"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Айтылым: Топтық жұмыс. Топта ананың тілегіне талдау жасап, мағынасын түсіндіру.Енді соғыс болмасын! Балаларым қайғы көрмесінші! Ой таразы



бет28/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Айтылым: Топтық жұмыс. Топта ананың тілегіне талдау жасап, мағынасын түсіндіру.Енді соғыс болмасын! Балаларым қайғы көрмесінші!
Ой таразы:
«Табыс сатысы» әдісі: сатының суреті,
сатының 1 — ші баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН, 2 — ші баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН, 3 — ші баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН.
Сабақ №33
Оқылым: Аңызды мұқият оқып шық.
Отбасы қасиеті
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықты өмір сүруі елді таңқалдырады. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауыл тап –таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған.
Патшаның көңілі толып ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым –қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалдарына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендігін айтуын өтінеді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таңқалып:
-Осы-ақ па?
- Иә, - деп ақсақал. –Барлық жақсы отбастары тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Ой түрткі:

  1. Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екен?

  2. Ауыл ақсақалы патшаға қандай жауап берді ?

3. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет? 4.Ақсақалдың іс-әрекетіне түсінік бер
Жазылым.
«Сүйіспеншілік, кешірім, бірлік, шыдамдылық» сөздеріне анықтама бер.
Айтылым. Берілген тақырыпты сахналап көрсетіңдер
Ой таразы:. Бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланып, жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.

Сабақ №34




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет