3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ



бет3/20
Дата19.12.2016
өлшемі5,03 Mb.
#4105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

БАЙЫПТАУЛАР

Сөз өнері жайлы топшылаулардың туу тарихын, жалпы көркемөнерге тән қасиет (әдемілік) хақындағы қағидалардың қалыптасу тарихын әдебиет пен өнер зерттеуші ғалымдар біздің, эрадан бұрынғы (бұдан былай “б. э. б.” деп, қысқартып алып отырамыз.— 3. Қ.) VI ғасырдан, ЯРНИ Пифагор тұсынан бері қарай тұтастыра жүйелеп жүр. Дұрысында адам баласының көркемдік талғамының алғашқы белгілері грек цивилизациясынан ондаған ғасыр бұрын, Нил мен Нигер, Хуан-хэ мен Янцзы, Инд мен Ганг, Тигр мен Евфрат жағалауларын мекендеген көне халықтардың рухани өмірі мен өнерінен пайда болған,

Байырғы вавилон жұртының “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастаны немесе көне үнді халқының “Ригведа”, “Махабхарата”, “Рамаяна” жырлары тәрізді еңбекші бұқараның жер бетінде тұңғыш туғызған әдеби ескерткіштеріне бақсақ, адам баласының сөз өнері, соған сабақтас көркемдік пен көріксіздік, ерлік пен ездік, жақсылық пен жамандық, білімдарлық пен надандық туралы талаптары мен талғамдары тіпті б. э. б. 3—2 мыңыншы жылдарда туып, тұрлаулы ұғымға айнала бастағанын аңғарамыз.

“Көрмегені жоқ кісі туралы” дастан — бірінші вавилон династиясы тұсында, яғни б. э. б. 2 мыңыншы жылдар шамасында туған батырлық поэма. Мұнда Урук қа-

52

ласының патшасы Гильгамеш, оның досы Энкиду, олардың ерлік істері жырланады (И. М. Дьяконов аударып бастырған варианты “Гильгамеш туралы эпос” деп те аталады.—3. Д.) “Көрмегені жоқ кісі туралы” дастан— Адам жайлы, адамның сұлулығы мен ұлылығы, асылдығы мен батырлығы хақындағы гимн:



Зұлымдық көзін жоқ қылмай келсем — маған сын

Жауынмен өзің аиқасып өлсең — Адамсың *.

Осынау екі жолдың өзінен бұдан төрт мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың абзал да асқақ мінезін, адамға тән асыл қасиет, сұлу сипат — ерлік, өрлік, қай-сарлық туралы түсінігін, моральдық-этикалық идеясын, эстетикалық идеалын байқау қиын емес. XVII ғасырдың орта тұсында Баумгартен “Эстетика” деп ат беріп, айдар таққан әдемілік туралы ілімнің түп тамыры жалпы өнер тарихының тұңғиық тереңінде жатыр дейтініміз сондықтан.

Тигр мен Евфрат маңында Гильгамеш батыр жырға айналған сол б. э. б. XX ғасыр шамасында Инд мен Ганг жағалауындағы көне үнді жұрты жалпы көлемі “Илиада” мен “Одиссеяға” барабар бір мың жиырма сегіз гимн шығарып, оларды “Ригведа” атанған он кітапқа топтастырып жатты. Гимндердің классикалық қо парылмалы тіліндегі әсем айшық-өрнектерге, лирикалық толғаныстарға, көркем образдарға қарағанда үніді хал-қында тіпті “Ригведаға” дейін де ғасырлар бойы дамып, жетіліп келген сөз өнері болғанға ұқсайды.

“Ригведа” гимндері арқылы қалыптасқан әдеби дәстүр, зстетикалық талғам тағы бір мың жыл өткен соң үнді халқының әлемге әйгілі ұлы дастандары “Махабхаратаға”, одан келе “Рамаянаға” ұласады.

“Махабхарата” — керемет көркем ескерткіш; дастанның он тоғыз кітаб-ындағы өлең көлемі — екі жүз он төрт мың жол, яки “Илиада” мен “Одиссеядан” (екеуін қосып есптегенде )сегіз есе артық.

“Махабхаратаның” бір алуан (“Наль туралы”) аңызын кезінде

В. А. Жуковский аударып, оның көркөмдік құнын В. Г. Белинский жоғары бағалағаны мәлім. Осы фактінің өзі-ақ көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық талап және талғам болғанын аңғартады. Екі

* Гильгамеш туралы эпос, М, 1961, 52 бет.

53

поэмадағы бас кейіпкерлер—“Махабхаратадағы” Кришна, “Рамаянадағы” Рама мифтік нанымдар тұтқынында бұлыңдап, құдайға баланған қалпында қалып қоймай ды, жерге түседі, кәдімгі жер басып жүрген адам бей несінде суреттеледі. Әсіресе “Рамаянаның” 2, 6-кітапта рындағы суреттеулер мен баяндаулар әрі шынайы, әр шыншыл. Осыған қарағанда, я болмаса поэманың көр кемдік ерекшеліктеріне (лиризмге, символға, суреттілікке т. б.) қарағанда, көне үнді поэтикасында әжептәуір эстетикалық принцип және жүйе болғаны кәміл.

Қысқасы, эллада эстетикасынан жүздеген жылдар бұрын көне үндінің көркемдік көзқарасы туып, қалып-тасқан; сол арқылы үнді поэтикасының өзгеше заңы, ережелері белгіленген. Ол-заң, ереже бойынша, үнді жазушы-лары өздерінің көркем шығармаларын әрқашан тек “Ригведа” гимндеріндегі, “Махабхарата” және “Рамаяна” дастандарындағы сюжеттер мен образдар негізінде ғана жазуы шарт болған. Мысалы, аты шулы Қалидаса өзінін, “Шакунтала” (орыс тіліне алғаш аударған Н. М. Карамзин.— 3. Қ.) драмасын “Махабхаратаның”: бір эпизодына құрса, одан бір мың бір жүз жыл кейін Тулси Дас (XVI ғ.) “Рамаяна” сюжетін негізге алып, “Рамаяна, яки Рамачаритаманаса” деген поэма жазған.

Бұл жайды біз тек факт ретінде ғана айтып отырған' жоқпыз. Үнді әдебиет-індегі мұндай көркемдік дәстүр үнді жазушыларына дайын ведикалық һәм эпикалық тақырыптар, сюжеттер мен образдар ұсынып қана тынған жоқ, соларды игеру, көркем жинақтау тәсілдерін қоса: көрсетті. Мұның өзі аталған дәстүр арқылы көне үнді әдөбиетінде белгілі дәрежеде логикалық байыптау, творчестволық жинақтау, эстетикалық жүйелеу жасалды деген сөз. Ал байыптау, жинақтау, жүйелеу атаулының бәрі — теория. Баяғы бағзы заманның парасат дүниесіндегі алғашқы әдеби-эстетикалық толғамдар, міне, осылай туған.

Көне үнді өнері гана емес, алғашқы әдеби-эстетикалық байыптаулардың басы қайда жатқанын іздеп, Азиядағы басқа халықтардың көркемдік даму сырына тереңірек үңілсек, көне Қытайдың “Ән кітабы” (“Ши-цзин”), “Құбылу кітабы” (“И-цзин”) немесе көне Египеттің “Ағалы-інілі екеу туралы ертегі” секілді тағы да бұдан үш мың жыл бұрынғы бабалар дәуірінің байырғы көне деректеріне көп кездесеміз. Алдымен осылардың байы-

54

бына барыңқырап, ежелгі көне Шығыстың қалыптасқан көркемдік көзқарастарыньщ қайнар көзі болған (айталық, Қытайдың даосизмі, моизмі, легизмі тәрізді) философиялық-эстетикалық жүйелерді анық танығаннан ке-йін ғана эллинизм өнерінің өнегелі өрісіне оралуға болады.



Эллада эстетикасы да бірден школаға айналып, қауырт қалыптаса қалған жоқ. Гректің әдемілік туралы ілімі пифагорлықтардың (б. э. б. VI ғ.) дүниедегі зат атаулының түп мәнін санға сайған аңқау аңғарымдарынан басталады. .Мәселен, олар музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына бай-ланысты деп біледі де, музыканың математикалық негізі туралы өзгеше бір ілім туғызады. Бұл — идеалистік түсінік.

Бұған керісінше, диалектикалық түсінік Гераклит Эфесский (б. э. б. 530—470 ж. ж.) толғамдарында жатыр. Пифагорлықтар секілді, Гераклит те әдемілік дегенде негіз болатынын мойындайды, бірақ ол — сан емес, сапа деп біледі. Оның ұғымынша әдемілік тек қана нақты, затты нәрсеге тән. Ал осының өзі шартты: әп-әсем маймыл адаммен салыстырсак,— ажар'сыз, жексұрын да, ең әдемі адам құдаймен салыстырсақ,— маймыл. Бұл Гераклиттің әсер, сезім, таным, жалпы эстетикалық қабылдау тарапында қатып қалған қасан, абсолют болмайтынын дәлелдеуі, әдемілік туралы іліміндегі доғмаға қарсы шығуы еді. Осының негізінде ол жақсы-жаманды, ұнамды-ұнамсызды нақты өз орнында түсіну керектігін уағыздайды. Оның ұғымынша, айталық, теңіз суы әрі таза, әрі лас: “балық ішеді, адам ішпейді”. Әр нәрсенің әдемілігін тануда дәл осындай сапалық өлшем болатынын аңғартады.

Атомдық материализмніқ негізін салушы, Карл Маркс гректер ішійдегі тұңғыш энциклопөдиялық ақыл иесі деп атаған атақты Демокрит (б. э. б. 460—370 ж. ж.) әр нәрсенің әсемдігі оның мөлшерінде деп біледі: “мөл-шерінен артық кету де, кем түсу де” оған ұнамаған. Күллі грек ойшылдарынық ішінде бірінші боп Демокрит адамдар өнер-білімді тірі табиғатқа еліктеумен тапқан деп көрсетеді. Оның ойынша, адам баласы өрмекшіден тоқуды үйренсе, қарлығаштан үй салуды, бұлбұлдан ән салуды үйренген. Бұл — қызық топшылау.

Әйгілі Сократ (б. э. б. 469—399 ж. ж.) ойларының Гераклит пен Демокрит пікірлерінен өзгешелігі, әрине,

55

оның идеалистік сипатында. Дей тұрғанмен, мұның эстетикалық түсініктер-інде де назар аударар жайлар көп. Мәселен, Сократ әр нәрсенің ажары оның қажетке жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Бұл ретте, Сократтың сұлулық жөнінде Крито-булмен айтысы әсіресе қызық.



Өнер мен эстетика мәселелерін өзінше байыптаған көне дүние ойшылдар-ының бірі — Сократтың шәкірті Платон (б. э. б. 427—347 ж. ж.). Әдемілік туралы Платон теориясының философиялық негізі оның бұлжымас, бақи “идеялар” жайлы идеалистік және мистикалық ілімімен тығыз байланысты. Сөйте тұра, жалпы эстетикалық қисын-қағидалардың қалыптасуында Платонның орны айрықша деп білген жөн.

Платон өзінің “Үлкен Иппий” диалогында әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады: жарамды нәрсе — пайдалы нәрсе; пайдалы нәрсені тәуір көресің; тәуір көрсең — қуанасың; қуаныш дегенің көз бен құлақ арқылы келетін рақатты түйсік: әдемі адамдар, әр алуан әшекейлер, лұғатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік іс, зерделі әрекет, тағы басқа осылар секілділердін, бәрін көресің де естисің, қуанасың да рақат-танасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктер адамды қанша рахаттандырған-ымен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе! Бұдан шығатын қорытынды: “сұлу нәрсе — сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлегі” *. Платонның музыкадағы үш түрлі ырғақ, әдебиеттегі үш түрлі суреттеу тәсілі жайлы пайымдаулары да бізге осы секілді тым “жабайы, адам нанғысыз (дәлірек айтқанда: сәбилік), қисынсыз болып көрінеді”,** бірақ осының, өзінде көне гректің поэтика жайлы тан, қаларлық ұғым-түсініктері жатыр.

Алайда Платонның эстетикалық көзқарастарында “сәбиліктен” гөрі өзгешелеу жат пікірлер де жоқ емес. Оның софист Горгийдың поззияны — алдамшы нәрсе деген пікірін құптай келіп, ақынды өтірікші ретінде түсіндіруі — әшейін ағаттық қана.

“Философ үлкендер үшін, ақын жастар үшін” деген тұжырым, айталық, Аристофанда да бар. Бірақ ол бұл шкірді ақындық өнердің эстетикалық әсеріне байланыс-

* Көне дүние ойшылдары өнер туралы, М , 1938, 38-бет. ** В. И Ленин, Философиялык дәптерлер, М, 1965, 329-бег.

56

ты айтқан, әйтпесе, оған Платонша біржола қол сілтемеген...



Сөз өнері жайлы Платон философиясы сын көэбен қарауды қажет етеді.

ҚАЛЫПТАСҚАН ЭСТЕТИКАЛЫҚ



ТОЛҒАМДАР

Платонның әдемілік жайлы идеалистік көзқарастарын қатал сынға алып, өзінің тың және терең эстетикалық толғамдарын қалыптастырған ұлы ойшыл Аристотель (б. э. б. 384—322 ж. ж.) еңбегінің бүкіл дүние жүзілік әдебиет пен өнер тарихында теңдесі жоқ.

Аристотельдің “Поэтикасы” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар “Поэтика” өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т. б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұн,-ғыш рет дүрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердін, қоғамдық маңызын анықтап, ашуында деп білу керек.

Әрине, қазіргі өнер мен әдебиеттіқ келелі мәселелерінің бәріне, әсіресе әлі күнге даулы қалыпта түрған проблемаларға бір ғана Аристотельден жауап іздеу ағат. Бірақ “Поэтика” грек әдебиеті мен өнерінің классикалық дәуірінен қалған бірден-бір жүйелі байыпталған поэзия теориясы екенін жоққа шығаруға болмайды.

БІр нәрсені білу артық емес: поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотельдің “Поэтикасы” — өнер туралы ойлар.

Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ен, түйінді тұсы: өнердің мақсаты — ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы — адамның мінезі мен ісін суреттеу деген

57

даналық қағидасы. Оның “Поэтикасын” Лессингтің “Евклид элементгеріндей мінсіз шығарма” деп таңдануы да,' Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы “2 мың жылдан астам уақыт үстемдік құрғанына” тамсануы да әлгі-бір қағидалы жайларға байланысты еді.



Қөркемдік көзқарастар мен эстетикалық талғамдар көне күндерден бері қарай тек арнаулы трактаттарда, поэтикалық декларациялар мен әдеби манифестерде ғана емес, тура өнер туындыларының өздерінде де көрініс тауып келген. Көне дүние қаламгерлерінің қай шығармасын алмаңыз, сол тұстың сөз өнері мен сәулет өнерінің, сымбат өнері мен кескін өнерінің ірі туындылары туралы мағлұмат көп. Гомердін, “Илиадасы” мен “Одис-сеясында”, Тит Лукреций Кардың (б. э. б. 95—55 ж. ж.) “Заттар табиғаты туралы” поэмасында, Публий Теренций Афрдың (б. э. б. 190—159 ж. ж.) “Андрос қызы” комедиясында көне заман жазушыларының көркемөнер туралы қоғамдық ойлары тұнып тұр.

Көне дүниеде туған көркемөнер жөніндегі терең толғам мен адам таңқалғандай тамаша талғам әйгілі Рим ақыны Квинт Гораций Флакктың (б. э. б. 65—8 ж. ж.) “Поэзия ғылымы” деген теориялық поэмасында бар. Бұл шығарма алғашқы нұсқасында “Пизондарға хат” деп аталғанды. Пизон деген ақсүйектің екі улы болған, үлкені дарынсыздау драматург екен. Гораций “Поэзия ғылымында” соларға айтқан ақыл түрінде өзінің бүтін бір эстетикалық жүйесін саралап ұсынады.

Ол алдымен дарынсыз әлдекімдердің ұялмай өлең деп жазатын бірдеңелерін “ұйқастырған тізерлеп, мағынасыз құр ермек” деп қатал сынай келе өнердегі идеясыздыққа қарсы ымырасыз күрес ашады. Одан әрі Гораций өнер туындысының ірге тасы мен қайнар көзі — парасат деп түйеді.

Горацийдің көбіне-көп көңіл бөлгені — көркем шығарманың композиция-сы. Ол шығарманың шынайы, сұлу болуын талап етеді. Бұл ретте Горацийдің Пизон әулетіне арнап айтқан мына пікірлерін мысалға келтіруге болар еді:

— Егер,— дейді ол,— сурегші адамның басына аттың желкесін жалғап, оның үстіне әлем-жәлем қауырсындар шанышса немесе денесі жұп-жұмыр әдемі әйелдің кеудесінің жоғарғы тұсына балықтың басын қондырып қойса, бұған күлмей шыдап тура алар ма едіңдер,

58

достар? Пизон әулетшің кпаптары да осындай оспадар суретке ұқсас, олардың бәрі ауру адамның түсі секілді әрі-сәрі бірдеңелер ғана. Қітап та, адам тәрізді, оның аяғы мен басы бір жерде тұрмас болар.

Гораций ақынның, жалпы суреткердің творчестволық қиялына қарсы болмаған, “бірақ құсты жыланға, жолбарысты қойға қосып, қойыртпақтауға” қарсы. Оның суреткерлерді әсіресе қатты сақтандырғаны — “құр сырты жылтыраған жалған бояу”; қолдан ғаламат жасамақ боп, “дельфинді орманға апару, қорқауды теңізге әкелу”.

Өзінің өнер жайлы теориялық поэмасында Гораций ақындар алдына адам таңқалғандай дұрыс эстетикалық талаптар қояды. Олардың көбі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Оның талабы бойынша, өнер туындысының бәрінен бұрын көркемдік сапасы жоғары болуға тиіс, өнер туындысында орта қол дүние болмауға тиіс. Әрине, дейді Гораций, жер үстінде, айталық, юрис-консульт секілді, “әрі тарт, бері тарты” жоқ орта қолдықты қалайтын кәсіп не мамандық болады. Ал ақынға “орта колдықты адам түгіл, ағаш та кешірмей-ді”; поэзия — аса нәзік әрі биік зат. Тебе білмейтіндер жұртқа күлкі болмау үшін допқа жуымайды, дейді Гораций әрі күліп, әрі қынжылып, ал өнер дегеннің не екенін білмейтін жарықтықтар өлімін сатып, өленге жармасатыны несі?..

Горацийдің жаңа жаза бастаған жас қаламгерлерге берер ақылы — асықпау, жазып сақтап қою, біраз уақыт өткен соң оған қайта оралу, жөндеу, қайта жазу, тағы жөндеу, оқырман жұртқа әбден қапым жоқ дегенде ғана ұсыну.

Қысқасы, көне дүние ойшылдарының ішінде Квинт Гораций Флакк эстетикасының орны айрықша.

Біздің бүгінгі Отанымыздың жер-суын мекендеген бір кездегі ата-бабалар тарихына үңілсек те сұлулық сымбат жайлы, жалпы мәдениет туралы бір алуан деректер табуға болады . Қейбір мәдени ескерткіштерге, көне мұраларға көз салсақ, Ұрартудың әйгілі қаласы Мусасир архитектурасы, сол секілді скиф қалаларының сұлулығы мен байлығы туралы көптеген көңіл аударар мәліметтер ұшыратамыз. Бұлар да, сөз жоқ, өз кезінің көркемдік көзқарастарын белгілеуде әжептәуір роль атқарған.

59

Орта ғасыр тусындағы билеуші тап — феодалдар ме; клерикалдар, қоғамдық сананың мұрындығы — дін схоластика болғаны тарихтан мәлім. Философияны тео логия жұтқан орта ғасыр реакциясының түсында “айна лада алтын тасқындап, қылыштар қарш ұрысып, қара түнек инквизиция өрті алаулап жатты” (Маркс). Мұндай жағдайда әдебиет, өнер мен эстетика дамуына ешқандай мүмкіндік жоқты; олардың бәрі фанатизм шырмауында, мистика құрсауында, инквизиция бұғауында қалды.

Орыс мәдениетінің тарихына қарасақ, феодализм тү негінің астында аздаған әлсіз ұшқындар тәрізденіп, ха лықтық ауыз әдебиетінің өрбігенін көреміз. Бұлардың ең құндысы — “Игорь полкы туралы сөз”. Ал қазақтардың әдемілік жайлы ұғымдары бұл тұстарда тек жақсылық туралы (этикалық) түсініктерінен ғана еміс-еміс; аңғарылғандай. Оның да бар белгілері халықтык эстетикада жатты.

КЛАССИКАЛЫҚ ПОЭТИКА

Ғылым мен техниканың, өнер мен әдебиетгің дүр сілкініп, дүрілдей дамыған түсы — Ояну (ренессанс) дәуірі. “Бұл адам баласы бүрын-соңғы басынан кешірмеген прогресшіл ұлы төңкеріс еді, алыптарға зәру болған дә-уір және өздерінің ой қуаты, құштарлығы мен мінезі, жан-жақтылығы мен оқымыстылығы жөнінен сол алыптарды туғызған дәуір еді” (Энгельс). Бұл дәуірдің Леонардо да Винчи (1452—1519), Николай Коперник (1473—1543), Торквато Тассо (1544-М595), Джордано Бруно (1548—1600), Лопе де Вега (1562—1635), Галилео Галилей (1564—1642) секілді данышпан өнер мен білім иелері орта ғасырлық идеализмге, діншілдік пен схоластикаға қарсы шынында да алыптарша күресіп, өмірдің сұлулыгы, өнердің шыншылдығы, білімнің тереңдігі, адамдар бақыты жолында жан қиярлықпен еңбек етті.

Ренессанс дәуірінің күллі ғылми тәжірибесінің теориялық түйіні атақты Декарт философиясы болатын. Рене Декарт (1596—1650) өзінің дүние танымы жағынан философиядағы рационализмнің негізін салушы екені мәлім: “Ойлаймын екен, демек, тірі екенмін” (Де-

60

карт). Табиғат тану, қоғам тану, әдебиет тану, өнер тану дегендердің бәріне Декарт өзінің осы ережесін методологиялық барыт етіп ұсынды. Өнер мен әдебиет туындыларындағы сұлулықты Декарт ең алдымен ондағы бүтіндік пен бірлікте, симметрия мен гармонияда деп білді.



Декарттың осынау эстетикалык, талабы француз классицизмінің ірі теоретигі Н. Буало (1636—1711) поэтикасының философиялық негізі болып қалды. Классицизмнің әдеби манифесі ретінде танылран “Поэтикалық өнер” атты эстетикалық трактатында Буало суреткф атаулйның бәріи “саналы ойға”, “парасатты ақылға”, “алдын ала пішілген үлгіге”, “қалыптасқан тәртіпке” шақырды. Оның сондағы мақсаты поэтикалық өнерді абсолютизм дәуірінің білікті дворяндарынан шыққан сарай ақсүйектерінің саяси-көркемдік талап-тілегін қанағаттандыру әрекетіне ғана жұмсау еді. Дегенмен, Буалоның “шывдықтан асқан сұлу жоқ” деп, суреткерге өз шығармасында шындықты, тек шындықты ғана суреттеуді ұсынуы, бұл ретте “сөз аяғын ұйқастырғандардың бәрі ақын. емес” екенін ашып, соны дәлелдеуі — әдемі әрекет.

Әдебиет теориясы мен эстетикалық ойлардың одан әрі дамуына айтарлықтай үлес қосқан Ағарту дәуірінде жасаған француздың аса көрнекті материалисі Дени Дидро (1713—1784) болатын. Мүның әдеби-эстетикалық көзқарастары сарай аристократиясының талғамы мен талабына қарсы, Франциядағы буржуазиялық революция -қарсаңындағы бұқара рухын танытты. Философ-материалист суреткерге тура “сен әрбір іс-әрекеттегі ұлылық пен сұлулықты мәңгіге дәріптеуің керек, талайсыз-бақсыз қор болған ізгіліктің абыройын сақтауың қажет, рақат пен қурметке бөленген кеселді кескілеуің керек, мейрімсіз жуандардың зәресін ұшыруың қажет”* деп ап-анық ашып айтты. Дидро әдебиет пен өнердегі шыншылдық үшін күресе отырып, теория мен эстетикаға реалазм ұғымын енгізді, онық қиялға, ойдан шығару мен көркемдік жинақтауға қарым-қатынасын белгіледі. Ал оның Сараң мен Тартюф бүкіл жер үстіндегі шық берместер мен екі жүзділердің жиынтық тұлғалары екенін айтуы тіпті бір терең теориялық пікір еді.

* Дени Дидро, Щығ., VI том, М., 1946, 253-бет.

61

Абсолюттік идеологияға қарсы, классицизмге қарсы қатал күрескерлердің бірі — немістің ұлы ағартушысы Лессинг (1729—1781). Ол да, Дидро секілді, “мен қашаннан ақынның табиғат зерттер орны — Сарай емес деген пікірдемін”* деп, турасын айтты Дәл осы піқірді Гельвеций (1715—1771), Винкельман (1717—1768), Гердер (1744—1803) қуаттаған. “Жекелеген жұпыны жертөлелерде,— деп жазды Гердер,— салтанатты сарайлардағыдан әлдеқайда сұлу талғам бар”.



Иммануил Қанттың (1724—1804) субъекгивті-идеалистік эстетикасының негізгі тұжырымдары оның “Байыптау қабілетіне сын” деген еңбегінде жүйеленіді. Канттың күллі дүниені “өзіндік затқа” және “біздік затқа” бөлгені, ал “өзіндік зат” дегенді тірі пенде біліп бола алмайды деп түйгені мәлім. Сөйтіп, ол эстетиканы да, өнер мен әдөбиетті де “өзіндік затқа” сайып, бұлардың сыр-сипатын әшейін долбар (априори) арқылы ғана байқамаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. Өйткені, Канттың ойынша, ақын-жазушы — “артық жаралған” айрықша тұлға. Ал өмір мен өнердегі сұлулық — “адамдарға ешқандай шартсыз ұнаған нәрсе”; оны “суреткер ешқандай мақсатсыз жасайды”. “Таза санаға сынында” ол тура: “Сұлулық — жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рахаттану құралына айналған нәрсе”,—деп жазды; ол “жұрттың бәріне еш-қандай мақсатсыз, тап-таза түрімен ғана ұнайды”.

Сонымен, Қант зстетикасының негізгі сипаттары: субъективті идеализм, бейтарап бақылау, өнер мен әдебиетті қоғамдық қатынастар тәжірибесінен сырт қалдыру, формализм, агностицизм, сұлулық жөнінде ғылым жасау, көркемдік талғам мен толгам заңдарын белгілеу “мүмкіндігінің жоқтығын” уағыздау. Демек, Канттың эстетикасы “өнер—өнер үшін”,_“таза өнер” деген ғылымға жат теориялар мен күллі декаденттер тәжірибесіне ту болғаны тегіннен-тегін емес.

Немістің атақты идеалист-философы Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770—1831) эстетика мәселелерін де өзінің жүртқа мәлім “абоолютгік идеясы” тұрғысынан, атышулы триадасы (тезис — антитезис — синтез) тұр-ғысынан байыптаған. “Айуанның өсімдіктен өрбімегені секілді, адам да айуаннан өрбіген жоқ;—дейді Гегель,—

Г Э Лессинг, Гамбург драматургиясы М, 1936, 228 бет,

62

кез келген тірі жан қазір қандай болса, дәл сондай қалыпта түп-түгел және бірден пайда бола қалған” *. Бұл ретте де филосфтың күллі ой-пікірі өзінің әлгібір “абсолюттік идеясына” келіп құйылып жатыр. Дәл осы секілді, Гегельдің “Эстетика” атты арнаулы трактаты да сол өз философиясы _тұрғысындағы “идея” мен “құбылыстың”, пішін мен мазмұнның ара қатынасына талдау жасаудан туған. Оның эстетикалық жүйесі бойынша бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына, яғни үш түріне сай келеді:



1) Символикалық түр. Мұнда идеал әлі анық емес, ал “құбылыс” тек қана “идеяның” образды түрге айналу мүмкіндігін ғана танытады.

2) Классикалық түр. Бұл тұста “идеал” анық, өйткені ол құдайлардың бедерлі бейнесіне толық айналып, рухани ұғымды көзбен көріп, қолмен ұстар нақтылық пен заттылыққа жеткізген.

3) Романтикалық түр. Енді келіп рухани “идеал” сыртқы тұлға емес, адамның ішкі дүниесіне — сезімге, күйініш-сүйінішке, көңіл күйіне — айналып кеткен; сондықтан ол филооофияға жақын келген, яғни философияға айналған.

Өнердің осынау үш түрлі даму сатысының, яки бағытынын, әрқайсысына белгілі бір тарихи кезең, көркемдік түр сай келеді. Айталық, ежелгі үнді мазарлары, египет пирамидалары, сфинкстер секілді Көне Шығыс цивилизациясының архитектуралық мұралары өнердің символикалық түрінін, негізін құраса, байырғы Греция мен Римде кең дамыған сымбат өнері көне дүние өнерінің классикалық түрі болса, ақыр аяғында, жаңа заманда өріс алған кескін өнері, музыка, әдебиет болса, Гегельдің тұжырымынша, жалпы адам баласының көркемдік дамуындағы жаңа кезең — романтикалық түр болып табылады. Гегельдің түсінігінше: өнердің предметі — әдемілік, ал эстети-каның предметі — өнер, демек, эстетиканың предметі — ұшы-қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғаламат әдемілік әлемі. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель абсолюттік рухтың өзіндік дамуындагы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түйді.

Өмір мен өнердегі әдемілік дегеннің өзі, Гегельдің ұғымынша, абсолюттік идеяның, “жалпыға бірдей рух-

* Гегель, Шығ, II том, 356-бет.



63

тың” неғұрльш толық, айқын және еркін көрінуі болып табылады. Әрбір өнер туындысының эстетикалық құнын да Гегель осы тұрғыдан бағалаған.

Сәулет өнері мен сымбат өнерінде, Гегельдің пікірінше, “рух” материалды, затты, физикалық дене (тас, саз, мәрмәр, гипс, қола, мыс) түрінде көрінеді. Дәл осының өзі өнердің материалды емес идеялы, затты емес рухани сыры мен сипатының өрісін де, тынысын да тарылтады.

Қескін өнерінде үш өлшемді (биігі, ұзыны, көлденеңі дегендей) затгық дөрекілік колорит пен перспектива секілді біраз жұмсақтықпен ауыстырылады да, осының өзі оған әжептәуір алдамшы эстетикалық қасиет дарытады.

Музыкада абсолютты рух әлгіден де гөрі еркінірек көрініс табады. Ал поэзияда (зпоста, лирикада, драмада) Гегельдің киелі “абсолюттік рухы” заттылық пен нақтылықтан біржола тұсау кесіп, шығандап шығады да, өзінің еқ биік қасиетін табады. Өйткені әдөбиеттегі заттылық —• сөз ғана, ал сөз мұнда идеяның көрінісі.

Гегель өзінің данышпан диалектик болғанына қарамастан, осындай шым-шытырық эстетикалық жүйесін дәлелдеп, идеализм батпағына өзі де батты, өзгелерді де малтықтырды. Сөйте тұра, оның эстетикалық ілімі XIX ғасырдағы өнер теориясының одан әрі дамуына үлкен ықпал жасағанын жоққа шығаруға болмайды.

Батыс Европада эстетика мәселелерімен Гегельден кейін Фехнер, Вундт, Мейман, Ипполит Тзн, Гербарт, Шопенгауэр, Фрейд, Бергсон, Бродер, Христиансен, Фишер, Кроче т. б. шұғылданды.

3. Фрейдтід (1856—1939) мамандығы эстетик емес-ті, Сөйтсе де ол әдемілік деген ұғымға ден қойып, оны өзінше уағыздап, өнер мен әдебиет туындысының ең биік көркемдігі мен тартымдылығы ондағы сексуальдық су-реттерде деп түсіндірді. А. Бергсон (1859—1941) әдебиеттің мазмұны мистикада десе, Б. Кроче (1866—1952) әдебиетте ешқандай мазмұн жоқ, ал өнердің ақиқатқа қарым-қатынасын зерттеу деген эстетикалық проблема — жалған проблема деп түсіндірді.

Империализм дәуірінін, буржуазиялық эстетиктері өнер мен әдебиет мәселелерін осыншалық мағынасыздыққа апарьгп, аяқ асты етті. Олар Байрон, Гюго, Шиллер, Гете, Бальзак, Золя, Роллан секілді ұлы классиктердің эстетикалық көзқарастары мен ой-пікірлерін “на-

64

дандық” деп жоққа шығарып, “әкелеріміздің, өлігін қанша сүйрелеп жүрмекпіз” деп, олардың данышпандық шығармаларынан теріс айналды.



Сөйтіп, буржуазиялық Батыстағы өнерде, әдебиетте, эстетикада бұған дейінгі кертартпа “изм” атаулының бәрінен өткен кеселді символизм, акмеизм, импрессионизм, футуризм, кубизм ойнақ сала бастады. Олар одан әрі сырғақтап, фовизм, дадаизм, пуризм, брутализм, пароксизм, симультанизм, унанимизм т. б. “измдермен” ауысып, аударылып-төңкеріліп жатты. Бірақ бұл бағыттар мен ағымдар қанша көп бола түрса да, сайып келгенде, әшейін тондары өзгергенмен, негізгі жолдары бір кертартпалық еді. Бәрінің мақсаты біреу — өнер мен әдебиетті ақиқаттан алшақтату, шындықтан шығынтып әкету.

Әдебиет тану саласында Россияда ауызға аларлық алғашқы еңбектер — басын сонау X ғасырдан алатын библиографиялық опистар, сондай-ақ “риторикалар” мен “пиитикалар”, содан соң орыстың көркем сөзінің ұлттық нәрі мен әрін жан сала қорғаған Феофан Прокоповичтің (1681—1736) еңбектері, сатирик ақын Антиох Қантемирдің (1708—1744) әдеби-теориялық шығармалары мен ой-пікірлері, В. Тредиаковскийдің (1703—1769) әдеби-эстетикалық трактаттары, орыс классицизмнің теоретигі А. Сумароковтың (1718—1777) нұсқаулары мен ақыл-кеңестері, ақыр аяғында көркем сөз қызметінің мәні мен мақсаты жөніндегі Г. Державиннің, (1743—1816) әдеби-теориялық толғамдары, ақын ретінде айтқан түйінді байламдары.

Белгілі әдебиет теоретигі Л. И. Тимофеевтің айтқанындай, тіпті сол 1733 жылдың өзінде, орыс баспасөзінде “Оспадар ойындар немесе комедиялар мен трагедиялар туралы” деген мақала жарияланған. Бұл мақалада әдеби шығармалардың, “қай жерінде болмасын ылғи шындыққа ұқсас жайттар баяндалуы” талап етілген; оқиғаға қатысушы адамдар өздерінің сөздері мен іс-әрекеттерінде “тірі кісілердің” мінездерін танытуы, соларға еліктеуі, шығарма сюжетінің негізіне “болған жайлар ма, әлде ойдан шығарылған оқиға ма, бәрібір, әйтеуір шындыққа жанаспайтын еш нәрсе”* жатпауы талап етіл-

* Л. И. Тимофеев, Әдебиет теориясының келелі мәселелері, М., 1955, 12-бет.

65

ген. Дәл осы талап Тредиаковский трактаітарында д, тұнып тұр; ол да күлкілі шығармалардағы кейіпкерле тірі “тұлғалардан көз жазбауы” керектігін айгқан. Сумароков та “жазушы болғысы келгендердің” сахнада көрсетер нәрсесі тек қана шындыққа сай болуын ескерт кен. “Еңбек сүйгіш арада” ол “қарапайым табиғилық алыстан оңай көрінгенмен, жазушыға сол табиғи қара- пайымдыққа еліктеуден қиын нәрсе жоқ”* деген.



Дей тұрганмен, осынау орыс классиктері де, француз сарай өнерінің заңдарын қалыптастырушылар секілді,' таза дворян идеологтары екенін, сондықтан олардың: шындық туралы ұғымы сарай маңыңың ақиқатымен шектелетінін, олардың реализмі бір жақты ғана “дворяндық” реализм екенін ескермеске болмайды. Ендеше, дұрыс әдебиет тану ғылымының қалыптасу тарихын, эстетикалық ойлардың даму тарихын толғағанда біз Ломоносов пен Радищевтен бастап, Горький мен Маяковскийге келетін орыс жазушылары мен философтарының, әдебиет зерттеушілері мен сыншыларының құнарлы ең-бектеріне сүйенуге тиіспіз. Бұл ретте, бір ғана Пушкиннің сыншы ретіндегі толғамдары мен талғамдарының өзі тамаша университет десек, Лев Никола-евич Толстойдың эстетикасы мен творчестволық тәжірибесі күллі адам баласының көркемдік дамуындағы айта қалғандай ірі адым, жаңа да дана қүбылыс екенін түйсінген жөн.

ӘДЕБИЕТ ТАНУДАҒЫ ЖАҢА



Каталог: Книги
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет