Жазушы-журналист Мақұлбек Рысдәулеттің «Көңіл құсы» нақты деректерді арқау еткен кезекті кітабы. Бұған дейін жарық көрген «Жұлдыздардың жарығы», «Күміс белдік», «Желсаз», «Ту ұстаушы», «Жұлдызды өмір», «Тарих тамырлары», «Ерлік ұмытылмайды!», «Тәуелсіздік–Туымыз!», «Мәңгілік ерлік» кітаптары да тарихи деректерді сабақтаған еді. Әртүрлі жанрларға қалам тербейтін қаламгердің повесттері мен әңгімелері, эсселері мен хикаяттары, очерктері мен публицистикалары нақты деректерге құрылуымен құнды.Оның шығармаларының оқырмандардың жылы лебізіне ие болуы да сондықтан болса керек. .
Сіздерге ұсынып отырған жазушының Жуалы туралы тарихи-танымдық, экологиялық туындысы, туған жер мен өзі туралы үзік сырларға толы. Әдебиет пен журналистиканың жанрларын сабақтастыра отырып, ой өрбітеді. Тілі жатық, ойы орамды..