"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Айтылым: Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтел айту. Ой таразы



бет23/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Айтылым:

Жыл мезгілдері туралы мақал-мәтел айту.



Ой таразы:
«Бір сөзбен» әдісі — Оқушылар өздеріне берілген сөздердің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
(Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық,Қанағаттану, Шабыт,Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.)

Сабақ №28


Оқылым: Мәтінді түсініп оқы.
Қымбат сыйлық
Сарыарқа даласында өте бір жақсы адам өмір сүріпті. Бір күні оның ұлы дүниеге келеді. Жақсы адам қуанғаннан ұлына сыйлық жасауға шешім қабылдайды.
Қандай сыйлық болуы мүмкін?
«Мен оған ағаш сыйлаймын Менің ұлым өскен сайын, ағаш та өсетін болады. Ол оны күтіп баптайды. Оның алғашқы жемісін жинайды. Ол ақкөңіл, еңбекқор мықты, әдепті бала болып өседі. Мен өлсем, ұлым мені ағашпен бірге есіне алатын болады.» Ақкөңіл адам алыстан кішкентай алма ағашын алып келіп отырғызады. Ағашпен бірге бала да өсті. Бір балалар есіктің алдында шыбықтан қылыш жасап, ежелгі соғысты бейнелеп ойнайды. Соғыс өте қызу жүріп, барлық әскерлер жеңіске жеткен болатын, кенеттен жақсы адамның ұлы: «Қараңдар, әне біреу тірі! Шабуылға» — деп айқайлап, кішкентай ағаштың бұтағын шыбықпен соғып жіберді. Ағаштың жапырақтары тербеліп, бұтағы қисайып сынды. Сынған орнынан мөлдір тамшы жас аға бастады.
Ағаштар тербеліп, құстар шулай бастады.
Бала қорыққанынан әкесіне жүгірді.
-Әке, әке! Ағаш жылап тұр. Ол тірі оған ауыр тиді – деп бала болған жағдайды айтып әкесімен бірге кішкентай ағашқа көмектесті.
Сынған бұтағын ауру адамның қолы сияқты арнайы орағышпен таңды. Көп ұзамай ағаштың сынған орны жазылады. Бала өзінің ағашына қамқорлық көрсете бастады, онымен сөйлесетін болды. Оны аяздан және зиянкестерден қорғады. Ол үлкен, саялы, жемісті алма ағашы болып өсті.
Ой түрткі:
-Бала неге қорықты?
- Бала ағашқа қандай қамқорлық көрсетті?
-Баланың ісін қалай бағаладың?
Жазылым:
Мәтінге ат қой. Мәтін бөліктеріне сипаттама бер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет