3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ



бет10/20
Дата19.12.2016
өлшемі5,03 Mb.
#4105
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

К ӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ ТІЛІ

СӨЗ


Тағы да айтамыз: әдебиет — с ө з ө н е р і. Ендеше “тіл — әдебиеттің бас мүшесі” (Горький), “сөз — шығарманың негізгі материалы” (Федин) 'екенін дәлелдеп жатудың тіпті де қажеті жоқ.

Біз өткен тарауда сюжет пен композиция жөнін әңгіме қылдық. Сюжет— орасан мәнді нәрсе, бірақ сюжетсіз шығармалар болатынын білдік. Ол — ол ма, тіпті композициясы ойдағыдай ширап жетпеген тым тәуір шығармалар да бола береді. Ал тілі нашар шығарма ешқашан жақсы шығарма болған емес және бола алмайды. Демек, сөз өнерінде тілдің атқарар қызметі бәрінен ерекше, бөлек һәм биік.

Сәбит Мұқановтың “Сөз — Советтік Армия” деген өлеңі былай басталады:

Сөз — халықтың қымбаттан қымбат кені,

Жүректің шахтасынан халық оны

Мыңдаған жылдар қазып, кен тасына

Тереңнен әрең барып жетті қолы

Жеткен соң. қолы сөздің кен тасына,

Кен күйінде қазына болмасына

Түсініп, қорытуға әкеп төкті

Мидық мың градустық домнасына .

Бұл жерде ақын тілдің қатынас құралы ретіндегі ролін ғана емес (оны әдебиетшінің “көмегісіз”, лингвистердің өздері-ақ түсіндіре алады), сөз бен ойдың бірлігін айта қалғандай әдемі бейнелеген. Айтты-айтпады, “мидың мың градустық домнасында” құрыштай қорытылып шықпаған сөз, яки суреткердің ой қазанында қайнап шықпаған сөз шын мәніндегі “шығармаға негізгі мате-

200

риал” бола алмайды. Өйткені көркем сөз — көрікті ойдың көрінісі; қ ұ н д ы с ө з қ ұ н а р л ы о й д а н ғ а н а т у а д ы, “ойы нәрсіздің тілі де әрсіз”



(Л. Толстой).

Турасын айту керек, осы шындықты әдебиет сыншылары әрқашан ескере бермейді, өздері талдап, эстетикалық баға бермек болған шығармаларға кейде шамадан тыс сауатты талаптар қояды, “мынау шығарманың конфликтісі осал”, “анау шығарманың композициясы олақ” деген секілді жалпылама түйін-тұжырымдар жасайды. Дұрысында, әдебиет сыншысы әлгілердің бәрінен бұрын шығарманың тіліне, автордың сөз өрнегіне қарауы шарт. Кейде, тіпті, тіл дегеннен тұлдыры жоқ қара дүрсін бірдеңелер мақталып, бәсекеге түсіп, бәйгі алып жатады. Әдебиетті арзан кәсіпке айналдырмау амалын алдымен әдебиет 'сыншылары ойлауы қажет. “Жер жырт, етік тік, тағы бірдеңе жасап тамақ асыра,— деп еді Лев Толстой,— 'бірақ жазушы-лықты кәсіпке айналдырушы бол-ма!” Мұны ескеретіндер некен-саяқ. Сонымен, Михаил Шолохов айтқандай, кітап дүкендерін кейде “лайсаң сел” басып 'кететінін де жасыруға болмайды. Осының бәрі — жазушының шөбер-лігі деген мәселенін, мәтелесі кейде күн тәртібінен қаға беріс қалып қоятыны-ның салдары. Ал шеберлік мәселесі бәрінен бұрын тілден басталатыны дау-

сыз. Демек, к ө р к е м т і л ж а й ы — ә д е б и е т т у р а л ы ғ ы л ы м н ы ң е ң ө з е к т і м ә с е л е л е р і н і ң б і р і.

Сөз — халық қазынасы.

1942 жылдын. февралында Анна Ахматова өзінің “Қайсарлық” деген тамаша өлеңін жазды. Оқып қаралық (аударған Қ. Мырзалиев):

Парасат-ой не боларын сезген ді,

Пайдамызға басамыз біз безбенді

Қабағыңнан қар жауатын күн туды,

Қасарысып қатып қалар кез келді

Қаусап қала, қаусап пана, қаусап бақ,

Қара ормансыз, шаңырақсыз қалсақ та,

Орыс сөзі, сені сақтап калармыз,

Қалмаспыз біз бас сауғалап, жан сақтап.

Мөлдір тілді қоя алмаспыз қан қылып,

Ұрпақ оны айтьш жүрер ән қылып,

Мәңплік'


Өмір мен өлім арпалысқа түсіп жатқан сұрапыл соғыс жағдайында адам баласы, әдетте, тіршілік қамын

201


ойлар болар еді, ажалдан сескенер болар еді. Жок, Анна Андреевна олай етпеген: “қала, пана, бақ қаусап, қара ормансыз, шаңырақсыз қалудан” мүлде қорықпаған, “бас сауғалау, жан сақтау” жайын емес, “орыс сөзін сақтап қалу” қамын, “ұрпақ мәңгілік ән қылып айтып жүретін мөлдір тілді қапияда қан кылып” алмау амалын ойлаған. Бұл, әрине, ғаламат қайсарлық—ерліктің ерлігі.

“Егер,— деп жазды Расул Ғамзатов,— ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын!” Бұл, бір жағынан, Ахматованың әлгі ұғымына ұласып жатса, өкінші жағынан, туған тілді пір тұтқан данышпан Тургеневтің атақты ақ өлеңіне тоғысып жатыр: “Туған елдің тағдыры не болар деп қайғырып, шерге бөккен ет-жүрек қан жылаған шақтарда; уайым-күдік молығып, қапалы жүрек долығып, қақ айрылған шақтарда; уа, ұлығатты, құдіретті, адал, дарқан орыс тілі,— сен ғанасың серігім, сен ғанасың тірегім! Сен болмасаң, іш құсама жалғыз ем, ел халінің сыйқы анау,— мен түңілмей қайтер ем? Жә, тегінде, осындай тіл осал елге бітер ме? — Жоқ, әзелде тілі зордың — елі зор, осы 'сынды асыл тілді абзал халық болмас қор!” (Аударған I. Жарылғапов.) Бұл тамаша түйіндерге Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам — жәндік”,— деген тұжырымын қоссақ, тіл жайында, сөз маңында әрбір тілі бар адам өз бетімен біраз толғана алады. Сондықтан әдебиет теориясына арналған кітаптарда көп айтылатын тілдің қоғамдық мәні туралы, тіл — қатынас құралы немесе тіл — ойлау құралы өкендігі жайлы піікірлерді біз бұл жолы тағы да қайталап жатуды жөнсіз көреміз. Жалғыз-ақ, мынау ақиқатты ескеру артық болмайды. X класс оқушылары орта мектепті бітірерде шығарма жазады. Әрине, олардың әрқайсысы — әр мамандыққа бет алған адам, келешекте қалам қызметінде қалатыны бірен-саран не мүлде жоқ болуы ықтимал. Бірақ, осыған қарамастан, олар нашар шығарма жазса, мұғалім нашар баға қоя-ды. Жоғары оқу орындарына түсерде де оларды дәл осындай сын күтіп тұрады. Ал енді өзі жазушы атанып, өзі жаман жазатындарға не баға қоюға болар еді?.. Осы араға келгенде Р. Рамзатов та қиналған-ды: Біреулер,— депті ол “Дағыстаным” деген кітабында,— басы байыпты ойға толып тұрған соң сөйлемейді, тілі қышыған соң сөйлеңді. Біреулер кекірегі көл-көсір сезімге

202

толып тұрған соң өлең жазбайды... апырмай, солардың не үшін өлең жазбақ екенін айту қиын”.



Әдебиет — ардың ісі. Задында, жазушы атанған адам жаман жазуға арлануы керек. Шолохов өте дұрыс айтқан шын жазушы жүз сөз жазса, бірде-бір сөз жаман не орта болмай, “...тоқсан бесі өте жақсы, қалған бесі жақсы болғанда ғана ғасырымызбен бір дәрежеде тұратын биік шығарма туғыза алады”. Көркем әдебиеттің тілін байыптауға, міне, дәл осы тұрғыдан келуІкерек.

Тіл, сөз жайын тексеретін ғылым үш түрлі: т і л бі л і м і, с т и л и с т и ка және к ө р к е м с ө з т е о р и я с ы. Бұл үш саланы бір-бірінен ажырата білу, әрқайсысының өзіне тән сыр-сипатын айқын тани білу шарт. Олай етпейінше, біздің ең білгір деген ғалымдарымыздың өздері ылғи білгірлік жасай бермеуі мүмкін. Мәселен, елуінші жылдардың орта тұсында Әуезов Мұхтар мен Балақаев Мәулен республикалық баспасөз бетінде әжептәуір айтысқа түсіп, әдеби тіл жөнінде әрқайсысы өз ұғымдарын ұсынып, дәлелдеп, қорғап қатты. Әдетте, айтыс шындыққа апарар, белгілі нәтижеге жеткізер болар еді, жоғарыдағы айтыс ондай ортақ тоқтамға әкеле алмады.Бұл заңды да, өйтені мәеелеге екі ғалым екі тұрғыдан — әдебиетші Әуезов көркем сөз теориясы тұрғысынан, лингвист Балақаев тіл білімі тұрғысынан келді. Академик Әуезов әдеби тілдегі сонылықты, тың суреттер мен жаңа айшықтарды ұнатса, профессор Балақаев сөз тіркестерінің қалыптасқан нормасын сақтауды, әркім әр тарапқа кетпей, ортақ жүйеге түсуді талап етті. Екі тұрғыдан екеуінікі де дұрыс: өзгеше өз машығы болмаса, қаламгерде не қасиет бар? Бірақ өзгеден оқшау көрінем деп, халық тіліне орынсыз эксперимент жасау тағы да ағат. Бұл екі жақты тең ұстамасқа болмайды.

Тілдің жеке адамдардың еркінен тыс туу, қалыпта-су, даму заңы бар. Бір кездегі ым, одан кейінгі үн адамдардың еңбек процесінде туған, адамдардың ойын өрбітер қозғаушы күш болатын. Бірақ тілсіз дұрыс қарым-қатынас жасау мүмкін емес те, қарым-қатынассыз жалпы қоғам болуы мүмкін емес. Үнсіз ым, тілсіз үн — әшейін қарапайым ұғымдар маңында ғана түсінісу, ал өз ара ойласу, пікірлесу, сырласу тек тіл арқылы ғана мүмкін еді. Міне, осы ретпен туған адам баласынын, тілі адам

203


қоғамы дамыған сайын дамып, байыған сайын байып келе жатыр. Тіл заңы — объективті заң.

/Әдеби шығарма тіл арқылы жазылса, тіл сөзден құралады. Ал әр сөз о баста образдан туған (бұл туралы біз бұрын да айтып өткенбіз.— 3. Қ.), келе-келе көп образдар ұмытылған да, олардан туған сөздер ғана қалған. Сондықтан образды тіл деген ұғымды жаңалық деу қиын. Бұл — әр сөздің табиғи қасиеті. Әңгіме осы қасиетің күллі “құпиясын;”, құбылысын, осынау образдылықтың ішкі сырын, сыртқы сипатын әрі нәзік, әрі терең түсініп, соны қаламгерлік қызметке шебер қолдана білуде жатыр,

Енді біз тілдегі осы түрленулерге біраз көз тоқтатып олардың сөз өнеріндегі шешуші сырларын байқап қараймыз.

ТІЛ БАЙЛЫҒЫ

Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл — қалам иесіне қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал халыққа қажет шығарма — мазмұнды шығарма.

Жазушының тілі бай болуға тиіс дегенде: ол өзінің сөз қорын молайту үшін ылғи ғана тыңнан сөз жасасын деп ешкім де айтпайды және әрқашан олай ету мүмкін де емес. Жазушы өзінің сөз қорын молықтыру үшін жалпы халықтық тілдің телегей-теңіз бай қазынасын, мүмкіндігінше, молырақ игеруі, оның қилы-қилы қиын әрі қызық құбылыстарын жете түсінуі, әр сөздің мәні мен мағынасындағы ұланғайыр өзгерулер мен өңденулерді, ауысулар мен алмасуларды, құбылулар мен қүлпыруларды дәл аңғара білуі қажет. Сонда ғана жазушы “өзінің сөз қорын мейлінше байытып, әркім бір қолданып әбден ығыр қылған арзан сөздерге жоламайтын болады” (Беранже). Сонда ғана жазушы әр сөзді таңдап, талғап тауып, ойды анық, сезімді нәзік жетікізер тың және тартымды суреттер жасай алады. Мұның өзі жазушы тілінін үш түрлі ұтымдылығына — д ә л д і к к е, ы қ ш а м ды қ қ а, с ұ л у л ы қ қ а — негіз-делуі шарт.

Тіл байлығының қайнар, көздері көп. Солардың бірі — с ө з д е р д і ң к ө п м а ғ ы н а л ы л ы ғ ы (полисемия). Әр сөз жеке, атау күйінде тұрып-ақ бірнеше мағынаға ие. Бұл сырды лингвистер сөздегі тура мағы-

204


на және туынды мағына ретінде түсіндіреді де, “тура мағынадағы сөздер заттар мен құбылыстарға, сапа мен белгіге, іс-әрекетіке тікелей бағытталып, туынды мағыналарға қарағанда айқын, дара көрінетінін”* дәлелдейді. Бұл', әрине, назар аударарлық жайт. Бірақ бізге керегі - бірыңғай лингвистік тұрғыдан дәлелденіп, қорытылған түйін-тұжырымдар ғана емес, әр оөздегі әлгі қасиеттің әдеби шығармаларда қолданылуы. Көркем сөз теориясы, бәрінен бұрын, соған назар аударады. Егер жазушы әр сөздің әр сипаттағы тура һәм туынды мағыналарын жіті айыра танып, әрқайсысын тек өз орнында ғана ұтымды қолдана алса, сөзбен жасалған суреттегі ой мен ұғым, сыр мен сезім дәлдігіне жетеді де, осы арқылы шығармаға әсерлі эмоциялық күш дарытады. Ал баяндау мен суреттеудегі дәлдік — жазушы шеберлігінің ең ірі қырларының бірі. Полисемизм қаламгер үшін тек осы жағдайда қажет. Мысалға дүние деген бір ғана сөзді алайық та, осы сөзде қанша мағына бар өкенін және оларды қаламгерлер қай ретте қалай қолданғанын сөздіктен қара

п көрелік: Дүние (зат есім). 1. Ғалам, бүкіл әлем, бүкіл жер жүзі. Дүниеде , сірэ, сендей маған жар жоқ, саған жар менен артық табылса да (Абай). Бүкіл дүние жүзі еқбекшілерінің алдында Советтер елінің беделі өлшеусіз артты (“Социалистік Қазақстан” газеті). 2. Өмір, тіршілік. Қазақ;, орта жасқа келген кісі, кішкене көзі жымиып, күлімсіреп тұрған сияқты — Айда, Иван, көтер, дүние екі айналып келмейді,— дейді (Майлин). 3. Мал, мүлік. Той болды жиязы артық, балуан сайыс, айдады күндік жерге жорға жарыс, шашуға тойға әкелген сан жетпейді, дүниені төгіп жатыр жақын, алыс (Малдыбаев). Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз (Абай). 4. Өкінгенде, бір-демені арман еткенде айтылады. Қапыда өткен дүние-ай, ақырында еш болды, ел үшін еткен еңбегім (Махамбет). 5. Дүние салды — өмірден өтті, өліп кетті. Соны айтқанша Сарыбай талып қалды, ышқынып бір-екі рет демін алды. Онан соң қайта сөзге келген де жоқ; сол жерде Сарыбай да дүние салды (“Қозы-Қөрпеш”). 6. Дүниеге келді — жас сәби туды. Арадан жарым сағаттай өткен соң дүниеге келген баланың даусы шыға қалды (Сыдықбеков). 7. Дүниеден өтті—өмір сүрмейді, өлді, қа-

* К. Аханов, Тіл бшшше кіріспе, А., 1965, 154-бет.

205

за тапты. Қажымайтын қайратты, талмайтын күшті Қанатты, жаңалық тұрмыс орнатқан, өтті Ленин дүниеден (Иманбаева)”*. Міне, бұл мысалдардан біз бір ғана сөздің әрбір қолданылған сайын әр түрлі мағынаға ие боп, тіл мен ойды қатар байытатынын көреміз.

Жазушының еңбегіне байланысты творчествоның аэабы деген ұғым бар. Сол азаптың ең үлкені — суреткердің сөз үстіндегі қызметі. Шынында да: “миллион сөз ойлап, соның тек бірін ғана таңдау — қандай азап?” (Л. Толс-той). Алайда шын таланттың рақаты да сол — азапта: миллион сөз ішінен бір сөзді таңдап тауып, дәл орнына дір еткізе түсіру — азаптан туған рақат. Жалғыз-ақ жазушы осыған жету үшін сөздердің өзге қырларымен қатар, полисемиялық сырларын да терең білуі қажет. Өйткені бұл, жоғарыда айтқанымыздай, тіл байлығының қайнар көзі.

Тілді байытар тәсілдер ұшан-теңіз. Полисемизмде бір сөздің бірнеше мағынасы болатын болса, енді бір ғана мағынадағы сөздің өзі өзге сөздермен тіркесе келе бірнеше ұғымға көшетін жайы және бар. Мысалы, сынап деген сөз жеке тұрғанда зат болса, осыны өзге сөздермен тіркестіріп, айталық, сынаптай ағады десек, жаңағы заттық ұғымы қолма-қол өзгеріп, енді әлде-ненің жылдамдығын немесе сынапша жылтырайды десек, тағы бір нәрсенің түсін таныта бастайды. Бұл да сөздің көп мағыналылығы, мұны да шебер пайдалана білу шарт.

Әр сөздің тура мағынасымен қабат бұрма мағынасы да бар. Кей сөздерді сол кері мағынаға көшіріп, орны-мен ойната білу де әсем тәсіл. Мүндай жағдайда бұрма мағынада айтылған сөзге айрьпқша астар, ойға юморлық, кейде, тіпті, ирониялық сипат 'беріледі де, суреттеліп отырған шындықтың мазмұны тереңдей түседі.



Жаманнан туған жақсы бар, Күндердің күні болғанда

Атасын айтса, нанғысыз. Жарамды бір теріге алғысыз



Жақсыдан туған жаман бар,

(Махамбет )

.

Бұл өлеңде әр сөз (жаман — жаман, жақсы жақсы дегендей) тура мағынасында қолданылып отыр. Демек бұл арада оқшау астар да, ақыс бүкпе де жоқ. Ал мына сөзде ше?



* Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі Жалпы редакциясын басқар-профессор /. Қеңесбаев, А., 1959, 1-том, 176-бет.

206


— Менде де бар бір жаман, '

Не қылайын қазақтың,

Жүйрігі мен жорғасын.

(М. Әуезов)

Айма'н — Шолпан” пьесасының алғашқы нұсқасында автор Айманның, аузына осындай сөз салатын. Әдемі ирония! Бұл арада жаман деген сөз тура мағынада емес,бұрма мағынада алынып отыр: Айманның жаман дегені Әлібек, ендеше оның ұғымында бұл сөз жақсының кез келгенінен артық, абзал. Сондай-ақ “Абай” романында автор Абай туралы Құнанбай аузына: “Одан да, не күтсеңдер, осы жаман қарадан күтсеңдерші”,— деген сөз салады. Бұл арадағы жаман да астармен, жақсы атаулының бәрінен биік мағынада әдейі айтылып отыр.

Осы секілді көркем әдебиетте әр сөздің тура мағынасымен қатар бұрма мағынасын да еппен, ұқыппен ұтықты пайдалану шығарманың, ішкі-тысқы ажарына ажар қосары даусыз. Тілдін, бұл ойнақылығына бізде Ғабит Мүсірепов ерекше сергек қарайды. Оның шырармаларындағы шуақ юмор мен сырлы астардың, (подтекстің) бір ұшы осында жатыр.

Айтқысы келген сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті бірден-бір сөз іздеп табу — шебер суреткердің қасиетті парызы. Оның дәл осы жағдайда сөз іздер атырабының бірі — с и н о н и м и я (грекше випопутоз —заттас) --айтылуы,е с т і л у і ә р т ү р л і б о л ғ а нм е н, м а ғ ы н а сы б і р- б і р і н е ж у ы қ, м ә н і ұ қс ас с ө з д е р. Мысалы: шапшаң, дереу, жедел, тез, жылдам; мезгіл, мерзім, мезет, уақыт, шақ, сэт, кез, кезең; айқас, шайқас, ұрыс, қағыс, қақтығыс, тартыс, төбелес, тай-талас, кескілес т. б. Осылар секілді синоним сөздердің ішінен суреткер өз көкейіндегі сыр мен шындықты дір еткізіп дәл жеткізер ең қажеттісін ғана таңдап алады.

Мен кескекті ердің сойымын, Бәйеке, сұлтан, аксүйек

Кескілеспей бір басылман. Қыларың болса, қылып кал

Алдыңа келіп тұрмын деп, Күндердің күні болғанда

Ар, намысым қашырман... Бас кесермін, жасырман'



(Махамбет )

Осы өлеңдегі синоним сөздердің әрқайсысы өз орнында. бәрін де ақын керемет талғаммен тауып, қолдан-

207

ған. Сондықтан олардың ешқайсысын ешбір мәндес бен ауыстыруға болмайды. Қескілеспей басылман дегенді, мысалы, төбелеспей басылман десе, қандай күлкі болар еді? Кескекті ер дегендегі ұғым дәлдігі мен нұысқалы-лығын айбарлы, ер, айдынды ер дегендердің ешқайсысы бере алар ма? Қыларың болса, қылып қал дегендегі ашу мен айбарды, кек пен ызаны тек осы синоним тірестері арқылы ғана дәл танытуға болады. Сондай-ақ сой дегенді түр деуге, басылманды — қойман, тоқтаман; бас кесерміндіөлтірермін, құртармын деуге тіпгі де болмайды.



Уақыт

Ленин


туралы айтам кеңес.

Басқа қайғы

жоқтықтан

тапқан емес.



Уақыт болды,

өйткені өткір қайғы

Ұғылған анық ауру

болды тегіс.



Уақыт,

Ленин ұранын көкке шығар,

дауылдат тағы!

Біз бе


бекер жылар?

Ленин


тірілердің бәрінен де

тірі әлі.

Ол —

біздің білім,



күш пен құрал.

(В. Маяковский )

Бұл — “Владимир Ильич Ленин” поэмасының бет ашары (аударған

Қ. Тоғызақов). Осындағы уақыт деген сөзді аударушы ақын қаптаған синонимдер ішінен дұрыс таңдап, дәл тапқан. Нәтижесінде позманың түп нұсқасындағы терең мазмұнмен /бірге жұртты көзімен де, көкірегімен де жалт қаратар ақындық күш, леп, рух, қайсарлық пен өрлік қазақ оқырмандарына да дәл орысша-сындағыдай дауылдата бұрқырап, тамаша жеткен.

Жедел-көмек — автобус,

Оқысты о да тұр күтіп;

Тұрсын ол әрбір шақта бос,

Қайтеміз оны зырғытып?

(X. Ерюлиев )

208


Жеделді тез, оқысты — кездейсоқ, шақты — уақыт, зырғытыпты — жүйткітіп дегендер тәрізді синоним сөздермен ауыстыруға болар еді, бірақ бұлардың бірі өлеңнің ырғағьш бұзса, бірі ұйқасына зақым жасайды, сөйтіп, силлабикалық жүйенің қашаннан қалыптасқан табиғи заңына шәлкес келеді. Міне, бұған қарап, синонимия сөз өнеріндегі мазмұнмен қатар пішін үшін де өте-мөте қажет нәрсе өкенін түсіну оңай.

Синонимияда көп сыр бар. Алдымен, бұл — толассыз қозғалыста тұратын, яғни әрқашан толығып, дамып, тазарып, жаңарып, өзгеріп отыратын құбылыс. Ал синонимдердің пайда болу жайы — бүтін бір тарих. Оның бәрін 'қопару — біздің бұл жолғы міндетіміз емес. Өйткені суреткер әр синонимнің туу тегіне қарамайды, ұғым дәлдігіне, айтылу ажарына қарайды. Айталық, солдат — қа-зақ сөзі емес, тіпті орыс сөзі де емес, неміс сөзі. Біздің ана тілімізде солдаттың әскер, жауынгер, сарбаз т. б. сыңарлары бар. Алайда:

Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі,

“Жоксың” ,— деп жала жабар қудың бірі.

Түссем де отқа, суға тозар емен,

Солдаттың етігіндей жаным сірі,—

деген жолдарды жазарда Қасым Аманжолов, әрине, солдат деген сөздің туу тарихын топшылап, не шығу тегіне үңіліп қараған жоқ, қанша “отқа, суға түссе де, тозбайтын жанның сірілігін” таныту үшін өзге емес, тек солдат етігінің төзімділігін ғана таңдап тапқан. Сол сияқты әдеби шығармадағы синонимдер диалектизм не эвфемизм арқылы келді ме немесе адам ұғымы мен түсінігінің жалпы өсу, өрбуінен пайда болды ма, бәрібір, бұл тарихты қаламгерден ешкім де сұрамайды. Жалғыз-ақ, оның халық тіліндегі синоним секілді сарқылмас мол қазынаны терең біліп, шебер пайдалануы шарт. “Қазір-гі Тоғжан жүзінде,—деп жазады М. Әуезов,—Абай қиялынан бір шақ кетпейтін, үлбіреп, толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ”. К. Аханов дұрыс аңғарған: “Осы сөйлемдегі жүз деген мен рең деген бір-біріне синоним де, лезде деген мен сәтте деген сөздер — бір-біріне синоним. Жазушы бір сөйлемде бір сөзді қайта-кайта қайталамай, оның синонимдерін тауып қолданған. Осының нәтижесінде сөйлем де көркем құ-ралған”.

' 209


Бір емес, бірнеше синонимдердің, бірін-бірі үстемелей қабаттаса, қатар келуі арқылы жасалған сөз тіркесі (плеоназм) де көркем шығармада орнымен қолданылса ой мен образға айрықша әсер, күш дарытады.

Орынды іске жүріп, ой таппаған,

Не болмаса жұмыс қып, мал бақпаған.

Қасиетті болмайды ондай жігіт,



Әншейін құр бекерге бұлғақтаған.

(Абай)

Ақын әншейін, құр, бекер деген үш синонимді әдейі еселеп, өзінің осы тұстағы ойын оқырманға бір түрлі қызық мінезбен айтқан.

Ескі дүние есігін теуіп ашып,

Кіріп келді ол жүзінен жалын шашып.

Босағада тұрмады, төрге ұмтылды,

Бұзып, жарып, еңсерт, еркін басып.

(К Аманжолов )

Соңғы жол — түп-түгел п л е о н а з м. Бір топ синоним бір-ақ жолға сыйып, түйдектей тұтасқанда өлен өзгеше екпінмен, леппен ойнап шыға келген.

Қысқасы, синонимдер біздің сөзімізді байытады, айқындайды, түрлендіреді. Синонимиясыз әдеби тілдің сыртқы әрі немесе ішкі нәрі жайлы әңгіме қозғаудың қажеті жоқ.

Сөйлеу тілімізде синоним (заттас) сөздермен қатар о м о н и м (грөкше һотоз; опута— аттае) — а й т ы л у ы, е с т і л у і б і р б о л ғ а н м е н, м ә н-м а ғ ы н а с ы ә р т а р а п с ө з д е р бар екені мәлім. Мысалы: қара, көр, ер, жар, ор, сор, аң, нан, қан, тац, сан, мал, сал т. б.

Бір сөзде.бірнеше мағына болуы, әрине, байлық. Бірақ бұл байлықты аса сақтықпен, абайлап пайдаланған дұрыс. Өйткені омоним сөз орынды жерде тұрмаса, сол арадағы ұғымды бұлдыратып, көмескі, түсініксіз, кейде, тіпті, екі жақты мағына беруі мүмкін. Тегінде, ой мен сөздің дәлдігіне зақым келген жағдайда олақтық бой көрсетеді. Ал олақ кісіні оңды қаламгер деу қиын. Сондықтан болса керек, Сұлтанмахмұттың “Қалқам, жаным, қарағым, бетіңе келмес қарағым” дегені сөкілді кекесін, сықақтарда, яки әншейін көңіл ашар ретіндегі әзіл, әжуаларда арнайы қолданылғаны болмаса, шын өнер иелері омонимдерді тым сарабдал талғайды.

210


Аттас сөздердің бір алуан ұнамды роль атқарар аренасы — өлеңді шығармалар. Кейде ақындар жекелеген омонимдерді әр тұста арнайы қайталап, өлеңнің ырғағыын, ұйқасын құбылтып, әсерін күшейтеді.

Тағыдай таудан су ішкен, Тағы сынды жан едік,

Тарпаңдай, тізесш бүгіп от Тағы келдік тар жерге,

жеген, Таңдансаң, тағы болар ма?

(Махамбет )

Мұндай дыбыс қайталауларға бармай-ақ, әр сөзді ұғымға 'сай өз орнына шебер орналастырып, тілді ой-мен, сырды сезіммен сергек астастырған жағдайда, әр сөздің омонимдік сипаты көзбе-көз жоғалады да, мазмұн тұп-тұнық мөлдіреп тұрады:



Жаз де маған жақсырақ Ол жұлқынып, бак, сұрап,

Сабырлықты мш деме; Жорта берсш, үндеме!

(К,. Бекхожин )

Осы шумақтағы жаз, сабыр, мін, деме, бак,, жорта деген сөздердің бәрі—омоним: біреуінде бірнеше мағына бар. Алайда ақын әр сөзді өз орнына дәл қойып, ойнатып әкеткенде, әрқайсысында тек бір-ақ (ақын дарытқан) мағына қалды. Оңды емес пе? Суреткердің сөз қорын омоним осылай байытар болар.

Тілдің кез келген құбылысы әдебиет үшін ізсіз өтіп, босқа кетіп көрген емес. Айталық, а н т о н и м (грекше апіі — қарсы; опота — атау)- б і р –б і р – і н е к е р е- қ а р, қ а р а м а-қ а р с ы м а ғ ы н а д а ғ ы с ө з д е р. Мысалы: ақ, — қара, алыс — жақын, бар — жоқ, өмір өлім, алғыс — қарғыс, ерте — кеш, ескі — жақа, ауыр — жеңіл, жүру — тұру, күлу — жылау т. б. Бір қа-рағанда, осылардың бәрі — таза лингвистік қана нәрсе; мұндай антонимдік қарама-қарсылықтардың өнерге, оның ішінде сөз өнеріне, қатысы шамалы тәрізді. Шынында, солай ма? Жоқ, олай емес.

Қөңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,

Алдамаған кім қалды тірі жанда?

Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,

Жалғыз-жарым болмаса анда-санда



(Абай )

Байқасақ, дос — дүшпан, алыс — жақын деген антонимдер әшейін сөз кезегінде тұрған жоқ, ақынның айтар

211

ойына нық түйін, тұжырым, дәйек боп тұр. Рас-ау, дұшпаннан көңілі қайтса, оған таңырқаудың жөні болмас, ал достан көңіл қайтқан соң, одан әрі не қалды? Біржола нүкте қойылған жоқ па? Сондай-ақ “алыс-жақын қазақтың 'бәрін көрсе”, әр жердегі “жалғыз-жарымды” қайтейік, өріс мүлде біткен екен ғой. Міне, өлең сөздерінің ішіндегі аздаған антоним ақын байлауын осылай айкындап, ұғымын оеылай дәлдеп, өлең әсерін осылай күшейтіп, оқырман мен автор ойын осылай ортақтастырады. Ол — ол ма, мынаны қараңыз:



Күлемін де жылаймын, Дәл осыны тусінбес

Жылаймын да күлемін. Адамдар бар не шара!

Неге ғана бұлаймын,— Іші куыс, сырты мес,

Өзім ғана білемін. Тас бауырлы бейшара

(Қ. Аманжолов.]

Не деген ғаламат контраст және осы арқылы ақын адам баласын қандай тұңғиық психологизмге сүңгіте жүздіріп әкеткен! Күле бере жылау, жылай бере күлу — адамның көңіл күйіндегі шекспирлік құштарлық пен өш-пенділіктен ғана туатын мінез; бұл — адамның жан дүниесіндегі нөсер мен дауыл, жаз бен қыс. Ақын мінезінде асынідай күрделі құбылулар болмаса, оның қаламынан 'қызулы жыр да тумаған болар еді. Бұл туралы! басқа бір ақын:

Күйіне еріп көңілдің Осынау нұрлы өмірдің

Не жылап, не бір күлмесең Қадірін мүлде білмес ең!



(.Ш. Мұхамеджнов)

дөп тіпті дұрыс айтқан. Бұл арадағы ой мен сөз орамдары да антоним -арқылы тың ажар тапқан.

Туған тілім — тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.



Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

(Ә. Тәжібаев.)

Осынау отты жолдардағы антонимдік параллель (өсу мен өшу) тек тілдегі айшық қана ма? Жоқ, көкейкесті сыр, одан асса, өмірлік ақиқат. Соны ақын әр жолдағы жарыса жарасқан антонимдік қарама-қарсылықтар арқылы оқырман санасына сіңіре шегелеп отыр. Ендеше а н т о н и м — ө м і р ш ы н д ы ғ ы н ө н е р д е ш ы н а й ы л а у т ә с і л д е р і н і ң б і р і.

212

Кейде кейбір шығармалардың атының өзіндегі антонимдік қарама-қарсылық алыстан айғай салады: “Зұлымдық пен махаббат”, “Соғыс және бейбітшілік”, “Қызыл мен қара”, “Өмір не өлім” т. б. Осы орамдардың өзі де текке тұрып, босқа кетпейді: авторлар оқырманға шығарма мазмұнынан хабар беріп, шақырық жасау үшін дәл осылай әдейі дауыстайды.



Суреткердің сөз қорындағы бір “алтын сандық” — а р х а и з м (грекше агсһаіоз — ежелгі, көне) — б ү г і н д е е с і к і р і п, ә д е т т е г і қ о л д а н у –д а н ш ы ғ ы п б а р а ж а т.қ а н, ә с і р е с е а у ы з е к і с ө й л е с у л е р д е к ө п а й т ы л а б е р м е й т і н к ө н е с ө з д е р. Оларға лингвистер онша үлкен мән бермегенмен, әдебиетшілер енжар қарай алмайды. Өйткені лингвистер архаизмді әлдебір ғылми мақсатпен ғана тексеріп өтсе, жазушылар олай етпейді, қолма-қол керекке жаратады, пайдаланады.

Әдебиет—әр халықтың көркем тарихы. Әдеби шығармаларда бүгінгі ғана емес, байырғы тарихи шындықтар да көркем жинақталуға тиіс, солай больш та келе жатыр. Қазіргі қазақ әдебиетінде тарихи тақырыпқа жазылған шығарма-лар әр жанрда, да бар және бірқыдыру. Міне, сол тарихи шығармалар туғызу әрекетінің үстінде суреткер архаизмді аттап та кете алмайды, орағытып та өте алмайды.

“Абай жолының” екінші томын ашып қарайық:

Тан алдында бір ғана сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. Бірақ әлі талған жоқ. Әлі де кітап бетіне үңілуде... Парсы, түркі кітаптары бұны Шираздың гүлзарына әкетеді, Самарқаннын, мазар, ғымараттарына қадалтады. Мәру, Мешһедтің миуалы, бұлбұлды бақтарына, салқын, самал хауыздарына үңілтеді. Ұлы ақындар мекен еткен Ғырат, Ғазна, Бағдаттың сарайларына, медреселеріне, кітапханаларына тартады... Абайды бүгін өзіне үңілдірген — жаңағы елдер мен уәлаяттардың дәл бүгінгі көрінісі.

Осы үзіндідегі жекелеген гүлзар, мазар, ғымарат, хауыз, медресе, уәлаят сияқты сөздердің дәл бүгін жиі қолданылмайтынын айтып, бұларды архаизмге сайып жатудың қажеті аз-ақ шығар, бірақ жоғарғы үзіндідегі күллі ажар-көрік, уақыт пен кеңістікке сай шындық пен шынайылық жеке сөздердегі ғана емес, жалпы сөз тіркестеріне тән жаңа реңде жатқан жоқ, байырғы бағзы заманға лайық көне келбетте жатыр! Ендеше, тарихи шығарма авторы сол бір өткен дәуірдің тарихи бітімін, бол-

213


мысын, ерекшелігін тартымды һәм нанымды көрсету үшін, қазір қанша тотыға тұрса да, мүмкіндігінше, сол тұстағы тіл бояуын қалпына келтіруге міндетті. Мұнысыз бүгінгі оқырманға өткен тарихи дәуір тынысык таныту мүмкін емөс.

Абай заманындағы ауыл жігіттерінің түйе жүн шекпенін шешіп, оның орнына қазіргі қала жастарының жасанды жібек плащын кигізу қандай ерсі болса, медресе ден қайқан шәкіртке “Москвич” барған соң, лекция бітпесе де, деканнан рұқсат алдым” дегізу сондай ерсі болар еді. Өйткені бұдан жүз жыл бұрынғы қазақтарды өмір сүрген ортасына лайық киім кию түрі де басқа. сөйлеу тілі де бөлек. Сондықтан эпопея авторы “Балам, бойың өсіп ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің өсті ме?” деген Құнанбайға жауап ретінде Абайдың аузына мынадай сөз салады: “—Шү- кірлік, әке, ат барған соң, дәріс тәмәм болмаса да, хазреттік рұқсатын, фатиқасын алып қайттым”. Әрі орынды, әрі қонымды. Сонда бұдан бір ғасыр бұрынғы сөйлесулерге сол дәуірге лайық өң, рең беріп тұрған—жаңағы! Құнанбай мен Абай тіліндегі молда, шүкірлік, дәріс, тәмәм, хазрет, фатиха дегендер секілді казір көп қолданылмайтын, атам заманғы көне сөздер. Жазушыға архаизмнің ең керегірек жері, міне, осы.

Содан соң, суреткер архаизм сөздерді нағыз орны табылып тұрған жағдайда бүгінгі өмір шындығын, тіршіліктегі тың құбылыстарды бейнелеу керегіне жаратуына да әбден болады.

Дулыға сыймас басыңа,

Асау күн, келдім қасыңа



(Т. Жароков )

Бұл жолдар ақынның “Күн тіл қатты” поэмасынан алынды. Поэмада (отызыншы жылдарда жазылғанына қарамастан) дәл бүгінгі шындьгқ — адам баласының ғарышқа самғау әрекеті жырланатыны мәлім. Демек, сырттай ойлап қарасақ, космостағы құбылысты суреттеуге архаизм араластыру мүлде мүмкін емес сияқты. Ал мұңда, керісінше, ақын дулыға деген баяғының батырлары киетін темірден жасалған бас киімді бір түрлі қайтадан жаңғырта сырлағандай дөңгелентіп әкеп күнге кигізген-де, жарасқан да қалған. Егер дулығаның орнына автор бөрік сыймас немесе шляпа сыймас басыңа десе, кісі

214

күлгендей оспадарлық болар еді. Дулыға қазір архаизмдік сипаттан арылып, жанарып келеді: соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың бірқатарында, әсіресе полковник Бауыржан Момышұлының жауынгерлік жаз-баларында, дулыға орысша каска деген сөздің баламына алынып жүр. Сондай-ақ қазіргі қазақ тілінде қайта жасарып, тың мағына тауып жүрген көне сөздер көп. Бұл — өте дұрыс нәрсе.



Каталог: Книги
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет