Ой таразы: «Плюс, минус, қызықты» «Плюс» — оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» — қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Сабақ №21 Оқылым: мәтінді түсініп оқы.
Тоғызқұмалақ
Спорттың түрі көп. Бірі – күшті болуға, екіншісі – жылдамдыққа, үшіншісі табандылыққа баулиды. Ал тағы бір түрі ойлауға үйретеді. Оларға шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ жатады. Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны. Бұл ойында сүйек тастарды ұяларға тоғыз-тоғыздан түсіп отыру керек. Тоғызқұмалақ –жылдам есептеуді, тез шешім қабылдауды қажет ететін күрделі ойын.
Тоғызқұмалақ-та бір ойынды жарты күн немесе бір күн ойнайды. Ұлы ақын Абай тоғызқұмалақ ойынының шебері болған. Абай тоғызқұмалаққа үлкен мән берген. Ол атақты ойыншыларды шақырып, жиырма-отыз күн бойына сайыс өткізіп отырған. Бұл туралы Мұхтар Әуезовтің ‘’Абай жолы’’ кітабында жақсы жазылған. Қазір Қазақстанда тоғызқұмалақ ойынынан халықаралық жарыстар өткізіліп тұрады. Әбілда Ақшораев тоғызқұмалақтан алты рет республика чемпионы болған.
Ой түрткі: 1.Тоғызқұмалақ қандай ойын?
2. Әбілда Ақшораев кім?
Жазылым: Мәтіннің соңғы бөлігін көшіріп жазып, өмірмен байланыстырып өңгімелеп көр
Айтылым: төмендегі сұрақтарда топпен талқыла
Тоғызқұмалақ ойынына неліктен қызығушылық әлі де төмен деңгейде?
Ой таразы: «5 саусақ» әдісі • Бас бармақ – мен үшін маңызды және
қызық
• Балан үйрек – маған түсініксіз болды
• Ортан терек – маған жеткілікті болмады
• Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім
• Кішкене бөбек – менің ұсынысым
Сабақ № 22
Оқылым:Мәтінді мұқият оқып шық.
Зерек бала Қартқожа көйлекшең, жалаң бас, көк шөпке бауырын төсеп кітабын оқып жатыр. Оның кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағына да қарамайды, демін де білдірмей алады. Ол екі атты да ұмытып кетті. Біреу алып кетсе, білер емес. Оқыған сайын ажарланады, көзін қадап, қағазды жеп қоятын тәрізді.
Әлден уақытта аяғына жетті. Ол кітапты жаппай, ойланып, басын шайқап, таңдайын қағып біраз жатты. Содан кейін басын көтерді.
Қартқожаның есіл-дерті оқуға кетті. Өзіне-өзі «оқимын» деп серт етті. Қалай оқиды? Қайдан оқиды? Қайда барады? Қаражатты қайдан табады? О жағымен ісі болмады, ойына да келмеді, қайтсе де оқымақ болды.