321
Әңгіме жайлы әңгімелесе қалған жағдайда осы айтылғандардан әріге барып, бәріне бірдей ортак, анықтама жасамақ болу — онша өнімді әрекет емес.
Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі — о ч е р к. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс.
Бірақ очерктің әңгімеден бірнеше өзгешелігі бар. Ең бастысы: о ч е р к –т е с у р е т т е л е т і н ш ы н д ы қ— о й д а н ш ы ғ а р ы л ғ а н н ә р с е е м е с, ө м і р д е б о л ғ а н н е б а р а қ и қ а т; о ч е р к т і ң қ а һ а р –м а н ы —о й д а н ж а с а л ғ а н б е й н е е м е с, ө м і р д е б о л ғ а н н е б а р а д а м. Содан соң, очерк өткен шақтын көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан ғана туады. Бұл ретте, очерк — өз кезінің үні, жаңаның жар-ш ы с ы.
Очерк туралы пікірлер көп және әр алуан. Мәселен, М. Горький очеркті шын мәніндегі көркем шығарманың өзі емес, эскизі деген. Кейде ол очерк-ті ғылми-зерттеу мен әдеби шығарманың ортасында тұрған аралық зат деп те түсіндіреді. Екеуінде де шындық бар. М. Горькийдің өзі тарихтан белгіл -лі “Қанды жексенбі” оқиғасына байланысты “Күннен туғандар” драмасы мен “Клим Самгин” романынан бұрын “9 январь” очеркін жазған болса, А. Фадеев “Жас гвардия” романынан бұрын дәл осы тақырыпқа очерк жаз-ып, барлау жасағаны мәлім. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі М. Әуезовтің “Өскен өркені”, С. Мұқановтың “Тыңдағы толқындары”, Ә. Нұрпейісов-тың “Курляндиясы” тәрізді бірқатар күрделі туындылар да әуелі очерктер-ден басталған. Осы түрғыдан қарағанда очерк кейде өзінен кейін дүниеге келетін көркем шығарманың “эскизі” секілді екені де рас. Сонымен қатар очерктің негізінде нақты өмірдің ақиқат деректері жатуы—оны ғылми зерттеуге ұқсатса, шындықтың шынайы суреттеліп, көркем жинақталуы шын мәніндегі әдеби шығармаға ұластырады. Оның үстіне о ч е р к т е б е л л е т р и с т и к а н ы ң д а, п у б л и ц ис т и к а н ы н д а с и п а т т а р ы б а р. Мұнда да о л — а р а л ы қ н ә р с е! Очеркті, тіпті, тегі жағынан алып қарасак та әрі ә д е б и ж а н р, ә р і г а з е т ж а н р ы екенін аң-ғарар едік.
322г
Очерктіқ түрлері туралы пікірлер де көп және әр тарап. Әдебиет зерттеушілері В. Сорокин мен Ф. Головенченко ғылми очерк, тарихи очерк, публицистикалык. очерк, этнографиялық очерк деген түрлерге бөлсе, жазушы В. Абрамилов бір кезде социологиялық очерк, психо-логиялық очерк, мемуарлық очерк, сатиралық очерк немесе зерттеу очеркі, тұрмыс очеркі, кейде тіпті очерк-пейзаж, очерк-фотография деп түрлендірген. Мұны кезінде М. Горький қатаң сынағанды. Сондай-ақ очерк отызыншы жылдарда тақырыпқа қарай топтастырылып, өндірістік очерк, колхоз очеркі, әскери очерк, мінез очеркі деген салаларға бөлінсе, “казіргі кездін, өзінде қайсыбір очерк теоретиктері мен әдебиет зерттеуші-лері әңгіме-очерк, документті очерк, беллетристикалық очерк, очерк-репортаж, очерк-фельетон деп, жанрлық өзгешелігіне қарай жүйелеп жүр”* Мұның да онша дәйекті саралау емес екені көрініп-ақ тұр. Айталық, әңгіме-очерк деген, біріншіден, әңгіме-роман немесе әңгіме-драма деген сияқты ерсілеу көрінсе, екіншіден, очерк-әңгіме болса, беллетристикалық шығарма болғаны емес пе? Олай болса, беллетристика-лық очерк деген жеке түр белгілеудід қанша қажеті бар?.. Бұдан гөрі қазақ очеркінің тарихы мен теориясын арнайы зерттеп жүрген журналист-педа-гог Т. Ыдырысовтьщ өз тұжырымы әлдеқайда дәлелді де дәйекті: “Партия-совет баспасөзінде қазір жол-сапар очеркі, очерк-портрет, оқиғалы очерк, публицистикалық очерк, проблемалық очерк түрлері бар”**.
Қазіргі қазақ очеркінің III. Уәлихановтан басталып, біздің күндерге дейін келетін тарихын қозғасақ, жүз жылдың шежіресін шерткендей қыруар әңгіме қоздатқан болар едік. Бірақ бұл — өз алдына жеке тақырып.
Эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі — ф е л ь е т о н (французша {еиіііе-іоп — парақ); бұл да әрі әдеби жанр, әрі газет жанры, Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. М ұ н ы ң ә д е б и қ а с и е т і м о л ж а қ с ы ү л г і л е р і н д е к ә д і м г і д е й к ө р к е м б е й н е л е р, қ ы з ы қ м і н е з д е р, с а т и р а л ы қ т и п тер ж ас а л -ғ ан .
* Т. Ыдырысов, Очерк туралы ойлар, А., 1969, 40-бет.
** Т. Амандосов, т. б. Газет жанрлары, А., 1964, 182-бет.
323
Фельетонның газет жанры ретіндегі болмыс-бітімін профессор
Д.Заславскийдің “Газеттегі фельетон” (М.г 1952) деген кітапшасынан оқып байқауға болады. Ал қазіргі қазақ фельетонының тарихы мен теориясын арнайы зерттеп жүрген журналист-педагог Т. Қожакеев бізде Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Асқар Тоқмағамбетов, Сейділдә Төлешев секілді шебер қаламгерлер туғызған таңдаулы шығармалардың сатиралық һәм публицистикалық сырлары мен көркемдік ерекшеліктерін сипаттай келіп, жанрға мынадай анықтама береді: “Фельетон дегеніміз шағын көлемді, публицистикалық үнді, көркем тілді, сын-сықаққа бай, күлкі шақыратын әдеби шығарма”.
Кейбір әдебиет зерттеушілері м е м у а р, п а м ф л е т, э с с е секілді әдеби-публицистикалық жазбаларды да шағын эпостың очеркке жақын түрлері ретінде атап жүр. Бірақ бұл — даулы пікір: біріншіден, баспа-сөз жанрларының бәрін көркем әдебиетке бүйдалап әкеле беру ағат болса, екіншіден, А. Герценнің “Оқиғалар мен ойлары”, С. Сейфуллиннің “Тар жол—тайғақ кешуі” тәрізді мемуарлық шығармаларды шағын көлемді эпикалық түрге жатқызу тіпті мүмкін емес. Бұлардың қай-қайсысы да — күрделі баян, көлемді хикая, дәлірек айтқанда, ұзақ әңгіме.
Ал ұзақ әңгіме, яки п о в е с т ь — о р т а к ө л е м д і э п и к а л ы қ түрдің үлгісі.
Повесть деген не?
Әдебиет зерттеушілері бұл сөзді алдымен термин ретінде анықтамақ боп, оның тамырын тереңге әкетеді. В. Шкловский, мысалы, ежелгі орыс шежіресінде, одан келе “Игорь полкі туралы сөзде” п о в е с т ь деген атау бар екенін, екеуінде де бұл термин “болған оқиға жайлы әңгіме” деген ұғымда қолданылғанын, ал ХҮІІІ ғасырдық елуінші жылдарында Тредиаковский бұл сөзге бұрынғыдан гөрі анығырақ жанрлық сипат беріп, французша “роман” — орысша “повесть” деп түсіндіргенін айтады. Сөйтіп, повесть ғасырлар бойы бірде әңгіме деген ұғымды берсе, бірде роман деген ұғымды берген.
Повесть туралы бүгінгі пікірлер де әр тарап: В. Сорокин оны — үлкен әңгіме немесе кішкене роман деп дәлелдесе, Ф. Головенченко повестің бұл секілді аралық сипатын мойындай тұра, Пушкиннің “Капитан қызы” по-
324
весі Лермонтовтын, “Біздің заманның геройы” романынан үлкен екенін тілге тиек етеді де, п о в е с т і ң ж а н р л ы қ е р е к ш е л і г і к ө л е м і н- д е е м е с, м а з м ұ н т е р е ң і н д е ж а т қ а н ы н е с к е с а л а д ы.
“Повестің тандайтын тақырыбы,— депті бір жолы Гоголь жанрға теориялық анықтама бермек боп: — кез келген кісінің басында шынымен болған не болуы мүмкін жайлар, психологиялық жағынан бір түрлі қызық жайттар; осының өзі кейде біреуге бірдеңе үйрету үшін емес, әр нәрсені байқап, байыптай алатын адамның әшейін көңілін аударып, көзін тоқтату үшін жазылады. Повесть қилы-қилы; оның поэзиялық қасиеті аса биік болатыны сондай, кейде тіпті повесть емес, поэма атанып кетеді...”* Бұл арада Гоголь повестін, аса құнды қасиеттерін — мазмұны мөлдір шындықтан туатынын, оқиғасы адам мінезін ашуға ғана қызмет ететінін, идеясы жалаңаш емес, тереңде жататынын, көркемдік дәрежесі биік бо-латынын саралап айтқан. Гогольдің осы тұжырымдарына, әсіресе, повесте “психологиялық жағынан бір түрлі қызық жайттар” суреттелуге тиіс дегеніне сүйенген кейбір әдебиет теоретиктері бұл жанрға тән негізгі ерекшелік —' шығарманың сюжеттік арқауы біреу болуы және бір адамның тағдырына құрылуы, дәлірек айтқанда, бас қаһарманнын, мінезін ашып, бейнесін даралауы деп те түсіндіреді.
Бұл пікірде азын-шоғын логика болғанмен, бұлайша кесіп-пішудің қажеті жоқ. Жалпы әдеби шығарма жазуға рецепт берілмейтіні секілді, повесть жазуда да штамп болмайды. Әрбір нұсқалы повесть өмірге тек қана өз өзгешелігімен келеді. Осыны еске ала парықтасақ, орта көлемді эпикалық түрдің, үлгісі болып табылатын повестің жұрт таныған кейбір жанрлық сипаты — мұнда шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің, бір, не бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбы-лыстары кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондық-тан, әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі, ондағы өмірлік тартыстардың, оқиғаларға тұтаса басталуы мен байланысы, шиеленісі мен шешімі де әлдеқайда табиғи, занды, оқиғаларға қатынасатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу, кейде тіпті ондап саналады. Персонаждардың ішкі-сыртқы бітім бейнеле-
*Н. В. Гоголь, Шығармалар, М., 1889, V том, 210-бет
325
рі бедерлі, арақатынастары арналы, әжептәуір өріле, өрістетіле, қалыптасу, даму үстінде көрсетіледі. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық, әрине, бас қаһарманның өмірі болмақ. Мысалы, Ш. Айтматовтың “Құс жолы” повесінің негізгі желісі — Толғанай тағдыры болса, Т. Ахтановтың “Дала сыры” повесінің арқауы — Қоспан өмірінің композициялық жағынан тұтасқан бір алуан келелі һәм кезеңді эпизодтары.
Орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі — п о э м а (грекше роіета — туынды)—өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс к ү р д е –л і қ ұ б ы л ы с т а р м е н к е л е л і о қ и ғ а л а р д ы, а л у а н- а л у а н а д а м т а ғ д ы р ы м е н з а м а н ш ы н д ы ғ ы н к ө л е м д і, ж е л і л і, э п и к а л ы қ н е л и р и к а л ы қ с и п а т т а ғ ы ө л е ң м е н с у р е т-т е у. Поэмалар түрлі-түрлі: сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Позмаларда жасалатын адам образдары да әр алуан: эпикалық образ да, лирикалық образ да, романтикалық образ да, реалистік образ да болады.
Поэма өзінің туу, даму тарихының әр кезеңінде әр сипатта болды. Көне дүние әдебиетінде классикалық халық эпосы (“Илиада”, Одиссея”)түрінде туған болса, ауыз әдебиетінде батырлар жыры (“Қобланды батыр”, “Ер Тарғын”), лиро-эпос (“Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, “Қыз Жібек”) немесе тарихи жырлар (“Бекет”, “Бекболат”) түрінде дамып, жазба әдебиеттегі романтикалық дастандар (“Медғат — Қасым”, “Адасқан өмір”) мен реалистік поэмаларға (“Сұлушаш”, “Құлагер”) ұласты.
П о э м а--қ а з ір г і қ а з а қ п о э з ия с ы н д а ғ ы м о л ө р к е н д е п , к е ң ө р і с к е ш ы қ қ а н ш е ш у ш і ж а н р л ы қ т ү р л е р д і ң б і р і
Зерттеліп отырған жанрдың үшінші саласы — кең көлемді эпикалық түр.
Кең көлемді демекші, эпостың бүл түрінде жазылған шығармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын суреттеумен тынбайды, әдеби шығармаға арқау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жан-жақты жинақтайды. Адам мен қоғам өмірінің қандай ақиқаты болмасын мұнда күллі тамыр-тереңімен қопарыла көрсетіледі де, оқырманның көз
326
алдында өзгеше бір әлем, бүтін бір тіршілік дүниесі пайда болады.
Эпостың осы түрін көбіне роман деп атап жүр. “Роман деген сөз,— дейді Пушкин,— ойдан өрбіте баяндалған тарихи дәуір ұрымын береді”. Белинский де романды “жаңа дәуір эпопеясы” деп түсіндірген болатын. Ал дәуірлік шындықты көркем жинақтау үшін жекелеген адам тағдыры жеткіліксіз, әр алуан әлеуметтік топтардың қым-қиғаш күрделі қарым-қатынастары, олардың мақсат-мүдделеріндегі бірліктер мен қарама-қарсылықтар, өмір тіршіліктеріндегі өзекті оқиғалар мен кезеңді құ-былыстар кең қамтылып, терең тұтастырылуға, сол арқылы жалпы қоғамдық дамудың заңдылықтары танытылуға тиіс. Романның көлемі үлкен, мазмұны қат-қабат, сюжеті мен композициясы орасан күрделі болу себебі де осыған байланысты.
Бұл айтылғандар — романның бүгінгі сипаты. Роман мұндай кенен халге, әрине, бірден жете қойған жоқ, ғасырлар бойы өмірдің өзімен бірге өзгеріп, өшу-өсу, сөну-жану, ескіру-жаңару секілді әрі қиын, әрі қызық даму процестерін бастан кешіре кемелденіп келіп жетті.
Романның туу тарихын топшылаудағы әр тарап пікірлерді өз алдына қойғанда, дәл осы атаудың шығу тегінің өзін әркім әр түрлі пайымдайды: біреулер орта ғасырдағы эпикалық шығармалардың роман (сопіе готап) тілдерінде жазылуына байланыстырса, енді біреулер көлемді эпостың көне дүниедегі Рим (Кота) сұлулығына ұқсастығынан пайда болған термин деседі.
Романның тууы туралы пікірлер де әр тарап: біреулер бұл жанрдың алғашқы белгілерін антик дәуірінің аяқ жағынан тауып жатса, біреулер көне шығыс әдебиетінен іздейді де, енді біреулер Орта ғасырдың рыцарьлық эпосынан өрбітіп шығарады. Ал роман теориясы мен та-рихына соңғы кезде көбірек үңілген В. Қожинов болса, әлгі пікірлердің бәріне қарама-қарсы, бұрыннан келе жатқан “дәстүрлерді роман белгілі мағынада тіпті жоққа шығарып, өз бетімен оқшау, осы күнгі өмірдің тұп-тура өз топырағынан өсіп-өнді”* деген жаңа концепция ұсынады. Мұндағы мақсат — жанрдың тууын әлдебір пішіннщ пішінге көшуі тәрізді тайыз ұғынбай, терең мазмұн метаморфозасы ретінде парықтау.
* В. Кожинов, Романның тегі, М., 1963, 125-бет.
327
Сөз жоқ, романның тууы — кездейсоқ құбылыс емес жалпы қоғам өмірі мен адам тағдырының тарихи өзгеру - заңдылықтарына тығыз байланысты нәрсе. Прозалық эпос — Ояну дәуіріне дейінгі сөз өнерінде жөнді орың тебе қоймаған, көл-көсір ессіз де көзсіз адуындыққа толы Көне дәуір мен Орта ғасыр әдебиетіне тән асқақ әуендерден басқаша, дәуірдің өзі туғызған “көркемдік жаңалық”; ендеше, роман “эпостың жаңғырған сояуы емес жаңа бұтағы” екені де рас. Бұл шындықты мойындай тұра, романның эмбриональ күйін Эллинизм тұсына апаратын кейбір ғылми топшылауларға бағып тым әріге кетпегенмен, біздің эраның II—III ғасырларындағы Апулейдің “Алтын есегі” мен Лонгтың “Дафнис һәм Хлоясы” бұл жанрдағы алғашқы адымдар екенін естен шығармау керек. Сонда ғана біз бұл жанрдың туу, қалыптасу, даму жолдарын тарихтық тұрғыдан барлап, белгілі бір ғылымдық жүйеге сала аламыз.
Романның даму жолдары — өз алдына жеке тарих болса, сол тарихтың кезең-кезеңдерінде туып, қалыптасқан жанрлық түрлері тағы да көп. Орта ғасырдың “Тристан мен Изольдасынан” Ояну дәуірінің “Гаргантюа мен Пантагрюэліне” келетін рыцарьлық эпостың бар бұралаңын түгел қозғамай-ақ, М. Сервантестің “Дон Кихотындағы” серілік сипатты айтқанның өзінде біраз шежіре шерткен болар едік. Бірақ бұл — әдебиеттің теориясы емес, тарихына қатысты әңгіме. Сондықтан біз романның әр тұстағы жекелеген жанрлық үлгілері ретінде Лесаж ден қойған плуттық, роман, Дюма көп жазған авантюралық роман, Вальтер-Скоттан басталатын тарихи роман, Бальзактан былайғы психологиялық ро-ман, Жюль Верн өрбіткен фантастикалық роман, Чернышевский туғызған публицистикалық роман... болғанын атап қана тынамыз. Өйткені романды бұлайша түрлендіріп, әр түріне мінездеме беріп түгесу тіпті мүмкін еме| Түрлер шексіз; туған үстіне туындай береді. Мәселен, бш ғана Б. Томашев-скийдің өзі утопиялық роман, семьялыр роман, мещандық роман, бульвар-лық роман, роман-күнделік, роман-фельетон... деп жіпке тізе жөнелгенде ондаған түрді бір-ақ көгендеп тастайды. Оның үстіне, осынау атаулардың бәрі шартты екенін ескерсек, әрқайсысынан жеке-жеке қисын қорытудың қажетсіздігі өзінен-өзі айқын болуға тиіс. ;
328
Р о м а н н ы ң к е ң қ ұ л а ш т ы, м о л т ы н ы с ы с и н т е т и к а- л ы қ ж а н р р е т і н д е ә б д е н е м е л д е н г е н к е з е ң і-с ы н ш ы л р е а л и з м і н т ұ с ы. Бұл ретте “көркем прозадағы Гомер мен Щекспир дәрежесіне көтерілген Толстой мен Достоевский” (Қожинов) романдарын айрықша атаған жөн. Өткен ғасырдағы орыс романы осылар санатындағы алып суреткерлердің арқасында бір ел емес, бүкіл адам 'баласының көркемдік даму тарихында айта қалғандай адым жасағаны жұртқа мәлім.
Романның осындай кемелденген кезіндегі басты тақырыптары — жанрдың байырғы түрлерінен кездесетін қай-қайдағы сершің сергелдеңі, ала аяқтың амал-айласы, ожырайдың оспадарлығы секілді қара дүрсін хал-күйлер немесе аздаған әлеуметтік топтар арасындағы әр түрлі кырбайлық-тар, жеке адамдар басында болатын кейбір көңілді түйсінулер мен кірбің-күрсінулер тәрізді күйкілеу көріністер емес, адам мен қоғам өміріндегі арналы шындықтар, күрделі құбылыстар мен кесек оқиғалар; шығарма мазмұнына арқау боп тартылар өзекті мәселе — халық тағдыры. Мазмұндағы мұндай салиқалы бітім мазмұнды пішіндегі жан-жақты-лыққа әкелді. а вт о р л ы қ б а я н д а у м е н с у р е т т е у, қ аһ а р м а н –д а р д ы ң м о н о л о г т а р ы м е н д и а л о г т а р ы, ә р т ә с і л д і м ү- с і н д е у м е н м і н е з д е у, ж и н а қ т а у м е н д а р а л а у, с ө з д е г і с у р е т п е н п с и х о л о г и я л ы қ д ә л е л, б и ік п а р а с а т т ы пафос пен терең фиософиялық толға м...— бәрі бірімен, бірі бәрімен ұштаса, ұласа келіп, романның бұрын-соңды болмаған үлгілерін туғызды да, тың мүмкіндіктеріне жол ашты Мұның өзі жанрдың жақсы дәстүрін белгіледі. Жаңа ғасырдың Томас Манн мен Фолкнер, Гашек пен Хемингуэй, Мартен дю Гар мен Грэм Грин туғызған жаңа романдары әлгідей жақсы дәстүрде дамыды. М. Горький мен М. Шолохов бастаған жаңа заман жазушылары жазған романдар да сол игі дәстүрді тың өріске маңыта дамытты.
Қазіргі қазақ романы да осынау озат үлгінің өнегесімен дамыды; арғы-бергі жөн-жосығын өз алдына қойғанда, С. Мүқановтың “Жұмбақ жалауынан” М. Әуезовтің “Абай жолына” дейінгі аз жылдар ішінде жасалған аршынды адымдар, дүр сілкініп, тік шырқап өсу — тек
329
қана әлгідей ұлы өнеге арқасында, халықтық пен реализм туының астында болмак.
Проза — қазақ әдебиетінде кешең-деу туған, бірак орасан шапшаң да-мыған сала. Абай Құнанбаевтың ғақлиясы мен Ыбырай Алтынсаринның әңгімелері, Спандияр Қөбеевтің “Қалың малы” мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлуы” жаңа туған жас жанрдың алғашқы тәжі-рибелері ғана болса, тарихи жағынан қысқа мерзім ішінде Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафинның, Хамза Есенжановтың, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің күрделі де кесек шығармалары арқылы көп ұлтты үлкен совет әдебиетінің ең алдыңғы қатарына бір-ақ ырғып шықты. Бұл — қазіргі қазақ прозасын, оның ішінде роман жанрын, сөз ете калғанда атап айтар айрықша сипат.
Дүние жүзілік әдебиеттегі кең көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі дамуына тән тағы бір тамаша сипат — эпопеяның кемелденуі болса, қазіргі қазақ романы бұл сипатқа да еркін ие болып отыр. “Роман-эпопеяның басты ерекшелігі — деп жазады профессор Т. Нұртазин,— онда бір романның кемерінде бірнеше роман иіндесе сыйысады. Қазақтың эпопеялық романдарының ішінде мұндай ерекшеліктер “Абай жолында” бар. Романның төрт кітап болуының өзі бір романда төрт романның басы тоғысқанын көрсетеді. Төрт кітап Абайдың басымен байланысты оқиғалармен тұтаса желіленеді. Алайда әр кітаптың логикалық тынысы бар”*. Ғалымның осы ойлары және осыған байланыстыра айтқан “тұйық роман”, “ашық роман” туралы тұжырымдары — жанр табиғатын танығы-сы келгендерді бір алуан қызық толғанысқа мегзейтін кенеулі пікірлер.
Эпопеялық сипаттағы шығармалар роман жанры тумастан бұрын, баяғы көне дүние әдебиетінде де болғаны (“Илиада” “Одиссея”), олардың кең көлемді эпикалық түрдің ежелгі үлгісі ретінде танылғаны мәлім. Бірақ біздің тұсымыздағы роман-эпопеяның сыр-сипаты бұлардан басқаша екенін түсіндіріп жату артық. Жалғыз-ақ, эпопея — эпостың шыңы екенін, о н ы ң негізгі қаһарманы — халық, суреттерТ.
Нұртазин, Жазушы және өмір, А., 1960, 200—201-беттер.
330
шындығы — халық басынан өткен кезеңді құбылыстар екенін ғана еске саламыз. М. Горький роман-эпопеяда халықтың қазіргі өмірі мен тарихи тағдыры бірігіп, бірін-бірі толықтырып, біте қайнасып жататынын атап айтқан еді. Көп ұлтты совет әдебиетінде Толстой үлгісінде туған роман-эпопеялардың бәрі сол пікірдің дұрыстығын растаумен келе жатыр.
Біздің дәуір — үлкен эпиканың гүлдену дәуірі, роман жанрының жаңа белеске, кең өріске шыққан кезі. Батыс модернистерінің (Роб-Грийе, Бютор, Натали Саррат т. б.) классикалық роман үлгілеріне қарсы күресі, бұл “жанрды жерлеу” саясаты — әшейін әурешілік қана. Роман эпостың ең таңдаулы түрлерінің бірі болған және солай бола бермек.
ЛИРИКА
Л и р и к а (грекше Іуга — ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) — әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі. Көбіне, өлеңмен жазылады.
Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсері-мен аса қатты толқынуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйініші тән болып келеді. Ақын басынан кешкен сезім, ақын басында болған түрлі-түрлі толғаныс—субъективті нәрсе; бірақ, соны-мен қабат кәдімгі объективті дүниенің әсері. Ақынның көңіл күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның х:ал-жайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да,— лирикада сол өз кезінің шындығы мен сыры жатады. Оқушы әрбір лирикалық шығармадан оны жазған автор өмір сүрген кездің жай-жапса-рын аңрарып отырады.
Сөз өнерінің өзге тектері (эпос пен драма) тәрізді лириканың да сурет-тейтін қүбылыстары көп. Қандай су-
331
реткер болмасын, көркем шығарма жазудағы мақсат — адамды көрсетіп қана тыну емес, адам арқылы қоғамды мүмкіндігінше, өмірдегі өзекті шындықты көрсету. Осы тұрғыдан алып қарасақ, лириканың өзге тектерге, айталық эпосқа принциптік қайшылығы жоқ, олардан тек тәсіл жағынан айырмасы бар.
Жоғарыда айттық, эпостық шығармалардың өмірдегі қат-қабат, шытырман оқиғаларды суреттеуде мүмкіндігі лирикадан әлдеқайда мол, құлашы кең. Эпикалық шығармалардың көбі сюжетке кұрылады. Адам образын жан-жақты бейнелеп, шындық сырын неғұрлым толық ашуға бейім.
Ал лирикалық шығарма олай емес. Көлем жөнінен, эпосқа қарағанда, әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады.
Эпос пен лириканың осы ерекшелігін Ә. Тәжібаев өзінің “Өмір және поэзия” (1960) деген кітабында В. Белинскийдің сөзімен былай талдап түсіндіреді: ^“Эпоста субъект (ақын) оқиғаға сіңіседі де, көрінбей кетеді; ал лирикада ол кұбылысты өзі игеріп, өз ойьша қабылдап қана қоймай, сол құбылыс пен қақтығысудан туған түйсік түрінде жан сырына айналдырады. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді, оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік өмірдің таза самалына алып шығады да, ерекше өмір сүргізеді.Сөйтіп, лирикалық шығарманың мазмұны объективтік оқиғаның дамуы емес, субъектінің өзі және сол субъект арқылы өтетін дүниелер. Лириканық шағындығы да соған байланысты. Қысқа лирика өмірдің тұтас бір кезеңін қамти алмайды. Өйткені субъект (ақын) бір мерзімде көп сезімге айнала алмайды. Әр кісі әрбір мезетте әр түрлі мазмұнда болады. Әрине, адамның рухани қабылдағыш қабілетінде шек жоқ, бір-ақ ол барлық құбылысты бірден қамтымай, сансыз мерзімдер бойында кезекпен қабылдайды. Барлық жаратылыс, барлық субстанциал (заттық тектер), барлық идея, ойлар, қысқасы бүкіл әлемді, бүкіл өмірді қозғаушы құбылыстың бәрі де лирикалық поэзияның мазмұны; тек сол құбылыс субъектінің қанына сіңсін, көкейіне қонсын, оның тұтас тірлігінің бір тетігіне айналсын,— басты шарт осы ғана. Көңіл бұрар, ой толқытар я қуантып, я қайғыртар, я сергітер, я қажытар, субъектінің рухани
332
өміріне ұрық себер, жүрегіне ұялар, толғағына айналар нәрсенің бәрі — лирикаға мазмұн. Оның заңды дүниесі. Мұндай нәрсенің өзіндік күны жоқ, мәселе оған ақынның қаншалық мән беруінде, өзіндік шабыты мен рухани толғағына, фантазиясына, түйсік, сезіміне айналдыруын-да...” Әбділда ақын үлы сыншыны ұзағырақ сөйлеткен екен; солай етпеске біздің, де шарамыз болмады. Өйткені осы айтылғандардың өзі — лириканың классикалық анықтамасы. Лириканың жанрлық табиғатын, болмысын, бітімін, мінезін, ерекшелігін бұдан артық дәл сипаттап, терең, таныту қиын.^
Мықтап ескеретін бір нәрсе — әркім ұлы сыншынын лирика туралы лириканың өзіндей ұшқындаған қызулы, лириканың өзіндей дірілдеген нәзік ой-пікірлері мен түйін-тұжырымдарын тура өз ұғым-түсінігіндей (солай етпеске шара да жоқ!) толғаған шақта әрі сара, әрі таза талғам биігінде болуы шарт. Әйтпесе, тереңнен тайызға қалқып шығу, көркем творчествоның келелі мәселелерін эстетикалық талдау орнына сәл нәрсеге эстеттік тамсану шеңберінде ғана қалу оп-оңай.
Айталық, Белинский лирикалы өлеңдердін, оқырман'ды төзімнен айырып, жалықтырып жіберер ұзақ болуын , үнатпаған лириканың ұзақ болу себебін данышпан сыншы ақынның бір өлеңнің ішінде бір сезінуден екінші сезінуге ауысуынан, сондықтан амалы жоқ, екі ұдай сезімнің жігін жымдастыру үшін ыстық сезімнен салқын ақылға көшіп, тілін безейді деп білген. Мұнда шындық бар ма? Бар. Сыршыл сезім орнына сырдаң ақыл қуалау — лирикаға шәлкес әрекет, Бір сезімнен екінші сезімге ауысу өлеңді шығарманьщ көлемін ұзартып жіберетіні де рас. Бірақ осыған бағып, лириканы парасат биігіне көтерер салиқалы ойға қарсы болу дүрыс па? Дұрыс емес. Ақын бір өлеңде тек бір ғана сезім аясында қалсын” екінші сезімге ауыспасын деген заң шығаруға бола ма? Болмайды. Мысалға Қасым Аманжоловтың “Сырдария аңызы” деген лирикалы өлеңін алып қарайық.
Сарғая ақтың сан ғасыр
Сағына бізді күткендей,
Аралға барып айттын, сыр,
Дүркірей таудан үріккендей,—
деп басталатын осы өлеңде бір емес, бірнеше саз (мотив), бір емес, бір-біріне қарама-қарсы бірнеше сезім бар
Достарыңызбен бөлісу: |