Айтылым: Мәтіндегі құстардың іс - әрекетін отбасы өмірімен байланыстырып әңгімеле. Іс - әрекеттерді салыстыр.
Ой таразы: «Қамқорлық ағашын» өсірейік. Берілген тұжырымды жалғастырып, жемістерді ағашқа ілу.
Сабақ №26
Оқылым: Мәтінді түсініп оқы
Ақпан
Міне, күн қайта ұзарып, түн қысқарып келеді.Қазақстанның оңтүстік аймақтарында ойдым-ойдым қарайған жерлерден қылтиып шығып келе жатқан «қар гүлдерін» көруге болады.Олар, әрине, жыпырлап өскен бәйшешектер.
Ұсақ құстардың ішіндегі өжеттері аязды күндердің өзінде балапандарына жем-қорек таси бастайды.Бұлар – шоқитын тұмсықтылар. Олар өздерінің балапандарын жәндіктермен емес, қарағайдың тұқымымен қоректендіреді.
Солтүстік Қазақстанның орманды жерлерін мекендейтін бұландар көктемнің алғашқы күндерінде мүйіздерін тастайды.Бір ай өткеннен кейін жаңасы өсіп шығады.
Міне, қызық! Ақпан айында түлкілердің мінез-құлықтары өзгереді екен.Орман, даланы қалың қар басқанда оларға өздерінің қоректік заттарын, оның ішінде тышқандарды аулап жеу қиынға түседі.
Ой түрткі:
1. Қар гүлдерін ата
2.Бұландар мүйіздерін неге тастайды?
3.Аңдардың мінезі неге өзгереді?
Жазылым: Мәтінге жоспар құрып, берілген сұраққа жауап жазыңдар.
Қыс мезгілі. Аңдар тіршілігі
Айтылым: А.Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің мазмұнына сәйкес сахналық қойылым көрсету.
Ой таразы:
«Табыс сатысы» әдісі: сатының суреті,
сатының 1 — ші баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН, 2 — ші баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН, 3 — ші баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН.
Сабақ №27
Оқылым: Мәтінді оқып шық
Көктемде
Екі күннен кейін мен қалаға жүріп кеттім. Каспий суының жаңа ашылған кезі. Лай судың үстінде болбырлау сұрғылт сеңдер теңселе жылжиды. Оларды біздің қайығымыз қуып жетті де, басып озды. Сеңдер қайықтың жақтауына соқтығып, шатынай айырылып қалып жатты. Толқындарды жарға айдап, «жорға жел» ойнақтады. Бөшке, қап, жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді. Рульді ұстап келе жатқан жас жігіт еді. Оның үстіне қырма қой терісінен істеген, омырауы әр түсті жіппен кестелеген әсем пешпеті бар.
Оның жүзі сабырлы, салқын қанды еді. Қайықтың тұмсық жағында көмекшісі отыр. Бұл– үстіне жыртық шекпен киген, белін арқан жіппен буған, басында көнетоз қалпағы бар, үсті-басы үрпі-түрпі бір мұжық еді. Ол ұзын ағашқа ілген темір ілмекпен сеңдерді серпіп қояды.
Ой түрткі:
- Мәтінен адамның бойындағы қандай қасиеттерді көбірек байқадыңыздар?
- "Толқындарды жарға айдап, «жорға жел» ойнақтады. Бөшке, қап, жәшік сияқты ауыр жүк артқан моторлы қайық тербеліп келеді". Осы сөйлемге сипаттама бер
Жазылым:
|
-
|
+
|
?
|
Бұрыннан білемін
|
Менің ойлағаныма қайшы, кереғар
|
Мен үшін жаңа ақпарат
|
Білгім келеді
|
Достарыңызбен бөлісу: |