Ой таразы: «Шығу парағы» бойынша сұрақтарға жауап бер.
1. Сен үшін қандай маңызды мәліметтер болды?
2.Нені терең білгің келеді? деген сауалдарға жауап жазады.
Сабақ №12
Оқылым: Мәтінді мұқият оқып шық.
Жақсылық пен Жамандық
Негізгі бөлім
Неше ай, неше жылдар өткенде, бір күні бұған Жамандық келіпті. Ол Жақсылықты көріп: – Жақсылықжан! Мен саған жамандық қыламын деп, мұндай күйге ұшырадым. Енді сен мені адам қыл. Сен бұл мал-мүліктерді қай жақтан таптың? – дейді. Сонда Жақсылық: – Не де болса, адамзатсың ғой! Сен жамандық істегенмен, мен саған жақсылық істейін, – деп, өзінің бастан кешкен оқиғасын айтыпты. Содан соң тұрып: – Пәлен төбеде бір үй бар. Сен қазір соған жет. Оның ішінде асулы бір қазан ет бар. Бірақ оның ішіндегі еттен тек бір саусағыңды батырып, дәмін көр де үйдің төбесіне шығып жат. Сонда түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сен олардың әңгімесін тыңдай бер. Олар кеткеннен кейін естіген сөздеріңді істесең, сен осындай боласың, – дейді.
Соңы
Жамандық: «Жарайды,» – дейді де, баяғы күркеге барып кіреді. Жақсылық айтқандай, қазан толы ет асулы тұр екен, қызығып кетіп, шыдай алмай: «Мына бір жілігін жейінші» – деп, еттен жеп, сорпасынан да, бес-алты рет ұрттап алыпты. Сөйтіпті де, үйдің төбесіне шығып жатыпты. Бір уақытта түлкі, арыстан, қасқыр – үшеуі күркеге кіреді. Түлкі тамақты көре сала: – Ойбай, мына еттің тоқпан жілігі жоқ, омыртқасы жоқ, сорпасы жоқ, біреу жепті! – дейді. Оған арыстан мен қасқыр: – Кім жеуші еді? Бұл жерге адам келуші ме еді? – деп көнбейді. – Жоқ! Бір бәле бар! Мен түс көрейінші, – деп, түлікі жата қалыпты да, аздан соңқайта тұрып: – Осы күрке үстіне шығайықшы, сонда бір пәле бар секілді, – депті. Бұл сөзін қасқыр мен арыстан да мақұл көріп, түлкі төбеге шықса, Жамандық жатыр екен. Үшеуі Жамандықты бас салып жеп қойыпты.
Басы
Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: – Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, – депті. Жақсылық: – Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да, өзің жаяу кете бер. Содан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін - депті. Содан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті.
Ой түрткі.
Мәтін мазмұны түсінікті ме?
Ой толық жеткізілген деп ойлайсыңдар ма?
Соңғы азат жолға көз жүгірт. Оқиға аяқталған ба?
Жадыңда ұста!
Мәтіннің басы оқырманды оқуға даярлайды.Оқиға жайында баяндайды. Негізгі бөлікте автор айтқысы келген басты пікірін білдіреді. Мәтінді соңғы бөлік аяқтайды. Мәтіннің әрбір бөлігі азат жолдан бастап жазылады.
Айтылым: Берілген мәтіннің құрылымы бұзылған. Әр бөлімнің орнын анықтап, қалпына келтір. Ойыңды ережеге сүйеніп дәлелде!
«Жамандық» ұғымына түсінік бер.
Мәтінге қадай тақырып қояр едің? Ұсыныс жаса.
Жамандықтың ісі дұрыс па?
Достарыңызбен бөлісу: |