Жазылым: «Жақсы сөз-жарым ырыс» тақырыбына ойтолғау жаз.
Ой таразы:
Сабақ №13
Оқылым: Мәтінді мұқият оқып шық.
Сыйласа білсең – сыйлы боласың
Адам деген ардақты есімге ілесіп жүретін «адамгершілік» деген сөз бар. Адамның адамгершілігі өзінің жүріс-тұрысынан, үлкенді құрмет тұтып, кішіге көмектесу, басқаның мүддесін өз мүддесіндей көру, қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары ұстау сияқты іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрініп тұрады. Сен біреуге көмектесуден бас тартсаң, саған басқалар да көмектеспеуі мүмкін. Егер сен үкен кісілердің алдында тұрпайы сөйлеп, дөрекі мінез көрсетсең, «көргенсіз екен» дейді, ал жолдастарыңның арасында «мен жақсы оқимын» деп, менменсіп, кеудеңді қағып жүрсең, олар сені жек көріп кетуі мүмкін. Өркөкірек болма, кішіпейіл бол, өзімшіл болма, көпшіл бол. «Жалғыз ағаш орман болмайды, жалғыз жігіт би болмайды» дейді халқымыз. Көпшіліктен аулақтап, өз басынан өзгені қадірлей білмеген адам айналасындағаларға қадірі болмайды.
Ой түрткі:
- "Адамгершілік" сөзін қалай түсінесің?"
- «Жалғыз ағаш орман болмайды, жалғыз жігіт би болмайды» дейді халқымыз. Түсіндіріп көр
Жазылым: Адалдық,шынайылық,ақ ниет,ар-ұждан уәде, жақсылық деген тірек сөздерді пайдаланып,«Адалдық - адамдықтың белгісі» тақырыбында әңгіме жазу.
Жадыңда ұста! Әңгіме, әдебиетте — оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?
Достарыңызбен бөлісу: |