3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты



бет2/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Заманауи

Тапсырма 11


Smart технологияларды, электрондық технологияларды, электрондық коммерцияны, электрондық оқытуды, электронды үкіметті, өнеркәсіптік АКТ сияқты жаңа тұжырымдамалармен және технологиялармен жұмыс істеуді сипаттаңыз

ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір. Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқутəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.


Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасыменжұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.


АКТ саласындағы жаңа стандарттарды атаңыз.
Қазіргі ақпараттық-қатынастық технологиялардың (АҚТ), мультимедиялық технологиялардың (ММТ) жəне интернеттік технологиялардың (ИТ) отандық жəне шетелдік педагогикалық ғылымда жəне білім беру практикасының жетістіктерінің негізінде оқу, тəрбие үдерісінің заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымдарының саласы болып табылатындықтан, бастауыш сынып оқушыларын компьютерлік технологияларды қолданып математика есептерін өздігінен шығару біліктіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми негізделген жəне педагогикалық тұрғыдан тиімді əдістемесін жасау қажеттігі туындайды. Бастауыш білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыруда жаңа əдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлікжелі, электрондық жəне телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үдерісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Білім беру саласын ақпараттандыру, оның ішінде бастауыштың оқыту үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды тиімді пайдалану оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, оқушылардың терең, мазмұнды білім алуларына, мұғалімдердің кəсіптік ісəрекеттерін дамыта отырып, оқыту үдерісін қызықты жəне тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайтындығы айқындалды. Осыған орай, мектептегі дəстүрлі сабақтардан өзге, жаңаша сабақтар ұйымдастыру қажеттілігі жəне мұғалімнің қызметі мен рөлі өзгеретіндігі байқалады. Сондықтан заман ағымына қарай күнделікті сабақта компьютерлік технологияларды қолдану айтарлықтай нəтижелер беретіндігі айқындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет