Жазылым: Сыпайылық ережелерін жазуды ұсыну.
Айтылым: Үшінші жолаушының айтқан қанатты сөздеріне түсінік бер.
Ой таразы: «Плюс, минус, қызықты»
«Плюс» — оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» — қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады.
Сабақ №18
Оқылым: Мәтінді түсініп оқы.
Ақ орамал
Автобус аялдамасы жанынан өтетiн жол жиегiнде отырған адам жолдағы тастарға тесiле қарап қалған. Ештеңе елеместен ол өзi және өзiнiң өмiрi туралы қалың ойға батып кеткен едi.Ол өзінің қызыл кiрпiштен салынған үйде тұрған кiшкентай бала кезін есіне алды. Бөлмесінің терезесіндегі гүлді, әкесi бұған құрастырып берген әткеншекті, велосипед теуіп үйренген жолды сағынышпен есіне түсірді. Бұған велосипед алып беру үшiн, ата-анасы ақшаны бiрнеше ай бойы жинағанды.
Содан берi аттай жиырма жыл өтiптi! Мүмкiн, үйдi баяғыда бұзып тастаған шығар...
Жігіттің бүкіл денесі дiр еттi: естелiктiң айқындығы сондай, олар мұның жандүниесiн ауыртып, осыдан он жыл бұрынғы кезін бастан кешкендей сезімде болды.
Өйткені жұмысы мен көптеген достары бар едi. Әкесi мен шешесi бұған кәрi және мезi қыларлықтай көрiндi, ол көбіне уақытын достарымен көңiлдi өткізетін еді.Бiрақ, оның жиылып қалған қарыздары мұны ата-анасының үйiне қайтып оралуға мәжбүр еткен. Анасы баласының келгеніне қуанып тамағын әзірлеп күйбеңдеп жүр. Ол ата-анасынан ақша сұрамақшы болғанын жасырды. Бұдан шығудың оп-оңай қарапайым жолы табылды: бұл әкесiнiң ақшаны қайда сақтайтынын жақсы бiлетiн, ата-анасының баққа шыққан сәтiн пайдаланып, әкесiнiң жинаған ақшаларын қолына түсiрдi. Ол ата-анасын ең соңғы рет көруi едi: өзi iстеген әрекеттен кейiн, ол үйiне келе алмайтын болды. Көп кешiкпей шетелге кеттi. Ата-анасы оның ұзақ сергелдеңге түсiп сандалғандығы мен түрмеде өткiзген жылдары жөнiнде ештеңе бiлмедi.
Жазасын өтеп, бостандыққа да шықты. Кешкiсiн өзiне қанша ауыр тисе де, ата-анасына қысқа ғана хатты бірнеше сағат отырып жазды. Хатта: "Менi көргiлерiң келетiнiне ешқандай үмiтiм жоқ екенiн бiлемiн... Шешiм сiздерде. Мен бейсембi күнi көшенiң аяғында таңертең ерте күтемiн. Егер үйге келуiмдi қаласаңыздар, менiң жататын бөлмемнiң терезесiне ақ орамал iлiп қойыңыздар. Оны сол жерден көрсем, үйге келемiн, көрмесем ескi үйге "қош бол" деймiн де, өз жолыммен кетемiн", деген сөздермен аяқталғанды.
Мiне, бейсенбi күнi де жеттi. Адасқан ұл белгiленген жерге келдi. Өзінің ескi көшесi! Не күтіп тұрғанын анықтағанша тағаты таусылып, төзiмi жетпей барады. Ол жол бойына отырып, жолдағы тастарға көз тiкті. Бұл iстi кейiнге ысыра беруге болмайды, тәуекел ету керек. Түптеп келгенде, олардың көшiп кетуi де мүмкiн ғой...
Ол ағашқа жеткенше үй жаққа қарамаймын деп шештi. Шынар ағашының қасына таяғанда көзiн тарс жұмды. Ақырында терең демалып, көзiн ашқанда, оның жанары құмарта алға тiгiлдi.
Ой түрткі: Кәне, осы әңгімен қалай аяқтар едің?
Мәтін неге «Ақ орамал» деп аталған? Сен мәтінді қалай атар едің?
Бiрақ мынау не? (мәтіннің жалғасын оқу)
Әрбiр терезеге жастықтың тысы, сүлгi, дастархан, қол орамал және асхана салфеткалары iлiнген. Шымылдық терезе желдеткiшiнен бүкiл шатырға созылған. Таңғы күн сәулесiнде жарқыраған қар тәрiздi.
Оқыс қателiкке жол бермес үшiн, ата-анасы қолдарынан келгенiнiң бәрiн iстептi! Ақша қардай аппақ болып жарқыраған өз үйiн көрген ұлдың бойын қуаныш кернеді.
Достарыңызбен бөлісу: |