міндетім — тыңнан тіршілік әлемін жасап, оқырманды соған енгізіп жіберу”,— деуі тектен-тек емес. Сюжеттен пайда болған өзгеше тіршілік дүниесінің — әдеби қаһармандар әлемінің “айрықша өз өмірі, өз тарихы, өз географиясы мен этнографиясы” болатынын кезінде Гончаров та атап айтып, бұл әлемге ену оқырман үшін жаңалық ашу, жаңадан жер көріп, ел тану тәрізді болатынын қызық дәлелдеген-ді. Бұған қарағанда, сюжет арқылы жасалған “тын, тіршілік әлемінде” өзінше бітім, өзгеше бүтіндік болатыны байқалады. Сонда сюжет дегеніңіз жакелеген қимыл ғана емес, жүйелі әрекет, яғни желілі оқиға боп шығады. Бұлай десек, В. Ко-жиновтың, үзілді-кесілді “фабула сюжеттен бұрын пайда болады” деген байлауына қосылу қиын.



М. Горький, Шығармалар, М, 1953, 27-том, 215-бет.

179


Сюжет пен фабуланы бөле қарап, параллель жасау. шылар сюжетті — әрекет, фабуланы — оқиға деп ұғатыны мәлім. Жә, солай-ақ болсын. Бірақ әрекетсіз оқиға бола ма? Немесе өз ара тұтасып, оқиғаға айналмаған қимылды жүйелі әрекет деуге бола ма? Болмайды Ендеше, оқиғаны әрекеттен бөлуге болмайтьшы сияқты, фабуланы сюжеттен бөлмей, екеуін бір ұғымға сыйғыза тексерген Л. Тимофеев пен Л. Щепилованың толғамдарында * толып жатқан нанымды дәлелдер бар. Міне, бұл тұрғыдан келгенде, сюжег дегеніміз өнер туындысының мазмұнына айналған өмірлік оқиғалардың өз ара байланысы, өрбуі, өрістеуі екені даусыз. Бір-бірімен қарым-қатыстағы адам тұлғалары осынау өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан түрлі-түрлі қимыл-әрекет үстінде, шиеленіскен шытырман күрес, қақтығыс, қарама-қарсылық ішінде қалып-тасады. Сюжетті шығармалардын, маз-мұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыс тар желі тартып жату себебі де соған байланысты.

Т а р т ы с (латынша сопfІісfиз — қақтығыс, айқас; кейде соПізіо—ала ауыздық, талас) — ө м і р д е г і қ а й ш ы л ы қ т ар д ы ң ө н е р д е г і к ө р- і н і с і, а д а м т і р ш і л і г і н д е г і т ү р л і ш е қ а р а м а- қ а р с ы л ы қ-т а р д ы ң, а д а м ғ а т ә н ә р а л у а н к ө з қ а р а с т а ғ ы, и д е я д а ғ ы, с е з і м д е г і, н а н ы м д а ғ ы, і с-ә р е к е т т е г і, м а қ с а т -м ү д д е д е г і к е р е ғ а р қ ұ б ы л ы с т ар д ы ң ө н е р т у ы н ды с ы н д а ғ ы ж и н а қ –т а л у ы, с у р е т т е л у і. Өнердегі тартыс — ойдан шығарылған не қолдан жасалған әлдене емес, ақиқат шындықтағы ала ауыз әлеуметтік “үштердің айқасы, “драмаға толы, ұлы һәм күлкілі қайшылықтарға толы өмірдің” (Горький) өз арпалысы. Өнердегі өмірлік тартыс — көркем шығарманың идеялық мазмұнындағы үзілмес желі, көген, арқау, керек десеңіз, күллі өнер туындысына тіршілік беріп тұрған жұлын, жүйке. Олай болса, әдеби шығармадағы табиғи тартыс оның сюжеті мен композициясын өрбітер өзгеше құрал, қозғаушы күш екені өзшен-өзі түсінікті. Өнер туындысын өмірлік тартысқа құру деген сөз — шығарма сюжетін шиыршық атқан шымырлыққа, компози-

* Л. Тимофеев, Әдебиет теориясынын непздері, М, 1966, 158— 159-беттер; Л. Щепилова, Әдебиет Іану ғылымына кіріспе, М, 1968, 130—131-беттер



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет