№3 дәріс. Ғылыми стильдің ерекшеліктері


Бұл стильге ортақ морфологиялық тұлғаларға мыналар жатады



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата14.12.2022
өлшемі360,18 Kb.
#162766
түріОқулық
1   2
Байланысты:
№3 дәріс. Ғылыми стильдің ерекшеліктері

Бұл стильге ортақ морфологиялық тұлғаларға мыналар жатады
:
Зат есімдік және сын есімдік түбірден зат есім тудыратын 
-лық, -лік, -
дық, -дік, -тық, -тік
 
жұрнақтары арқылы жасалған сөздер: 
азаматтық, 
дұшпандық, қалыңдық, ауырлық, жылдамдық
тәрізді зат пен құбылыстың әр 
түрлі қалыбы мен күйін, жағдайын білдіреді. Мәселен Ауырлық күші деп - 
заттың белгілі бір заңдылықпен жерге тартылу күші. Бұлардың басым 
көпшілігі терминдік мән алып, нормаға айналған қалыптасқан атаулар болып 
кетті. Мысалы: 
бейтараптық, серпімділік, оқулық, сөздік, жылылық, 
дымқылдық
т.б. атауларды атап айта аламыз. Бұлар – бүгінгі тілімізде ғылым 
мен шаруашылықтың әр саласында қолданылатын және қалыптасқан 
атаулар. 
-лық 
аффиксі арқылы нақтылы зат атауы да жасалады

Мысалы: белдік, ауыздық, егіндік

Жеке ғылым салалары мен шаруашылықтың, техниканың түрлеріне 
қатысты осындай жаңа сөздер жасау процесі тоқтап қалмай ары қарай 
өрістей 
бермек. 
-шылдық, -шілік
аффиксі арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіптің, 
шаруашылық түрлерінің немесе әлдебір абстракт күй қалыптың атауы болып 
отырады. Мысалы: 
Мақташылық, диқаншылық, ойланушылық, оқытушылық 
т.б.
Бұл 
жылы 
диқаншылар 
үлкен 
көлемде 
өнім 
алды. 
-шылдық,-шілдік
аффиксі арқылы жасалатын 
төрешілдік, кеңесшілдік, 
гегельшілдік, контшылдық
тәрізді сөздер көбінесе саяси тілде көп қолданады. 
Халық тілінде белгілі бір зат атауын жасауда ертеден қалыптасқан 
тәсілдің бірі – етістік сөздерден 
–қыш, -кіш, -ғыш, -гіш
аффиксі арқылы 
жаңа сөздер жасау. Мысалы: 
сыпырғыш, жапқыш, жылытқыш, сепкіш, 
мұздатқыш, шаш кептіргіш
. «Био Комфорт» компаниясы шаш кептіргіштің 
тұтынушыларға 
оңай 
түрін 
ойлап 
тапты. 
Тіл ғылымында тілдік құралдардың пайдалану аясына байланысты 
зеріттеулер жүргізіліп жатыр. Соның ішінде қарастыратынымыз «Тілдің 
ғаламдық бейнесі» атты ғылыми зеріттеу. Мұнда ғалым жұмыстың басын 
Міржақып Дулатұлының тілдік тұлғасын зеріттеуден бастаған. Онда ол 
«Алаш ардақтыларының бірі Міржақып Дулатұлының тілдік мұрасы түрен 
түспеген тың өлкелердің бірі. Алғаш «Оян қазақ!» деп үн қатқан ардақты 
ағамыздың тілдік тұлғаға саналу сипатын дәлелдеу осы тектес зеріттеулердің 
басты мақсаты» деп Когнитивтік лингвистикада алғаш рет қарастырыла 
бастаған «Тілдік тұлға» мәселесі қазақ тіл білімінде де кеңінен зеріттеліп сөз 
болатынын айтты. Сонымен қатар «Тілдік тұлға» ақынның немесе 
жазушының өз образы мәселесінде әдебиет тұрғысынан және тілдік тұрғыдан 
зеріттеліп келеді. Мысалы: Р.Сыздық «Абай шығармаларының тілі» А,1968; 
Е.Жанпейісов «М.Әуезовтың «Абай жолы эпопеясының тілі», А,1976. Бұл 
іргелі зеріттеулерде белгілі бір суреткер тілінің жалпы сипаты мен 
шығармашылық ерекшелігі сөз байлығы, көріктеу амал-тәсілдерін шебер 
қолданудың тілдік көріністері (метафора, теңеу, эпитет т.б.), стильдік 
қолданыс ерекшеліктері шығарма тілінің құрылымдық жүйесіне сүйеніп 
жасалған еді. Ал, осы дәстүрлі лингвистика негізінде одан әрі даму үстіндегі 


қазіргі тіл білімінің антропоцентристік бағыты негізгі назарды 
солшығарманы 
жазушының 
жанына, 
танымдық 
(шығармашылық) 
болмысына аударады да, тілді соның нәтижесі көрінісі деп қарайды. Осымен 
байланысты қазақ тіл біліміндегі Ф.Қожахметова, А.Әмірбекова, Ш.Ниятова 
т.б. 
зертеулерін 
атап 
өтуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет