3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


Педагогикалық технологиялардың даму динамикасына тоқталыңыз



бет21/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Заманауи

3. Педагогикалық технологиялардың даму динамикасына тоқталыңыз
Педагогикалық технология–педагогтардың басқаруымен жүзеге асатын оқытудың тәсілі. Бұл арада мұғалімдердің жұмысы–оқушыларды белсендіру, ынталандыру, оқу әрекетін тиімді ұйымдастыру қызметінде көрінеді.
Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын барлық әдіснамалық құралдар жұмысының жүйелі жиынтығы мен тәртібі.
Педагогикалық технология – педагогикалық процесті ұйымдастырудың әдістемелік құралы. Бұл:

  • Жоспарланған оқыту нәтижесіне жету процесінің сипаттамасы;

  • Оқу процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология – кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды.
Қазіргі таңда педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, білім беру мазмұны 
жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болып, білім беру құрылымында қазіргі заманғы
педагогикалық технологиялар өмірге келуде.
Оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды алдымен жете меңгерген, одан соң оны оқу мазмұнына балалардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне
қарай пайдаланудың маңызы зор. Педагогикалық технология ұғымы іс тəжірибемізде 
жиірек қолданылып, практикаға енуде. Ал «технология» түсіндірмесін сөздікте қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амадардың жиынтығы, ал педагогикалык технология –педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды
ілім амалдары мен əдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеуреті – деп В. Кларин айтып өткендей, педагогикалық технология тəжірибеде 
жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал педагогикалық жүйе дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір
мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажеттті 
өзара байланысқан əдістер құралдарының жиынтығы.
Олай болса, дəл қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту приктикада
пайдалану. Педагогикалық технологияның негізі саралап оқыту. Бұл бойынша оқушы 
білімді меңгеру деңгейін төртке бөлуге болады. Бірінші төменгі деңгей – міндетті деңгей, қалғаны оқушы қабілетіне қарай игеріледі.
Сонда міндетті деңгейді мемлекеттік өлшем ретінде алсақ, білім берудің
шығармашылық сипаты қалыптасады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология оқушының шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың
үйлесімділігі, оқыту мен тəрбиелік тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет