^
Бұл — Б. Томашевский салған пентаметрдің схемасы *****.
* “Вопросы лтературы”, журнал, М, 1962, № 6, 89-бет.
** Сонда.
*** В. Маяковский, Таңдамалы шырармалар, М, 1953, 2-том, 473-бет.
**** В. Жирмунский, Метрикаға кірісп®, Л., 1925, 154-бет. ***** 5. Томашееский, Әдебиет теорияеы, Л , 1925, 79-бет
203
Бұл — А. Квятковский салған тактометрдің схема сы
.
Бұл—Г. Абрамович салған гекзаметрдің схемасы
:ХХХХ: ІХХХХХ:
:ХХХХ: :ХХХХХ:
:ХХХ: :ХХХ: :ХХХ: :ХХХ:
Бұл— Қ. Жұмалиев салған силлабикалық қазақ өлеңіндегі жеті-сегіз буынды жолдар араласып келіп отыратын жырдың схемасы***.
Мұндай схемалар әдебиеттің теориялық мәселелерін қозғайтын . Л.Щепилованың -кітабында да, тіпті, өлең туралы ілімнің “дәстүрлі түрлері тар, тұйық, тозды” деп сын айтып отырған Л. Тимофеевтің өз кітабында да баршылық.
Схемалар, бір жағынан, өлең танудың таза ілім ретіндегі “тар, тұйық” аясында қажет те шығар. Дей тұрғанмен, осы схемалардың қай-қайсысы болмасын өлеңнің ішкі мазмұнынан гөрі сыртқы пішініне жетелей береді. Ал бірыңғай пішінді қызықтап, бұл “ғылымды” үйреніп, тіпті игеріп алған кісі он жерден “жібі түзу, үні. сұлу өлең жазсын, бәрі бір, ол — поэзия емес” (Брюсов).| Себебі, поэзиялық шығарма схемамен жазылмайды.
Абай аса біліп айтқан:
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай боласы?
Асылы, қазақ өлеңі хақында азды-көпті ой айтылып, пікір қорытыла қалған жағдайда Абайдың осы шумағынан туатын түйін әрқашан есте болғаны жөн; өлеңнің теориясы мен практикасының арасы алшақ кетпеуі шарт.
Сондықтан біз өлең тануда қолданылып жүрген жұртқа мәлім дәстүрлі белгілерді (— ^) тек өлең жүйеле-
* А Квятковский Поэтикалық сөздік, М., 1966, 339-бет.
** Г, Абрамович. Әдебиет тану ғылымына кіріспе, М., 1965,1 185-бет. '
*** Қ. Жұмалиев. Әдебиет теориясы, А., 1960, 170-бет,
264
рінің таза теориялық мәселелерін пайымдау барысында--үлгі ретінде ғана аздап пайдалайып, одан әрі, әсіресе буын мен ұйқас тұстарында бірыңғай пішіннен туған схемаларды, мүмікіндігінше, орағытып өтуді дұрыс көреміз. Өлең өлшемдерін тексеру үстінде әдебиетші ғалымдар амалсыз ұрынып қалып жүрген кейбір пішіншілдіктен осы жолмен ғана арылуға болатын тәрізді.
ЫРҒАҚ
— Адал шыным,— дейді Маяковекий,— ямб деген не, хорей деген не,— білген емеспін, білгім де келмейді.
Сонда ол нені білген? “Өлең. атаулының негізі болып табылатын, оның өн бойында ылғи дүрілдеп тұратын ырғақты” ғана білген.
Ырғақ деген не? Ы р ғ ақ, яки р итм (грекше гһуі-то5—шамалас, мөлше-рлес сайма- сай)— қ и м ы л д ы ң, қ ұ б ы л ы с т ы ң, ү н н і ң ж ү йе л і, м е р з і м д і, м ө л ш е р л і қ а й т а л а н у ы. Ырғақ — жасанды емес, табиғи нәрсе, өнерге ғана емес, өмірдің өзіне де тән нәрсе: мезгілімен келіп, мерзімімен кетіп тұратын жаз бен қыс, көктем мен күз, күннің шығуы мен батуы, толқынның жағаға соғуы мен қайтуы,— Тютчевше айтсақ, мәңгілік тасу, тартылу — түп-түгел ырғақты құбылыстар. Адамның аяқ алысы, жүрек соғысы...— бәрі ырғақ. Міне, дәл осылар секілді, өлең, де, бәрінен бұрын, ырғаққа негізделеді.
Жоғарыда Александр Блоктың “ақын—үндестік ұлы”, ақындық — “сөз бен дыбысты үндестікке әкелу” деген түйінді пікіріне айрықша назар аударуымыз жайдан жай емес. Поэзиядағы ұлы қасиет — үндестік — гармония! Ал сөз бен дыбысты үндестікке әкелетін күш — ырғақ. Владимир Маяковскийдің; “Өлеңдегі негізгі күш, негізгі қуат — ырғақ”,— деуі де сондықтан болса керек.
В. Маяковский өзінің “Өлеңді қалай жасау қажет?” деген көлемі шағын болғанмен, мазмұны терең мақаласында өлеңнің тууын, демек, ақындық өнердің қиын және қызық құпиясын соншалық тартымды толғайды. Әсіресе ақынның Сергей Есенинге арналған өлеңінің тууы айта қалғандай!.. Бұл әңгімесінде де ең, шешуші рольді ақын ырғаққа береді. Оның айтуынша, бәрінен бұрын жазылар өлеңнің ырғағы туады. Өзі сол жаңа ырғақты іштей
265
қайталап, қолын соның ыңғайымен сермеп, аяғын әуенімен басып, мұрнымен әндетіп келе жатады:
та-ра-ра /ра ра/, ра, ра, ра, ра /ра, ра/
ра-ра-ри /ра ра ра/ ра ра /ра ра ра ра/
ра-ра-ра /ра-ра ра ра ра рари
ра-ра-ра /ра ра-ра/ рара /ра/ ра ра
Біз әлгі мақалада автордың өзі жазған ырғақты аудармай, сол күйінде көшірдік. Осы ырғақты ақын әуелі ешбір сөзсіз міңгірлеп әндете береді. Оның айтуына қарағанда, осынау дүріл-ырғақ әлдебір шалқар теңіздің бұйра толқыны секілді де, болашақ өлеңнің сөздері осының түбінен бетіне қалқып шығып, керегі қалып, керек емесі жоғалып жататын інжу-маржан секілді; ырғақ бірте-бірте сөзге, сөз бірте-бірте өлеңге солай айналатын көрінеді. Мұның мысалын ақын жоғарыдағы сөзсіз ырғақтың әр жеріне енді сөз сыналап, былай көрсетеді.
ра-ра-ра о дүниеге бұратала
Кетіпсіз, не ұшыпсыз ра ра ра ра
Қарыз да, қатын да жоқ, сырахана.
. ра-ра-ра мас емессіз ра ра ра ра
Әр дыбысы бірте-бірте сөзге айнала бастаған осындай әуенді шумақтық әр жолын оңдаған рет қайталау, қайталаған сайын жөндеу нәтижөсінде ырғақтың өлеңге айналатынын Маяковский соншалық шебер талдап, тура соқырға таяқ ұстатқандай түсіндіре келеді де, өлең және оның өлшемі схема арқылы емес, дыбысы “дүрілдеген ырғақты тынысы дірілдеген тірі сөздермен киіндіру арқылы жасалады” деп қорытады. “Ырғақ — өлең жазудың негізгі құралы, ақындық өнердің басты шарты”* екенін бұдан артық дәлелдеу қиын шығар.
Поэзияның пішіні ғана емес, мазмұны да ырғаққа негізделетінін, ал ырғақ адам баласының еңбегінен пайда болғанын, демек, өнерді еңбек туғызғанын Г. Плеханов өзінің әйгілі “Адрессіз хаттарында” әдемі дәлелдейді. Бұған бақсақ, поэзияның ең көне түрі — баяғы бабалар заманындағы адамдардың еңбек үстіндегі қимылына, қимылдан туған ырғаққа негізделіп, әнмен айтылатын өлең: “Алғашқы қауым нәсілдерінде — дейді Плеханов Карл Бюхердің “Жұмыс және ырғақ” деген кітабына сүйеніп,— едбектің әр саласына лайық арнаулы ән болған,
3. Ахметов, Қазақ влеңінік кұрьшысы, А, 1964, 11-бетол
266
ол ән әрқашан сол еңбек үстіндегі қимылға тән ырғаққа бағынған”*. Сондай-ақ ертеректегі Африка негрлері де ылғи ғана өлеңді әнге, әнді ырғаққа, ырғақты дене қимылына негіздеген: “ескекші ескек ырғағымен әңдетсе, тасушы жүріп келе жатып әндетеді, үй шаруасындағы әйел әнін қол тиірменге қосады”**. Академик Корш көне арабтар тіпті біздің жыл санауымыздан бұрынғы XVI ғасырдың өзінде өлген адамды мұңды-сырлы өлеңмен жерлегенін айтады. Еңбектен туған ырғақ, ырғақтан туған үн, ән мен өлең күні кешеге дейін келген. Еділ мен Жайықтан жағаға кеме тартқан жұмысшылар бәрі бір ырғақпен “Ал әкеттік, ал, ал, әуп!” деп әндетпесе, Крыловтың, аққу, шаян, шортаны секілді, әрқайсысы әр жаққа жұлқып, мүлде күштері қосылмаған да, істері өнбеген. Бұл да болса ырғақ-тың өміршеңдігіне куә.
Қысқасы, ырғақ — өмірде де, өнерде де көп нәрсенің, кілті; өлеңде сөз бен дыбыс үндестігінін, арқауы. Өлеңнің әр сөзі — ырғақты сөз. Өлеңді оқу, тыңдау, түсіну, өлеңге тұшыну, толқу, тебірену—бәрі ырғаққа байланысты. Сөз өнерінің өзге түрінен өлеңнің басты өзгешелігі де ырғақта жатыр. Николай Тихоновтың, жай сөз бен өлеңнің айырмасын жай жүру мен жүгірудің айырмасына салыстыруы тегін емес. Ырғақ тұрғысынан қарағанда, айтты-айтпады, көркем қара сөз адамның жай жүруі секілді болса, өлең жүгіруі секілді екені рас.
Өлеңнің түрін белгілейтін де, негізінен, ырғақ. Сырт көзге поэзиялық шығарманың, сырт пішінінің өзі прозалық шығармадан өзгеше, бөлек: көсте-кесте, тақта-тақта... әр 'көсте, яки әр тақта — шумақ, әр шумақтың әр жолы — тармақ, әр тармақтағы дауыс толқынының соқпа-соқпасы—бунақ... Әрине, мұның бәрі шартты нәрсе. Мысалы, кестесіз де тақтасыз тұтаса беретін ұзақ-ұзақ өлендер бар. Бірақ бәрібір, шумақтардың жік-жігін ажыратуға әбден болады. Өйткені әр шумақ—аяқталған синтаксистік ой, жинақталған синтетикалық шындық. Ал шумақ бар жерде тармақ, тармақ бар жерде бунақ болатыны сөзсіз. Әр бунақты біз тағы да тек ырғақ арқылы ғана ажырата аламыз.
/Қабақ түйіп/ /қара бұлт/ /тұрды сәл-ақ/
/Өте шықты/ /селімен/ /қырды сабап/
* Г В Плеханов, Өнер мен әдебиет, М., 1948, 65-бет. ** Сонда, 64-бет,
267
/Қөк жүзіне/ /керіліп/ /келе қалды/
/Мәңгі-бақи/ /тозбайтын/ /сырлы садақ/
(І. Мэмбетов _)
Бұл кестеде өлеңнің бір шумағы, төрт тармағы, он екі бунағы бар екенін ежіктеп жату, әрине, артық. Сондай-ақ 'қазірп қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлерің де көп тәптіштемей, тек кейбір үлгілерін ғана ұсынуды жөн көрдік.
1,
Екі тармақты шумақ:
Сапарға кетсе де енді келмейтұғын,
Қалды ол өзі жыр боп өлмейтұғын.
(Е. Әукебаев )
Үш тармақты шумақ:
Жар демеп ем ешкімді, жар дегіздің,
Суйе білер бір жүрек бар дегіздің,
Өмір бақи қасымда қал дегіздің
(С Сейітов.)
Терт тармақты шумақ:
Туған жерім Тың өлке —
Сарыарқаның сауыры.
Тың өлкенің төрінде
Ақын қыздың ауылы.
(М. Хакімжанова.)
Бес тармақты шумақ:
Елін сүйген ұлдардың
Сөнген талай жанары.
Сонау өткен жылдардың
Көлеңкесі қаралы —
Петропавл қамалы.
(С. Мәуленов.)
Алты тармақты шумақ:
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
(Абай.)
268
Жеті тармақты шумақ:
Сен мені не етесің?
Мені тастап,
Өнер бастап
Жайыңа
Және алдап,
Арбап,
Өз бетіңмен сен кетесің.
(Абай.)
Сегіз тармақты шумақ:
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған;
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл,
(Абай.)
2.
Бір бунақты тармақ:
/Келші құрбым/
/Кешкіғұрым/
/Тау жаққа/
/Сырласайық/
/Бір жасайық/
/Аулақта/
(Қ. Аманжолов.)
Екі бунақты тармақ:
/Аттанып ауыл/ /анадан/
/Оқуға кеттім/ /қалаға/
/Жабыла маған/ /қараған/
/Жалтаңдай кеттім/ /далаға/
(Ғ. Орманов )
Үш бунақты тармақ:
/Кім көрді/ /көктің жерге/ /құлағанын/
/Кім көрді/ /күннің жарық/ /сұрағанын/
269
/Кім көрді/ /Ақбөпедей/ /қыршын жастың/
/Шомылып/ /қанды азапқа/ /жылағанын/
(И Байзаков )
/ Төрт бунақты, яки көп бунақты тармақ:
/Аруана жаудың/ /қолына түссе/ /ботасын шайнап/ /өлтіріп/
/Қаралы мойнын/ /қайтадан артқа/ /бұрмастай халге/ /келтіріп/
/Жерше тартып/ /отырады екен/ /моншақтап жасы/ /боздаумен/ /Омырауын шерге/ /толтырып/
(Т Айбергенов )
Қазіргі қазақ өлеңіндегі шумақ пен тармақ түрлерінің кейбір үлгілері, міне, осындай. Бұлардан басқа да әр алуан аралас шумақтар мен тармақтар бар; олардың әрқайсысын әр ақын өзінше туғызған және туғыза бермек. Бұлардың бәрін қолға шырақ алып іздеп тауып, олардың әрқайсысының буын-бунағын қозғап қарап, әлдебір қисын, не қағида қалыптастырып жатпайтынымызды жоғарыда айттық.
Неге?
Негесі сол,— ондай қолдан жасалған қисын-қағидалар көбіне жасанды, кейде тіпті жалған болып шығады. Өйткені шумақ пен тармақ түрлерінің көбі — шартты зат. Біз, мысалы, Төлеген Айбергеновтың Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап өлтіріп деген сөздерді бір жолға жазғанына қарап бунақтарға бөлдік те, төрт бунақты тармақ деп атадыгқ. Бұл қал-пында, әрине, солай — төрт бунақты тармақ. Бірақ осы сөздерді ақын:
Аруана жаудың қолына тұссе,
Ботасын шайнап өлтірш —
деп, екі жолға бөліп жазса қайтер едік? (Бұл тіпті мүмкін нәрсе; қазақ өлеңінде мұндай өлшем қашаннан бар.) Олай жазылса, әр жолды оқығандағы дауыс соқпасы екеу ғана; демек, әр жол — екі бунақты тармақ. Осы сияқты, Қасым Аманжоловтың біз бір бунақты тармақ деп отырған:
Келші, құрбым,
Кешкіғұрым
Тау жаққа —
деген өлеңінің сөздерін келші, құрбым, кешкіғұрым тау жаққа деп бір-ақ жолға жазып, үш бунақты тармаққа айналдыруға да болар еді ғой. Бұл — бұл ма, тіпті, Абай-
270
дың әбден қалыптасып кеткен “Бойы бүлғаңының” үш жолынан екі-ақ тармақ шығарура болады.
Біз мұны айтқанда, әрине, қазақ өлеңіне қайтадан реформа жасағымыз келіп отырған жоқ. Біз мұны айтканда, тағы да қайталаймыз, тармақ та, бунақ та мейлінше шартты нәрсе екенін ескерткен үстіне ескерте түскіміз келеді. Ендеше, мұндай шарттылықты “қисынға” ; айналдырудан тек шартты ереже ғана туады. Ал ережемен ешқандай өлең жазылмайды. Сондықтан осы саладағы тәжірибе мен теория арасын тым алшақтатпау үшін, өлең өлшемін ғылми байыптау мөлшерінен аспаған макұл. Бұл ретте де айтарымыз — ы р ғ а қ.
Иә, байыптау ырғақ маңында болуға тиіс. Ырғақ, ырғақ1 Шумақ, тармақ, бунақ—бәрін туғызып жүрген — ырғақ. Жалпы адам атаулыға ән салдыратын, ақын біткенге өлең. жаздыратын ырғақ.
Тоқтат,
Дүние,
Дабырды
Не керек,
Көңіл
Ескі ой мен .
Тыңдайық жаңа дабылды
Жолдас
Маяковскийден
(С. Мұқанов)
Өлең, өлшемі жөніндегі дәстүрлі ұғыммен келсек, осы шумақта сегіз бунақты төрт-ақ тармақ бар. Бірақ ақын өлеңін әдеттегі жеті буынды шалыс ұйқастын, үйреншікті кестесіне әдейі салмаған, көкейінде пайда болған өзгеше бір жаңа ырғақпен жаңа тақта жасап, оның бетіндегі шумақты да, тармақ пен бунақты да өзінше айшықтаған. Сонда, мысалы, әдетте жалғыз жолға жазылатын Тоқтат дүние дабырды деген бір тармақ-тағы әр сөзді автор айрықша ырғақпен айтып, әр жолға бөліп жазғанда, әр сөз жеке тармаққа айналып қана қоймай, мағынасына ап-ауыр салмақ та қосқан. Бұл — сәтті тәжірибе; мұндай тәжірибе жасау үстінде ақын пайдаланған құрал тағы да — ырғақ.
Адам...
Адам туралы
сөзім бар,
тыңда, жолдас!
271
Азамат аталмасаң —
өмірде
орның болмас
(Я. Шәкенов )
Мұнда ақын тыңдаушымен емін-ерікін кедесіп, кәдімгідей ауызекі сөйлесіп кеткен де, өлеңінің күллі кестесің сол әңгіме әуенімен құрған. Бұл арадағы шешуші роль де ырғақта тұр.
ЬІрғақта осыншалық қуат қана емес, мінез де бар және ырғақ мінезі — қызық мінез. Өзі өмірден туған ырғақтың өзінен туған өнерге көрсетпейтін “қылығы” жоқ.' Қажет жағдайда ырғақ поэзиялық желіге сөз көгендеудің орнына көгендеулі сөздерді бет-бетіне ағытып қоя беріп, алыстан “айғайлап қайырып” тұрады. Мұндай ' жағдайда сөздер өлең мазмұнын-дағы шындықты, бейнелеңкіреп айтсақ, тунгі көше бойында тізілген электр шамдарындай от тізбегімен емес, мереке күнгі салюттің аспанда маздаған қора-қора шоқтары секілді отты шоғырымен жарқыратып көрсетеді деуге болар еді:
От,
Оқ
Жарқ-
Жұрк.
Гумп-
Гурс,
Шарт-
Шұрт.
Газ,
Тутін
Бұрқ-
Бұрк.
Шап'.
Ат'..
Сарт-
Сұрт!..
Ақ
Алмас
Жалт-
Жұлт!.. “ •
(С. Сейфуллш)
Бұл — “Альбатрос” дастанының “Жауды қудық” деген тарауынан; мұнда — сөз сайын ырғақ, ырғақ сайын ' тармақ, тармақ сайын бунақ; ақынның мақсаты — қырғын шайқасты баяндап айту емес, ырғақ арқылы қазқалпында көзге елестету. Өлеңнің құрылысындағы күллі
272
китұркы содан туған. Ал “қитұрқыдан” қисын жасап керегі не?..
Әрі айтып, бері айтқанда, өлең туралы ілімдегі шумақ, жайлы ұғымдар-дың бәрі шартты; өлеңді терең тану үшін оның шумағын санаудын, керегі жоқ, ырғағына қарау керек.
Поэзиядағы ырғақтың жасалу жолы да қызық және әр алуан: кей елең-нің, ырғағы әннен туса, қайсы бірі буынға немесе екпінге негізделеді. Бұл сырды дәлірек түсіну үшін, жалпы дүние жүзілік әдебиеттегі өлең жүйе-лерін бір шолып өтпей болмайды.
ЖҮЙЕЛЕР
Бүкіл әлем әдебиетіндегі өлендер әр халықтың тіл ерекшеліктеріне лайық әр түрлі жүйеде жазылады. Ең көне түрі — м е т р и к а л ы қ (грек-ше теігоп — өлшем) өлең жүйесі. Бүл жүйе тұңғыш рет көне Грецияда — біздің эрадан бұрынғы VIII ғасырда пайда болған да, кейін (б. э б. III ғасырда) латын әдөбиетіне ауысқан.
Грек пен латын тілдеріндегі дауысты дыбыстардың айтылуында екі түрлі (созымды, созымсыз) машық, яки мақам бар. Көне үнді тілі мен қазіргі араб тіліндегі дауысты дыбыстар да сондай. Грек пен латын, араб пен парсы әдебиеттеріндегі өлең жүйесі бұл тілдердегі дәл осы ерекшелік-терден туған.
М е т р и к а л ы қ ж ү й е — ә у е з д і ж ү й е, о н ы ң а р қ а у ы н д а ә н ж а т а д ы. Көне дүние әдебиетіндегі өлеңдер әрқашан әнмен айтыл-ған, жай оқылмаған, музыкалы мақаммен оқылған. Осыдан келген де өлең өлшемі әр буынды мақамдауға кетен уақытқа (мораға) негізделген: созымсыз буын бір мора, созымды буын екі мора болса, бәрі қосылып күйлі-сазды бунақ құраған. Айталық, бір өлшемдегі бунақтың соңғы буыны созылса (ра-ра-а), басқа бір өлшемдегі бунақтың басқы буыны созылған (ра-а-ра); осыған сәйкес метрикалық жүйенің бірнеше түрлері бар; басты-бастылары — я м б, х о р е й (трохей), д а к т и л ь, а м ф и б р а-х и й, а н а п е с т, а н т и п а с т, б а к х и й, а н т и б а к х и й, а м ф и м а- к р, е к і т ү р л і (көтеріңкі, бәсең) и о н и к, п и р р и х и й, с п о н д е й, т р и м а к р, д и п и р р и х и й, д и с п о н д е й, г е к з а м е т р, п е н т а – м е т р, т р и м е т р, т ө р т т ү р л і п е о н, т ө р т т ү р л і э п и т р и т т. б Әдетте,
273
әдебиетшілер созымды буынға бір белгі— сызықша ( —\ созымсыз буынға бір белгі — доға () қояды да, әлгілердің әрқайсысының бунағын анықтайды: ямб — хорей —, дактиль -, амфибрахий - 'ана-пест —... Бірақ біз мұндай пішінпаздықты о бастан онша қол көре қоймағандықтан, бұл жолы да ежіктеп жатқымыз келмейді.
Л. И. Тимофеев жер бетіндегі жұртка мәлім өлең жүйелерін санды (квантитативті) һәм с а п а л ы (квалитативті) екі топқа бөле келіп, метриканы бірінші топқа жатқызыпты *, сірә, бірыңғай дыбыс санаған тым пішіншіл сипатына қараған-ды. Біз де соған қосылып, саннан сапаға қарай ойысқанымыз дұрыс болар.
Орта ғасыр тұсында латын тілі жалпыға ортақ қатынас құралы болудан қалып, тірі қасиеттерінің талайынан айрыла бастағанда, арқауында ән жатқан әуезді өлең жүйесінің де бояуы оңа берді. Енді өлеңдегі ән сөзбен ауыстырылды, дауысты дыбыстардың айтылуындағы созымды мақам үзіліп, көп реттерде келте қайырылатын болды. Басында Батыс Европада басталған бұл құбылыс кейін метрикалық өлең жүйесі бар әдебиеттердің бәріне тарады.
Әр тармағының әні баяулаған әуезді өлеңнің енді ырғағы қоса әлсіреді. Ырғағы әлсіреген өлеңнің өңі бұзылып, өлшемі жоғала бастайтыны мәлім. Міне, дәл осы тұста өлең өлшеміндегі сан сапаға ауысуға тиіс болды.
Метрикалық өлең жүйесіндегі негізгі өлшем — ән; ендігі өлшем не болмақ? Ендігі өлшем — әр тармақты аяғына айрықша ырғақ әкелетін үндестік, дыбыс қайталау; ұйқас осылай туды. Жә, аяқтары ұйқасқан өлең тармақтарының өн бойындағы ішкі өлшем не болмақ? Ішкі өлшем — буын; өлең, жолдарынын, буынын санау осылай туды.
Әр елдер әдебиетіндегі с и л л а б и к а л ы қ (грекше зШаЪе — буын) өлең жүйесінің туу тарихы осындай.
С и л л а б и к а л ы қ ө л е ң ө л ш е м і н д е г і е ң ш е ш у ш і н ә р - с е — б у ы н: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ — бәрі де буынға негізделеді.
Силлабикалық жүйе — бағзы бір әдебиеттерде әшейін өткінші ғана құбылыс. Мәселен, орыс ақындары (С. Полоцкий.
Л. И Тимофеев, Әдебиет теориясының негіздері, М, 1966, 300- бет
274
А. Кантемир, Ф. Прокопович, В. Тредиаковский т.б.) бұл жүйемен XVI ға-сырдың аяқ жағынан бастап жазды да, XVIII ғасырдың бас жағында силлабо-тоникалық, жүйеге көшіп кетті. Демек, силлабикалық өлең жүйесі екпіні аумалы-төкпелі тілдерде емес, сөз тіркестерінің буын сапалары бір-дей, дыбысталу әуендері ұқсас тілдерде ғана тұрақты. Айталық, ежелден екпін, акцент дегендері көп құбыла 'бермейтін, құбыла қалған күнде де осылардың, өзін онша бұйым көрмейтін чех, поляк,серб, итальян немесе француз өлендері секілді, қазақ өлеңі де—силлабикалық өлең, (бұған біз сәл кейінірек —буын жайын сөз еткен тұста тоқталамыз.— 3. Қ.).
Квалитативті (сапалы) топтың, силлабикадан басқа басты жүйелерінің бірі — орыс поэзиясындағы Тредиаковский реформасынан (XVIII ғ.) кейін ресми ат алып, айдар таққан т о н и к а л ы қ (грекше іопоз — екпін), яки акцентті (латынша ассепіиз — екпін) өлең. Б ұ л өлеңнің өлшемі — екпін,: ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ—бәрі де екпінге негізделеді. Егер силлабикалық өлеңде буын атаулының бәрі есепке алынатын болса, тон-икалық өлеңде екпін түсетін буындар есепке алынады да, екпін түспейтін буындар есептелмейді. Салыстырып көрелік:
Жүрегім, жырым —
сенікі, (8)
Кеңесті далам,
кең далам (8)
Ен далам — анам,
мен — балаң, (8)
Ендеше, қалам
бер маған' (8)
(/ Жансүгіров )
Я мёряю
по коммуне
стихов сорта, (12)
в коммуну
душа
потому влюблена, (11)
что коммуна,
по-моему,
огрбмная высота, (15)
что коммуна,
по-моему,
глубочайшая глубина. (16)
(В. Маяковский )
275
Алғашқы шумақ — силлабикалық өлеңнің үлгісі соңғы шумақ — тоникалық өлеңнің үлгісі. Көріп отырсыз, екі шумақ та еркін, авторлардың қалауынша, баспалдақты кестеге салынған: Жансүгіров әр тармақты жолға жазса, Маяковский әр тармақты үш жолға ған. Гәп мұнда да емес.
Гәп екі шумақтың әр тармағындағы буын санында жатыр: силлабикалық өлеңнің әр тармағының барлық буыны бірдей — ылғи сегіз буыннан келіп отырса, тоникалық өлеңнің әр тармағынын, екпін түсетін буындары
ғана бірдей — төрт буыннан келіп отырады да, қалған буындары есептен тыс, яки төрт тармақтың әрқайсысындағы жалпы буын саны төрт түрлі (12, 11, 15, 16). Бірақ әр жолдағы екпін саны бірдей болғандықтан, әлгідей буын ала-құлалығы өлеңді оқығанда онша сезіле қоймайды. Мұның өзі өлеңнің орыс тіліндегі екпін заңына сәйкес жазылғандығынан; сондықтан болса керек, кейде тоникалық жүйені таза орыс өлеңіне тән өлшем деп те есептей береді. Айтты-айтпады, орыс өлеңіндегі тоникалық жүйенің тамыры тереңде жатыр. Байырғы былиналардың,халық әндері мен тұрмыс-салт жырларының бәрінде де тоникалық сипат бар. Дегенмен тоникалық жүйе орыстың жазба поэзиясына Тредиаковский реформасынан кейін заң-ды түрде еніп, өткен ғасырда Пушкин, Лермонтов, Кольцов, кейін Блок, Брюсов т. б. Творчествосында жан-жақты дамыды да, Маяковский тұсында шарықтау шегіне жетті.
Маякоаский өлеңдері орыс поэзиясындағы өзгеше бір творчестволық реформа тәрізді. Ол тониканы тура тотыдай құбылтты, ал құбылтуды (тропты) құдды құлпырту биігіне көтеріп әкетікендей болды. Буынды екпінге, екпін-ді ырғаққа, ырғақты тіп-тіке төңкеріс тынысына ба-ғындырып жібергендей еді. Сөзді тармаққа тізіп, шумаққа қалап жатпады, әр сөзге ап-ауыр ой мен образ, маз мұн мен мағына берді де, өлеңнің өзгеше кестесін “Маяковский баспалдағын” жасап, кетті:
Я
с ношей моей
иду
спотыкаясь
Ползу
дальше
на север
(В. Маяковский.)
276
Сапалы (квалитативті) топтың силлабика мен тоникадан бөлек, сөйте тұра екеуімен де ұқсас негізгі жүйелерінің бірі — с и л л а б о -т о н и к а –л ы қ өлең. Б ұ л ө л е ң н і ң ө л ш е м і — ә р і б у ы н, ә р і е к п і н. ырғақ пен шумақ, тармақ пен бунақ— бәрі де буын мен екпінге бірдей негізделеді. Мұнда буын мен екпін бірдей есепке алынады. Бұл жүйенің әр бунағындағы екпінді, екпінсіз буындар метрикалық жүйедегі созымды, созымсыз буындарға сыбайлас, сондықтан мұның негізгі түрлері де сол антикалық атаулармөн аталып, белгілері де сол ретпен—екпін түсейтін буынға сызықша (—), екпін түспейтіи буынға доға ( ) қойылып жүр.
Орыс поэзиясында силлабо-тоникалық өлеңнің басты-басты бес түрі бар. Солардың үлгілерін ұсынайық.
Ямб ( —), дыбысталу түрі — вода, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 2, 4, 6, 8, т. с., мысалы: Мой дядя самых чёстных правил...
Х о р е й ( —), дыбысталу түрі — воды, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 1, 3, 5, 7, т. с., мысалы: Мчатся тучи, вьются тучи...
Д а к т и л ь ( — ), дыбысталу түрі — водами, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 1, 4, 7, 10, т. с., мысалы: Мёсяц зеркальный плывет по лазурной пустыне...
Амфибрахий ( — ), дыбысталу түрі — желёзо, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 2, 5, 8, 11, т. с., мысалы: Гляжу как безумный на чёрную шаль...
А н а п е с т ( —), дыбысталу түрі — железа, әр тармақтың екпін түсетін буындары — 3, 6, 9, 12, т. с., мысалы: Надрывается сёрдце от муки...
Осы үлгілерден-ақ көрініп тұр, бунақ жағынан мөлшерлесек, ямб, хорей — екі буынды, дактиль, амфибрахий, анапест — үш буынды өлшемдер тобына жатады. Әр топтың өзіне тән өзгеше ырғақтары бар.
Сонымен, біздіқ қысқа-қысқа мәлімет бере шолып өткеніміз төрт түрлі (метрикалық, силлабикалық, тоникалық, силлабо-тоникалық) өлең жүйелері. Осылардың қай-қайсысында да .ұйқассыз, яки ақ өлеңдер кездесуі мүмкін. Орыс әдебиетінде, мысалы, Пушкиннің “Борис Годуновы” немесе “Шағын трагедиялары” секілді белгілі шығармалар ақ өлеңмен жазылған болса, қазақ әдебиетінде де бірқыдыру мол кездесетін ұйқассыз өлеңнін, үлгісі ретінде “Ақан сері, Ақтоқтыны” атауға болар еді:
277
Қыз көзінің жасындай-ақ
Мөлдіретш тізіпті
Бір қадалмас, бір қадалса
Қыз да көзін ала алмас
Отпен ойнап, күйсе — өкінбес,
Іші күлсе, көзі жылап,
Куанышын бір білдірмес, қыздар ай!
Не бағыңа, не сорыңа,
Көрерміз де кезінде .
(Р Мүсірепов )
Бір ескеретін нәрсе — ақ өлең өлшемі, қай әдебиетт кездеспесін, өз алдына өзгеше жүйе жасай алмайды.
Сөйтіп, жалпы өлең жүйелерін жоғарыдағыша бір шолып өткенде, не аңғардық? Қазақ өлеңі — силлабикалық яки буынға негізделген өлең екенін аңғардық. Олай болса б у ы н м ә с е л е с і — қ а з а қ ө л е ң і н і ң қ ұ р ы л ы с ы н б а й ы п т а у д а ғ ы б а с т ы м ә с е л і
БУЫН
Силлабикалық өлең атаулының бәріндегі, оның ішін де қазақ өлеңіндегі, поэзиялық қасиеттің көптен-көбі буында жатыр. Өлеңді өлең ететін ырғақ болса, қазақ өлеңіндегі күллі ырғақ буынмен үндес. Керек десеңіз, тіпті ұйқассыз (ақ) өлеңнің өзін өлеңге айналдыратын ден-бір күш, құрал осы — буын. Демек, қазақ өлеңінің буынын бажайлап қарау да керөк, абайлап санау да керек.
Сонау керек? Қалай санаймыз?! Мысалы, мынау
өлең:
Эх, трубка, (3)
Сен серігісің (5)
Майдандық жолымның, (6)
Түтінің тізбегіндей, (7)
Жауға атылар зауал оғының (10) в
Ширатылып аспанға ұшады, (10)
Бейне бір шумағындай (7)
Кеудедегі ыза шоғының, (9)
Эх, трубка, трубка! (5)
(Ә. Сәрсенбаев )
Санай қалсақ, әр тармақтың буын саны әр түрлі; ода: да гөрі үңіліңкі-реп қарай қалсақ, кәдімгі көзіміз үйренген “төрт аяғы тең жорға” өлең кестелерінен гөрі оқшау, бір аяғы поэзияда, бір аяғы прозада тұрған аралық айшық секілді; ал оқи жөнелсек,— өлең — ақынның трубка
278
туралы ойын, ұғымын ғана емес, осы ой тұсындағы сыры мен сезімін, тіпті сол сәттегі көкірегі қарс айырыла күрсінуіне дейін дірілдетіп әкеп дәл жеткізіп тұрған қызулы өлең. Бұ қалай?.. Және осы сықылды оқыс айшықтар қазіргі қазақ поэзиясында күннен-күнге көбейіп келеді. Соған қарай ма, кім білсін, кейбіреулер қазақ өлеңінің буынға негізделген силлабикалық сипатына күмән келтіре бастады.
Жоқ, күмәнданудың керегі жоқ: қ а з а қ ө л е ң і — қ а ш а н н а н с и л л а б и к а л ы қ ө л е ң, қ а з і р д е с о л а й. Мұндағы буын атқарар роль бұрынғыдай.Қазақ өлеңінің мазмұны мен пішінін жеке алып зерттей-тін арнаулы ғылми еңбектердің, * бәрінде буын мәселесі айрықша сөз болатыны да сондыктан.
Жоғарыдағы шумақ — лирик ақынның бір алуан көңіл күйін өлеңге айналдыру үстінде творчестволық ізденуінен туған сәтті табыс. Бұл даусыз. Бірақ мұны ойда жоқта табылған жаңа пішін деудің де, ойға келгенді жасаған жалаң пішіншілдік деудің, де керегі жоқ. Мұны айтьш отырған себебіміз,— кейбір жекелеген өлеңшілер өзі өлең деп жазған дүниеліктің буынын не созып, не қысқартып, не иіп, не сындырып, аз-кем эксперимент жасаса болғаны, күллі қазақ өлеңінің заңын өзгерткендей, силлабиканы тоникаға айналдырғандай, бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген жаңалық ашқандай өрепкіп шыға келетіні бар. Бұл, әрине, ағаттық.
Талас жоқ, жаңалық керек. Өмірде де, өнерде де талай жаңалық болған, болып жатыр һәм бола бермек. Бірақ жаңалық — дәстүрді жалғастыра алса ғана жаңалық. Бұл ретте, бәрінен бұрын, жаңалық деген ұғымның өзін мықтап байыптап алған жөн.
Айталық, әлгі шумақ. Осында жаңалық бар ма? Бар. Жазылып, жарық, көрген тұстағы (1945 жыл) басқа өлеңдермен салыстырғанда, мұнда бір түрлі бір еркіндік, жаңа леп, кәдімгідей кең тыныс барды. Өзінің өлшемі де әдеттегідён өзгеше: ақын жырлап отырған жоқ, жай шешіле сөйлеп отырғандай. Қезінде бұл, шынында да, әжеп-тәуір жаңа айшық болатын
*Қ Жұмалиев, Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі, А, 1948; Б. Кенжебаев, Қазақ өлеңнің құрылысы туралы, А , 1955;
3 Ахметов, Қазақ өлеқшщ құрылысы, А , 1964
279
Жә, осы айшықты ақын қай жолмен жасады? Инверсия жолымен жасады. Егер автор өлең тармақтарың инверсияға салмай, әр сөзді орын-орнымен Эх, трубка сен — майдандық жолымның серігісің, түтінің жауға атылар зауал оғының тізбегіндей ширатылып аспанға ұшды... деп тұтастырса, поэзия емөс, оп-оңай проза болады да шығады. Демек, бұл арада ақын қолданған негізгі тәсіл — и н в е р с и я. Ал инверсия қазақ поэзиясындағы ырғақты атам заманнан бері тек буын заңына лайық қана жасап келе жатқаны әмбеге аян. Бұдан шығатын түйін: соңғы кезде жаңалық көрініп жүрген (мейлі, көрінеі берсін, қарсы емеспіз!), ырғағы, ырғағына сай дауыс толқындары инверсия мүмкіндігінің мөлшерінде аз-кем түлеген немесе түрленген тың айшықтар, қандай күйге түссе де бәрібір, қазақ өлеңінің силлабикалық сипатын тіпті де өзгерте алмайды. Бұл — бір.
Екіншіден, сырт көзге буын емес екпінге иек артқан секілденіп, әр тармағын әр түрлі буыннан құрайтын айшықтар бұрын көз көріп, құлақ естімеген нәрселер емесі қазақ поэзиясында баяғыдан бар нәрсе. Демек, дәстүрлі нәрсе! Бұл заңды, өйткені бұл дәл осылай белгілі бірі дәстүрді жалғамаған болса, жаңалық ретінде орын тебе де алмас еді.
Мына шумақтарға қараңыз:
Бұдырайған екі шекелі, (9)
Мұздай үлкен көбелі, (7)
Айдаса қойдың көсемі, (8)
Сөйлесе, қызыл тілдің шешені, (10)
Ұстаса, қашағанның үлкен құрығы, (12)
Қалайлаған қасты орданың сырығы .. (12)
(Қазтуған.)
Тоғай, тоғай, тоғай су (7)
Тоғай қондым, өкінбен (7)
Толғамалы ала балта қолға алып, (12)
Топ бастадым, өкінбен (7)
(Доспамбет.)
Көк қоянның қос құлағын тұндырған, (11)
Көгілдірдің жез канатын сындырған, (11)
Тегеурінді болат темірдің (9)
Тегеуріні өзіңсің. (7)
(Шпліез.)
280
Таудан мұнартып ұшқан, тарланым, (10)
Саған ұсынсам қолым жетер ме? (10)
Арызым айтсам өтер ме? (8)
Арыстаным көп болды-ау, (7)
Саған да менің арманым! (8)
(Махамбет.)
Міне, осылардың бәрі тармақ мөлшері әр түрлі болғанмен, екпінге емес, буынға негізделген; тоникалық өлеңдер емес, силлабикалық өлендер. Өйткені бұл өлеңдердегі ырғақты буыннан буынға аттап, көшіп жүрген ай-нымалы екпін емес, буын-буындарды бунаққа топтап, тәртіпке келтіріп жүрген дауыс толқындарынын, соқпа-соқпасы белгілеп түр.
Мұны айтқанда, біз силлабикалық өлеңнің буынға байланысты кейбір ерекшеліктеріне назар аударумен бірге, қазақ поэзиясын бұрын-сонды мазмұнды пішін жағынан түрлендірген, байытқан жаңалықтардың, бәрі баяғыдан бар дәстүрдің, занды жалғасы, басқа жақтан ауысып келген емес, өз топырағынан өсіп-өнген, жасанды емес, табиғи құбылыс екенін аңғартқымыз келеді. Бұл жайды өлең туралы келелі зерттеуінде профессор 3. Ахметов жан-жақты дәлелдейді. Ол, мәселен, өлеңді шығармадағы әр жолдың буын саны бірдей болып келмеуін силлабика заңынан шығып, тоника тәртібіне түсу деп қарамайды. Оған керегі — әр тармақтағы буын саны емес, сапасы: “Қазақ поэзиясының түбегейлі қадыр-қасиетін — өлең сөзінің ырғағын, пішін үйлесімі мен үндестігін” 3. Ахметов әр тармақтағы ұзынды-қысқалы буын мөлшерінен емес, сол “буындардың, жол ішінде топ-тасу” табиғатынан іздейді. Бұл өте дұрыс.
Қазақ өлеңіне айта қалғандай тамаша реформа жасаған ақын — Абай.
Б. Кенжебаевтың, анықтауы бойынша, “Абай 17 өлеңнің шумағын, ұйқасын жаңаша, өзінше қиыстырды”. Бірақ ол өзінің осы реформасы арқылы қазақ өлеңінің силлабикалық сипатын өзгертті ме? Жоқ, өзгерткен жоқ. Қазақ өлеңінің, шумағын, ұйқасын ғана емес, буынын да түрлендіре тұра, осының бәрін онын, табиғи топырағынан өсіріп шығарды. Абайдың шын мәніндегі жаңа пішін етіп қалыптастырған өлең өлшемдерінің бір алуаны түптеп келгенде өзге емес, өз әдебиетімізде — қазақ фольклорында — қазақтың байырғы мақалдары мен мәтелдерінде, жұмбақтары мен шешендік сөздерінде, жырлары мен толғауларында жатыр. Бірнеше мысал:
281
Бойы бұлгаң, Көзімнің қарасы,
Сөзі жылмаң... Көңлімнің санасы...
(Абай.) (Абай)
Апан-апан, Жақсыдан шарапат,
Ескі шапан... Жаманнан кесепат...
(Фольклор.) (Фольклор )
Алыстан сермеп Қамырықты көңіл,
Журектен тербеп... Қайтсе болар жеңіл'
(Абай.) (Абай.)
Жақсыдан үйрен, Досы көппен сыйлас,
Жаманнан жирен... Досы жоқпен сырлас.
(Фольклор.) (Фольклор.)
Бұл мысалдар, біріншіден, Абайға дейінгі қазақ, өлеңінің өлшемі екі-ақ түрлі (жеті буынды жыр мен он бір буынды қара өлең ғана) деген тұжырымның ұшқарылығын танытса, екіншіден, Абай жаңашылдығының ең елеулі сипаты өзіне дейінгі игі дәстүрлерді заңды жалғастыра 'келіп, жаңа өрісіке алып шығуында екенін аңғартады. Абай өзінің мазмұн жағынан да, пішін жағынан да поэзиясының түп тамырын алдымен туған топырағына терең бойлата сіңіріп жіберген де, бейнелеп айтсақ, жаңа үнмен жамыраған жасыл жапырақтарын содан соң барып жайқалтқан. Абай жаңашылдығының табиғилығы мен ғұмырлылығы осында жатыр. Қазақ өлеңіне бұрын-соңды буын елшемі жөнінен-қосылған жаңалықтарға осы тұрғыдан қараған орынды.
Енді қазақ поэзиясының күллі дамуының кезең-кезеңдерівде қалып-тасып, уақыт сынынан өткен, жұрт санасына сіңген буын түрлерінің кейбіреулеріне қысқаша тоқтап өтейік.
Достарыңызбен бөлісу: |