5. Крзіргі кезең. XIX ғасырдың алпысыншы жылдарынан осы кезге дейін созылады. Бүл химияның алтын дәуірі болып саналады, себебі бір ғасырдың ішінде элементтер периодтық жүйесі (периодтық заң), валенттілік туралы түсінік; стереохимиямен ароматикалық қосылыстар теориялары ашылып дамыды; заттар қүрылысын зерттеу әдістері тәжірибенің молаюы аркасында терендей түсті; синтетикалық химия керемет жетістіктерге жетті. Бұл кезенде атомдардың химиялық ынтықтығын зерттеулер дамыды (Нернст теоремасы), Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы; химиялық процестерді термодинамика арқылы талдау нақтыланьш, тұрақты сипатқа ие болды; радиоактивтік қүбылыс ашылып ,материяның электрондық теориясы 108 құрылды және көптеген басқа мәселелер білімді жетіле түсті.
Казіргі кезеңде химиялық зерттеулердің өрісі кеңейе түсіп, дербес салалар пайда болды: бейорганикалық химия, органикалық химия, аналитикалық химия, фармацевтикалық химия, физикалық химия, техникалық химия, жоғары молекулалы қосылыстар химиясы, агрохимия, геохимия, биохимия, ядролық химия т.б.