3. химия концепциялары


Элементтердің периодтық заңы



бет8/15
Дата07.02.2022
өлшемі55,8 Kb.
#84792
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
ХИМИЯ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

3.2.2. Элементтердің периодтық заңы
XIX ғасырдың екінші жартысында атомдық гипотезаның дүрыстылығы дәлелденді, атом мен молекуланың түсініктемелері анықталынды, күрделі химиялық заттардың элементтерден құрылуының негізгі зандары ашылды, алпыстан астам элементтер зерттеліп, олардың касиеттері мен атомдық салмақтары анықгалды. Барлық жинақталған материалдарды біріктіру қажеттігі туды.
Элементтерді классификациялаудың алғашқы әрекеттері олардьщ физикалық және химиялық қасиеттеріне негізделді: мысалы, металдар мен бейметалдар /Берцелиус, 1815 ж./: бір-бірімен ұқсас элементтерді топтарға біріктіру /Деберейнер триадалары — сілтілік метаддар, галогенидтер, 1829 ж./: 1863 ж. Ньюландс окгавалар заңын ұсынды; Майер мен Одлинг /1864 ж ./ химиялық элементтерді олардьщ атомдық салмақтарына карай кестеге орналастырды. Бірақ осы 111 ғалымдар элементтерді топтарға біріктіруге тырыса отыра, топтардьщ арасындағы байланыстарды көре алмады. Ешқайсысы жеке зандылықгарды біріктіретін фундаменталды занды байқай алмады. Егер осындай заң болтан жағдайда ашылмаған жаңа элементтерді ашуға, ғылыми ойларды алға жетелеуге, элементтердің химиялық қасиеттерін болжауға көмектесе алатын еді.
Осы мәселені Д.И.Менделеев шешті. Ол ең алдымен "элемент” түсінігін анықтады да, оны "карапайым дене' түсінігінен бөліп , атом ілімімен байланыстырды. Қарапайым дене түсінігі ретінде атомнан тұратын молекула алыңды, ал " элемент’ — атом түсінігіне сәйкес екендігі көрсетілді. Қарапайым дене химиялық біркелкі атомдардан қүралған молекулалардан тұрады, ал химиялық элемент атомдардан тұрады және оның өзінің атомдық салмағы болады. Осыдан атомдық салмақ элементтің негізгі қасиеті деген идея туды.
Жалпы түрде бүндай идея Менделеевке дейін де айтылып жүрді. Бірақ Менделеев қана оған дейінгі теориялық және эмпирикалық материалдарды зертгей отыра, элементтің химия лық қасиеттері оның атомдық салмағына тәуелді екендігін анықгады.
Менделеев заңньщ өзегін қыскдша былай айк*>шдады: "...жай денелердің қасиеттері және элементтердің косылыстарының касиеттері мен формалары элементтердің атомдық, салмақтарының шамасына периодты тәуелділікте болады ".
Бүл анықтама периодтық заңның негізінде жатқан диалектикалық принципті ашты — сан мен сапаның бірлігі және бір — біріне айналуы.
Қазіргі заманты атомдық физика мен химия периодтық системаньщ маңызын терендете түсті, дамытты, анық емес сүрақтарға жауап берді. Мысалы, химиялық периодтық қасиет тек химияның шеңберінде аныкталмайтын еді. Рентген спектрін, радиоактивтілікті және атом қүрылысын зерттеуге байланысты /Мозли, Бор, Паули/физиканың дамуы периодтық заңның физикалық мағынасын ашуға көмектесті. Казіргі түсінік бойынша атомдық салмақ емес, ядроның заряды атомның негізгі сипаттамасы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет