көктен тамшы сұраған..
Түн қатады..
сабау қамшы бір адам..
(М. Горький.)
Ұйқастағы бұл секілді құбылулардың талай түріі тізіп көрсете беруге болады және оның әр түрінің өзіні лайық аты бар *. Бірақ 'біз олай етпей, жоғарыдағыда үш-төрт үлгісін ғана ұсынып, осылар арқылы, бір жағынан, В. Маяковскийдің ұйқас — өлең жолдарындағы “соңғы сөздердің үндестігі деу — бекер, ол — өлең тармақтарын бір-біріне көгендеу тәсілдерінің тек бір түр айта кету керек, ең қарапайым және қара дүрсін түрі ғана”** дегенінің жаны бар екенін қатерге" арнайы сала кеткіміз 'келсе, екінші жарынан, ұйқас та, ырғақ секілді," өлеңнің өн бойындағы дем мен тыныс, наз бен саз екенін айрықша атап өткіміз келеді.
Ұйқасты тек клаузуладан ғана іздеуге академик В. Жирмунский де қарсы: “Ұйқас деген үғымға — дейді ол,— өлеңнін, композициясын қиыстыруға қатысы бар кез келген дыбыс қайталау кіруге тиіс”***. Бірақ бұған қарап аосонанс пен аллитерацияны да ұйқас дей беруге болмайды. “Ұйқас — дейді профеосор 3. Ахметов,— ассонанс, аллитерация секілді жеке дыбыстардың жай қайталануы емес, кейде 'бір, көбіне бірнеше буындардың үндес үйлесімі”****.
* А. Қвятковскийдің “Поэтикалық сөздігін” (М., 1966) қараңыз.— 3. Қ.
** В. Маяковский, Таңдамалы шығармалары, М., 1953, 2-том, 470-бет.
*** В. Жирмунский, Ұйқас, оның тарихы мен теориясы, Пбг^і 1923, 9-бет.
**** 3. Ахметов, Қазақ өлеңінің құрылысы, А., 1964, 111-бет.
300
Рас, ұйқастың туу тарихына қарасақ, мұның ролін атқарған нәрселер көп: әуелде ән атқарса, антика тұсында созымды, оозымсыз үн атқарған. Көне дүние метрикасы секілді, түрік нәсілділердін, бірқатарында (өзбек, азербайжан, ұйғыр, т. б.) он ғасыр бойы өлең, өлшемі болып келген аруздың сабаб — ватад—фасила негіздерінде құралған сегіз түрлі бунағының (фаулун, фаилун, мафаилун, фаилатун, мустафилун, мустафаилун, муфаалатун, мафулату) қайсысын алмаңыз, бұлардағы шешуші шарттар да ұйқаста емес, дауыс ырғағында жатқан. ¥йқастың міндетін атқаратын аллитерациялық әуен түрік-маңғұл тұқымдас якуттер мен хакастарда әлі бар. Алай-да осылардің бірде-бірі бұл күндердегі ұйқасқа пар келе алмайтынын, силлабиқалық өлеңдегі ұйқастың орны мен ролі айрықша бөлек екенін атап айту керек.
Өлең ұйқасы жайлы даулы-даусыз пікірлер көп. Әдебиет зерттеушілері ұйқастын, әр түрін анықтап, әрқайсысына т о л ы м д ы, т о л ы м с ы з, і ш к і, с ы р т қ ы, к ү р д е л і, ж а л а ң, т е р е ң, т а й ы з, а ш ы қ, т ұ й ы қ... дегендер тәрізді алуан түрлі ат беріп, айдар тағып жұр. Бұлардың 'бәрінде де, әрине, шындық, дәлел, логика бар. Бірақ өлең жазатын адамға да, өлең, оқитын адамға да осының бәрін тәптіштеп түсіну шарт емес. Мәселен, мақтанба, баптанба (Абай) — толымды ұйқас болса, жұбанып, доғарып (Б. Ізтөлин) —толымсыз ұйқас екені өзінен өзі көрініп тұр. Бұл емес-ау, мұнын, есесіне мынаны білу қажет: ә р б і р ұ й қ а с ө л е ң ш у м а ғ ы н- ы ң ө н б о й ы н а т е к ө з і н е' ғ а н а т ә н ө з г е ш е с ы ң ғ ы р ә у е з, с ұ л у с а з, с ы р л ы к ү й д а р ы т у ғ а т и і с. “Қиыннан қиысқан” ұйқас әуеніндегі әрбір шумақ бүтін бір бітім, “сөз сарасындағы” жақалық болуы қажет. Ұйқас — ұйқас үшін тұрмауы керек, яғни ұйқас өлеңнің пішініне ғана емес, мазмұнына қызмет етуі шарт. Ұйқастағы табиғилық та осында жатады. Өлең ұйқасының үстіндегі іздену осы тұрғыдан болуға тиіс.
“Қаза!қ поэзиясында ұйқастардың түрі көп,— деп жазды академик Қ. Жұмалиев,— бірақ ен, негізгі және көп қолданылатындары мыналар: 1) қара өлең ұйқасы, 2) шұбыртпалы ұйқас, 3) ерікті ұйқас, 4) кезекті ұйқас, 5) шалыс ұйқас, 6) егіз ұйқас, 7) аралас ұйқас, 8) осы
301
күнгі ерікті үйқастар”*. Біз ғалымның тұжырымын құптай отыра, осы түрлердің үлгілерін ұсынамыз.
I. Астыма мінген атым Бұқпа кара, —а
' Шақ тисе, ақ бетіңе — ыкқа қара. --а
Аулыңның сырт жағынан ән салайын, —б
Даусымды танымасаң, шық та қара! _ — а
(Халық эні)
II. Құланнан атты қодықты, • — а
Көлден тартты борықты, — а
Арада неше қоныпты, — а
Жетемін деп зорықты... — а
(“Қыз Жібек”.)
III. Бұлттан шыққан айға ұқсап, —- а
Тұр еді Назым нұрланып, — б
Атлас көйлек үстінде, — в
Көк арбаға сүйеніп, - — г
Шыбықтай белі бұралып. — б
(“Қамбар батыр”.)
IV. Еділдің бойы ен тоғай, — а
Ел қондырсам деп едім. — б
Жағалай жатқан сол елге . — в
Мал толтырсам деп едім.. . — б
(Махамбет.)
V. Желсіз түнде жарық ай, — а
Сәулесі суда дірілдеп; — б
Ауылдың жаны терең сай, — а
Тасыған өзен күрілдеп. — б
(Абай.)
VI. Азамат, жүнжіме, жүрме бос, — а
Қол ұстас, бірігіп тізе қос. — а
Ту ұстап дұшпанға барайық — б
Теңдіктің ұранын салайық! — б
(С. Сейфуллин.)
VII. Көзінен күлкі өшпейтін, ---а
Өнер мен ойы өспейтін, ---а
Осы бір ағаң, ағаң-ақ. ---б
Сенен артқан досы жоқ, --в
Кебісін қойсаң ағалап. --б
Сенен артқан қасы жоқ, --в
Мінін айтсаң шамалап. --б
Мақтай берсең панаң-ақ, ' --б
Мақтамасаң қағанақ. ---б
_______ (Ә. Тэжібаев.)
* Қ. Жұмалиев, Әдебиет теориясы, А., 1960, 183-бет.
302
VIII. Далама біткен биігім. — а
Қабіріңді жасырған ба қу жазық? --б
Мүрдеңе келіп иілдім, --а
Өр даусынды іздеп кеудем кұлазып. --б
Сен, ---в
Елімнің жапан шөлінде --г
Арқырай аққан сел едің. ---д
Кегін де, жұрттың шерін де --г
Нажағайлы жырыңмен --ж
Көк нөсерге бөледің . --д
Нөпіріңнен қалса бір тамшы --з
Жұтар едім, --е
Қызғышыңдай қызғанып. --б
Тұңғиығым бұрқаншы, --з
Тебіренейін, --к
Жүрегімде толқыныңнан із қалып. --б
(Қ. Бекхожин.)
Бұлар — жоғарыда аталған сегіз түрлі ұйқастың кейбір мысал-үлгілері ғана. Әйтпесе, бұлардың, түрі көп; басқасын айтпағанда, тек аралас, немесе ерікті (VII, VIII) ұйқастардың өзі ондап саналады. Аралас ұйқастың 'бір ғана Абай туғызып, қалыптастырған түрінің өзі оннан асады. Олардың, көбі жұртқа таныс. Сондықтан ұйқас үлгілерін осыдан әрі тізе бергіміз келген жоқ. Оның үстіне, ұйқас түрлері де — шартты нәрселер. Айталық, еркін ұйқас. Мүның қазіргі қазақ ақындарының творчестволық іздену нәтижесінде туған түрлері тіпті көп. Олардың бәрін қағидалы қалыпқа салып, өлшеп-пішу тағы қиын. Ал, елшеп-піше қалған күнде де олар қара өлең, ұйқасы, егіз, немесе шалыс ұйқас секілді ақын атаулы жаппай қолданатыи заңды һәм табиғи үлгі боп қала ма, жоқ па?
Мұны ойламасқа және болмайды.
Мәселен, орыс поэзиясында әйгілі “Онегин шумағы”, оның өзіндік ұйқасы бар. Соның Қ. Шаңғытбаев аударған бір шумағын оқьш қарайық:
Қайдасың, сол көп періштем? — а
Жете ме менін, мұң-зарым. — б
Қыздардан талай көріскен — а
Айтсайшы кім жоқ, кім барын! — б
Күңіренген күміс күйлерін, — в
Бұралған орыс билерін ---в
Күн бар ма көрер, дариға-ай? --г
Немесе таныс табылмай, --г
Отырар ма екем қамығып, — д
Жастарға кейін ер жеткен --ж
303
Томсара қарап лорнеттен' --ж
Отырар ма екем жалығып, --д
Қыздырмай сауық-сайраны --з
Оралып ойлар қайдағы' --з
(А Пушкин )
Он төрт тармақтан құралған бір шумақтың ұйқасьі әр алуан, бай: шалыс ұйкас, егіз ұйқас, қаусырма ұйқас — бәрі бар. Осыны оқығандар мұнша-лық өнегелі өлшем мен ұйқасқа қанша сүйсіне тұрса да дәл осы үлгіні аудармай қайталап өлең жаза бермейді.
Мұны ескермеске және болмайды.
Асылы, Б. Томашевский біліп айтқан: өлең туралы ойлардың көбі даулы, сондықтан бәрі қызық.
ҮШІНШІ БӨЛІМ
ӘДЕБИ
ДАМУДЫҢ
МАҒЫНАСЫ МЕН МӘНІ
Б і р і'н ш і т а р а у .
ӘДЕБИЕТПҢ ТЕКТЕРІ МЕН
ТҮРЛЕРІ
ЖАНР
Әдеби жанр (французша §епге—тек, түр) термин ретінде шартты, екі мағынада қолданылады: 1) әдебиеттің, тектері — эпос, лирика, драма; 2) әдеби шығарманьщ түрлері — әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, тра-гедия т. б.
Жанр мәселесінің маңында даулы пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың, көбінде әдебиеттің тегі—жанр, әдеби шығарма — жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, мысалы, эпосты — жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге — очерк, новелла, сюжетті қысқа өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге — повесть, поэма, ал кең, көлемді эпикалық түрге — роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, 'сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси, не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лирикасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмірдің күрделі шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өз ара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылса, лирикада адамның жеке басына тән көңіл күйі, нәзік және терең психологиялық иірімдері суреттеледі. Ал драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл-әрекетіне, қақтығыстарына — түрліше тағдырлар тартысына құрылатыны мәлім.
307
СөйтІп, көркем әдебиет туған күнінен бермен қарай өзінің тегі жағынан жоғарыда аталған үш түрде дамып келеді. Сөз өнерінің осынау үш түрін кейде кескін өнерінің үш түрімен салғастыруға да болады: мәселен, эпос — живопись, лирика — орнамент секілді болса, “бір ғана диалогтан тұратын драма бір түсті графика тәрізді” (В. Кожинов) екені де рас.
Бірақ бұл жайларға көшпес бұрын арнайы тоқтап, тереңірек толғап, ойлап алуды қажет ететін бірқатар күрделі сыр мен шындық бар.
Ілгерішіл адам баласының көркем дамуындағы қандай құбылыс болмасын, соның ішінде әдеби творчествоның қандай категориясы болмасын, бәрі бір ғана түрғыдан, атап айтқанда, мығым тарихи тұрғыдан қаралуға тиіс. Ендеше, жанр мәселесін тексерудегі негізгі принцип те сол — и с т о р и з м.
Сөз жоқ, кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипаты, өзгешелігі бар, оны анықтау шарт. Алайда бұл— аз. Бұдан бұрын, кез келген әдеби шығарманың жанрлық сипат һәм сымбат алғанға дейінгі табиғи туу проце- сі, заңды жаралу тарихы бар. Мұны ескермеске болмайды.
Айталық, “Соғыс және бейбітшілік”. Күллі адам баласының көркемдік даму тарихыңдағы айрықша адым болып табылатын осынау орыс әдеби-етінің ұлы құбылысын жасау үстінде Лев Толстойды билеген мақсат пен мұрат жанр “құпияларынан” гөрі басқа болатын.
— “Соғыс және бейбітшілік” деген не? — дейді Лев Толстой.— Бұл роман емес, әсіресе поэма емес, әсіресе тарихи хроника емес. Автор өзі қалаған пішінде нені айтқысы келді және нені айтты, “Соғыс және бейбітшілік” — сол.
Бұл не деген сөз?
Бұл — әдебиеттегі кез келген пішін “автор айтқысы келген” 'Мазмұннан туады, яки әдебиеттегі кез келген пішін — мазмұнды пішін деген сөз.
Әдебиет теориясында пішін (форма) бар да, т ү р (вид) бар. Дәлірек айтқанда, әдебиеттің төктері (эпос, лирика, драма) бар да, т ү р л е р і (роман, поэма, трагедия т. б.) бар. Тек те, түр де ж а н р деген ұғыммен, яғни жанр жәяе жанрлық түрмен мәндес. Осылардың бәрін тиянақты тарихи тұрғыдан, қатал историзм принципінен танып түсіну, бір жагынан, жалпы творчестволық
308
процесс мәселесін қозғау болса, екінші жағынан, нақты мазмұнды түр мәселесін талдау болып табылады. Жанр эселесі осылай пайымдалғанда ғана ғылми-зерттеу жемісті болмақ.
Әдеби даму да бір — ағысты өзен: шымырлап өнген ,айнар көзі, яки мөлдір бастауы, оған жалғас толқынды арнасы, одан әрі құяр сағасы бар. Халық өмірінің өзі, оның тарихи тағдырлары, оқиғалар мен құбылыстар, кайшылықтар мен тартыстар, қоғамдық қарым-қатынастар мен қарама-қарсылықтар, адамның рухани бітімі, моральдық кескіні, қысқасы, ақикат шындықтың алуан-алуан саласы әдебиеттің, тегін туғызады, қалыптастырады. Ендеше, қандай да болмасын, әдебиеттің тегі, тектің түрлері— ақиқат шындықтын, өз қажетінен туған “арналы тасқындар” екені даусыз. Бұлардың бәрін жалпы алып қарасақ, біз орасан күрделі тарихи процеске кездесеміз; ал әрқайсысын жеке тексере қалсақ, әрбір әдеби түрдің туу, қалыптасу тарихы, бәрінен бұрын, мазмұнды түрдің даму жолдары бар екенін байқаймыз.
Бір жолы Л. Толстой “Плутон” туралы былай деген еді: “Аристофан комедиясының қатъшасушылары — Байлық пен Қедейлік. Өзінің, қажет-тілігін дәлелдеген Қедейліктің әңгімесі V ғасырдағы грек үшін өте жақсы; бірақ біз үшін... оның мағынасы ғана жоқ емес, тіпті осындай қатынасушы-лардың, өздері атымен жоқ. Мұндай кейіп-теу жасалған заттың өзі әлде-қашан адыра қалған”*. Шынында да, солай емес пе? Көне дүние комедия-сында көрінген көркем бейнелердің көбі немесе көне дүние комедиясында суреттелген шындық құбылыстардың талайы қазір адам нанғысыз; ондай бейне мен шындық қазір жоқ немесе жоғалып барады. Бірақ комедия жанр ретінде, яки белгілі мазмұн қалыптастырған түр ретінде бар және бола бермек.
Бұл арада ескеретін нәрсе — әр жанрдың, әдеби түр ретінде тууы мен дамуының негізінде мазмұшың ұланғайыр құбылулары — пайда болуы, өзгеруі, өсуі, өшуі жатыр. Жанр жайлы сөз қозғағанда, міне, дәл осы құбы-луларды әрқашан есте ұстап отыру шарт. Сонда біз жанр жайын байыптау-ға әшейін пішін тұрғысынан емес, мазмұн тұрғысынан келеміз де, әшейін сыртқы белгілері мен өзгешеліктерін жіпке тізіп тынбай, оның ішкі даму заңдылығының тарихын талдап, төксеретін боламыз.
* Л. Н. Толстой әдебиет туралы, М, 1955, 130 бет
309
Сонда біз әдеби түрді, яки әр жанрдың өзіне тән пішіні сыртқы жамыл-ғы ретінде емес, қатайған мазмұн ретінд, түсінетін боламыз.
Өнер өмірден туады. Ал өмір күрделі, өмір құбылыстары әр алуан, өмір процесі қиын. Ендеше, өмірден туған өнер де күрделі, әр алуан, қиын. Эпостың, лирика мен драманың әрқайсысы осынау күрделі, қиын өмірдің өз қажетінен пайда болған. Демек, бұлардың әрқайсысының терминдік тарихын білу мүлде жеткіліксіз; тегің төксеріп, табиғатын тереңірек тану; туу, қалыптасу, даму тарихын талдап-тексеру қажет. Жанр жайлы ұғым соң. да ғана шын мәніндегі ғылми сипатта болмақ.
Әрбір ә д е б и ш ы ғ а р м а — б е л г і л і д ә у і р. д е г і қ о ғ а м д ы қ ш ы н д ы қ т ы ң с ә у л е с і.
Әр дәуірдің өз шындығы бар. Бұлар бірін-бірі қайталамайды. Олай болса, әр дәуірдің шындығын сәулелендірген шығармалар да бірін-бірі қайталамайды: тектері мен түрлері- ұқсас болғанмен. Шекспир трагедиясы Әуезов жазған трагедиядан, Бальзак романы Мүсірепов романыңан, Абай поэзиясы Мұқанов поэзиясынаи өзге екені даусыз. Мұны да историзм принципінен қарағанда ғана аңғарамыз. Міне, осы өзгешеліктерді ажырату әрекетінің өзі жанр мәселесін тарихи тұрғыдан толғауға әкеледі.
Әдеби шығарманың өзгешелігін осылайша тарихи тұрғыдан пайымдай тұра, қай дәуірде жазылмасын, қандай қоғамдық шындықтан тумасын бәрібір, тектес туындыларда адам өмірін бейнелеу жағынан заңды ұқсас-тық, композициялық құрылым жағынан бірлік болатынын тағы есікеру қа-жет:л и р и к а ж е к е б а с қ а т ә н с а н и і р і м с е з і м г е қ ұ ры л с а, э п о с а д а м ө м і р і н і ң к е з е ң - к е з е ң і н е к е ң і р е к қ а н а т ж а я д ы д а, д р а м а н а қ т ы қ и м ы л- ә р е к е т т е н ө р б і п, ө р і с- т е й д і. Мұны ескеру зерттеудегі историзмді жоққа шығармайды, жанр мәселесін неғұрлым байсалды, терең және жан-жақты талдауға, әрбір әдеби түрдің өз ара өзгешелігімен қатар, бірлігін де жіті тануға мегзейді. Әдөбиеттің тектері мен түрлерін тексеруге осы жолмен 'барған жөн.
Сөйтіп, өмірдің ең негізгі заңдарының бірі — оның толассыз дамуы десек, бұл заң өнерге де, соның ішінде сөз өнеріне де тән. Әр халықтың әдебиеті ол өмір сүрген тарихи дәуірлердің әр кезеңінде әр халде, әр қалыпта
310
болып отырады. Әдеби процесс дегеніміздін, өзі —осы.
Көркемдік дамудың әдеби процестен танылатын құбылыстары алуан-алуан: бірін әдеби шығарманың тақырыбынан аңғарсақ, бірін идеясынан, енді бірін адам -разынан аңғарамыз. Әдеби жанрлар тағдыры да осы құбылыстарға тығыз байланысты. Мұның, егжей-тегжейін күллі әдеби құбылыстарды тарихи тұрғыдан топшылау, талдау арқылы ғана білуге болады.
Мысалға Махамбет өлеңдерін алайық. Бөкей -сындағы Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісі — өткен ғасырдың орта тұсындағы қазақ өмірінде болған құбылыс та, Махамбет поэзиясын өмірге әкелген фактор — дәл осы тарихи жағдай. Мұны да қатал историзм принципінен танып, білеміз. Қазақ әдебиетінің ол тұстағы өрбу дәрежесіне лайық жанр атаулыдан қолда бары және өзіне тән өзгешеліктерімен өсіп-дамығаны — эпостың жекелеген түрлері мен лириканың қайсыбір категориялары ғана. Бұл шындық Махамбет өлеңдерінің жанрлық сипаттарын белгіледі. Махамбет шығармаларының бүкіл жанрлық ерекшеліктерін, мазмұны мен пішінін, күллі ақындық машығын, өршіл романтизмін, айрықша пафосын — бәрін де жоғарыда көрсетілген шеуші жайтқа байланыстыра байыптаймыз, Мүбәдә историзм принципінен ауытқыған жағдайда бұл айтылғандардың бірін де анықтай алмаған болар едік.
Демек, жанрлық жай-күйдің бәрін тек қана тарих аясында, халық өмірімен тығыз байланыстыра, барлық әдеби дамумен бір арнада тексеру шарт.
Ж а н р — д а м у ү с т і нд е г і ұ ғ ы м. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттін, ұлттық сыр-си-патымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процестегі атқарар роліне, алар орнына байланысты. Мольер мен Мүсірепов пьесаларынан көп-көп жанрлық ұқсастықтар көре түра жер мен көктей айырмашылықтар байқау себебіміз де сондықтан.
Ж а н р л ы қ д а м у д ы ң ө з і — тірі пр о ц е с с. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады... Бұл да әр әдебиеттің тарихи тағдырлары мен ерекшеліктеріне ұштасып жатады.
311
Ж а н р—н а қ т ы т а р и х и т ү р. Бұл, сайып келгенде, әлеуметтік-экономикалық факторларға да тәуелді. Қазақ эпосы бір кезде батырлар жыры түрінде көрінсе, кейін аралық сипаттағы лиро-эпосқа көшті; одан келе жанрлық табиғатын мүлде жаңартқан жаңа сападағы поэмаларға ауысты. Бұл тегін емес.
Дуние жүзілік әдеби дамуға көз салсак, абсолютизм дәуірінде ода өріс алса, кертартпа буржуазия тұсында мещандық драма, капитализм кезінде шыншыл роман туа бастағанын көреміз. Мұны да тегіннен-тегін деуге болмайды.
Ақыр аяғында, әрбір көркем шырарманың барлық жанрлық ерекшелік-тері сол шығарманы жазған автордың қаламгерлік ерекшеліктеріне тәуелді екенін ескеру керек. Мысалы, роман жазған жазушының бәрі бұд жанрдың белгілі ережесімен жазып, жалғыз аяқ соқпағымен жүріп отырады деуге болмайды; әр роман әр автордың қалауынша жазылады да, ол жалпы осы жанрға бұрын-соңды ешкім енгізбеген өзіндік өзгешелігін енгізеді. Демек, әр жанрдың айрықша қасиеті жалпы долбармен емес, нақты жағдайда, нақты көркем туындыға негізделе дәлелденуге тиіс.
Көркем творчество жанрларға бөлінбей тұрған көне дәуірде әдеби туындыға тән бірден-бір сипат атам заманғы поэтикалық с и н к р е т и з м болғаны мәлім. Синкретизмде жанрлык сипаттар жапатармағай қосылып жатты. Мәселен, баяғы бір топ адам қосыла әндететін хорлардың мазмұнында кейде жекелеген оқиғалар (эпосқа тән сипат) жатса, кейде әншілердің өз бастарындағы күйініш-сүйініштер (лирикаға тән сипат) араласып, кейде ән бастаушы мен қоштаушылар арасындағы диалогтар (драмаға тән сипат) кездесіп қалатын. Осылардың бәріне қоса, хорға адамдардың дене қимылдары, бет құбылыстары, билері араласатын да, өнерге қолма-қол сахналық сипат беретін. Келе-келе синкретизм жо-йылды да, өнердін дара-дара жаңа түрлері шықты. Бір поэзияның өзі талай түрге бөлінді. Ол түрлер ғасырдан-ғасырға өзгеріп, құбылып, ескісі жоғалып, жаңасы туып отырды. Дәл осындай тірі процесс — жанр табиғатындағы бұрыннан болған, бар және бола беретін заңдылык. Жанр табиғатын зерттеуге, міне, осы заңдылық тұрғысынан келеміз.
312
ЭПОС
Эпос (грекше ероз—баян, әңгімелеу, тарихтап айгу) — к ө р к е м ә д- е б и е т т і ң б а й ы р ғ ы, н е гі з г і т е к т е р і н і ң б і р і, д ә л і р е к а й т қ а н д а, ө м і р ш ы н д ы ғ ы н м е й л і н ш е м о л қ а м т ы п, к е ң с у р е т т е й т і н, а д а м м і н е з і н м ү м к і н д і г і н ш е т е р е ң а ш -ып, ж а н-ж а қ т ы т а н ыт а т ы н і р г е л і, к ү р д е л і ж а н р.
Осындай теориялық анықтамаға келмес бұрын профессор Л. И. Тимо-феев эпосты термин ретінде екі түрге бөліп алады да, алдымен “әдеби-тарихтық мағынада эпос — халық поэмалары мен ертегілері (орыстың халық эпосы, көне дүние эпосы т. б.)”* — деп түсіндіреді. Мұнда да үлкен логика бар: әдебиет теориясында эпос жанр атанғанмен, әдебиет тарихында халық дастандары, айталық, “Қобланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сияқты батырлар жыры екені рас. Әйтседе, мәселеге историзм принципінен қарасақ, бұлайша бұтарлай бермей-ақ, бәрін бір жүйеде тексеруге әбден болады. Өйткені эпос деген терминнің әдебиет тарихындағы мағынасы әдебиет теориясындағы мағынасымен сабақтас; сондықтан біз бұл жанрдың байыбына дәл осы тұрғыдан барған дұрыс деп білеміз.
Эпостың туу, қалыптасу тарихы тым әріге, адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтық болмасын, баяғы бабалар заманынан бермен қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып қалдырып келе жатқан әдеби туындыларының дені — эпостық шығармалар. Олай болса, эпос — көркем творчествоның ең бір егде, етене, қең тынысты, кәмелетті түрі. Бұл тарихты шолу түрінде болса да ойға орнықтырмай тұрып, эпостың жанрлық сыр-сипатын түсіну қиын.
Эпостық шығарманьщ арқауы — автор үшін “ішкі” субъективтік шындық емес, “сыртқы” объективтік шындық,— жекелеген адамдардың көңіл күйі ғана емес, күллі халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық даму заңдылықтары. Осыдан келеді де дәуір-
* Л И Тимофеев, Әдебиет теориясының негіздері, М, 1966, 343-бет.'
313
лік кұбылыстар мен қоғамдық қатынастарды көркем жинақтаудағы жұртқа мәлім эпикалық кұлаш деген ұрым шығады. Бұл — эпосқа тән айрықша сипаттардың бірі Адамның көңіл күйінен туатын лирика мен қимыл-
әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы —.мұнда шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог-монологта-
ры — эпостық баянды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Мұны Горький де айтқан-ды. Ал Белинский эпикалық шығарманың тары бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе — адам болса,эпостағы басты нәрсе — оқиға екенін ескертеді. Бұдан шығатын түйін — э по с ж а н-ж а қ т ы ж а н р:э п и к а л ы қ ш ы ғ а р м а д а а д- а м н ы ң ө м і р ж о л ы к е ң і н е н б а я н д а л а д ы, он ы ң б а с ы н а к е ш к е н т а ғ д ы р м е н т і р ш і л і к т о л ы қ ж и н а қ т а л а д ы, о л қ а т ы с қ а н о қ и ғ а л а р м о л ы н а н с у р е т т е л е д і, о л ж а с а -ғ а н і с-ә р е к е т т е р тұ т а с б е й н е л е н е д і,сайып келгенде ,ад а м -д ар а р а с ы н д а ғ ы қ а р ы м-қ а т ы н а с т ар ә р қ ы р ы н а н а й-
қ ы н к ө р с е т і л ед і.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: 1) ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р: 2) о р т а к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р; 3) к е ң к ө л е м д і э п и- к а л ы қ т ү р. Қандай эпостық шығарма болмасын, бәрібір, осынау үш түрдің біріне жатады. Эпостың ендігі ерекшеліктерін неғүрлым ұтымды аңғарту үшін осы айтылған жанрлық түрлердің әрқайсысын (құрамын-дағы кейбір үлгілерін мысалға ала отырып) жеке-жеке сипаттауға көшеміз.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қа-тысатын қаһармандар санаулы, олардың басынан өтетін құбылыстардың бәрі емес, кейбір үзіктері ғана суреттелетін болғандықтан, мүндай шығарманың көлемі де шарын, ықшам. Адам мінезі мұнда көбіне қалыптасқан дайын қалпында көрінеді. Кейіпкер өмірінің көп бұралаңы — шығарма сыртында — баяндаудан да, суреттеудеі
314
тыс авторлық материал — нағыз қажетті детальдар ен штрихтар ғана. Шығарманың сюжеттік арқауы ұзақжелілі, арналы даму үстінде емес, қысқа қайырылған суреттер түрінде тізбектеледі; композициясы да — жинақы, үйірімді, ширақ.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихыньщ әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем туынды — м и ф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері —а ң ы з,е р т е г і, м ы с а л
н о в е л л а т. б.
Миф — т а б и ғ а т қ ұ п и я л а р ы н, а д а м н е қ о ғ а м ө м і р і н і ң с а н а л у а н с ы р ы н қ и я л а ж а й ы п о қ и ғ а ғ а а й н а л д ы р а бе й не л е й т і н ф а н т а с т и к а л ы қ б а я н. Бұл байырғы халықтар-дың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні көне Греция (Троя, Фивы циклдері); кейін римляндарға ауысқан.
' Ежелгі Грецияда туған көп-көп шағын эпостың бір мысалы ретінде Антей туралы мифті еске түсіруімізге болады: көне дүниенің керемет қаһарманы Антейдің күллі күш-қуаты өзін дүниеге әкелген Жер-анада екен. Антейдің аяғы жер басып тұрса-ақ болғаны, оны ешбір жау ала алмайтын болған. Өйткені оның тал бойындағы барлық қасиет Жерде — өзін тапқан анада. Соны білген Геркулес Антейдің аяғы қайыптан тайып Жерден ажырауын бағып жүреді де, бір жолы қыл елі көтерілген сәтте оған енді қайтып жер бастырмай, алыпты әуеде тұншықтырып өлтіреді...
Бұл секілді мифтер көне дүние көркем әдебиетінде көп және әр алуан; бәрі бірігіп, әлемге әйгілі грек мифологиясын құрайды. Мұны әдебиет теориясында мифологиялық эпос деп атайды.
М и ф о л о г и я л ы қ э п.о с —ж а л п ы э п о с а т а у л ы н ы ң б а с ы. Бұл эпостың идеялық-тақырыптық негізі — адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылым тумай тұрғандағы сонау алғашқы қауымға тән идеологиялық синкретизм тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт ұрым-нанымдары. Демек, мифологиялық эпосты адамдардың басын айналдырран бірыңғай діни сенімдер рана турызды деуге тіпті де болмайды. Мифологиялық эпос — халықтың бүкіл қауым боп қанаттан-дырған қиялынан туған қымбат қазына.Ондағы негізгі
315
мотив жеке бастың күйкі тіршілігі емес, кейінірек өрбіген батырлар жырындағыдай, жалпы жұрт тағдыры бо луы да сондықтан.
Сайып келгенде, шағын көлемді эпикалық түр ретің. де сипаттасақ, миф — аңыз. Кейіпкерлері — кұдайлар батырлар, әр алуан сиқырлы кереметтер. Әрқайсысы адам танқалғандай тартымды, соншалық қызық сюжет-ке құрылады. Көркемдік бояуы қанық, идеясы айқың аса әсерлі, сол себепті мифтік аңыздар — мазмұнындағы көптеген кісі нанғысыз аңғырт һәм албырт жайларға қарамастан кезінде айта қалғандай эстетикалық және тәрбиелік роль атқарған әдеби туындылар.
Миф — “адам баласының сәбилігі туралы” (Маркс) шежіре; ендеше, оның біздер үшін таным тарапындары мәні де үлкен.
Эпостың көне түрлерінің бірі — а ң ы з. Бұл да миф секілді ә с і р е қиял а р а л а с ф а н т а с т и қ ал ы қ х и к а я. Бірақ мифтен өзгешелігі — аңыздың, негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тіпті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады. Әр халықтың тарихын-дағы әлдебір абзал адамдар — аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған.
Қазак ауыз әдебиетінде Асан қайғы туралы аңыз бар. “Бұл — тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір кешіп еді. Ол жайының ешқайсысыная дәл дерек жоқ”*. Бір ескеретін нәрсе—Асан жайлы аңыз дар екі ұдай; бірі — халыққа жат, онда Асан Жәнібек ханның жанындағы кертартпа сәуегей халінде көріне- ді, екіншісі — халықтық аңыз, онда Асан жалпы жұрт үшін “қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын” жайлы қоныс, құтты мекен іздеп жүрген ел қамқоры кейпінде! көрінеді. Соңғысы — қызық аңыз, бізге керегі де осы аңыз. Бұл аңыз — шағын эпикалык түрдің қазақ әдебие тіндегі тәп-тәуір, нұсқалы туындысы да, Асан — кәдімгідей көркем шығарманың кейіпкері.
Осындай аңыздар әр халықта бар. Мәселен, орыс қының “суы — сүт, жағасы — бал қаймақ” өзен тур аңыздары — әлгі сарындас әдемі эпос.
М Әуезов, Әр жылдар ойлары, А, 1959, 245 бет,
316
Аңыз әлі де онша ескіре қойған жоқ. Кейде ел аузында, кейде жазба түрде тарихта болып өткен белгілі адамдар, не оқиғалар жайлы толып жатқан тамаша хикаялар әлі күнге әсіреленіп айтылады. М. Горькийдің “Изергиль кемпірі” мен С. Мұқановтың “Патшаны қуған батыры”,
А. Твардовскийдің “Москва туралы балладасы” мен X. Ерғалиевтің “Аңыз атасы” ел аузында аңызға айналған шындықтарға негізделген. Мұндай аңызды шығармалар көптен-көп.
Көркем пішін тұрғысынан қарағанда, аңыз шынында да мифті еске сала береді: көлемі шағын, оқиғасы қызық, адамдары аз, тілі таза, идеясы айқын. .
Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі — е р т е г і. Бұл да миф пен аңызға ұқсас а д а м ө м і р і н д е, н е х а й у а н а т д ү н и е-- с і н д е б о л у ғ а л а й ы қ әр а л у а н қ ы з ы қ, к е й д е т і п т і ғ а ж - а й ы п о қ и ғ а л а р д ы о й д а н ш ы ғ а р ы п, ө с і р е ә ң г і м е л е й –т ін к ө р к е м б а я н, ә с е р л і х и к а я.
Ертегілердін, тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан. Бізге кез келген ертегі емес, бәрінен бұрын “халық жанының айнасы” (Белинский) бола алатын, “ен, алдымен халықты мінездейтін” (Добролюбов) ертегілер ғана қымбат. Ондай ертегілер қазақ әдебиетінде сала-сала,
Қазақ ертегілерін жете зерттеп, казак, әдебиетінің тарихына ертегілер туралы арнаулы бөлім жазып енгізген ғалым-жазушы М. О. Әуезов шағын көлемді эпиканың бұл түрін үш салаға (хиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері) бөліп, әрқайсысына жеке-жеке мінездеме береді.
Көркемдік жағынан бағалағанда, ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі ауы-зекі айтуға лайық.қарапайым, бірақ образды, өткір, дәл, мазмүны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық. Оқиғаға қатысатын адамдар да санаулы, аз, жалғыз-ақ олар әрқашан жан-жақты ашылған толық канды тұлға, кесек образ дәрежесінде көріне бермейді, мінез-құлқы көбіне бір-ақ қырынан, ең елеулі ерекшелігімен ғана көзге түседі. Іс-әрекеті де соған лайық, өлшеулі.
Ертегілер ауыз әдебиетінде ғана емес, жазба әдебиетте де мол; мысал үшін А. С. Пушкиннің өлеңді ертегілерін, М. Е. Салтыков-Щедриннің көркем қара сөзбен жаз-
317
ған немесе А. Н. Островскийдің драматургия тіліне көшірген ертегілерін атасақ та жетіп жатыр.
Осынау ертегілерден, оның ішінде хайуанат жайындағы ертегілерден ту-ындап шығып, шағын эпостың өзгеше бір түріне айналған нәрсе -м ы с а л (басня).
Мысал — эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.
Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б. э. б. VI ғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов — бәрі солай жазған. Қазіргі мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты атауға болады. Бұлар да өлеңмен жазып жүр.
Көркемдік дамудың 'жаңа кезеңдерінде эпикалық шығармалардың да бұрынғы түрлері өзгере, жаңғыра тұра, тіпті тың түрлері туып отыратыны сөзсіз. Феодализм мен капитализм тұсындағы шағын эпоста сондай жаңа-дан туған түрдің бірі — н о в е л л а (итальянша поъе, Іа — жаңалық, соны сөз) — “бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымді әңгіме” (Гёте).
Новелланың алғашқы белгілері грек әдебиетінде біздің эраның бас жағында көріне бастағанмен, ол шағын эпикалық түр ретінде Европадағы ояну дәуірінде туып қалыптасты. Бұл тұста қоғам назары бір түрлі жеке адамдарға ауа бастады: әркімнің дара тіршілігі, іс-әрекеті, оның басынан өтетін оқшау оқиғалар, кездейсоқ құбылыстар жұрт назарын көбірек аударатын болды Новелла осындай жеке адамдар басынан кешкен оқы оқшау оқиғалардан туған еді. Ренессанс кезіндегі Ит лияның көрнекті жазушысы Боккаччоның әйгілі “Дек мероны” — сондай новеллалар циклі. Бүкіл дүние жү, әдебиетінде жұртқа мәлім айрықша шебер новеллистер—Н. Гоголь мен А. Чехов (Россия), П. Мериме ме
,318
Г. Мопассан (Франция), Эдгар По мен ОТенри (Амери-ка) т. б.
Біз новелланы эностың шағын түріндегі даму сырларын қатерге алған-дықтан ғана атап отырмыз. Әйтпесе, новелла біздің дәуірімізде көркем әңгімемен ұласып, екеуінің ара жіктері жойылып бара жатыр. Әдебиет білімпаздарының бірқатары тіпті бұл екеуін бір-бірінен айыра қарауға қарсы, екеуін бір нәрсе деп түсіндіреді. Сондықтан біз кей реттерде новелланың жанрлық ерекшеліктері боп көрінетін сюжеттегі оқшау шиеленіс, оқыс шешім сияқты жайттарға арнайы тоқтап, айрықша мән бермей-ақ, көркем әңгіме мәселесін пайымдауға көшеміз. Айтса-айтпаса да, ә ң г і м е н о в е л л а д а н к е й і н і р е к т у ғ а н ұ ғ ы м б о л ғ а н –м е н, е к е у і н і ң т а б и ғ а т ы б і р е к е н і д а у с ы з. Оның үстіне, әңгіме — шағын көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі нағыз классикалық үлгісі.
Әңгіме деген не?
Бұл сұраққа жауап беру қиын, әңгіменің сыр-сипаты біржола кесіп-пішуге көнбейді, бірыңғай анықтама шеңберіне сыймайды. Дегенмен “Әңгіме,—дейді Сомерсет Моем,— ұзын-қысқалығына қарай он минуттан бір сағатқа дейін оқып бітіруге болатын, әбден аршылып алынған бір-ақ нәрсе, бір ғана окиға немесе бірігіп кеткен бірнеше оқиғалар тізбегі туралы жазылған шағын шығарма. Әңгімені еш нәрсе қосуға да, алуға да болмайтын етіп жазу керек”. Бұл арада Моем әңгіменің жанрлық сипатын анықтай отырып, оны жазудың екі түрлі ерекшелігін, біріншіден, қысқа жазылуы керектігін, екіншіден, шебер жааылуы қажеттігін ескертеді. Бұл екеуі бір-біріне тығыз байланысты.
Сөз жоқ, әңгіме — бес жүз бет роман емес; көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Сергей Антонов, мәселен, бұл жанрдың классикалық үлгісі — жеті-сегіз беттік әңғіме деп біледі. Қалай болғанда да, әйтеуір, әңгіме оқу үшін бір жеті керек емес, Моем айтқандай, бір-ақ сағат жетуі мүмкін.
Ал мұншалық қысқа мерзімде оқырманға қыруар, эстетикалық ләззәт беру тек шебер жазушының ғана қолынан келеді: бес-он бет қана кішкене шығарма көлемін-де үлкен өмірдің бір бөлегін жарқ еткізіп жайып тастап, оқырман алдына қилы-қилы мінездің адамын жетелеп
319
әкеп, жақсысына сүйсінтш, жаманынан түңілтіп отыру—. ірі шеберлік. Мұндай шеберліктің үлгісін, мәселен А. П. Чехов көрсеткені, ұлы суреткердің шебер қолынаң қандай ғажайып миниатюралар шыққаны әмбеге аян, Кез келгенін оқыңыз, қас қаққанша қандай терең сезімге салады, қалайша баурап алады сізді? Қөз алдыңызда сан түрлі типтер тұрады: Пришибеев, Беликов, Очумелов... Бұлардың дәл бір тірі кісідей жанды бейнеде жасалатыны сондай, кітаптан оқып отырғаныңызды ұмытып, кейбіреуін қолыңызбен түртіп қалғыңыз келсе, кейбіреуін дауыстап шақырып алғыңыз келеді, Бірінің қимылына сақылдап күлесіз, бірінің мінезінен түңілесіз, бірін аяйсыз, біріне сүйсіне қарайсыз. Енді біреулерінің кейбір оспадар қылығы кездейсоқ та болса өз бойыңыздан табыла қалса, сәл ұяла беріп... сабақ аласыз. Енді бір алуан ұнамды типтердің жақсы қасиеті сізге дари түседі. Бұл — әңгіменің тәрбиелік күші.
Ә ң г і м е — қ и ы н ж а н р. Алдымен, көлемі шағын. Ол — жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң, оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Сюжетке ене бастаған бетте-ак оқырманның көз алдына іші-сыртын, мінез-құлқын, іс-әрекетін аттаған сайын аңғартып, адам келе бастауы керек. Ол адам өзіне тән ең бір елеулі өзгешелігімен шұғыл даралана беруге тиіс. Адам тұл көрінбейді; оның өзін қоршаған айналасы айқын көзге түсуі, сол арқылы белгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы шарт. Әлгі адам — соның өкілі, типтік тұлға болуы қажет. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қабат, шұрайлы сөз байлығын, жіті байқағыштықты, асқан талғам-паздықты, тілдегі тамаша суреттілікті, бір сөзбен айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяра апарар терең білім мен биік мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі — күрделі, қиын жұмыс; сондықтан болуға тиіс, қаламгер қауым әңгіме жазуды шеберлік шыңдау деп ұрады.
Рас, әңгіме — шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрі қаламын осы “мектептен” ұстартып шықты. М. Горький мен А. Серафимович,
А. Толстой мен М. Шолохов...— бәрі де романнан бұрын әңгіме жаз-
320
ған адамдар. Олардағы зор шеберліктің бір ұшы осында жатса керек.
Қазақ совет жазушыларының үлкен ұрпағы да (Б. Майлин, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т. б.) алғашқы бетте әңгімемен көрінді. Осы ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарындағы қазақ прозасының дені әңгіме болатын; прозадағы ұнамды кейіпкер сол әңгімелерден басталған. Бүгінде бұл жанр біздің әдебиетімізде одан әрі дамып, өркен жайып, жан-жақты жетілу процесін бастан кешіріп отыр.
Ә ң г і м е — әдемі дүние: ж а у ы н г е р, ұ ш қ ы р, өмір құбылыстарына шұғыл үн қосқыш, оқушысын тез тапқыш, өткір икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ поэманың қасындағы қысқа лирика секілді, көп актылы драманың қасындағы бір актылы пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшан, тарайды. Жақсы әңгімені сахнадан тыңдауға, егіс басында қарау-ға, станок жанында оқуға, қалтаға салып, жолға алып шығуға болады... Әдебиет сүйетін адамға әр жерде-ақ сыршыл серік, сыр мінез дос боп кетеді; оның ойын тербеп, қиялын қозғап, жанына жалын қосады. Бұл — әңгіменің эстетикалық күші.
Жоғарыда айтылғандар, әрине, әңгіменің кейбір ерекшеліктерін еске салады, бірақ бұлардың бірде-бірі оның ережесі не анықтамасы бола алмайды. Әңгіменің жанрлық табиғаты тым құбылмалы. Мысалы, жоғарыда біз әңгімедегі сюжет туралы айттық; ал, сюжетсіз әңгіме бо-лады, оны қайттік? Әңгіме көркем қара сөзбен жазылады, оны білеміз; ал егер, Джефри Чосердің “Кентербери әңгімелері” сияқты, өлеңмен жазылса ше? Әңгіме кейіп-кері — әрине, адам; ал егер ат немесе тіпті ит болса ше?..
Қысқасы, ә ң г і м е — ш а ғ ы н к ө л е м д і э п и к а л ы қ т ү р д і ң а йр ы қ ш а а с ы л ү л г і с і әңгіме, негізінен, қысқа жазылады, ал “ең парасаты проза — дәл және қысқа жазылған проза” (Пушкин) әңгіменің ең елеулі ерекшелігі — жинақылығы, ал “нағыз күшті, нағыз құдіретті проза — жинақы проза; одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған... Жинақылық — мұқият мықтының ісі” (Паустовский).
Достарыңызбен бөлісу: |