3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызына тоқталыңыз



бет14/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Заманауи
кору жане есту анализаторы, Қазақ фольклорының жанры мен түрлері, Гуманистік тәрбие жүйесі, Адамның өсу және даму заңдылықтары, Әліппеге дейінгі кезең, Пропорция, Матем 1 РГР китап каз нов
Оқу үдерісіндегі пəнаралық байланыстың маңызына тоқталыңыз

Оқулықтардағы негізгі интеграция, олардағы пəнаралық байланыс. Туыстас пəндердің оқу материалына кіріспе ретінде 1982 жылы мемлекеттік оқу бағдарламасына енді.
Оқу үдерісінде пəнаралық байланыстың маңызы зор, ол байланыс білімді толықтырады, растайды, оқушылардың білімін «ішкі байланыстарды» реттеу арқылы білім мен біліктілікті бекітеді жəне қоршаған орта туралы түсінік қалыптастырады.
Бірақ пəнаралық байланыс толық интеграция емес, оқу үдерісіндегі интеграция оқу үдерісіндегі ерекше жүйе, яғни жақындастыру, біріктіру бір жүйеге келтіру.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интелектуалдық өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми көзқарастарды қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тəжірибесімен байланыстырудағы құралдардың бірі – пəнаралық байланыстар. Пəнаралық байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегінде кеңінен зерттелген мəселенің бірі ретінде де қарастырылды. Зерттеулердің нəтижесіне сəйкес пəнаралық байланыстар оқытудың қағидасы жəне білім берудегі міндетті элементі ретінде де айқындалады. (В. Краевский, И. Лернер, А. Байсенбаева И. Зверев, В. Максимов жəне т.б.).
Сондай-ақ пəнаралық байланыстар жастарды тəрбиелеу ісінде жасөспірім тұлғаны қалыптастыру функциясында едəуір мəнге ие. Еңбекке баулу мен ғылым негізінде пəнаралық байланысы мектеп оқушыларының белсенді өмірлік көзқарас ұстанымында, объективті ақиқат құбылыстары мен фактілерінің ғылыми түсінуде пайда болатын дүниетанымды қалыптастыруға едəуір ықпал етеді. Ол сананың, сезім мен мінез-құлық əрекетінің бірлікті жүзеге асуына мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы педагогикалық технология пəні мен ғылым негіздері пəндерінің байланысы политехникалық функцияны жүзеге асырады. Бұл функция еңбек үдерістерінің жалпы ғылыми негіздерін, бірыңғай ұйымдастыру – экономикалық ұстанымдарын ашуға көмектеседі.


Сұрақтар/тапсырма 26

  1. Деңгейлеп оқыту технологиясына сипаттама беріңіз

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пəндерге еніп, оқу үдерісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-əрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады жəне өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастық қарым-қатынас
достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға əділдігіне;
- білім көрсетудің əділ сайысына мүмкіндік береді.
Деңгейлеп-саралап оқытудың басты сипаты – мақсатты нəтиже. Қоғам талабы да – нəтижелі оқушы даярлауда болып отыр.
Деңгейлеп оқыту түрлері. Қараевтің деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне жəне оқушыға байланысты
2) алгоритмдік деңгей – мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) эвристикалық деңгей – оқушы өзі ізденіп, қосымша əдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) шығармашылық деңгей – оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту əр оқушының белсенділігін оятады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет