Химияның даму тарихы келесі бес кезеңге бөлінеді:
1. Алхимия дейінгі кезең (ежелгі химия) - цивилизация өркеңдеуден бастап біздің эрамыздың IV ғасырына дейін. Бұл кезенде тәжірибе негізінде жинақталган білімдер әлі де жалпы түсініктерге ие болған жоқ. Олар әдетте тек қана бір үрпақтан екінші үрпақка абыздар арқылы беріліп отырған.
2. Алхимия кезеңі - біздің дәуірдің IV— XVI ғасырларын қамтиды. Бұл кезең карапайым металларды асыл металларға айналдыру ("металл трансмутациясы"), осындай трансмутацияны қыздыратьш "философиялык тастың магиялық күшін түсіну және ұзақ өмір сүргізетін эликсир мен универсалды еріткіш (алкагест) іздеумен сипатталады. Алхимиктер химиялык, эксперимент жасау кезеңін бастаған. Алхимия кезеңі өзі бірнеше мезгілге бөлінеді. Ол мезгілдер қарапайым металддарды алтын мен күміске айналдыруға талаптанған халықтардың атымен аталган (мысыр, грек, араб алхимиялары, ерте- және кеш орта ғасырлық алхимия, натуралды магиялық алхимия).