"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Жазылым:  Мәтінді бөлімдерге бөліп, қарапайым жоспар құрыңыз; Айтылым



бет16/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
Жазылым:
 Мәтінді бөлімдерге бөліп, қарапайым жоспар құрыңыз;


Айтылым: Төмендегі сұрақтарды топта талқыла

1. Бала ата-анасын неге ұзақ көрмеді? 


2.Оның сағынышының сыры неде?
3.Ата-анасының перзентіне деген сезімі қандай?
4.Өмірмен байланыстыр?


Ой таразы: «5 саусақ» әдісі
• Бас бармақ – мен үшін маңызды және
қызық
• Балан үйрек – маған түсініксіз болды
• Ортан терек – маған жеткілікті болмады
• Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім
• Кішкене бөбек – менің ұсынысым
Сабақ №19
Оқылым: Мәтінді мұқият оқып шық
Оқымысты бала

Ауыл жайлауға көшті. Шідерті өзенінің бойын жағалай киіз үйлер тігілді. Айнала көкорай шалғын.Әлкейдің қолынан кітап түспейді. Үйінде 5-6 кітабы бар. Соны қайта-қайта ақтарады. Тіпті бәрін де жаттап алған. Әлкей – зерек бала.Бір айтылған әңгімені ұғып алады. Ертегіні жақсы көреді. Ұйып тыңдайды.


Бір күні ауыл балалары жидек теруге шықты. Әлкейді де ертіп алды. Өзенннің арғы жағына өткенде Әлкей кейіндеп қалды. Жалғыз өзі судың жиегінде отыр. Оңаша отыр, түске дейін батырлық дастанын жаттаумен болды.Қайталап оқып, ұмытқан жерін есіне түсірді. Балалар қайтқанша жырдың біразын жаттап үлгерді.
Ой түрткі:

  • Әлкейдің іс – әрекетін бағала. Ол неліктен кейіндеп қалды деп ойлайсың?

  • «Әлкейдің қолынан кітап түспейді. Үйінде 5-6 кітабы бар. Соны қайта-қайта ақтарады.» сөзінің астарынды қандай ой бар?

- Әлкейге ұқсайтын балалар сыныбыңда көп пе?
Жазылым. .Әлкейге мінездеме жаз.


Жадыңда сақта! Мінездеме дегеніміз – белгілі бір адамның мінезін, артықшылықтары мен кемшіліктерін, жақсы және теріс қылықтарын, жалпы психологиялық портретін сипаттайтын ақпарат.
Айтылым: Берілген мақал-мәтелдерді топта талқылап, мағынасын түсіндіріңдер.
1.Білімдінің күні - жарық
Білімсіздің күні қаріп

2.Оқу - инемен құдық қазғандай


3.Оқу-білім бұлағы


Білім-өмір шырағы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет