3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


Ойын технологиясына сипаттама беріңіз



бет12/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Заманауи
кору жане есту анализаторы, Қазақ фольклорының жанры мен түрлері, Гуманистік тәрбие жүйесі, Адамның өсу және даму заңдылықтары, Әліппеге дейінгі кезең, Пропорция, Матем 1 РГР китап каз нов
2.Ойын технологиясына сипаттама беріңіз
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, əдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға мүмкіндік береді. Бастауыш мектепте оқыту үдерісінде дидактикалық ойындар əрі оқу, əрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын – балалар əрекетінің бір түрі, оқушыларды оқыту жəне тəрбиелеу мақсатындағы қарым-қатынастың əдісі мен құралы. Ойын əрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным үдерісіне əсерін тигізеді. Ойын – балалардың шынайыойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға жəне шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. Ойын – əрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Н. К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нəрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» – дейді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тəсілі. Ойын балаларға өмірде кездесетін қиыншылықтарды
жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады дегенді айтуда ғалымдар. Н. Ф. Талызина «Алты жасарлар ойнай отырып, логикалық қабылдау арқылыоқудыжəне математиканытаным қызығушылығын меңгереді. Бұдан бірте-бірте ойыннан кейін оқу əрекеті орын алады», – деген пікір айтты. В. В. Давыдов оқушыларда танымдық проблемалық міндеттерді шештірудің жолдарын іздестіру арқылы шығармашылық тəжірибені меңгертуге болады, яғни соның нəтижесінде білім-білік, дағды дүниеге көзқарасын қалыптастыруды көздейді.
Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың əрі формасы, əрі əдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу əрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі əрекеті – ойын болса, оқу-тəрбие үдерісінде олар біртіндеп ойын əрекетінен оқу əрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады. Ойынның мақсаты – Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Міндеті – баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру. Дидактикалық ойындар – балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндетті шешеді. Ойын: - сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді. - сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады. - сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Бастауыш сынып мұғалімі оларды жалықтырмай əр түрлі ойын түрлері мен сабақты қызықты өткізуі керек. Ойын əрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нəрсе: білім, əрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді: 1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;
Қорыта айтқанда, кез келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда əрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой-өрісін ойын арқылы дамытады. Ойындар – оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды. В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақылойдың қалыпты дамуы да жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты», – деген екен.


3.«Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының мазмұндық ерекшеліктерін ескере отырып, проблемалық оқыту технологиясымен салыстырып, салыстырмалы талдауды кесте түрінде көрсетіңіз
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдар технологиясы «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп Елбасы атап көрсеткендей, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялық əдіс-тəсілдерді мектеп өміріне енгізу, оны əр пəн мұғалімінің тиімді пайдалана білуі бүгінгі таңда білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Осындай технологиялардың бірі – Шаталовтың тірек сигналдар технологиялары. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының негізгі мақсаты: оқушыларда мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру; жеке мəліметтеріне қарамастан, барлық баланы оқыту; жеделдете оқыту. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының принциптері: - үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту, тірек сигналдарын пайдалану; - жекелей əрекет жасау;
- ізгіліктік (барлық балалар дарынды); - мəжбүрсіз оқыту; - түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиелініссіз оқыту; - тəрбие мен оқытуды байланыстыру. «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясының мазмұндық ерекшелігі: - оқу материалы ірілендіріп беріледі; - блоктық түрде беріледі; - оқу материалы тірек үлгі-конспекті түрінде беріледі. Тірек сигналы – мəн, мағынаны (белгі, сөз, үлгі, сурет жəне т.б.), білдіретін құрамды бейне. Тірек конспекті – қысқа конспект түрінде берілетін тірек сигнал жүйесі (оқу материалы сигнал, көрнекі сұлба ретінде беріледі). Жаңашыл ұстаз əдістемесінің негізгі элементтерінің бірі – тірек сигналдары. Бұл – игерілуге тиіс білімнің мазмұныкодталған көрнекі схема. Көрнекілікке негізделген тірек сигналының жаңа сабақты тусінуді жəне оны есте сақтауды жеңілдететіні белгілі болды. Əдетте сурет, сызба, схемалар мектепте игерілетін білім сипатына сəйкес эпизодты қолданылады. Шаталовтың көрнекі схемаларды қолданудағы жаңалығы – оларға оқу үдерісінде берілетін ерекше рөлінде. Тірек сигналдарын қолдану теориялық білімнің кең көлемін игеруді, жаңа тақырыптың жекелеген бөлшектері жиынтығын бірдей қамтуды жеңілдетеді, олардың арасында байланыс орнатуға, салыстыруға, материалды логикалық өңдеуге жəне оның ұзақ есте сақталуына көмектеседі, білім игеру сапасын қүнде тексеруді, бағалау мен өзін-өзі бағалауды қамтамасыз етеді. Тірек сигналдары – оқыту үдерісінің тұрақты жəне қажетті компоненті. Тірек сигналдарындағы таңбалар саны, оларды безендіру ерекшелігі (түсті бояуды қолдану, фармалары, сөздік материалдары) белгілі бір талаптарды қанағаттандыратандай болуы қажет: игеру мүмкіншілігі, безендіру мəдениеті, формалардың əртүрлілігі, сезімдік кұндылығы жəне т.б. Бұл шарттар көрнекі материалды қабылдау талаптарынан туындайды.
Сонымен қатар тірек сигналдарында түсініктер маңызына қарай сыныпификацияланады (қызыл түспен – ең маңыздысы, жасылмен – одан төменірегі жəне сол сияқты). Көрнекілік құралдарды қолданудың əр түрлілігі, тірек сигналдары мазмұнының абстрактылы жəне нақтылы компоненттерінің ұштасуы, оның маңыздылығы бойынша классификациялануы – Шаталов ұсынған көрнекі схемаларының ең маңызды ерекшелігі. В. Ф. Шаталов (1929 жылы туған) – украин педагогы. В.Ф.Шаталов тəжірибесінің бірінші ерекшелігі – оқу үдерісіндегі оқушылардың іс-əрекетін, танымдық жұмыстарын кезеңдерге бөліп, мұғалімнің қатаң түрде басқаруы. В. Ф. Шаталов мынадай кезеңдерге бөліп көрсетті. І кезеңде тақырыпты жан-жақты түсіндіріп, ІІ кезеңде тірек плакаттарын қолданып, қысқаша түсіндіріп, ІІІ кезеңде оқушыларға тірек сигналдары (тірек плакаттарының кішірейтілген түрі) беріліп, оларды балалар өз альбомдарына желімдеп, IV кезеңде оқушылар оқулықпен жəне тірек сигналдарымен үйде жұмыс істейді, V кезеңде сабақ үстінде тірек сигналдарын естеріне түсіріп, дəптертеріне жазып, VI кезеңде оқушылар мұғалімге тақырып бойынша ауызша жауаптар береді. Сонымен теориялық материалмен жұмыс 6 кезеңнен тұрды. Шаталов тəжірибесінің екінші ерекшелігі – бағдарлама нық бірбірімен байланысты немесе қарама-қарсы тақырыптарын біріктіріп оқыту. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының қалған ерекшеліктері: - үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану; - жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; - ізгілендіру, ерікті оқыту; - əр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; - оқыту мен тəрбиенің бірлігі.
Қазіргі заман талабына сай қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара жəне ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, əр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нəтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау жəне бақылау деп бөлуге болады. Білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Ендеше осы бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ жаңа ұғымды, заңдылықты, ережені түсініп тұжырымдау, есепті талдап шығара білу, жаңадан өтілген ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің іс-əрекетіне бақылау жасай білу, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет