3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие үдерісіне ендіру жолдарын атаңыз



бет17/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Заманауи
кору жане есту анализаторы, Қазақ фольклорының жанры мен түрлері, Гуманистік тәрбие жүйесі, Адамның өсу және даму заңдылықтары, Әліппеге дейінгі кезең, Пропорция, Матем 1 РГР китап каз нов
2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тəрбие үдерісіне ендіру жолдарын атаңыз
Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар − озық педагогикалық тәжірбиені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады. Озық педагогикалық тәжірбиенің негізі болып есептелетін жаңашылдықты зерделеу − педагогикалық тәжірибелерді теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты.
Оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу 4 кезеңнен тұрады: жаңа идеяны, жаңалықтарды іздестіру, зерделеу; жаңалықтарды ұйымдастыру; жаңалықтарды енгізу (оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану); қорытындылау.
Педагогикадағы тәжірибелерге сүйене отырып, инновацияның келесі критерийлер жиынтығын анықтауға болады: жаңашылдық, жоғары нәтижелік, оптималдық, жалпы тәжірибеде тиімді қолдану мүмкіндігі.
Бұл орайда басты критерий – жаңашылдық, сондықтан инновациялық үдерісті қолға алған мұғалім бұл жаңалықтың мәнін, жаңашылдығының деңгейін анықтап алуы тиіс. Инновациялық жаңашылдықтың бірнеше деңгейін бөліп көрсетуге болады. Олар: абсолютті, шартты, локальды-абсалютті, субьективті, танымалдық деңгейі және қолдану аймағы бойынша.
Ал, критерийлер жүйесіндегі оптималдық − нәтижеге қол жеткізуге мұғалім мен оқушының жұмсаған күшінің шығыны мен қолданған тәсілінің тиімділігін айқындайды. Мұғалімдер әртүрлі еңбек жағдайында түрлі оқушылар арасында бірдей жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Оқу процесіне педагогикалық инновацияны енгізе отырып, барынша аз ой-еңбек пен аз уақыт жұмсап жоғары нәтижеге қол жеткізу оның оптималдығын білдіреді. Инновацияны бұқаралық тәжірибеде қолданудың бастапқы кезеңі жекелеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің жұмысына негізделгенімен, олар сыннан өтіп, обьективті баға алған соң ғана жалпыға бірдей қолдануға енгізіледі. Жоғарыда аталған критерийлерді білу және педагогикалық инновацияны бағалауда қолдана алу педагогикалық шығармашылыққа негіз болады [4].
Білім беру үдерістерін жаңарту тұжырымдамасы мен мазмұнын ескере отырып, педагогтің инновациялық қызметі әдістемелік-бағытталған және проблемалық-бағытталған болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет