Психологиялық – педагогикалық кеңес берудің мәні мен мазмұны
Педагогикалық-психологиялық білім. Бұл тәрбиеленушілердің мәдени-құқықтық орнын және біліктілігін ұғынып түсіну, тәрбиелік адамгершілік деңгейін анықтау, қайта тәрбиелену, не тәрбиелену мүмкіндік терін көре білу, өз жұмыс практикасына қатысты тарихи-педагогикалық тәжірибелерді меңгеруі; теориялық білімін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі, әр түрлі категориядағы адамдармен қарым-қатынас орнату технологиясының инновациялық тәсілдерінен хабардар болуы; тәрбиелеу мен оқытудың әдіс-тәсілдерін модернизациялау жолдарын меңгеру және т.б.
Біз құрып отырған қоғамда педагог-психолог маманы өте маңызды орынға ие. Қоғам болғандықтан ол бірнеше компоненттерден құралады: ұжым, топ, ұйым және т.б. Шығармашылық-рухани дүниесі, коммуникативтілігі, әлеуметтік міндетін, этикалық және эстетикалық талғамдардың болуын қазіргі заманға сай қалыптасуына ықпалын тигізеді. Педагог-психолог қоғамдағы тұлғаның биологиялық және әлеуметтік дамуына көңіл бөледі. Биологиялық тұрғыдан морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық жетілуі болса, әлеуметтік дамуына психикалық, рухани, интеллектуалдық жағдайлары жатады. Демек, педагог-психолог маманын адам баласы өмірге келгеннен оң мен солды, ақ пен қараны ажырата алғаннан бастап, келешек толыққанды азамат және тұлға болып, оның әрі қарай жетілуіне әсерін тигізеді. Педагог-психолог – отбасында ана, мектепте мұғалім, балабақшада тәрбиеші, жоғары оқу орнында оқытушы, жұмыста қызметкер, өз ісіне жауапты маман.
Мектеп педагог-психологының қызметтік міндеттері:
жалпы білім беретін орта мектептердегі оқытудың барлық кезеңдерінде балаларға қажетті жағдайларды жеке көмек беру үшін педагогикалық-психологиялық зерттеуді жүзеге асыру;
писхологиялық ғылымның жетістіктерін негізге ала отырып, мектеп оқушыларының әркелкі жас кезеңінде жан-жақты, тұлғалық, интеллектілі дамуын қамтуға ықпал етеді;
мектеп әкімшілігі мен мұғалімдердің сұраныстары бойынша оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен психологиялық сақтандыру, диагностикалық, түзеу және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді, мектеп оқушыларының интеллектуалды, тұлғалық, эмоциялық және ерік-жігер ерекшеліктерін, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін зерттейді; оқуға психологиялық дайындық жеткіліксіздігін ерте анықтауды мақсат ете отырып, бірінші сыныпқа бала қабылдауға қатысады;
педагогикалық кеңестің әдістемелік бірлестіктердің, сыныптардағы, сондай-ақ мектептегі ата-аналар жиналыстарына қатысады, оқушыларға ықпал етіп, жеке көмек көрсетуге байланысты негізгі проблемаларды шешуге арналған педагогикалық консилиумдар мен педагогикалық кеңестерге қажетті ақпараттар дайындайды;
мектептегі психология бөлмесінқұруды және қажетті құжаттарды сақтауды, оларды дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуді жауапкершілігіне алады;
Мектеп психологы: жалпы, орта және кәсіптіс білім беретін мектептердің жұмыстарын көрсететін құжаттар мен материалдарды, педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы жайында арнайы әдебиеттерді, қазіргі психодиагностиканың және психологиялық түзетудің әдістерін пайдаланып, зерттеу материалдарын талдауды, педагогиканың, дидактиканың сабақ беру әдістемесінің, дефектологияның негіздерін білуге, мектептің психологиялық қызметі құжаттарының толтырылу тәртібін, мектеп құжаттары мен нормативті құжаттарды білуге тиісті.Психологтың негізгі мақсаты – психологиялық саулықтың негізі – баланың рухани өсуіне, оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қабілетін ашу болып табылады. Педагогикалық-психологиялық қызыметте кеңес беру бағыты бойынша қызыметкерлер нақты мынадай міндеттерді шешеді:
Оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне, мұғалімдерге, тәрбиешілерге,
ата-аналарға, мастерлерге балаларды оқыту мен тәрбиелеу және бірлесіп жұмыс істеу мәселесі бойынша кеңестер береді.
Балаларға оқу, жетілу, өмірлік және кәсіби өз-өзін анықтау,
ересектермен және құрбыларымен өзара қарым-қатынас, өз-өзін тәрбиелеу және т.б. мәселелері бойынша жеке және топтық кеңес беріледі.
Жеке және топтық кеңес беру арқылы педагогикалық кеңестерге,
әдістемелік бірлестіктерге, жалпы мектептік және кластық ата-аналар жиналысына қатысып, дәріс оқу арқылы педагогтардың, ата-аналардмастерлердің, қоғамдық өкілдердің психалогиялық мәдениетінің жоғарлауына септігін тигізеді.
Бала тағдырында мүмкін болатын өзгерістерді (арнайы оқу-тәрбие
мекемелеріне жіберу, ата-ана құқығынан айыру, бала асырап алу және т.б,)анықтауға байланысты сәйкес инстанциялардан дұрыс шешім шығару мақсатында, халықтық соттың, қамқорлық көрсету ұйымдарының сұранысы бойынша баланың психикалық даму ерекшеліктері туралы сұрақтар бойынша шешім қабылдаған кезде кеңесші-сарапшы ретінде кеңес береді.
Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру сұрақтары бойынша нақты балалар
мекемесіндегі тәрбиелеу жағдайларын балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп, педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің негізінде оқу-тәрбие шараларын жоспарлауға кеңесші ретінде қатысады.
Сонымен қатар педагог-психологтар жетілдіру және педагогикалық-психологиялық түзету жұмыстарын да атқарады. Бұл бағыт баланың жеке тұлғалық және даралық қалыптасу процесіне педагог-психологтың белсенді әсер етуін білдіреді. Оның міндеті әр баланың жас ерекшелік нормативтерінің сәйкестілігін қамтамассыз ететін, балаларды жеке оқытып, тәрбиелеуде, олардың қабілетін, бейімділігін дамытуда педагогикалық ұжымға көмек беретін педагогикалық қызмет бағыты болып табылады. Бұл бағытта балалардың мінез –құлқындағы және оқуындағы өзгерістер мен бұзылуларды, дамуындағы ауытқуларды түзету жұмыстары ерекше орын алады.
Психологиялық талдау барысында анықталған және қатаң индивидуальды, нақты өзгешелігі бар баланың жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жетілдіру және педагогикалық- психологикалық зерттеу жумыстарының бағдарламалары мен жоспарлары құрылады.
1. Баланың әр жас ерекшелік кезеңінің дамуын есепке алғанда, психикалық дамудың бөлек жақтарын және жеке тұлғаның толықтай дамуына бағытталған бағдарламаларды өңдеп жүзеге асырылады.
2. Психолог баланың психикалық дамуында ауытқуларды болдырмау бағытында түзету бағдарламасын өңдеп жузеге асырады.
3. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарының бағдарламасына психологикалық және педагогикалық бөлімдері кірістіріледі . Психолог психологикалық бөлімді жоспарлап, жүзеге асырады. Педагогикалық бөлімді мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп өңдейді және оны психолог көмегімен жоғарыда аталған адамдар орындайды. Жұмыстың бөлек формаларына ересек балаларды, қоғамдық өкілді және т.б. адамдарды кірістіруге болады.
4. Жетілдіру және педагогикалық- психологикалық түзету жұмыстарын төмендегі бағыттар бойынша кірістіруге болады:
- жеке балалармен арнайы жумыс жургізу процесінде;
- балалар тобымен арнайы жумыс жургізу процесінде;
- тәрбиелік іс-шаралар бағытында;
- баланың ата-анасының және басқа туыстарының қатысуын қажет ететін формада өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |