3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың пайдалану қызметі бойынша топтастырылуына тоқталыңы



бет16/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Заманауи

19
1. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың пайдалану қызметі бойынша топтастырылуына тоқталыңы
Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады. Жаңа технологияның мақсаты бойынша “оқытуды ізгілендіру” қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек-ақ.Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. “Білім беру технологиялары”, “педагогикалық технология” термині мен қатар ”оқыту технологиялары” термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.
“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]:
– оқытудың мақсаты;
– білім берудің мазмұны;
– педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
– оқушы, оқытушы;
– әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
– ойын арқылы оқыту технологиясы;
– проблемалық оқыту технологиясы;
– тірек сигналдары арқылы оқыту;
– деңгейлік саралап оқыту;
– міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқытутехнологиясы;
– бағдарламалап оқыту технологиясы;
– оқытудың компьютерлік технологиясы;
– дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;
– дамыта оқыту технологиясы;
– модульдік оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет