8 тапсырма
Оқу процесін жоспарлау кезеңін сипаттаңыз
1. Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.
2. Нысаны бойынша жоспар мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күндер бойынша орналастырылады. Жоспардың түрлері:
• мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары;
• мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспары;
• әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары;
• қоғамдық ұйымдардың жоспары. Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісіледі.
Жылдық жоспарлар мамыр-маусым айларында жасалып, тпмыз айындағы педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Мектепті дамытудың перспективалық жоспары. Бұл жоспар аудандық өкімет органдарының жұмысын ескере отырып жасалады. Міндеті мектепті белгілі бір кезеңге дейін дамытатын басты жұмыстарды белгілеу.
Перспективалық жоспарда болатындар:
• Оқушылардың, сыныптың саны, шамамен бөлінетін қаржы.
• Түрлі пәндер бойынша керекті мұғалімдер.
• Мұғалімдердің біліктілігін көтеру графигі.
• Құрылыс-жөндеу жұмыстары, кабинеттерді жабдықтау, кітаптар сатып алу, т.б.
• Қаржы, сауда қызметі.
Перспективалық жоспарда мұғалімдердің біліктілігін көтеруге ерекше орын беріледі.
Оқу жылына арналған мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарының үлгісі:
Құрылымы:
1. Кіріспе:
а) Мөлтек ауданының ерекшелігі және мектеп жұмысына әсер ететін жағдайлар.
ә) Өткен оқу жылындары жұмыстың қорытындыларын қысқаша талдау.
2. Біліктілікті көтеру және әдістемелік жұмыс.
3. Озық тәжірибені зерттеу және тарату.
4. Мектептегі ғылыми-педагогикалық ақпараттар.
5. Оқу-тәрбие процесіне басшылық.
7. Ата-аналармен, демеушілермен, жұртшылықпен жұмыс.
8. Мектептің материалдық-техникалық негізін нығайту. Қосымшалар:
а) кітапхананың жұмыс жоспары;
ә) ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары;
б) балаларға арналған жазғы сауықтыру жұмыстары.
Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.
Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес.
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды
тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі.
Əр сабақ негізгі бірліктерден құралады.Олар – жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, ептілік, дағдыларды тексеру. Бұлардың əрбірі мұғалім мен оқушының қандай да өзіндік сипатына ие іс-əрекетімен ұштасады. Аталған бірліктер сан қилы байланысқа түсіп, сабақ құрылымының, оның кезеңдері арасындағы көптеген сан жəне сападағы көрініс береді.
Сабақ құрылымы – бұл белгілі бірізділікті жəне өзара қарым-қатынасқа келген дəріс бірліктерінің байланыс тұтастығы. Құрылым əрқашан дидактикалық мақсатқа, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың жас айырмашылықтары мен ұжым сипатындағы сынып ерекшеліктеріне тəуелді. Сабақ құрылымының көптүрлілігі сабақ типтерінің де сан алуандығына жол ашады.
Бүгінгі дидактикада сабақ типтерінің жалпылай қабылданған нақты классификациясы жоқ. Мұның басты себебі – сабақта мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа түсетін ықпалдас іс-əрекеттердің алдын ала болжамға келе бермейтін күрделілігі мен көп тараптылығында.
Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады:
дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері:
- жаңа білім материалын хабарлау;
- білімді бекіту;
- ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту;
- қорытындылау;
- білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы.
Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері:
- оқу саяхаттары;
- кино-теле-сабақтар;
- өзіндік жұмыс сабақтары жəне т.б.
Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері:
- жаңа материалды игеру;
- бекіту;
- қайталау;
- білімді бақылау, тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |