"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Ой таразы: «Таңдау» әдісі



бет20/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Ой таразы: «Таңдау» әдісі.
1.Мен сабақ қызықты қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі сирек қатыстым
5.Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын риза емеспін.
Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.

Сабақ №24


Оқылым: Мәтінді түсініп оқыңдар
Көкшетау

Күн ыстық.Көкшетау маңы. Айнадай тұнық сулы Көлшүмектің қасы. Көлшүмектің жағасындағы көк ала қамыс, судыр құрақтар айнаның жиегіне салынған әдемі өрнек сияқты. Көктегі шыжығын қызыл күн өткір алтын шұғыласын көктен жерге бүркіп тұрғандай. Айнала – төңірек, жер-дүние , жан-жануар, жердегі өсімдік қазір маужырап, марғау тартып тұрған тәрізді.


Ойпаң, көк ала құрақты кішкене Көлшүмек. Айнала теңірек ылғи белес. Күншығыс жатқан Көкшетаудың басы көрінеді. Тек күнбатыс жақтағы Көкшетау қаласына қараған жонның оң жағы - көсіліп жатқан қиырсыз дала.
Белестер де, ойпаңдар да, далалар да, бұта-өсімдіктер де көкпеңбек, жасыл бояқтай. Түп-түгел қара жерге жасыл жібек кілем төсегендей. Көк ала Көлшүмек те жап-жасыл. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті көрінеді.

Ой түрткі:
- Біз бұл мәтіннен не түсіндік?
- "Көк ала Көлшүмек те жап-жасыл. Оның айнадай суында зеңгір аспанның суреті көрінеді". Осы сөзге түсінік бер
-Өз сөзіңмен әңгімеле
Жазылым:
Туған жеріңді сипаттап досыңа хат жаз
Есте сақта! Хат дегеніміз — біруге жазған хабарламаңыз.
Хат жеке адамдардың пікірлесу, қарым-қатынас жасау, бір-бірінен қашық жүрген мезгілде байланыстыру мақсатында жазылады.
Айтылым: Сендердің бақытты болуларың үшін не қажет? Өздеріңнің 10 тілектеріңді жазып, орындалу үшін не істеу қажет екендігін айту.
Ой таразы:
«Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет