3 І. Өсімдіктер дүниесі


Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae



бет2/3
Дата25.05.2018
өлшемі0,53 Mb.
#40718
1   2   3

Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae

Гүлсерігі қарапайым, желектер (күлте жапырақшалар) түрінде болады. Көп жағдайда олардың шірнеліктері (нектарник) жақсы жетілген болып келеді. Тозаңдануы насекомдар арқылы жүреді. Ал тропикалық елдерде насекомдармен де, құстармен де тозаңданады.

Бұл қатарлардың тобының ең үлкен тұқымдастардың бірқатарына тоқталуды жөн көрдім. Оларға:


  • Құртқашаш тұқымдасы – Iridaceae

  • Лалагүлділер тұқымдасы – Liliaceae

  • Асфоделалар тұқымдасы – Asphodelaceae

  • Гиацинттер тұқымдасы – Hyacinthaceae

  • Жуалар тұқымдасы – Alliaceae

  • Агавалар тұқымдасы – Agavaceae

  • Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұқымдасы – Convallariaceae

  • Кірпішөптер тұқымдасы – Ruscaceae

  • Қасқыржемдер тұқымдасы Asparagaceae

  1. Құртқашаш тұқымдасы – Iridaceae

Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралшған өсімдіктер. Әсіресе Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, батыс және Шығыс Азияда және оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті пиязшықты өсімдік.

  • Жапырақтары кылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді;

  • Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүл шоғырына жиналған);

  • Қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты;

  • Желек тәрізді түтікке біріккен 6 – жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерден айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүл түйіні 3 ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3 – ке бөлінген, көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады;

  • Жемісі – төменгі синкарфты қауашақ. Гүлінің формуласы: * P3+3 A3 G(3)

БОР – дың флорасында 5 – туысы, 166 – дан астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34 түрі кездеседі.

Тұқымдастың түрлерінің көпшілігі тамаша гүлдейтін өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.



Бәйшешек туысы (шафран - CROCUS) - түйнек пиязшықты өсімдік.

Жасыл жапырақтары түссіз немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан топтасып шыгады. Жалғыз немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка тәрізді түссіз жапырақ қынапшасынан кетеді. Гүлдері қосжынысты, гулсерігі воронка тәрізді, біртіндеп трубкаға айналады, 6 бірдей бөліктен тұрады. Сары немесе ашық көк түсті болып келеді. БОР – да 20 ға жуық түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.



Құртқашаш туысы (ирис - IRIS) – үлкен туыс болып табылады. Гүлдері үлкен әр түрлі түске боялған болып келеді. Гүлсерігі - дұрыс: 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аналағынаң аузы (3) ұзын, етженді, желек тәрізді бөліктен тұрады. Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құрқашаштар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарында өседі. БОР – да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста және БОР – дың Европалық бөлігінде өседі.

Гладиолус туысы (Gladiolus) – тамаша гүлдейтін түйнекті – пиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бөліктері бірдей болмайды және ашық түске боялған. БОР – да 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.

  1. Лалагүл тұқымдасы - Lіlіaceaе

Дара жарнақтыларға жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі — қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқа арқылы таралады. Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — жуа (Allіum). Олар — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі — үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді. Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады. Гүлі - қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберле орналасады. Аталығы - 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы - 1. Жемісі - қауашақ немесе жидек. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3) (қазжуаның формуласы).

Ғаламшарымызда лалагүлділер тұқымдасының 1 300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп дәрілік өсімдіктерге жатады. Сәндік өсімдіктер: секпілгүл, сумбілшаш, қызғалдақ (нақты атауы - жауқазын) ауламызда көздің жауын алады. [3, 88 - 92]



Лапыз - көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15 сантиметрге жететін дәрілік және улы өсімдік . Оның тіршілігі ерекше назар аударады. Күздік лапыз мысалында тіршілігі мен құрылысын қарастырайық. Күздік лапыздың қабыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қарақошқыл күлгін түсті гүл жарады. Гүлі ұзын түтікшенің жоғары ұшында 6 бөлікке бөлінеді. Гүлсерік түбінде 6 аталық болады. Гүлдің жатыны топырақ астында тереңірек орналасады. Жатыннан 3 ұзын аналық мойны өсіп шығады. Жатынның аналық аузы тозаңдыққа дейін жетелі. Өсімдік тозаңданғаннан кейін жемістері дереу пісіп жетіледі. Алайда лапыз келесі көктемге дейін топырақ астында жатады. Көктемде қандауыртаспалы, жиегі тегіс жапырақтар дамиды. Жапырақтардың ұзындығы 20 сантиметрге дейін жетелі. Жапырақтар одан әрі ұзарған кезде үш қырлы қауашақ түріндегі жемісі жер бетіне көтеріледі. Пісіп-жетілген жемісінде өте көп қошқыл-қоңыр тұқымдар болады. Жапырақтары қаулап өскен кезде ескі пиязшық кішірейіп, жойылып кетеді. Сөйтіп жаңа пиязшық пайда болады да жаңа өсімдік өсіп шығады. Қазақстанда лапыздың сары лапыз, Кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Лапыз тұқымының құрамынан жасушалардың бөлінуіне әсер ететін зат табылды. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. Лапызды кейбір өсімдіктердің (қияр, қызанақ) түсімін арттыру үшін қолдануға болады.

  • «Жауқазын» - гүлді өсімдіктің жалқы атауы, ал «қызғалдақ» - ақындар сипатындағы жалпы атауы. Көктемде шығатын өсімдік жауқазынның бір түрі екенін ақын Абай былай бейнелеген: «Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын».

  • Қазжуа - лалагүл тұқымдастардың ең кішкене түрі. Биіктігі көбінесе - 3 ем, кейде 35 сантиметрге дейін жетелі. Оның өсімді мерзімі өте қысқа, жер бетіне жалғыз ғана талдырмаш жапырағы мен алты жіңішке күлте- жапырақты сары гүлі пайда болады да, көп ұзамай тіршілігін жолды. Топырақта кішкене пиязшығы қыстал, келесі көктемді күтеді.

  • Баршынгүл (латынша «гладиюс» - семсер, орысша -«шпажник») - түйінпиязшықты құртқашаш тұқымдас көпжылдық өсімдік. Еуразия және Африкада жабайы түрде өседі. Жапырағы - семсер пішінде және қатқыл. Баршынгүл сәндік өсімдік ретінде XVII ғасырдан бері өсіріліп келеді. Қазіргі кезде 10000-ға жуық іріктемесі шығарылды. Кейбір іріктеме гүлінің диаметрі 14 сантиметрден асып түседі.



    1. Асфоделалар тұқымдасы – ASPHODELACEAE

Бұл тұқымдасқа 46 – 50 туыс, 1400 – 1450 дей түр жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.

Шырыш туысы (эремурус - EREMURUS) – ланцет тәрізі ұзын жапырақтары топтасып жертаған түзетін өсімдік осы жапырақтарының ортасынан биікткгі 0,5 – 2 м. болатын, жалғыз атпа сабақ кетеді. Ол әдетте үлкен, өсімдікке ерекше көрік беріп тұратын шашақ тәрізді гүл шоғырлармен аяқталады. Мысалы, үлкен шырыш деген түрдің шашағында 800-дей гүл болады. Шырыштардың БОР – дың Оңтүстік аудандарында 23 түрі, ал Қазақстанда 13 түрі өседі.

Алоэ туысы (ALOE) – осы тұқымдастың ішінде ерекше орын алады. Оның 250 – дей түрі бар. Табиғи жағдайда Оңтүстік Африка мен Мадагаскар аралында өседі.

БОР – да сәндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіріледі. Мәдени жағдайда Закавказде өсіріледі. Алоэның жапырағынан алынатын «сабур» деп аталатын кою шырыны медицинада қолданылады. Алоэның эмуль сиясын эпидермит пен күйікті емдеу мақсатында денедегі жараға жағады. Оның жапырағын халық медицинасында кеңінен қолданылады.

    1. Гиацинттер тұқымдасы – HYACINTHACEAE

Бұл тұқымдасқа 40 туыс, 900-дей түр жатады. Гиацинттер жер бетінің 2 бөлігінде де кең таралған, бірақ саны жағынан ең көп кездесетін және жақсы дамыған жерлері Оңтүстік Африка және Жерорта теңізі жағалауы мен Иран-Туран облыстары болып табылады.

Тұқымдастың өкілдері сырты көң тәрізді қабыршақтармен қапталған бадаланаларының болуымен сипатталады; фотосинтез процессі жүретін жапырақтары жерге жақын орналасады (прикорневые); гүлдері жоғарғы жапырақтарының қолтығыңда орналасады.



Супияз туысы (пролеска, или голубой подснежник - SCILLA) — гүлдері қызыл, көпшілігінде көкшіл түсті болып келетін, орташа мөлшердегі немесе кішкентай өсімдіктер. Жапырақтары жерге жақын орналасып, жер таған түзеді. Гүл беретін атпа сабақтары қысқа болады. Гүлдері шашақ түзеді (сиректеу жалғыздау болады). БОР-да 20-дай түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі кездеседі. Негізінен қара топырақты аймақтарда және оңтүстікке таман өседі. Супияздың кейбір түрлері ерте көктемде сәндік өсімдіктер ретіңде өсіріледі.

Ургинея туысы(URGINEA). Жерорта теңізі маңында кең тараған түрінің бірі теңіз пиязы (лук морской) деген атпен белгілі. Оның үлкен пиязшығында жүрекке әсер ететін глюкозидсцилярин жиналады. Теңіз пиязының қызыл пиязшықты, бір формасында сабау-қүйрықты (крыса) өлтіретін у болады (крысиный яд), сон-дықтанда оны элеваторларда, қоймаларда пайдаланады. Кавказдың Қара теңіз жағалауыңда мәдени жағдайда өсіруге болады.

Гиацинттің (HYACINTHUS) гүлсерігі воронка тәрізді болады. Туыста 30-дай түрі бар. Олар Жерорта теңізі жағалауымен Африкада өседі. БОР-да 3-түрі кездеседі, олар Копет-даг тауларында өседі. Осыған жақын туыстың бірі. БОР-да ол шөлейт зонада өседі. Тамаша хош иісті гүлдері бар мөдени гиацинттердің ата тегі Н.огіепіаііз болып табылады. Ол Иранда, Кіші Азияда, Сирияда және Египетте өседі. Батыс Европаға гиацинттер XVI ғ. ортаңғы кездерінде әкелінген.

  • Күссүттіген туысы (птицемлечник - ORNITHOGALLUM). Гүлшоғыры – шашақты, гүлдері ұзын сағақтың басыңда орналасады. Тозаңдары ортаңғы бөлігімен бекінеді.

  • Мускари туысы (гадючий лук – MUSCARI). Гүлсерігі кішкентай, бочка тәрізді, біріккен желекті, ақшыл көк немесе көк түсті болып келеді. Түрлерінің кебісі Кавказда өседі.

5. Жуа тұқымдасы - Allіaceae

Тұқымдаста 32 туыс және 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа құрлықтардың барлығьшда кездеседі. БОР-дың территориясыңда 2 туысы 323 түрі, ал Қазақстаңда 1 туысы, 109 түрі өседі. Түрлерінің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарыңда кең таралған.



Жуа туысы (лук – Аllіит ). Дүниежүзі бойынша 400-дей түрі бар, оның 250 БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 109 түрі кездеседі. Баданалы жөне тамырсабақты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады – трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гүлінің формуласы *P3+3A3+3G(3)

Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кездеріңде жамылғысы (гүласты жапырақшасы) болады. Кейде гүлшоғырында үсақ баданалары — өнім бүршіктері пайда болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз, қатпарлы жуаның (лук репчатый – А.сера) жапырағы трубка тәрізді, басында гүлі болатын, сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның қүрамыңда эфир майының барлығын көрсетеді (концентрациясы 0,03—0,05%).



Сарымсақ (чеснок — А. SATIVUM) — жапырағы жалпақ, түзу, жамылғысының үзын түмсығы болады, баданасы көптеген ұсақ пиязшықтан (деток) түрады. Пиязшықтары арқылы және өнім бүршіктері арқылы көбейеді, қүрамыңда сарымсақ майы болады, кеңінен отырғызылады. Порей жуасы (лук порей — А.роггит) жапырақтарымен сабақтарының жеуге келетін түп жағы үшін отырғызады. Домалақ пияз (лук круглый — Агошпсшт) көп жағдайда күресуге бой бермейтін арамшөп ретіңде өседі.

6. Агава – AGAVA

Бұл тұқымдасқа 10 туыс, 400-дей түр жатады. Талшықты және сәнді ағаштар. Ылғалды субтропикаларда өсіреді. Кіндіктамырлы немесе тамырсабақты өсімдіктер. Біреулерінің діңі қысқа, ал екіншілерінікі жақсы жетілген және жуандап өсуге қабілетті.



Агава (AGAVA) – агавалар тұқымдасына жатады. Таралған аймақтары Мексика, Орталық және Оңтүстік Америка. 450-ге жуық тікенді және тікенсіз сукуленттер тобы бар. Оның біреулері тақыр жерлерде, теңіз жағалауында өссе, енді біреулері биік тауларда да өседі. Жапырақтары жуан, шырынды, бір-біріне тығыз жанаса, тамыр үсті сабағын айнала орналасқан. Жапырақтарының түстері жасыл, сұр, көкшіл жасыл немесе ала болады. Агаваны ерте заманнан бастап, түрлі мақсатта қолданып келеді. Мысалға, жапырағынан мата жасап, тікенін ине орнына қолданған. Тіпті, оның жұмсақ жапырақтарынан сабын алып, арқан, жіп иірсе, тамырынан жиһазға қажетті заттарды да жасаған. Шырынынан эфир, спирт майын, сонымен қатар атақты текиланы да алады. Бірақ, мұндай өнімдерді Қазақстанда ала алмайсың, бізде ол тек әдемілік үшін өсіріледі. Агава жүз жылда бір рет гүлдейді деген ұғым дұрыс емес. Отанында 13-15-ші жылынан бастап гүлдей береді, гүлсидамы 10 метрге дейін жетеді. Гүлдеп болғаннан кейін жапырақтары біртіндеп өмір сүруін тоқтата бастайды. Бірақ, өмір сүруін тоқтатқанға дейін көптеген жанама өскіндерін шығарып кетеді. Бөлме гүлі ретінде өсіргендіктен, үй жағдайында гүлдемейді және біз ергежейлі түрлерін өсіреміз. Американдық агаваны бізде көктемнен күзге дейін, гүлзарларда өсіреді. Қыста жылыжайларға апарып қояды. Бойы 1-1,5 метрге дейін жетеді.

Жарығы: барлық суккуленттер сияқты жарықты, тіке түскен күн сәулесін қажет етеді.

Жылуы: қыс кезінде 10-12ºC салқын жерде ұстаған дұрыс. Ол температураның 4ºC-қа дейін төмендеуіне төзе алады. Қалған уақытта температураны талғамайды.

Суғарылуы: агаваны топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Қыста салқын жерде өсірсеңіз, оны айына бір рет суғарған дұрыс. Түбегіне қалың суағар жасауды ұмытпаған жөн. Топырағының құрамына шайылған өзен құмын салу керек.

Ылғалдылығы: құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді. Дегенмен де тазарту мақсатында су бүркіп жапырақтарын жуып немесе дымқыл матамен сүртіп тұру қажет.

Қоректендірілуі: көктем мен жаз аралығында екі аптада бір рет кірпігүлдерге немесе суккуленттерге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.

Аурулары: жарық жетіспеуінен жапырақтары жіңішкеріп, созылып бір-бірінен алшақтап, әдемі пішінін жоғалтады. Артық суғарғаннан тамыры мен сабақтары шірік ауруына шалдығады.

Көбейтілуі: агаваларды тұқым және жанама өскіндері арқылы көбейтеді. Тұқымдарын ақпан, наурыз айларында жәшіктерге топырақ салып, 1 см тереңдікте себу керек. Себілгеннен кейін тамырлануы үшін 20-25ºC температурада ұстау қажет. Жанама өскіндерін бөліп алып, жеке отырғызып көбейтеді. Өскен агаваны 2-3 жылда бір рет, ал жас өсімдіктерін жыл сайын топырағын ауыстырып қайта отырғызу керек. [4, 18-21]

7. Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұкымдасы CONVALLARIACEAE

Дүние жүзі бойынша 23 туысы, 230-дай түрлері бар. Негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарыңда өседі, әсіресе Гималай тауларында, Шығыс Азияда және Солтүстік Америкада көптеп кездеседі.



Меруертгүл, мамыр ландышы (ландыш майский - CONVALLARIA) — биіктігі 15—30 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жіңішке, ұзын, тамырсабағы болады. Жапырақтарының саны екеу (сиректеу үшеу) болады, олар тамырына жақын орналасады (прикорневые) жөне пленка тірізді қынапша жапырақшыларымен қоршалып тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, сопақшаланцет төрізді, екі жүйкелі болып келеді және сабақты сыртынан түгелімен жауып тұрады. Көкек, мамыр айларында гүлдейді. Гүл беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) ұзын болып келеді және біржақты орналасқан сирек шашақтан тұратын гүлшоғырымен аяқталады. Гүлдерінің саны 6-дан 20-ға дейін болады, олар қоңырау формалы. Гүлдерінің формуласы P(6)A6G(3). Жемісі қызғылт-сары түсті, шырыңды, шар формалы, үш дәні бар жңцек. Улы өсімдік. БОР-дың Европалық бөлігінің барлығыңда, Кавказда, Шығыс Сібірдің ормандарында өседі. Бұл түр Қазақстанның таулы аймақтарыңда кездеседі. Дәрілік өсімдік. Гүлдері мен жапырақтарында жүрекке қолданылатьш глюкозид конваллотоксин және іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылатын глюкозид конвалларин болады. Оларды қайнатып медицинада түнбасын пайдалынады. Жаңа жиналған гүлдерін парфюмерия өндірісіңде иіс сулар (духи) жасауға пайдаланады. Мәдени жағдайға ендірілген сәңдік өсімдік ретіңце парктерде өсіріледі.

Қырлышөп туысы (купена, или соломонова печать - POLYGONATUM). Ормаңды, жартылай орманды және шөлейт зоналарда өседі. Біршама жуан тамырсабағы болады, жылма-жыл одан жапырағы мен гүлі бар өркендер кетеді. Қысқа қарай өсімдіктің жер беті бөлігі өлген кезде, тамырсабақта олардың іздері қалып отырады. Жидектері қанықтау-көкшіл түсті болады.

Майсаумалық, крсжапыращпы крянжем (майник двулистый - MAJANTHEMUM) меруерггүлмен бір мезгілде гүлдейтін, кішкентай орман өсімдігі. Ақ түсті, жүпар иісті, ұсақ гүлдері, екі мүшелі типпен орналасқан, шашақ түзеді.
8. Кірпішөптер тұқымдасы (ИГЛЕЦУВЫЕ) - RUSCACEAE

Бұл тұқымдастың негізгі өкілінің бірі понтий кірпішөбі. Ол екі үйлі тамырсабақты бұта, бұтақтары параллель жүйкелері бар филлокладиларға айналған, дәрілік өсімдік.



9. Қасқыржемдер тұқымдасы – Asparagaceae

Тұқымдаста 2 туыс және 300 түр бар, олардың басым көпшілігі солтүстік ендікте, тропикалық және оңтүстік Африкада және Мадагаскарда таралған. Қасқыржем тұқымдасының аздаған өкілі Орталық Америкада, Малай архипелагының аралдарында, сонымен бірге Австралияда және Тасманияда кездеседі.



Қасқыржем туысы(спаржа - ASPARAGUS). Дүниежүзінің барлық құрлықтарының құрғақшылық болып түратын облыстарыңда өсетін өсімдіктер. Тек Америкада ғана кездеспейді. БОР-дьщ территориясыңда 24 түрі, Қазақстанда 11 түрі кең таралған. Тік немесе өрмелеп өсетін биіктігі 150 см болатын тамырсабақты өсімдік. Сабағы бұтақталған, оңца формасы ине тәрізді больш келетін топтасқан филлокладий жетіледі. Олар редукцияға ұшыраған қабыршақ (чешуя) тәрізді жапырақтарының қолтығьщда орналасады. Екі үйлі өсімдік, дара жьшысты, гүлдері екеуден немесе көптен редукцияға ұшыраған жапырақтардың қолтығыңда жиналады. Жемісі шырыңцы. Ең кең тараған өкілі дәрілік қасқыржем (спаржа лекарственная —ол шалғынды жерлерде, БОР-дың европалық бөлігінің шөлейт аймақтарыңда, Кавказда және Батыс Сібірде өседі. Сапалығы жоғары көкөніс, жас сабақтары үшін отырғызылады; құрамында аспарагин бар, дәрілік маңызы зор. Екі Солтүстік Африкалық түрін — қауырсынды қасқыр-жемді (спаржа перистая) жәе шпренгер қасқыржемін (спаржа шпренгера) бөлменің ішінде сәңдік өсімдік ретіңде өсіреді.

Введенский қасқыржемі (Asparagus wedenskyі) –көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тек қана оңтүстігінде, Әлімтау тауының беткейлеріндегі қызыл балшықты жерлерінде өседі. Биіктігі 30 – 60 см. Тік сабағына имектеліп келген жай бұтақтары орналасады. Көкшіл сұр түсті. Гүлдері бұтақ түбіне орналасқан. Гүлтұғырының ұзындығы 8 мм-дей. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жидегі домалақ, ақшыл түсті. Введенский қасқыржемі өте сирек кездесетін эндемик болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Жүндіқара, жаман қасқыржем (Asparagus neglectus) – көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өседі. Биіктігі 80 – 100 кейде 150 см-дей. Сабағының төменгі жағы көбінесе тікенді келеді. Жапырақтары қабыршақ тәрізді. Гүлі дара жынысты. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі шар тәрізді, қызыл түсті. Жүндіқара – мал азықтық өсімдік. Төрт түлік мал сүйсініп жейді. [1, 24-26]

Қабыршақтыгүлдер қатарлар тобы (чешуецветные) – Glumiflorae

Табиғатта және халық шаруашылығында маңызы аса зор, жоғары деңгейде маманданған топ. Көптеген түрлері мен түрлерінің комплекстері шөлейттің, шалғынның, батпақты жерлердің, прерийдің, саваннаның өсімдіктерінің негізін түзеді. Өмірлік формасында көпжылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді. Оларға бұтақтанудың ерекше түрі, түптеніп өсу тән. Жер беті сабақтары сирек бұтақтанады. Жапырақтары кезектесіп орналасады, қынапшалы болып келеді немесе қынапшалары мүлдем болмайды. Гүлсерігі қарапайым немесе желмен тозаңдануға ауысуына байланысты редукцияға ұшыраған. Ол қабыршақтардан, тікенектерден, талшықтардан тұрады, кейде гүлдері жалаңаш болып келеді.

Тұқымдастары:


  • Қияқөлеңдер тұқымдасы

  • Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы

  1. Қияқөлеңдер тұқымдасы – CYPERACEAE

Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Блар ұзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер — шымдар (кусты — дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер больш келеді.

Дүниежүзінің барлық құрлықтарыңда кең таралған. Көптеген түрлері тропикальгқ елдерде өседі. Қоңыржай, және салқын климатты беддеулерде кейбір түрлерінің особьтарьшың саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары ұшқырлы, сиректеу цилиндр төрізді (өлеңшөп туысы), ішінің қуысы болмайды буыңдары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтьщ жоғарғы жағыңда орналасады, таспалы немесе таспалыланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайрылған, қьшапшасы барлық уақытта жабық больш келеді, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тәрізді немесе көн тәрізді гүласты жапырақшаларьшың қолтығъшда орналасқан көпгүлі, сиректеу біргүлді масақтардан түрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды (сәлемшөп-сыть — Сурегш, қиякөлең-осока — Сагех туыстары) немесе ол редукцияға қатты ұшыраған жөне 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (өлеңшөп туысы-қамыш , сиректеу көп мөлшерде үлпектерден тұрады (ұлпабас туысы-пушица). Андроцейі әдетге, бір шеңбердің бойьша орналасқан 3 ата-лықтан түрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 түқым бүршігі болады. Аналықтың мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын (рыльца) жоғары көтеріп түрады. Гүлдері қосжьшысты (сәлемшөп, өлеңшөп, ұлпабас туыстары) немесе даражынысты (қияқөлең туысы). Соңғы жағдайда өсімдік бірүйлі, сиректеу екіүйлі больш келеді. Бірүйлі қиякөлеңдердің аталық және анальгқ гүлдері былай орналасады: гүлшоғыры тек атальгқ немесе аналық гүдцерден тұрады; гүлшоғыры қосжынысты, яғни оньң бір жағьнда тек аналық гүлдері, ал екінші жағында тек аталық гүлдері орналасады. Гүлдің тұп жағьнда түрі өзгерген, жабьщдық қабыршақ деп аталынатын, гүласты жапырақшасы орналасады. Қияқөлеңнің гүлін, жабындық қабыршақтан басқа, екі гүласты жапырақшаларыньщ бірігуінің нәтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мөлшері- маңызды систематикалық белгілер больш табылады. 247-суретте гүлдердің негізгі типтері берілген. Жемісі ұшқырлы, шар төрізді немесе формасы жалпайьш-жаншылғандау бо-льш келетін жаңғақша.



Қияқөлең туысы (осока — Саrех). Жабық тұқымдылардың ішіңдегі өзгергіш (полиморфный) туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасыңда 400, ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары әдетте ұшқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспа тәрізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері даражынысты: аталық гүлдерінің 3 аталығы болады (сиректеу оданда аз); аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады.

Жемісі үшқырлы немесе жалпайып- жаншылғандау боұлып келетін жаңғақша.

Көптеген түрлері солтүстік еңдіктің, солтүстік облыстарыңда кең таралған, мысалы шектамырлы қияқөлең (осо-ка плетевидная или струннокоренная, боз қияқөлең (осока сероватая — С.сапезсеш) және т.б.

Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компонент-теріне торсылдақ қияқөлең, үрме қияқөлең (осока вздутая ), қос аталықты қияқөлең (осока двух-тычиночная), жағалық қияқөлең (осока берегова) және т.б. Шалғыңды жерлерде қияқ-өлеңдердің мьша түрлері жиі өседі: үшкір қияқөлең (осока острая), түлкі қияқөлең (осока), қоян қияқөлең (осока заячья), қосқатар қияқөлең (осока двурядная), түпті қияқөлең (осока дернистая) және т.б. Батпаққа ауысатьш ылғалды шалғындарда тік қияқөлең (осока стройная), жағалық қияқөлең (осока береговая), тікенше қияқөлең (осока заостренна) және т.б. өседі. Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастықтарында аласа қияқөлең (осока низкая ормандарда-орман қияқөлеңі (осока лесная), жұлдызша қияқөлең (осока звездчатая), тау қияқөлеңі (осока горная), түкті қиякөлең (осока волосистая) және тағы басқалар ерекше басым болып келеді.



Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлеңдері жайлымдарда өзінің жүғымдылығы (нәрлігі) жене желінуі жағынан астық тұқымдасынан онша кем түспейтін өсімдіктер. Ылғалды жөне батпақты жерлердің қиякөлеңдерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге (үйінді құмдарды), циновкалар тоқуға пайдаланылады, сонымен бірге оларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.

Келтебас туысы (болотница - ELEOCHARIS). Өзгергіш туыс, жершарының барлық құрлықтарыңда кең таралған, 80-нен астам түрлері бар. БОР-дың территориясында 25 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар негізінен ылғалды шалғындарда, көлшіктердің жағасыңда, батпақты жерлерде, сонымен бірге таулардың субальпі белдеуінің шалғын-дарында өседі. Негізгі өкілі бесгүлді келтебас (болотница пятицветковая — Е. дипкшеиога), ол Кольск жартылай түбегінің солтүстік шығысынан бастап Қырымға және Кавказға дейін, сонымен бірге Сібірдің, Қиыр Шығыстың барлық жерлеріңде кең таралған.

Өлеңшөп туысы (қамыш - SCIRPUS). Дүниежүзінің барлық құрылықтарыңда, әсіресе тропикалық жөне субтропикалық зоналарда кең таралған 400-дей түрі бар. БОР-дың территориясыңда 19 түрі, Қазақстаңда 3 түрі кездеседі. Көпжылдық тамырсабақты немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер, көп жағдайда өзендер мен көлдердің жағалауларында, суда және батпақты жерлерде өседі. Өкілдеріне қара өлеңшөп (камыш озерный пен орман өлеңшөбі (камыш лесной) жатады. Бұлардың екеуіде жем-шөптік өсімдіктер.

Ұлпабас туысы (Егіорһошт). Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендікте кездесетін (Арктикада, орманды зонада, таудың жоғарғы белдеулерінде) 20-дай түрі бар. БОР-дың флорасында 12 түрі, ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Қынапшалы ұлпабас (пушица влагалищная — Е. уа§іпашт) батпақты жерлерде, негізінен шымтезекті батпақтарда, туңдрада өседі жөне шымтезектің түзілуінде елеулі роль атқарады. Сәлемшөп туысы (сыть — Суреіш). Бұл туыстың БОР-дың территориясының негізінен оңтүстік облыстарда өсетін 14 түрі, Қазақстанда 7 түрі белгілі. Аса маңызды түрінің бірі тамақтық сәлемшөп (сыть съедовная или чуфа — С.езсиіепіш). Оның тамырында тамаққа пайдаланатын тәтті түйнектер түзіледі; сондықтанда бұл түрді субтропиктерде арнайы себеді. Папирус (С. рарішз) тропикалық Африка мен Сицилияның өсімдігі, ерте кездерде папирустан қағаз жасаған.

Қияқ (Elymus) – қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

  • Маңғыстаудың құмды аймақтарындағы сортаң топырақты жерлерінде өседі.

  • Биіктігі 50 – 100 см, тік, түзу сабақты.

  • Жапырағы таспа тәрізді. 3 – 6 гүлден тұратын масағының ұзындығы 5 – 12 см, ені 6 – 13 мм, жасыл күлгін түсті, масақ гүлшоғырына топталған, мамыр – маусымда гүлдейді.

  • Жемісі – дәнек.

  • Қияқ – сояуы көп, қатқыл шөп, масақтау сатысына дейін оны мал жейді. [2, 433-436]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет