Раушангүлдер (Rosacea) 300-ден астам түрі белгілі. Бау-бақшалы формалары және сорттары көпжылдық күрделі шағылыстырудан алынған. Қайталанбас әсемділігі және хош иісі раушангүлді классикалық өсімдік жасады.Раушангүлдер вегетативті жолмен көбейеді: телу, қалемшелеу, тамырлардың бөлімдерімен, бұталарын бөлу арқылы. Раушангүлдердің әр тобының өзіне тән көбею тәсілі болады.Раушангүлдердің әр тобынан және сорттарынан әдейіленген бақша – розарийді ұйымдастыруға болады, олар жеке және топтасып отырғызуға қолайлы.
Флоксылар (Phlox) Кеңінен таралғандар – сыпыртқы флоксы, әртүрлі түсімен ерекшеленеді. Олардың түсі: ақшыл, қызғылт, қызыл және ақшыл көк түсті.Бұл көпжылдық өсімдік, оларды бір орында 4-5 жылдан өстам өңдеуге болмайды. Гүлшоғыры күшті және жағымды ароматты (иісті) болып келеді.Гүлдеу мерзіміне байланысты барлық сорттарды ерте гүлдейтіндерге, гүлдеуі маусым айының аяғы мен шілде айының басы; орташа гүлдейтін, гүдеу уақыты шілде айында; жәй гүлдейтіндері тамыз айында гүлдейтіндері.
Флокс (Phlox) – ылғал сүйуші өсімдік, жақсы дамыған шашақ тамыр жүйесі топырақтың беткі жағында орналасқан, сондықтан құрғақ ауа райы кезінде оларды суғару қажет, ал қопсыту кезінде абайлықты сақтаған жөн. Себуге арналған жерде жарығы мол, жақсы желдену үшін мүмкіндік туғызады, өсімдіктерді отырғызу арақашықтығы бір бірінен 30-40 см болуы қажет.Флокс вегетативті жолмен көбейеді – бұтақтарын бөлу және гүлдегенге дейін жасыл қалемшелерін тамырлату арқылы. Зақымданған өсімдікті дәрілейді, ал қалғанын жояды.