3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ



бет18/20
Дата19.12.2016
өлшемі5,03 Mb.
#4105
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

333

Жаутаңдап екі жағаңда

Тамыры тандыр жер жатты;

Талатып көшіп заманға,

Қабағы қату ел жатты; —

деген шумақ біздің көз алдымызға Сыр елінің күні кешегі мешеу, мүшкіл халін, шөл даланың ерні кезерген аянышты кейпін әкелсе, енді бірде ақын:

Көгінен күні нұр сепкен,

Жерінен гүлі жайқалып;

Бойында Сырдың ер жеткен

Берекелі елім, бай халық,—

деп, дәл әлгі ел мен жердің бүгінгі күйі мен кескінін өткеніне қарсы қояды. Сондай-ақ кешегі дарияны:

Ағып бір жаттың суылдап,

Айта алмай, сірә, бір сырды;

Қайыса қарап, суыңды ап,

Жағаңда мұңлы қыз тұрды,—

деп, мұңды сазбен жырлаған ақын ізінше бұлттан шыққан күндей жарқ етіп, жадырай әндетіп, шалқи жөнеледі:

Көтеріп күйдің дауылын,

Сапыра Сырды жырлайды;

Далаға төсеп бауырын,

Дария толқын тыңдайды...

Осылардың бәрі — бір ғана лирикалы өлеңнің өн бойындағы сезім мен саз. Бір емес, бірнеше сезім; бір емес, бірнеше саз.,.-Ендеше, ақын бір сезімнен дереу екінші сезімге ауыса алмайды деген пікірді тым жалаң, қара дүрсін түсінбеу керек. Белинскийдің айтып отырғаны бір лирикада бірнеше сезім болмайтыны емес, бір адам-ның.— “субъектінің (ақынның) бір мерзімде көп сезімге айнала алмайтыны”. Бұл — өте дұрыс: сүйіп тұрып, дәл сол мезетте жек көру, құлай жақсы көріп тұрып, дәл сол мезетте жирену мүмкін бе? Жоқ, бір-бірінен мұншалық алшақ сезімдер мезетке (мгновение) сыймайды. Сыншы соны айтып отыр.

Демек, лирикадағы елгезек сезім мен сыр жайын, бұлардың жинақылығы мен мөлдірлігі туралы айтқан-да, өлеңнің өзін қимылсыз, статикалық әлденеге айналдырып алмау жағын қараған жөн. Рас, лирика-дағы әр-бір саз (мотив) — ақынның бір сәтте жалт еткен нұрлы о й ы, сол бойда жарқ етіп тұтас көрінген ішкі сырлы дүнйесі. Бірақ, бұл осы қалпында өзгермей, құбылмай қатып тұрып қалады

334

деу қате; бұл саз басқа бір жаңа сазға ұласады, сөйтіп, қимыл-қозғалысқа көшеді; лирикадағы адамның жан диалектикасы дегеннің өзін осылай түйсіну керек.



Лириканың бас қаһ'арманы —ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айрықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді. Ақын оқшау образ жасап, оқырман-ға “содан үйрен, не жирен” дегендей тенденциямен ғана тынбайды, оған тура өз басындағы сезім мен сырды тұп-тұтас көшіре салады. Сонда ақын көкірегіндегі сезім —.оқырман сезімі, ақын көңіліндегі с ы р ы оқырман

сыры болады да шыға келеді

Армысың-ау, армысың, Сұлулықтық өзі жоқ,

Айналайын, жеңешем! Жұрты ғана қалыпты.

Бармысың-ау, бармысың, Ұмытады көз калай

Аймалайын,жеңешем Сені, сонау келіншек?

Жарқ еттің-ау біріндей Сен бар жерге — бозбала —

Кос ырғайдың, жеңешем! От бассақ та келуші ек.

Құшақ жая жүгірмей, Әзіл, күлкі, ән мен жыр —

Тосырқайсың, неге сен? О да сен ең, есімде.

Ерте кепті егделік,, Жас қауымның сәні ең бір,

Қой, еңсенді бір көтер! Сауық-сайран кешінде

Ерке, епті жеңгелік Өтті-кетті демесең,

Қылаң беріп бір кетер. Бәрін бастан кешірдік.

Сазды, назды сөзік жоқ, Әттең, әттең жеңешем,

Жаның неге шалықты? Жасыткан-ау жесірлік...



(Ж. Молдағалиев.)

Міне, бұл өлеңді оқығанда әркім-ақ өз көңіл күйін тербегендей, өзінің жан сырын ақтарғандай болады; әркімнің-ақ жас шағы, жастығымен бірге өтіп кеткен сауығы мен сайраны мол, уайымы мен қайғысы жоқ бозбала кезі — сылқым, сұлу күндері еске түседі; сол күндердің куәсы секілді ауылда қалған аяулы, ару жеңешесі ойға оралады. Міне, араға ұзақ жылдар салып, ақын... жоқ, ақын емес, біздер — әрқайсымыз ауылға оралдық. Кұ-лын тайдай тебісіп асыр салған, қайран жастықтың қара көк жайлауы болған жерге келдік. Бұл жердің әр бұтасы ыстық, әр төбесі таныс, көзге оттай басылады. Міне, ауыл — туған ауыл... Сонау бір шақта — соғыстан бұрын, майданда қаза болған ағамыздьщ көзі тірі кезінде басқа пана, жанға сая болған, ағамызға әкеміз тігін

335

берген ақ отау, міне... Қуаныш пен шаттыққа толып, күл-кімен күмбірлеп тұрушы еді-ау, осы отау... Өйткені мұнда қос ырғайдың біріндей бұралған асыл жеңгеміз барды. Шырақты шыр айналған көбелек секілді баяғы балғын кезімізде бар билігіміз соның қолында 'болушы еді: ол шақырса тіл қатып, одан артық, жоқ, шаттық, қой күзеттік түн қатып, егін салып, шөп шаптық... Қайда екен сол аяулы, асыл жеңге?.. Ау, бар екен ғой, міне, ақ отаудың сықырлауығын айқара ашып, алдымнан шықты.



Армысың-ау, армысың, Бармысың-ау, бармысың,

Айналайын, жеңешем1 Аймалайын, жеңешем...

Бар адамды бір адамның (ақынның) “қуанышымен қуантып, қайғысы-мен қайғыртар, шаттығына бөлеп, үмітімей тыныстатар, құлағымен есіттіріп, тілімен сөйлетер.,..” (Белинский) лирика дегеніңіз осы ғой!.. Тек ақын талантты болсын да... ірі болсын, қолынан келсе, ұлы болсын!.. “Ұлы ақын,— дейді Белинский,— өзі туралы, өзінің, жеке мені туралы айтса,— жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар”.

Лириканың күші — әсерлілігінде; әсерлілік әр нәрсені әшейін ауызекі әңгіме қылғандай сылдыратып айтып беруде емес, айтайын дегенін сырлы суретке айналдыру-да, демек, лирканың күші—баяндауда емес, суреттеуде жатады. Ал лириканьщ "Суреттер шындығы ұланғайыр, шындықты қамту кұлашы кең; шын мәніндегі шебер лирикті не жалаң қайғының, не бірың-ғай қуаныштың ақыны, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге болмайды; та-лантты лириктің өлеңдерінде соның бәрі түгел, тұтас жатады; онын, сырлы жырларындағы сәл ғана, ең бір жай сезінудің өзі, Белинскийше айтсақ, оқыған жанның сана-сезімін түгел баурап, көңіл күйін түгел тербетіп, барлық пернені бірден басып, барлық шекті бірден сөйлеткендей сайрап кетеді. Сондықтан шын мәніндегі шынайы лирика сырдаңдық атаулыдан әрқашан аулақ тұрады. Мұндай лириканың үлгілерін Гете мен Пушкин, Абай мен Шевченко, Блок пен Брехт, Элюар мен Хихмет... секілді әлемдік әдебиеттің әйгілі классиктерінің бәрінен табуға болады.

Лирикада реалистік эпос пен драмадағыдай қарама-қарсы екі жақтың қиян-қилы күресі, қат-қабат қақтығысы шиеленісу, өрбу үстінде көріне бермейді. Лирика-

336


лық қаһарман, әдетте, ұнамды кейіпкер. Сөйте тұра лириканың тартысты және тартыссыз түрлері болады. Дәлірек айтқанда, шындықты қатал, сұсты, күрделі қимыл-қозғалыс қалпында көрсететін салмақты, салихалы өлең болады да, қиындықтан жылыстап жүретін майда, майысқақ, жылымшы жырлар болады. Қасым Аманжолов бір жолы жалпы өлең дегеннің не екенін толғап, оның әлгідей екі түрін өз ара салыстыра келіп, ақыр аяғында өз жырын былайша сипаттаған еді:

О, өлең!


Өлең деген не нәрсе бұл?

--- Өлең — су,— дейді біреу,— ағыл-тегіл.

Ой толы отыз жасар жігіт-жырым,

Өлең-су жағасынан термейді гүл.

Өлеңім, өзіме тарт! Тірі адам бол'

Алдыңа алмай-ақ қой мауыты стол.

Ақын бол, азамат бол, жауынгер бол,

Халқыңды құшақтап сүй — міндетің, сол.

Кей өлең келеді тым қылтың-сылтың,

Жалтылдап ұсынады жұртқа сыртын. '

Топ жара енген менің жігіт-жырым

Оларды тыжырынтар бәлкім, мүмкін

Қалтылдақ қалпақ киген ғасырлардың

Қыз мінез қылтыңына бас ұрмадым.

Аламын ауыр ойдан ауыр сөзді,

Мақта емес, ми болған соң басымдағым-

Бұл жерде ақын өзінің эстетикалық талғамын аңғартып, өлеңге қояр талабын айтып, өзінің акындық программасын ұсынып қана отырған жоқ, ұшқын атып, жалын шашқан отты өлеңге мінездеме беріп отыр. Лири-кадағы тартыс дегенді дәл осы тұрғыдан ұғу керек.

Лирикада мінез болады. Ол — ақынның мінезі: өлеңім, өзіме тарт дегендей, әр өлең тек иесіне ғана тартады. Сондықтан оқырманның өлеңді сынайтыны секілді, өлең оқырманды да сынайды. Біздің жаңа дәуірдің алғашқы жылдарында, мәселен, біреулер Маяковскийге құмартса, біреулер Есенинді ұнатты. Бұл тегін емес; әркім өлең мінезін өз қабілетіне, өз мақсат-мұратына қарай таньш білмек. Бұл — өлең мен адам арасындары қарым-қатынас. Бірақ бұл аз. Өлең мен адам ғана емес, оның арғы жағында өлең, мен заман арасындағы қарым-катынас тұрғанын ескеру шарт. Неге? Негесі сол — “әр ақынның өз пафосы бар. Сондай-ақ, әр дәуірдің де өз пафосы болмақ. Ақынның оты өз мезгілінің жалынымен толық тоғыса лапылдаған жерден Шекспир, Гёте, Пуш-

337

кин шығады; ал мұндай тоғысу болмаса, суреткер творчестволық тентіреуге түседі” (Сельвинский). Біздің дәуір —ұлы революциялар дәуірі; біздің заман — адамзаттың мәңгілік көктемі жолындағы алып күрестер заманы. Біз бүгінгі лириканың мінезін тануға осы көзқарас тұр-ғысынан келеміз.



Жоғарыда айттық, лирикалық поэзия — сөз өнерінің ежелгі көне түрлерінің бірі.

Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма?

Оны жасырар адамның күші бар ма?

(С. Торайгыров.)

Адамның сезімі мен сыры болған жерде лирикалық жыр да болған, жыр арқылы адамның сыры мен сезімі сыртқа шыққан. Сондықтан болса керек, лириканың жанрлық түрлері қашаннан қисапсыз көп және әр алуан.

Әр халықтың лирикалық өлеңдері оның атам заманғы ауыз әдебиеті-нен басталған. Мәселен, қазақ лирикасының басы баяғы салт өлеңдерінде — Той бастар мен Жар-жарда, Сыңсу мен Бет ашарда немесе мұң-шер өлеңдерінде — Қоштасу мен Көңіл айтуда, Естірту мен Жоқтауда жатыр. Солардан өрбіген лирикалық сарын толассыз жамырап әр түрлі ән өлең-деріне, толып жатқан толғау жырларға тоғысқан да, одан лиро-эпосқа келіп сіңген. Дәл осы арада айта кетуді қалайтын бір жайт,— шындықты суреттеу тәсілдерінің өзгешеліктеріне қарамастан, лириканы жалпы поэзияньщ басқа түрлерінен ажыратып алып, тек өзін ғана жеке-дара қарау ылғи жемісті бола бермейді. Дұрысында эпостық шығармаларда лирикалық нәзік сезімдер, шалқу-шалықтаулар, көтеріңкі пафос, сондай-ақ лирикалық шығармаларда эпостың элементтері кездесе береді. Бүған дәлел — жоғарыда аталған лиро-эпос. Ендеше лириканы жалаң тексеріп, түр-түрге бөліп жатудың өзі — шартты нәрсе. Сондықтан біз лириканың кейбір тарихи түрлерін атағанда, әрқайсысын заңдандыру үшін емес, жалпы лирикалық өлеңдердің бүкіл әлем әдебиетіндегі бір алуан даму жолын ойша топшылау, бағдарлау үшін ғана қысқаша шолып өтпекпіз.

Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі — баллада (итальянша Ьаііаге — билеу) — лиро-эпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең.



338

Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін, толғанысын жырлап қана тынбайды, сол сезімді туғызған себептерді оқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет (мысалы, ағылшынның Робин Гуд жайлы халык баллада-лары) болып келеді.

Баллада өзінің ұзақ даму тарихында талай өзгерістерге ұшырады: әуелде бір топ адам қол ұстасып, би билеп жүріп айтатын ә н түрінде көрінсе, кейін сыршыл т о л ғ а у енді бірде асқақ әуенді а р н а у түріне ауысты. Соңғы түрдің үлгісі ретінде белгілі француз ақыны Франсуа Вийонның “Бұрынғы өткен арулар” деген балладасын атауға болады. Мұның әсіресе ел намысын қорғаған ер жүрек батыр апаларын аңсап, армандайтын жерлері айрықша жылы, сырлы:

Тал бойы тұнып тұрған намыс пен ар,

Асыл қыз, ардагер қыз таныс шығар.

Сен үшін отқа түскен өзі барып,

Қайда сол қайран ару Жанна д'Арк?..

Баллада кейін барлық әдебиеттерге тараған: Англияда Р. Бернс, Германияда А. Брентано, Россияда В. Брюсов — бұл жанрдың айтулы шеберлері десек, көп ұлтты совет әдебйетінде нағыз баллада

Н. Тихоновтан басталады. Мәселен, оның мынау “Шеге туралы баллада-сы” (аударған Қ. Мырзалиев) — біздің күндердегі балладаның классика-лық үлгісі:

Ішке тартып жүзіндегі жылуын,

Жәйбарақат шегіп алды шылымын.

Сарбаздарды өрттей шарпып от көзі,

Содан кейін ширақ басып өтті өзі.

“Басталады жорық, шеру, түн қатыс

. Сағат — сегіз. Бағытымыз — күнбатыс.

Қалады артта қатын-бала, қара орман,

Мәңгі бақи баз кешіңдер олардан.

Бір жын ойнақ болмақ бүгін шамасы!”

“Болса болсын!” — деді жігіт ағасы.

Көк теңізді қанға бояп күн батты.

Қылшылдаған бір қыршын жас тіл қатты:

“Тағдырынды тас тұйыққа тіредің,

Көлде өлдің не, шөлде өлдің не, бір өлім!”

Адмиралға жетті хабар сәріде: ,

“Отан үшін опат болды бәрі де!

” Мық шегең де от-жалынға суарған

Мықты болмас, мықты болмас бұлардан.

339


Қазіргі қазақ ақындарының ішінде оқиғалы өлеңдердің кейбір нұсқаларын Қ. Жармағамбетов жасап жүр. Оның “Бидай туралы балладасын” сондай-ақ “Мұғалима”, “Қүзетші” деген балладаларын кезінде өлең сүйгіш қауым жылы қабылдаған. Әсіресе “Кекті бала” атты балладасы қашаннан осы жанрға тән қаһармандық рухта, көтеріңкі пафоспен жазылған. Ақын жау алған украин селосында ауру әкесін, анасы мен інісін фашистер азаптап өлтірген жас баланың ормандағы пар-тизандарға барып айтқан трагедиялық әңгімесін геройлық оқиғаға айналдыра толғап келеді де, балладаны былай аяқтайды:

Сен үшін, азаппенен өлген ана,

Сен үшін, жараланған орман-дала,

Сен үшін, туған елім, деп серт беріп,

Жорыққа кетті аттанып кекті бала.

Лириканың антик әдебиетінде көп тараран түрлерінің бірі — идиллия (грекше еШуИіоп — суреттеу, сурет) — әлдебір парықсыздау салтанат, қаракетсіз қызық, уайым-қайғысыз қызғылт өмір туралы жыр. Идил-лиялық өлеңнің тақырыбы — мал баққан, шөп шапқан, егін салып, балық аулаған адамдар тұрмысы, олардың сұлу табиғат құшағында өтіп жататын той-думаны, сауық-сайраны. Байырғы Грецияда мұндай өлең-дерді Феокрит, Римде Вергилий жазған. Қейін Көне дүние әдебиетінің классикалық үлгілеріне еліктеу ретінде бұл түрді француз ақындары қайта жаңғыртты.

Идиллия Сумароков, Херасков, Княжнин, Жуковский, Гнедич сияқты орыс ақындарында да бар. Бірақ біздің дәуірімізде бұл жанр мәнін жоғалтты, қазір идиллиялық өлең жазып жүрген ешкім жоқ.

XIV ғасырдағы француз әдебиетінде идиллия мадригалға (французша тас!гі§аІ—малшы сазы) ауысты. Бұл да басында жым-жырт, ың-жыңсыз рақат тіршілікті мадақтайтын өлең болатын, кейін әйелдерге арналған альбомдық сипатқа көшті; енді бірде азын-шоғын сықақ, күлкі арала- сатын болды. Мұндай өлеңдерді орыс әдебиетінде Карамзин, Батюшков жазды.

Ежелгі Эллада ақыны, Пиндардан Рим ақындары Гораций мен Овидийге, одан орыс ақындары Лермонтов пен Державинге дейін екі мың жылдан аса ұзақ ғұмыр кешкен бір лирикалық түр — Ода (грекше ойе — ән) — есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды ма-

340

дақтаған я болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтер-іңкі, көңілді жыр. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқта бар.

Лириканың әдемі—түрлерінің бірі — с о н е т (итальянша зопеііо; зопаге — сылдырау, сыңғырау) — арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең; XIII ғасырда Сицилияда туған; Данте, Петрарка көп жазған; кейін Батыс Европаның басқа елдеріне кең тараған; классикалық үлгілерін Шекспир жасаған.

Сонеттің арнаулы өлшемі бар дедік: көлемі — он төрт жол, алғашқы сегіз жолы — бірінші бөлім — к а т р е н де, ақырғы алты жолы — екінші бөлім — т е р ц е т. Алайда мазмұн жағынан бүл екі бөлімнің ара жігін ажырату қиын.

Сонет қазіргі казақ лирикасында да бар. Соңғы кез-де бұл түрмен

Е. Әукебаев ,біраз өндіріп жазып жүр. Қ. Аманжоловта “Құрдас туралы” деген сонет бар-ды” үлгі ретінде ұсынамыз:

Түн ортасы ауғанда көше жым-жырт,

Жұпар жаңбыр себелеп ойнайды бұлт;

Таң асырған тұлпардай тұр тыпыршып,

Қақпа алдыңда қалшиып жалғыз жігіт.

Жүрек луп-лүп соғады, ұйқы сергек,

Қөкірегін кей кезде ыза кернеп;

“Әлде басқа жігітпен кетті ме екен?

Неге алдады, япырмай, түнде кел деп.

Үйде деуге,— естілмейд ешбір тықыр,

Тузде болса, мұнша кеш, ол неғьш жүр?”

Деген оймен бір жылып, бірде суып,

Таң күзеткен тағатсыз жас жігіт тұр.

Сүйген сәуле алаңсыз жатыр ұйықтап,

Қақпа алдында болған соң күзетші сақ.

Лириканың бұлардан басқа түрлері де толып жатыр.: а р н а у (кейде арнайы шарықтау, кейде көлемді лиро-эпикалық шығармаға бет ашар, кейде жеке адамдарға бағыштау түрінде жазылған өлең), о й (әр тақырып-та туған әр алуан философиялық толғау), к а н ц о н е т т а (баяғының се-рілік сезімдерін мадақтайтын көне әуен), р о м а н с (жалт еткен бір жақ-сы сезімді, көбінесе сүюді жырлау), п а с т о р а л ь мадригал тәрізді малшы сазының бір түрі), эклога (идиллия тәрізді селодағы сауық жыры-ның бір түрі) э л е г и я (бір мұң,бір-сыр аралас назды сарын), э п и т а л -ам а (жаңа косылған жас жұбайлардың жарастығын құттықтайтын- кө-

341


не өлеңдердің бір түрі), э п и т а ф и я (дүниеден кеткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау), эпиграмма (жеке біреулерді мінеп, мысқылдайтын сықақ өлең) т. б.

Әуелі Қөне дүние тұсында, кейін Классицизм кезінде сыршыл өлең-дерді жоғарғыдай түр-түрге бөліп көргендер болды. Бірақ бұл — онша жемісті әрекет емес, әшейін сырттай ғана жеңіл-желпі топтау; дұрысында бұлайша бұтарлау лириканың мазмұнын жеңілдетеді, сондықтан қазіргі лирика бұлай жіктелмейді. Оның орнына әдебиет зерттеушілері, шартты түрде болса да, әрбір лирикалық өлеңді тақырыбына қарай талдап, с а я- с и л и р и к а, ф и л о с о ф и я л ы қ л и р и к а, т а б и ғ а т л и р и к асы, м а х а б б а т л и р и к а с ы деген сияқты, санаулы салаларға ғана бөліп тексеріп жүр.

Лириканы бұлай салалап тексерудің бірқатар мәні бар: әр түрінен ақынның әр қырын тануға болады. Айталық, махаббат лирикасы. Абай-дың осы саладағы лирикасынан не аңғаруға болар? Сөз жоқ, ақынның сұлулыққа көзқарасынан бастап гуманизміне дейінгі талай қырын аң-ғарған болар едік. Бұларды өз алдына қойғанда, ақынның творчестволық эволюциясын, суреткерлік шеберлікке жетілу сырын таныған болар едік.

Дәлелмен, дерекпен айтсақ, ақындырының алғашқы дәуірінде жазған Абайдың махаббат тақырыбындары өлеңдері тіл, ой, сурет, жалпы сүюді сезіну, ұғыну жағынан байырғы ауыз әдебиетінің үлгісінде келетін. Бір ғана мысал:

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жақа ұқсатамын туған айды...

Бұл арада, әрине, қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы бір сұлу қыздың бетпішіні пайда болады. Бар сән-салтанатымен, ажар-көркімен, міне, көз алдымызда қиылып тұр. Бірақ бары сол ғана. Сұлу бір жарқ етіп көрінді де, көлеңкедей қатып тұрып қалды, тірі кісіден гөрі түрлі-түсті бояумен келістіріп салған жансыз сурет сияқты үнсіз, тілсіз...

Ал мынау ше: Қызарып, сұрланып,

Лүпілдеп жүрегі.

Өзгеден ұрланып,

Өзді-өзі керегі.

Жоқ, мүнда басқа: мүнда адамнын, сырт құбылысының өзінен-ақ ішкі сезім толқындары тулап көрініп тұр.

.342

Бұл арада ақын да бағанадағыдай ауыз әдебиетінің үлгісінде сылдырата бермей, адам жанының нәзік иірімдеріне тереңірек барып, өзгеше бір суреткерлік мәдениет танытады. Бұл арадағы объект — құр сыртқы портрет, жалаң сурет емес, кәдімгі адам. Оған ақын енді жан бітірген. Ол енді қимылдайды, сөйлейді, сыр шертеді. Енді біз онық сырт бояуын көріп қана сүйсінбейміз, ішкі психологиялық жайларын қоса түйсінеміз.



Енді Абайдьвд Пушкиннен аудармасын оқиық:

Шеш көңлімінің жұмбағын, Жас жүрек жайып саусағын

Әлде бәрі — алданыс. Талпынған шығар айға алыс.

Не дейді? Жүректе саусақ бола ма? Жүрек саусақ жайып, алыс көктегі айға қалай талпынар? Ол кездегі қазақ ұғымында осы бар ма еді? Ескі қазақ поэзиясына осылай шығандау^тән бе еді? Бірақ

Жас жүрек жайып саусағын

Талпынған шығар Айға алыс.

Осыны түсінбеуге, ұқпауға бола ма? Жоқ. Мың құбылған нәзік сезім ырғағы, жүрек дүрсілі, жан толқыны. Өлеңдегі сөз мүлде соны, тың. Алайда тосырқау былай тұрсын, соншалық терең һәм нәзік сыр, қыз құпиясы, су жаңа сезім оқырман көкейіне сыңғырап құйылғандай...

Байқап қарасақ, ақын да баяғы машығын мүлде өзгертіп, биіктей шығандап жер үстіндегі ең мәдениетті, европалық поэзия биігіне шалқып шыққандай. Асқақтап, серпіле көтерілген; өзінің туған топырағындағы өзіне дейінгі өлең сөздерден мүлде бөлек, қара үзіп, ілгері кет-кен. Бүкіл дүние жүзілік классиканың мың бұралған сырлы “симфониясына” өз үнін,өзгеден ерекше тек өзіне ғана тән үнін қосып, жаңа наз, майда қоңыр саз тапқан. Кемелденген, есейген.

Міне, бір ақынның бір сала лирикасына бір ғана асығыс көз тастағанда көрген-білгеніміз осындай. Ендеше, лириканы тақырыбына қарай топтап-талдау оны жазған ақынның творчестволық бітімін пайымдау үшін айрықша мәні бар нәрсе. Лирика бізде осы түрғыдан тексеріледі.

ДРАМА


Д р ам а (грекше сігата — қимыл, әрекет) — әдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстін-

343

де жинақтап, оқиғаға катысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдында қолма-қол көрсететін күрделі жанр—“әдебиет-тің ең қиын түрі” (Горький). Белинскийдің байыптауына бақсақ, эпос пен лирика “ақиқат әлемнің екі қиыры” болса, драма — сол екі қиырдың қосындысынан туған “үшінші, тірі, өз алдына бөлек”, аралық әлем — “поэзияның жоғарғы тегі, өнердің биік өрі”.

Драматургия мәселесін қозғағандардың барлығы, бәрінен бұрын, оның қиындығын айтады. Мұнда үлкен себеп бар. Өзге жанрлардай емес, драматургияда шарттылық көп.

Алдымен, драматургиялық шығармаға көлем жағынан шек қойылады. Қандай пьеса болмасын, бәрібір, жетпіс-сексен беттен аспауы шарт.

Рас, бұдан екі жарым мың жыл бұрын Эллада елінде туран трагедия Дионис театрында бірқыдыру ұзақ ойналған; гректерден Римге ауысқан комедияларды да жұрт ұзағырақ, көрген; ал Орта ғасыр тұсында мистерия атанып, Батыс Европа елдеріне кең тараған шіркеу драмалары тәулігіне сегіз сағаттан ойналып, кем дегенде, үш күнге, керек десеңіз, тіпті, он, жиырма, отыз, қырық күнге дейін созылатын болған. Бірақ мұның бәрінің себебі бар және мұның бәрі — тарих. Бүгінде екі жарым, үш сағаттан аса жүретін пьесаны жұрт онша құмартып қарамайды. Сондықтан ең көп перделі пьесалардың көлемі де белгілі мөлшерден аспайды; драматург барлық шындық пен образды сол белгіленген мөлшерге қалай да сыйғы-зуға тиіс. Бұл —бір- қиындық_-

Екіншіден, драматургиялық шығарма тек қана қатысушылардың сөздерінен құралады. Шындық пен образ тек қана диалог пен монологқа негізделген. Сахнада сөйлейтін тек персонаж ғана; автор сахна сыртында, залда қалады. Автор үнсіз, тілсіз; қай сөзді қалай айту керек екенін режиссер мен актерге әшейін жақшада көрсеткені болмаса, дәл спектакль үстінде автор дәрменсіз; әр қаһарманнын, не айтып не қойғанын, немесе неге олай дегенін түсіндіріп, залда отырған әр көрерменнің құлағына сыбырлап жүру автор қолынан тағы келмейді.

Демек, драмадағы ең, басты, ең, шешуші, ең негізгі нәрсе — т і л. Пьесаның, күші де, әлсіздігі де тілде; пье-

344

садағы әр сөз мірдің оғындай өткір, көздеген жерге дір етіп тиердей дәл, көкейге саулап құйылардай таза, мөлдір, санаға мықтап дарығандай мағыналы, мәнді болып келуге тиіс. Драма тілі тұжырымды, қысқа, түйінді болады. Өйткені романда бір бетке суреттелетін шындык пен суретті пьесада бір ауыз сөзбен беру қажет. Ал әр сөз, әр сөйлем шындықты ғана емес, сол сөзді айтқан кейіпкердің мінезін аңғартуы керек; әр адамның сөзі өзін танытуы шарт. Бомаршеден Треновқа дейінгі ірі драматургтардың бәрі пьесадағы әр сөзді алдымен өздері ойша жасаған геройлар аузынан естіп барып қана қағазға тусіргендерін айтуы тегін емес. Міне, осындай, шығарманың тек қана кейіпкер сөзіне құрылуы — драматургиядағы екінші қиындық.

Үшіншіден, драма деген терминнің мағынасы қ и м ы л екешн тегін деуге тағы болмайды: қимыл, әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма да жоқ. Тартыс атаулының ең бір шиеленіскен, шым-шытырық, күрделі түрі пьесада жатады. Арқауында аса маңызды, қатал, қиын қақтығыстар жатпаған пьеса — пьеса емес. Қаһарман сахнаға шықты ма, болды, дереу іске, әрекетке көшуі қажет. Үнсіз-қимылсыз үш сағат түгіл үш минут отыра алмайды. Сырғып перде ашылды ма, болды, сахнада бірін-бірі ауыстырған суреттер, эпизодтар, оқиғалар тұтасып, дами бас-тауы шарт және әрбір эпизод тек қана қажеттіліктен туған қалаулы, қастерлі құбылыс болуы керек. Мәнсіз, мағынасыз көрініспен көрермен көңілін аудару қиын. Осылардың бәрі сахнада өмірдің өзекті шындығын жинақтау үшін қажет және осылардың бәрі драматургтың жазуында бағана айтылған жетпіс-сексен бет көлеміне, актердің ойнауында екі-үш сағат аясына қалай да сыюы шарт.

Көрерменнің сана-сезімін бірнеше сағат баурап, көзін сахнаға қадалтар қаракет табу, оның жан дүниесін тебіреніске түсірер қақтығыс табу — қиынның қиыны. Баяғы грек трагедияларында тартыс, тайталас мұнша-лық қиын секілді көрінбейтін; грек құдайлары қырсықтан-қырсыққа кез-ігіп, қырылып жататын; ал қазір тартыс, тайталас туғызу үшін, Ю. Олеша айтқандай, сахнадағы персонажға зақым келтіру-ақ қиын: баяғының пьесалары (Шекспир, Шиллер, Гюго), айтты-айтпады, белдігіне қанжар қыстырып, қылыш байлаған қолбасылар, корольдар, принцтер, рыцарьлар жайында жазыла-

345

тын. Бірі андаусызда қанжар ала ұмтылса болғаны, екіншісі құлап түсетін. Бертін келе қанжар мылтыққа ауысып, ерегіскенде бірін-бірі жекпе-жекке шақырып атып өлтіретін болғанын да Ю. Олеша қызық қып айтқан: Чеховта мылтық атылмайтын бірде-бір пьеса жоқ. екені де рас. Асылы, Чеховтың “алғашқы актыда мылтық ілулі тұрса, ақырғы актыда міндетті түрде атылуға тиіс” дегені де өзінің осы машығынан туған тұжырым тәрізді. Ал қазір мұндай қақтығысқа бару — нанымсыз: “Біздің пьесаларымызға қатысушылардын, бірі болмаса бірі қолына револьвер ұстай қалса, жұрт дереу шу ете қап, оның мұны қайдан алып жүргенін сұрайды,— дейді Олеша.— Сонымен, сірә, тән өлімін жан өліміне ауыс- тыру дұрыс болар: тіріні өліге емес, нольге айналдыру жөн шығар”. Сөйтіп, драмаға шымыр шиеленіс, шиыршық атқан тартыс табу, яки драманы драматизмге жеткізу — үшінші қиындық.



Төртіншіден. драмадағы шындық көркемдік шешімін. тек сахнада табады; драмадағы образ тек сахнада жасалады. “Драма сахнада ғана тіршілік етеді,— дейді Гоголь,— сахнасыз драма — денесіз дем”. Пьесаны драматургтың жазып бітіруі, журналда жариялауы, тіпті кітап қып бастырып шығаруы — жеткіліксіз. Бұл — біткен істің бәрі емес, бір бөлегі ғана. Істі түгел тындыру үшін пьеса театрға көшуі керек. Пьесаны сахнаға шығару жолында енді режиссердың, актерлардың, суретшінің, композитордың, түрлі саладағы (жарық түсірушіден етік тігушіге дейінгі) жұмысшылардың— бәрінін, еңбегі жұмсалады. Айлардан айларға созылған соншалық ауыр коллективтік еңбектің нәтижесінде барып сахналық шешімін тапқан драматургиялық шығарма көрермен көңілінен шыға ма, жоқ па,— мәселенің үлкені осы арада жатыр. Бұл — төртінші қиындық.

Драматургияның бұлардан басқа да шырғалаңдары көп; оның қиын жанр__болатыны да сондықтан^ “Осы айтылғандардың бәрі, шынына келгенде, сахнадағы драма — әдебиеттің әшейін бір тегі ғана емес, әдеби шеңберден шығып кететін нәрсе екенін аңғартады, сондықтан; оны әдебиет теориясымен қатар, театр теориясының негізінде талдап-тексеру ләзім”*.

* Л. И. Тимофеев, Әдебиет теорнясының негіздері, М., 1966, -382-бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет